СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

74-бап. Әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

берілетін жәрдемақыларды алушының құқықтары мен міндеттері
1. Әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды алушының:
1) Мемлекеттік корпорация мен Қордан әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегін алуға;
2) мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның және Қордың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
2. Әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды алушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды тағайындау үшін толық және анық мәліметтер ұсынуға;
2) әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияға бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының, наградталған анаға берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшерін өзгертуге негіз болатын мән-жайлар туралы осындай өзгерістер туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Алушы бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының, наградталған анаға берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, олардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден кейін қайта қаралады;
3) әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылардың артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтаруды жүргізуге міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-74/