Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
79-бап. Бала туғанда берілетін жәрдемақыны алу құқығы
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII
1. Бала туғанда берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген және өзінің туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар шетел азаматтарына бала туған күннен бастап беріледі.
2. Бала туғанда берілетін жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады. Екі және одан көп бала туған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақы әрбір балаға тағайындалады және төленеді.
3. Бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап он сегіз айдан аспайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-79/