Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
166-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
1. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – осы Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі.
2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жүзеге асырады.
3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты мүгедектігі бар адамдар мен тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңнамасымен, сондай-ақ нысанын уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шартпен реттеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-166/