СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

195-2 бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және жүзеге асыру тәртібі

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады. Өтініштің және қажетті құжаттардың тіркелген күні немесе «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға өтініш берушінің келісімін алған күн арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға жүгінген күн болып есептеледі.
2. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу ағымдағы ай үшін жүзеге асырылады. Алушы қайтыс болған жағдайда арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы – қайтыс болған айды қоса алғанда, ал арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда кеткен айды қоса алғанда жүзеге асырылады.
3. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Тағайындалған, бірақ арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушы талап етпеген сомалар өткен уақытқа, бірақ оларды алуға жүгінген күнге дейін үш жылдан аспайтын уақытқа төленеді.
5. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-195-2/