СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

232-бап. Асыраушысынан айырылған адамдарға

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем алушылардың құқықтары мен міндеттері
1. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем алушылардың:
1) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан, осы Кодексте көзделген тәртіппен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға;
2) Мемлекеттік корпорациядан және Қордан асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегін алуға;
3) мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның және Қордың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
2. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді алушылар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау үшін толық және анық мәліметтер ұсынуға;
2) асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді алу кезеңінде асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем мөлшерін өзгерту немесе оларды төлеуді тоқтату үшін негіз болатын мән-жайлар туралы Мемлекеттік корпорацияға он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Өтініш беруші асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемнің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда олардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден кейін ғана қайта қаралады;
3) асыраушысынан айырылған адамдар үшін артық есептелген (төленген) жәрдемақы мен әлеуметтік төлем сомаларын – ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтаруды жүргізуге міндетті.
3. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) Қордың кінәсінан уақтылы алынбаған не толық алынбаған асыраушысынан айырылған адамдар үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем сомалары оларға құқық туындаған күннен бастап өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей төленеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-232/