СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

187-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алу құқығы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетел азаматтарына беріледі.
2. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындалады.
3. Отбасында бірінші топтағы мүгедектігі бар екі және одан да көп адам тұратын жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы олардың әрқайсысы үшін тағайындалады және төленеді. Сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бірінші топтағы мүгедектігі бар бір адамға ғана күтім жасай алады.
4. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға бірнеше адам күтім жасаған жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тек қана бір сотталған адам күтім жасай алады.
5. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам және күтім жасайтын адам бір елді мекенде тұруға тиіс. Күтімді қажет ететін бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандар және оларға күтім жасайтын сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің бір мекемесінде ұсталуға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-187/