СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

162-бап. Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек,

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру
1. Мүгедектігі бар адамдар жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сыныптаушысына сәйкес есту протезі көмегімен, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
2. Есту протезі көмегімен, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда қамтамасыз ету осы Кодекстің 169-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.
3. Протездік-ортопедиялық көмек протездеу, мүгедектігі бар адамдарды жеке тапсырыстар бойынша дайындалатын протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша медициналық қызметтер көрсетуден, сондай-ақ оларды пайдалануды үйретуден тұрады. Протездік-ортопедиялық көмекті көрсетуші дайындалатын протездік-ортопедиялық құралдың сипаттамасына байланысты стационарлық протездеу қажеттілігін айқындайды. Есту протезі көмегі протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсетуден, кохлеарлық импланттың сөйлеу процессорын ауыстыру және теңшеу бойынша қызметтер көрсетуден, сондай-ақ оларды пайдалануды үйретуден тұрады. Стационарлық протездеуге және (немесе) протездеуге баруға байланысты шығыстарды төлеу уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен жеке бағдарламаға сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
5. Жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдары осы баптың 1-тармағына сәйкес беріледі.
6. Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификаттау жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан міндетті түрде сертификаттауға жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-162/