Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
49-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын тарату
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өзі белгілеген тәртіппен берген рұқсаты болған кезде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлері жалпы жиналысының шешімі бойынша;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешімі бойынша таратылады.
2. Ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратуды жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қағидалары қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-49/