СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

192-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

өтінішті қабылдаудан және тағайындаудан бас тарту
1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартуға:
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен алу;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдану күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;
3) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оны тағайындау үшін қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;
4) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау құқығының болмауы;
5) өтініш берушінің арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы негіз болып табылады.
2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға:
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға растайтын құжаттарды ұсынбау;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-192/