Мазмұнға өту
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

96-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтар

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтар:
1) консультация және әлеуметтік кәсіптік бағдар алу;
2) еңбек делдалдығы;
3) жергілікті атқарушы органдар белгілеген квоталар шеңберінде жұмысқа орналасу;
4) мүгедектігі бар адамдар үшін құрылған арнаулы жұмыс орындары шеңберінде жұмысқа орналасу;
5) мыналар: кәсіптік оқу; кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу; субсидияланатын жұмыс орындарына жіберу; жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу кіретін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу;
6) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу құқықтарын қамтиды.
2. Осы бапта көзделген құқықтар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.