Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
228-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
ұйымына аудару тәртібі
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шарты туралы мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.
Ескерту. 1-тармақтың осы редакциясы 01.01.2024 бастап қолданылады - осы Кодекстің 263-бабының 4-тармағымен.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алушының алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-228/