СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

219-бап. Мемлекеттің кепілдігі бойынша айырманы төлеуді

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

ұйымдастыру Осы Кодекстің 218-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларына және 221-бабы 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күнгі міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі түрінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Егер инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма нөлді құраса немесе теріс мәнге ие болса, онда айырманы төлеу жүргізілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-219/