Мазмұнға өту
СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

98-бап. Жұмыс іздеуші адамдар

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

СОЦИАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 224-VII

1. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, жұмыс іздеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жұмыс іздеуші адам ретінде тіркеледі.
2. Мансап орталығы жұмыс іздеуші адамға жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен консультацияларды өтеусіз негізде ұсынады, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді және (немесе) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынады.
3. Мансап орталығынан, оның ішінде Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс туралы ұсыныс алған жұмыс іздеуші адам мансап орталығын ұсынылған жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы хабардар етуге тиіс.