СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

185-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

жәрдемақыны төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен ерте қайта басталмайды;
3) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемі ұсынылатын адамды қоспағанда, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұруы және мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шығарылған күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
5) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
6) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алушының шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжатының немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
7) алушының қайтыс болғанын растайтын құжаттың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;
8) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактілерінің анықталғаны туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.
2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтатуға:
1) баланың қайтыс болуы;
2) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;
3) өтініш берушінің мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының заңсыз тағайындалуына алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;
4) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу осы баптың 3-тармағының 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-185/