СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

195-4 бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға арналған өтінішті қабылдаудан

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

және оны тағайындаудан бас тарту
1. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға арналған өтінішті қабылдаудан бас тартуға:
1) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыға өтініш беру, оны тағайындау, төлеуді жүзеге асыру немесе «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны тағайындауға проактивті көрсетілетін қызмет арқылы келісім беру фактісін растайтын мәліметтер алу;
2) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны ауыстырудан басқа) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;
3) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау құқығының болмауы;
4) өтініш берушінің арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы негіз болып табылады.
2. Осы Кодекстің 195-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келмеу арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-195-4/