СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

54-бап. Есеп айырысулары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті қаражаты және (немесе) зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылатын бас қаржылық келісім Осы Кодекстің 51-бабы 1-тармағының, 62-бабының ережелері есеп айырысулары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті қаражаты және (немесе) зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылатын бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды. Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімнің шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады (қолданады). Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-54/