СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

230-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу тәртібі
1. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның немесе оның заңды өкілінің өтініші асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (бұдан әрі – асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем) тағайындау үшін негіз болып табылады.
2. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті ұсыну олар «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде талап етілмейді.
3. Уәкілетті мемлекеттік орган: асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау; асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін айқындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-230/