Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
39-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының зейнетақы активтерін
сақтау және есепке алу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарда сақталады және есепке алынады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында шетелдік кастодиандарда шоттар ашуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық кіріс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және ай сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына оның шоттарының жай-күйі туралы хабарлайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-39/