СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 224-VII ·20.04.2023
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

86-бап. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте әлеуметтік төлем ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) әлеуметтік төлемді алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем кері оралған алушыға: кеткен елінде төлем алынбаған жағдайда – төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап; кеткен елінде төлем алынған жағдайда – кеткен елінде төлем тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қайта басталады;
3) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем баланың (балалардың) заңды өкіліне осы төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі;
4) шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
5) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем баланың (балалардың) заңды өкіліне төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындаған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі;
6) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушы болып табылатын хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының тоқтатылуын немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісінің күшіне енгенін растайтын құжаттың болуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем баланың (балалардың) заңды өкіліне не қорғаншы болып тағайындалған адамға төлем тоқтатыла тұрған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қайта басталады;
7) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;
8) өтініш берушінің бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күнінен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады.
2. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем төмендегі жағдайлар туындаған ай өткен соң тоқтатыла тұрады:
1) бала (балалар) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне берілген жағдай. Бұл ретте бала (балалар) отбасына берілген күннен бастап бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем қайта басталады;
2) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-ананың ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген жағдай. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем баланың (балалардың) заңды өкіліне осы төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі. Ата-ана құқықтары қалпына келтірілген кезде бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем соттың ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою туралы шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
3) қорғаншылар Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда өз міндеттерін атқарудан босатылған немесе шеттетілген жағдай. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем қорғаншы болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы мәртебесі қалпына келтірілген адамға әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
4) алушы қайтыс болған (соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енген) жағдай. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем баланың (балалардың) заңды өкіліне осы төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлемді тоқтата тұрған күннен кейін жүргізіледі.
3. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем осы төлемді алу құқығы сақталған жағдайда, бала бір жарым жасқа толғанға дейін ақпараттық жүйелерден алынған, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
4. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем мынадай негіздер бойынша:
1) бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң;
2) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда, бала асырап алу туралы шешім жарамсыз деп танылған немесе оның күші жойылған ай өткен соң;
3) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушының бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
4) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушының бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем ол тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/sotsialnyy-kodeks/st-86/