Мазмұнға өту
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

159-бап. Мүгедектіктің алдын алу

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Мүгедектіктің алдын алу ерте диагностикалауға, аурулардың ерте сатыда өршуінің және олардың салдарының алдын алуға, орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешенін, сондай-ақ денсаулықты қорғау, адамның өмір сүруінің экологиялық ортасын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірісте жарақаттанудың алдын алу, кәсіптік ауруларды азайту жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
2. Мүгедектіктің алдын алуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен жұмыс берушілер жүзеге асырады.