Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
196-бап. Зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
2) жасына байланысты зейнетақы төлемдері;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;
5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;
6) зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2026 № 79-НП нормативтік қаулысымен Осы кодекстің 196-бабының 1-тармағына мынадай түсіндірмеде ҚР Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын: мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау және алу құқығын іске асырған кезде осы төлемдерді тағайындау үшін заңда белгіленген барлық басқа шарттарға сәйкес келген Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру талабы қойылмайды.
2. Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады.
3. Осы бапта көзделген құқықтар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.
4. Жұмыс істеп жүрген зейнеткерлердің осы Кодексте көзделген шектеулер ескеріле отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық мөлшерде алуға құқығы бар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-196/