СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

60-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

жинақтаушы зейнетақы қорларына аудит
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына аудитті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
3) меншікті қаражат;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан аударылатын аударымдар есебінен қалыптастырылған нысаналы жинақтар мен нысаналы активтер бойынша төрт аудиторлық есеп жасайды. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
1) меншікті активтер жөніндегі қаржылық есептілік;
2) зейнетақы активтері жөніндегі қаржылық есептілік бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша жыл сайынғы аудиторлық есеп бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтеріне қатысты бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді қамтиды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының жыл сайынғы міндетті аудиті бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-60/