Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
249-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары:
1) осы Кодекстің 102-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 248-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Бұл ретте бір агенттен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
2) осы Кодекстің 248-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі.
Егер аталған адамдардың кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем болған жағдайда, олар республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы;
3) осы Кодекстің 248-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін айына алынатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
4) 01.01.2024 дейін қолданылды - осы Кодекстің 263-бабы 3-тармағымен.
2.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 94-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді таңдаған салық агенттері үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 46,5 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 42,0 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 40,3 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,8 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,0 пайызды құрайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-249/