СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

247-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

(немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару
1. Төлеушінің артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және жағдайларда қайтарылуға жатады.
2. Мыналар:
1) Қорға міндетті түрде төленуге жататын әлеуметтік аударымдар мен өсімпұл сомалары;
2) осы Кодекстің 78-бабының 4-тармағына, 85-бабының 4-тармағына, 118-бабының 4-тармағына, 181-бабының 2-тармағына, 240-бабының 3-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде ескерілмеген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын қоспағанда, әлеуметтік төлемді тағайындау үшін ескерілген кезең үшін есептелген артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-247/