СТРОИТЕЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста
Басқа 0
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫС КОДЕКСІ
📌 Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» және «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар», «Астана, облыстар, және республикалық маңызы бар қалалар», «Астананың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» және «Астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға, адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Бөлім 1. 1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) авариялық құрылыс объектісі – адамдардың құрылыс объектісінде қауіпсіз болуын қамтамасыз етудің мүмкін болмауына байланысты құрылыс объектісінің одан әрі пайдаланылуы дереу тоқтатылуға тиіс жай-күйі;
Тармақша 2
2) авторлық сүйемелдеу – құрылыс жобасы авторының (авторларының) құрылыс сатысын сүйемелдеуді жүзеге асыруы, оның ішінде оған өзгерістер енгізу жөніндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі инжинирингтік көрсетілетін қызмет;
Тармақша 3
3) адам өмір сүретін және тіршілік ететін орта – адам тұратын және тіршілік ететін орта. Адам өмір сүретін және тіршілік ететін орта мыналарды қамтиды:
қоршаған орта – табиғи орта мен антропогендік ортаны қамтитын, адамның айналасындағы жағдайлардың, материалдық әлем заттары мен объектілерінің жиынтығы;
сәулеттік-ландшафттық орта – адам шаруашылық қызметті және басқа да функцияларды жүзеге асыратын, табиғи жағдайлар мен сәулеттік нысандар ұштастырылған кеңістік. Әдетте, бұл адамның өмір сүру жағдайлары мен психикалық-физикалық жай-күйін айқындайтын, елді мекендер шегіндегі және олардың шегінен тысқары орта;
қолжетімді (кедергісіз) орта – орынға кедергісіз жетуге және көрсетілетін қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін параметрлері бар құрылыс объектісінің, қызмет көрсету орнының қасиеті;
iшкi орта – тұрғын үй-жайлардағы өмiр сүру жағдайларының және жұмыс (өндiрiс) үй-жайларындағы еңбек жағдайларының кешенi, ол әлеуметтiк, эстетикалық, биологиялық, психологиялық және физикалық-химиялық факторларды, оның iшiнде табиғи радиацияны, сыртқы шуды, биотикалық төңiректi, ауаның ластануын, ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын, иiстердi, жану өнiмдерiн, табиғи және жасанды жарықты, судың тазалығын және басқаларды қамтиды;
Тармақша 4
4) атқарушылық геодезиялық түсірілім – ғимараттардың, құрылысжайлардың, инженерлік коммуникациялардың жер учаскесінде нақты орналасуының дәл координаттар мен биіктіктер жүйелеріне байланыстырылған схемасы;
Тармақша 5
5) аумақтарды аймақтарға бөлу – қала құрылысына жоспарлау кезінде жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін және оларды пайдалану бойынша ықтимал шектеулерді белгілей отырып, аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу;
Тармақша 6
6) аумақтық-көліктік жоспарлау – қаладағы мобильділіктің орнықты түрлеріне және кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық бере отырып, сондай-ақ аумақты жедел жабдықтауды және қатынас жолдарын техникалық қамтуды ескере отырып, аумақтың көліктік жүйесін дамытуды жоспарлау, ол көліктің барлық түрінің инфрақұрылымын орналастыруды және көліктің маршруттық желісін салуды жоспарлауды да қамтиды;
Тармақша 7
7) бастапқы материалдар – жобалау құжаттамасын әзірлеу үшін қажетті материалдар;
Тармақша 8
8) бірегей құрылыс объектісі – құрылыс объектісі үшін арнаулы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттілігін айқындайтын, жобалау және салу жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжаттар немесе мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтік құжаттар) белгіленбеген, ерекше, бұрын жеке-жеке немесе жиынтық түрінде қолданылмаған сәулет, көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, инженерлік немесе технологиялық шешімдермен сипатталатын құрылыс объектісі және оның кешендері;
Тармақша 9
9) ғимарат – функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруы немесе онда болуы, өндiрiстiк процестердi орындау, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру және сақтау үшін пайдаланылатын, мiндеттi түрде жер бетiндегі тұйық көлемдi құрайтын тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылыс. Ғимараттың жерасты бөлiгi болуы мүмкiн;
Тармақша 10
10) ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау – нәтижесінде ғимараттар мен құрылысжайлардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі, сенімділігі және орнықтылығы, одан әрі пайдалану мүмкіндігі, құрылыс объектісін күрделі жөндеу, жаңғырту немесе реконструкциялау жұмыстарының құрамы мен көлемін, сондай-ақ нысаналы мақсатының өзгеруін анықтау үшін, уақыт аралығында болатын өзгерістер ескеріле отырып, конструкциялар сапасының нақты көрсеткіштерінің сандық бағалауын алу айқындалатын сараптама жұмыстарының түрі;
Тармақша 11
11) дизайн-код – елді мекендердің үйлесімді және стилистикалық бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде абаттандыру элементтерін, ақпараттық және жарнамалық конструкцияларды, шағын сәулет нысандарын, стационарлық емес объектілерді, сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтандыру үшін пайдаланылатын стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруға, көгалдандыруға, жарықтандыруға, қасбеттерге, қоршауларға қатысты, құрылыс салынатын ауданның ерекшеліктері ескерілетін талаптар мен қағидалардың жиынтығы;
Тармақша 12
12) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы – елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктері мен функционалдық аймақтары, сондай-ақ елді мекендердің шегінен тысқары орналасқан аумақтар үшін әзірленетін қала құрылысы жобасы;
Тармақша 13
13) елдi мекен аумағы – қалалық немесе ауылдық елдi мекеннiң белгiленген шекарасы (шегі) шегiндегi кеңiстiк;
Тармақша 14
14) елдi мекеннiң бас жоспары – қала құрылысы регламенттері ескеріле отырып, елді мекенді аймақтарға бөлудi, оның жоспарлы құрылымын және аумағын функционалдық ұйымдастыруды, көлiктік және инженерлiк коммуникациялар, көгалдандыру мен абаттандыру жүйесін белгiлейтiн, қаланы, кенттi, ауылды дамытуды және оларда құрылыс салуды кешендi жоспарлаудың қала құрылысы жобасы;
Тармақша 15
15) елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбеті – құрылыс объектілерінің, құрылыс салудың, абаттандырудың және қоршаған ортаның барлық элементтерінің орналасуы тұтас эстетикалық сәулетті, жайлы, қолжетімді және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған аумақтың кеңістіктік-композициялық шешімі;
Тармақша 16
16) ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектiлерi – аумақтарды, елдi мекеннiң, жекелеген құрылыс объектiсiнiң аумағын пайдаланудың жалпыға бiрдей қабылданған қағидаларына (тәртiбіне) ерекшелiктер белгiленбей не толықтырулар енгiзiлмей іске асырылуы қиын болатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi;
Тармақша 17
17) ескірген құрылыс объектісі – құрылыс объектісінің конструкциясы, негізі физикалық тозу салдарынан берілген пайдалану талаптарына сай келмейтін жай-күйі;
Тармақша 18
18) жалпы сейсмикалық аймақтарға бөлу карталары – болжалды бағалары топырақтың жоғары үдеулерінде және сейсмикалық қарқындылық шәкілі бойынша балдармен берілген, ықтимал сейсмикалық қауіптілігі әртүрлі аймақтар бөліп көрсетілген, елдің бүкіл аумағы үшін салыстырмалы түрде ұсақ масштабта жасалған карталар;
Тармақша 19
19) жеке тұрғын үй – жеке (отбасымен) тұруға арналған, мансарды мен ірге қабатын қоса алғанда биіктігі үш қабаттан аспайтын, шаруашылық және басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бірге жеке тұлғаның меншігіндегі бөлек тұрған ғимарат;
Тармақша 20
20) жеке тұрғын үй құрылысы – адамдардың белгіленген тәртіппен өздеріне бекітіліп берілген жер учаскесінде өз күшімен немесе мердігерлік тәсілмен жеке тұрғын үйлер салуы;
Тармақша 21
21) жеке тұрғын үй құрылысын салу аумағы – әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-ағартушылық мақсаттағы объектілермен, сондай-ақ инженерлік және көліктік инфрақұрылымдармен бірге жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын елді мекен аумағының бір бөлігі;
Тармақша 22
22) жобалардың мемлекетаралық сараптамасы – құрылыс туралы халықаралық шартқа екі және одан көп қатысушы мемлекет үшін қызығушылық туғызатын жобалар сараптамасының міндетті нысаны;
Тармақша 23
23) жобалар сараптамасы – жобалау шешімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалауға арналған бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарының шарттарына сәйкестігін (сәйкессіздігін), сондай-ақ жобалау шешімдері мен есеп-қисаптарда қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттер талаптарының, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің сақталуын анықтау арқылы құрылыс жобаларына, қала құрылысы жобаларына талдау және олардың сапасын бағалауды жүргізуді білдіретін сараптама қызметі;
Тармақша 24
24) жобалау алдындағы құжаттама – жобалау құжаттамасын әзірлеу алдындағы және бағдарламаларды, есептерді, негіздемелерді, техникалық-экономикалық есеп-қисаптарды, ғылыми зерттеулер мен инженерлік ізденістер нәтижелерін, технологиялық және конструктивтік есеп-қисаптарды, эскиздерді, сызбаларды, макеттерді, өлшеулерді және объектілерді зерттеп-қарау нәтижелерін, сондай-ақ өзге де бастапқы материалдарды және жобалау құжаттамасын әзірлеу туралы шешімдер қабылдау және құрылыс жобаларын кейіннен іске асыру үшін қажетті материалдарды қамтитын құжаттама;
Тармақша 25
25) жобалау құжаттамасы – жобалау барысында жасалатын мәтіндік және графикалық құжаттар жиынтығы, ол мыналарды қамтиды:
абаттандыру және көгалдандыру жобалары. Абаттандыру және көгалдандыру жобалары құрылыс жобасының құрамында болуы мүмкін;
қала құрылысы жобалары – аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамытуды және оларда құрылыс салуды кешенді қала құрылысына жоспарлау шешімдерін қамтитын жобалар (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың өңіраралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары (елді мекендерді дамыту және оларда құрылыс салу схемалары), егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары);
құрылыс жобасы – осы Кодекстің
тиісті талаптарына сәйкес келетін жобалау-сметалық құжаттама, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру үшін сметалық
есеп-қисаптар. Құрылыс жобаларына құрылыс объектілерін консервациялау және кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады;
сәулет жобасы – жобалауына сәулетшінің қатысуы қажет болатын құрылыс объектісін (монументті) тұрғызу жобасы;
Тармақша 26
26) жобалау қызметі (жобалау) – жобалау құжаттамасын жасау жөніндегі өзара байланысты жұмыстар кешенін жүзеге асыруды білдіретін қызмет;
Тармақша 27
27) жобалау саласындағы сараптама қызметінің субъектілері – мемлекеттік сараптама ұйымы, сараптама ұйымдары, сондай-ақ олардың жұмыскерлері болып табылатын не осы ұйымдар штаттан тыс сарапшылар ретінде уақытша жұмысқа тартқан сарапшылар;
Тармақша 28
28) жобалау саласындағы сарапшы – сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен сертификатталған және мемлекеттік сараптама ұйымының немесе сараптама ұйымдарының бірінің штатындағы жеке тұлға;
Тармақша 29
29) жобалау ұйымы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобалау қызметін жүзеге асыруға құқығы бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Тармақша 30
30) жобаны басқару – құрылыс объектілерін ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, жобалауды, салуды және пайдалануға беруді бақылау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызмет, ол техникалық қадағалау мен авторлық сүйемелдеуді қамтуы мүмкін;
Тармақша 31
31) инженерлiк инфрақұрылым – адамдардың тiршiлiк етуi, сондай-ақ өндiрiстiң немесе тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер айналымының орнықты жұмыс істеуі үшiн қалыпты жағдай жасайтын кәсiпорындардың (ұйымдардың), құрылыс объектілерінің, коммуникациялар мен инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету желiлерiнiң жиынтығы;
Тармақша 32
32) инжинирингтік көрсетілетін қызметтер – оңтайлы жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында құрылысты дайындауды және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін, техникалық қадағалауды, авторлық сүйемелдеуді және жобаны басқаруды жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 33
33) кезекші топографиялық жоспар – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының құрамдас бөлігі болып табылатын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері, инженерлік инфрақұрылым, жоспарланатын құрылыс объектілері, абаттандыру және көше-жол жүрісі объектілері, көлік желісі туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық картографиялық негіз;
Тармақша 34
34) кепілдік мерзім – құрылыс объектілерін пайдаланудың осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне немесе шартқа сәйкес белгіленген мерзімі, оның барысында тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) мемлекеттік нормативтік құжаттарға, құрылыс жобасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс объектісінің көрсеткіштері сапасының сақталуына кепілдік береді;
Тармақша 35
35) консервациялау – құрылысы аяқталмаған объектінің салынуы уақытша тоқтатыла тұрған кезеңде оның конструкцияларының, материалдары мен жабдықтарының сақталуы мен сапалық сипаттамаларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені;
Тармақша 36
36) көліктік инфрақұрылым – көпiр, тоннель және өзге де көлiк құрылысжайларының, жол айрықтары мен жолөткелдердiң, реттеушi сигнал беру құрылғыларының, байланыстың, көлiк жұмысын инженерлiк жағынан қамтамасыз ету, көлiк құралдарына, тасымалданатын жүктерге, жолаушыларға қызмет көрсету, жол жүрісінің және жол жүрісіне әрбір қатысушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндiрiстiк және қызмет көрсетушi персоналдың функционалдық қызметiн қамтамасыз ету объектiлерінiң, қойма үй-жайлары мен аумақтарының, санитариялық-қорғаныш және күзет аймақтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген және көрсетiлген қатынас жолдарына және жылжымайтын мүлiк объектiлерi бар объектiлерге бекітіліп берілген жерлер кешенi бар жерүстi (автомобиль және (немесе) темiржол) жолдарының, су (теңiз және (немесе) өзен) қатынас жолдарының жиынтығы;
Тармақша 37
37) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен, екі және одан көп пәтерлерден, көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне жеке шығу жолдары бар тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, тиісті нысаналы мақсаты бар біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде бөлек тұрған, біртұтас іргетасы бар ғимарат;
Тармақша 38
38) көше-жол желісі – қызыл сызықтармен шектелген және жаяу жүргіншілердің, мопедтердің, электр самокаттардың, велосипедтердің, шағын электр көлік құралдарының, қоғамдық көліктің және басқа да механикалық көлік құралдарының жүруіне, инженерлік коммуникациялар тартуды және төсеуді ретке келтіруге, сондай-ақ елді мекендер аумақтарының құрамдас бөлігі ретінде олардың қатынас жолдарының жаяу жүргінші және көлік қатынастарын қамтамасыз етуге арналған, елді мекендер аумақтарының бір бөлігі болып табылатын көліктік инфрақұрылымның объектісі. Көшелер, даңғылдар, тұйық көшелер, өтпелер, жағалаулар, алаңдар, жаяу жүргінші аймақтары, тротуарлар, жаяу жүргінші және велосипед жолдары көше-жол желісінің негізгі элементтері болып табылады;
Тармақша 39
39) қала құрылысы кеңістігі – адам (ел, өңір, елді мекен, елді мекеннің бір бөлігінің халқы) өмір сүретін және тіршілік ететін материалдық орта қалыптастырылатын, шегінде қандай да бір сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жүзеге асырылатын қала құрылысын реттеу аумағы;
Тармақша 40
40) қала құрылысы құжаттамасы – аумақтар мен елдi мекендердi не олардың бөліктерін дамытуды және оларда құрылыс салуды қала құрылысына жоспарлау үшін қажетті өзара байланысты құжаттар (қала құрылысы жобаларын, мемлекеттiк және мемлекетаралық нормативтiк құжаттарды қоса алғанда) жүйесi;
Тармақша 41
41) қала құрылысы қызметі (қала құрылысы) – қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіруді қамтитын, аумақтар мен елді мекендерді қала құрылысына жоспарлауды ұйымдастыру мен дамыту, оларды аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін айқындау, қалалық және ауылдық елдi мекендердi кешендi жобалау қызметі;
Тармақша 42
42) қала құрылысы регламенттерi – аумақтарды (жер учаскелерiн) және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдаланудың, сондай-ақ олардың жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген жол берiлетiн кез келген өзгерiстерiнiң режимдерi, рұқсаттары, шектеулерi (ауыртпалық салуды, тыйым салу мен сервитуттарды қоса алғанда);
Тармақша 43
43) қонысаралық аумақтар – елді мекендердің шекарасынан (шегінен) тысқары аумақтар;
Тармақша 44
44) қонысқа ыңғайлы аумақ – орналасуы мен қызметi санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететiндей әсерге ұшыратпайтын тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлiк және көлiктік инфрақұрылымдардың жекелеген бөлiктерiн, басқа да объектiлердi орналастыруға арналған, елдi мекен аумағының бiр бөлiгi;
Тармақша 45
45) құрылысжай – табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдардың, жүктердің уақытша болуына (орын ауыстыруына), сондай-ақ жабдықты немесе коммуникацияларды орналастыруға (тартуға, жүргізуге) арналған, қолдан жасалған көлемді, жазықтық немесе желілік (жерүсті, су беті және (немесе) жерасты, суасты) құрылыс объектісі. Құрылысжай көркемдік-эстетикалық, декоративтік-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін;
Тармақша 46
46) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі – құрылыс жобаларының кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысын алған жаңа құрылыс объектілерін салуға арналған үлгілік жобаларды және жобалау-сметалық құжаттаманы қамтитын цифрлық ресурс;
Тармақша 47
47) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (мемлекеттік инвестициялар) – жаңа құрылыс объектілерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ құрылыс объектілерін реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі мыналар болып табылады:
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге бағытталған нысаналы қаражат;
мемлекет кепілдігі не мемлекет кепілгерлігі бар мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын ұйымдар мен заңды тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты;
дербес білім беру ұйымдарының қаражаты.
Мемлекеттік инвестицияларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын қоса қаржыландыруға және (немесе) төлеуге бағытталған республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты да жатады;
Тармақша 48
48) құрылыс қызметі (құрылыс) – жаңа құрылыс объектiлерін (олардың кешендерiн, коммуникацияларын) тұрғызу және (немесе) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ құрылысы аяқталмаған объектiлерді консервациялау және өз ресурсын тауысқан құрылыс объектiлерiн кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру арқылы өндiрiстiк және өндiрiстiк емес мақсаттағы негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет;
Тармақша 49
49) құрылыс-монтаждау жұмыстары – құрылыс қызметi, ол:
жер жұмыстарын және топырақтағы арнаулы жұмыстарды;
уақытша инженерлік желілер, жолдар, қойма алаңдарын орната отырып, құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ аумақты сатылап жоспарлауды;
құрылыс объектілерінің (оның iшiнде көпiрлердің, көлiк эстакадаларының, тоннельдер мен метрополитендердің, жолөткелдердің, құбыржолдардың, өзге де жасанды құрылыстардың) тiреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуды;
желiлiк құрылысжайларды тарту жөнiндегi арнаулы құрылыс және монтаждау жұмыстарын;
сыртқы инженерлiк желiлер мен құрылысжайлар, сондай-ақ iшкi инженерлiк жүйелер орнатуды;
конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және әрлеу жөнiндегi жұмыстарды;
автомобиль жолдарын және темiржол салуды;
технологиялық жабдықты жинауды және тұрақты пайдаланылатын жерде жобалық жағдайға келтіріп орнатуды, жеке сынауды және жүктемемен сынауды, сондай-ақ бөлшектеуді қоса алғанда, оны монтаждауды қамтиды;
Тармақша 50
50) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды – орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын растайтын құжат;
Тармақша 51
51) құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясы – құрылыс объектісі туралы ақпаратты оның пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде ұжымдық құру және басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін технологиялардың, өндірістік процестер мен регламенттердің жиынтығы;
Тармақша 52
52) құрылыс объектілерін паспорттау – құрылыс объектісінің конструкциялық шешімін, физикалық және пайдалану жай-күйін сипаттай отырып және түгендеу процесінде олардың сейсмикалық төзімділігі мен конструкциялық осалдығын бағалай отырып, сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан урбанизацияланған аумақта бұрыннан бар құрылысты түгендеудің техникалық рәсімі;
Тармақша 53
53) құрылыс объектісі – құрылыс қызметінің түпкі нәтижесі болып табылатын, ғимарат немесе құрылысжай түріндегі жасанды орта объектісі;
Тармақша 54
54) құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату – құрылыс объектісінің пайдаланылуы (жұмыс істеуі, қолданылуы) тоқтатылғаннан кейiн регенерацияланатын элементтерді (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бiр мезгiлде қалпына келтiрiп және қайтадан пайдаланып, сондай-ақ регенерацияға жатпайтын элементтер мен қалдықтарды қайта өңдей отырып, құрылыс объектісін бөлшектеу және сүру жөнiндегi жұмыстар кешенi;
Тармақша 55
55) құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісі – бекітілген құрылыс жобасына және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттарға сәйкес құрылыстың аяқталғанын және құрылыс объектісінің пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;
Тармақша 56
56) құрылыс объектісінің бірегей нөмірі – құрылыс объектісінің пайдаланылу циклін мониторингтеу мақсатында құрылыс жобаларын әзірлеуге, реконструкциялауға (қайта жоспарлауға және қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарын алудан бастап оны пайдалануға қабылдап алуға және беруге дейінгі құрылыс объектісі туралы ақпаратты (мәліметтерді) жинау үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде қалыптастырылатын он сегіз таңбалы сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 57
57) құрылыс объектісінің инженерлік жабдығы (инженерлік жабдық) – материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен өндірістік процестерді инженерлік жағынан қамтамасыз ететін, адамдардың тұруына (тұрмысына), еңбек етуіне (болуына) нормативтік не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар кешені;
Тармақша 58
58) құрылыс объектісінің пайдаланылу циклі – құрылыс объектісінің пайдалануда болуының дәйекті және өзара байланысты кезеңдері, оған мыналар кіреді:
құрылыс объектісін құру кезеңі – құрылыс объектісінің мынадай сатыларын: жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеуді, жобалауды, салуды, пайдалануға қабылдап алуды және беруді, сондай-ақ күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын құрылыс объектісінің пайдаланылу циклінің кезеңі;
құрылыс объектісін пайдалану кезеңі – құрылыс объектісін бұрын берілген рұқсаттар мен регламенттерде белгіленген есептік қызмет ету мерзімі ішінде және қауіпсіздік деңгейіне сәйкес мақсаты бойынша пайдалануға байланысты әрекеттерді қамтитын құрылыс объектісінің пайдаланылу циклінің кезеңі. Құрылыс объектісінің күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу кезеңдерін қамтиды;
құрылыс объектісінің пайдалануда болуының аяқталу кезеңі – құрылыс объектісі бұдан әрі өз функцияларын орындамайтын немесе қазіргі заманғы талаптарға, стандарттарға сай келмейтін, соның салдарынан құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату кезеңі іске асырылатын пайдаланылу циклінің кезеңі;
Тармақша 59
59) құрылыс объектiсінiң сапасы – құрылыс объектісін пайдалану кезеңі ішінде меншiк иелерiнiң (пайдаланушылардың) және жалпы қоғамның мүдделерi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды көрсететін, тұтынушыға жеткiзiлген түпкілікті құрылыс объектісі сипаттамаларының (эстетикалық сипаттамаларды қоса алғанда) жиынтығы;
Тармақша 60
60) құрылыс объектiсінiң техникалық күрделiлiгi – құрылыс объектiсінiң функционалдық мақсатына, оның тiреу және қоршау конструкцияларының ерекшелiктерiне, қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына, сейсмикалық қауiптiлiгiне немесе құрылыс орнының (ауданының) өзге де ерекше геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларына қарай мемлекеттiк және (немесе) мемлекетаралық (халықаралық) нормативтік құжаттарда белгiленетiн, негіздері мен конструкцияларының сенiмдiлiгi мен берiктiгiне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесi бойынша құрылыс объектiсiнiң жауапкершiлiк деңгейi, ол:
жауапкершiлiктiң бiрiншi деңгейi – күшейтiлген деңгей;
жауапкершiлiктiң екiншi деңгейi – қалыпты деңгей;
жауапкершiлiктiң үшiншi деңгейi – төмендетiлген деңгей болып бөлiнедi;
Тармақша 61
61) құрылыс объектісінің цифрлық моделі – үш өлшемді модельдерді, бастапқы материалдарды, рұқсат беру, жобалау, атқару және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда, құрылыс объектісі бойынша электрондық нысанда берілген ақпарат жиынтығы;
Тармақша 62
62) құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) салу және (немесе) өзгерту жөніндегі өзінің түпкі ойын іске асыруға құқық беру;
Тармақша 63
63) құрылыс салуды реттеу сызықтары (құрылыс салу сызықтары) – құрылыс объектілерін орналастыру кезінде қызыл және сары сызықтардан немесе белгіленген қызыл және сары сызықтар болмаған кезде жер учаскесі шекарасынан шегіндіріле отырып белгіленетін құрылыс салу шекаралары;
Тармақша 64
64) құрылыс салынбаған аумақтар – құрылыс объектілері, көліктік инфрақұрылым объектілері, инженерлік желілер мен құрылысжайлар жоқ, елді мекеннің шекараларындағы (шегіндегі) жерлер;
Тармақша 65
65) құрылыс салынған аумақтар – құрылыс объектілері орналасқан, оларда одан әрі құрылыс салу құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (сүру) арқылы мүмкін болатын аумақтар;
Тармақша 66
66) құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты – мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тәртіппен айқындалған заңды тұлға;
Тармақша 67
67) құрылыстың сметалық құны – жобалау материалдары мен сметалық нормативтік құжаттар негізінде жобалау-сметалық құжаттамада (болған кезде) айқындалған, құрылысқа қажетті ақша сомасы;
Тармақша 68
68) құрылысы аяқталмаған объект – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес пайдалануға қабылданбаған құрылыс объектісі;
Тармақша 69
69) қызыл сызықтар – елді мекендердің жоспарлау құрылымында кварталдардың, шағын аудандардың, өзге де элементтердің аумақтарын көшелерден (өтпелерден, алаңдардан) бөліп тұратын шекара. Қызыл сызықтар құрылыс салу шекараларын реттеу үшін қолданылады;
Тармақша 70
70) мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтік құжаттар) – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің (басқа мемлекеттердің) аумақтарында қолданылатын мемлекетаралық құрылыс нормалары мен қағидалар жинағын, құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды қамтитын,
нормативтік құжаттардың, қағидалар мен басқа да міндетті талаптардың, шарттар мен шектеулердің мемлекеттік жүйесінің бір бөлігі;
Тармақша 71
71) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпаратын және (немесе) мәліметтерін жинауды, есепке алуды, тіркеуді, енгізуді (толықтыруды), өңдеуді, сақтауды, қол жеткізуді, беруді, деректерін көрсетуді және таратуды қамтамасыз ететін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлық жүйесі;
Тармақша 72
72) мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және мемлекеттік монополияға жатқызылған, жобаларға сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 73
73) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға, сондай-ақ оның сақталуын бақылауға және қадағалауға бағытталған мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметі;
Тармақша 74
74) нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі (мемлекеттік нормативтік құжаттар) – ережелері адамның өмір сүруі мен тіршілік етуіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер, қала құрылысы және техникалық регламенттер, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттар жүйесі;
Тармақша 75
75) объектіге барудың график-жоспары – құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаға қоса берілетін, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне келісілген график бойынша баруына тапсырыс берушінің ерікті келісімін растайтын құжат;
Тармақша 76
76) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды – адамдар көп болатын салынған объектіні және биіктігі жиырма сегіз метрден асатын ғимараттарды пайдалануға қабылдап алар алдында олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы беретін құжат;
Тармақша 77
77) оқшау сараптама қорытындысы – құрылыс жобасы сараптамасының аяқталу кезеңін қоспағанда,
жекелеген объектілердің құрылыс жобаларына сараптама жасаудың, құрылыс жобасының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша ерекше реттеудің және қала құрылысын регламенттеудің, сондай-ақ сараптамалық сүйемелдеудің әрбір кезеңінде ресімделетін және тапсырыс берушіге берілетін, құрылыс жобаларының кешенді ведомстводан тыс сараптамасының қорытындысы;
Тармақша 78
78) ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық аумақтар мен объектілер;
Тармақша 79
79) өрт-техникалық зерттеп-қарау – нәтижесінде адамдар көп болатын салынған объектілердің және биіктігі жиырма сегіз метрден асатын ғимараттардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі айқындалатын зерттеп-қарау түрі;
Тармақша 80
80) реставрация – ғылыми негізделген деректер негізінде тарих пен мәдениет ескерткіштерінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетінің сақталуы мен ашылуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;
Тармақша 81
81) сараптама жұмыстары – жобалау құжаттамасын сараптау, ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығына техникалық қадағалау мен техникалық зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі жұмыстар;
Тармақша 82
82) сараптама қорытындысы – мемлекеттік сараптама ұйымының немесе сараптама ұйымының қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын және құрылыс жобасының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу нәтижесі болып табылатын құжаты;
Тармақша 83
83) сараптама ұйымы – осы Кодексте белгіленген тәртіппен аккредиттелген, Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 84
84) сары сызықтар – жер сілкіністері, табиғи немесе техногендік сипаттағы өзге де төтенше жағдайлар салдарынан құрылыс объектілерінің үйінділерге (қиратындыларға) айналуы барынша мүмкiн болатын аймақтар шекаралары. Сары сызықтар құрылыс объектілері арасындағы арақашықтықты реттеу үшін қолданылады;
Тармақша 85
85) сәйкестік туралы декларация – мердігер (бас мердігер) аяқталған құрылыс объектісі бойынша орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
Тармақша 86
86) сәулет-жоспарлау тапсырмасы – құрылыс объектісінің мақсатына, негiзгi параметрлеріне және оны нақты жер учаскесiне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ қала құрылысы регламенттеріне сәйкес осы елді мекен үшін белгіленетін, жобалау мен құрылысқа қойылатын міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл ретте тапсырыс беруші (инвестор) беретін эскиздерге (эскиздік жобаларға) сәйкес құрылыс объектілерінің сыртқы қабырғаларын (қасбеттерін) әрлеу материалдарының түр-түсі мен оларды пайдалану, көлемдік-кеңістіктік жағдайы бойынша талаптарды белгілеуге жол беріледі;
Тармақша 87
87) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілім (автоматтандырылған тізілім) – мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың цифрлық объектілерімен интеграцияланған, осы Кодекске сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері туралы мәліметтерді қамтитын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы цифрлық жүйе құрауышы;
Тармақша 88
88) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ерікті мүшелігіне (қатысуына) негізделген қауымдастық (одақ) нысанындағы немесе өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы бірыңғай коммерциялық емес ұйым.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттеудің бірыңғай коммерциялық емес ұйымы ретінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған бағыттар бойынша құрылады;
Тармақша 89
89) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) тізілімі – сертификаттаудан өткен жеке тұлғалардың тұрақты жаңартылатын бірыңғай тізімі;
Тармақша 90
90) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 91
91) сәулет, қала құрылысы туындысы – цифрлық модель, жобалау құжаттамасы, жекелеген сызба, макет, эскиз нысанында тіркеп-белгiленген және (немесе) заттай іске асырылған автордың түпкі ойын қоса алғанда, қандай да бiр сәулет объектiсiн жасауға немесе қала құрылысы кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған, жеке тұлғалардың кәсiптік қызметiндегi шығармашылық қызметтің нәтижесi болып табылатын авторлық құқық және автордың (авторлардың) зияткерлiк меншiк объектiсi;
Тармақша 92
92) сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына бағытталған шара;
Тармақша 93
93) сәулет-құрылыс құжаттамасы – құрылысты ұйымдастыру (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделi жөндеу, консервациялау және кейiннен кәдеге жарату), сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындауды, абаттандыруды, көгалдандыруды, сыртқы безендiруді ұйымдастыру үшiн қажеттi құжаттар кешені;
Тармақша 94
94) сәулет қызметі (сәулет) – құрылыс объектісінің сыртқы және ішкі келбетін жасаудың, құрылыс (реконструкциялау, реставрациялау) үшін жобалау құжаттамасының сәулет бөлігінде тіркеп-белгіленген кеңістіктік, композициялық, көлемдік-жоспарлау және функционалдық ұйымдастырудың шығармашылық процесін, құрылыс жобасын іске асыру кезінде авторлық сүйемелдеуді жүргізуді қамтитын сәулет объектілерін жасау жөніндегі қызмет;
Тармақша 95
95) сәулет объектiсі – әзiрленуiне сәулетшiнiң қатысуы қажет болатын, сәулет немесе қала құрылысы жобаларының негiзiнде салынған ғимарат, құрылысжай түріндегі құрылыс объектісі, олардың экстерьерлерi және (немесе) интерьерлерi, монумент, абаттандыру, ландшафт немесе бақ-саябақ өнерiнiң элементтерi;
Тармақша 96
96) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандар (аймақтар) –сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталарының негізінде айқындалған, сейсмикалық әсері болуы мүмкін (күтілетін) аудандар;
Тармақша 97
97) сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары –сейсмотектоникалық және жергілікті инженерлік-геологиялық жағдайлардың әсері ескеріле отырып, елді мекендердің құрылыс салынатын аумақтары үшін жасалған карталар;
Тармақша 98
98) сметалық нормативтік құжаттар (сметалық нормативтер) –сметалық нормалар, құнның сметалық көрсеткіштері, индекстер және құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін қажет баға белгілеу жөніндегі басқа да нормативтік құжаттар, сондай-ақ құралдар мен әдістемелік ұсынымдар;
Тармақша 99
99) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Қызметінің мақсаттарына қарай тапсырыс беруші – жобаның (бағдарламаның) инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі) не олардың уәкілетті адамдары тапсырыс беруші бола алады;
Тармақша 100
100) техникалық қадағалау – орындалған жұмыстардың сапасын, құнын, қабылдап алынуын және құрылыс объектілерінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, құрылыс жобасын іске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызмет;
Тармақша 101
101) техникалық тапсырыс беруші – құрылысты «толық бітіріп беруді» іске асыру үшін тапсырыс беруші тартатын, «толық бітіріп берілетін» құрылыстың барлық сатысында оны іске асыру процесін білікті басқаруды қамтамасыз ету мақсатында шарт негізінде әрекет ететін заңды тұлға;
Тармақша 102
102) техногендiк әсер – халыққа, елдi мекендерге не қонысаралық аумақтарға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болу қатерiн төндiрмей немесе қатерін төндiре отырып, шаруашылық қызмет нәтижесiнде туындаған жағымсыз немесе зиянды (қауiптi) әсер;
Тармақша 103
103) техногендiк зiлзалалар – шаруашылық қызметпен байланысты және:
өнеркәсiп, көлiк аварияларын және басқа да аварияларды (оқыс оқиғаларды);
өрт, жарылыстар немесе жарылыс қатерiн;
биологиялық, химиялық қауiптi немесе радиоактивтi заттардың шығарылуын немесе шығарылу қатерiн;
құрылыс объектілерінің, коммуникациялардың кенеттен қирауын;
гидротехникалық немесе тазарту құрылысжайларының жарылуын;
тіршілікті қамтамасыз етудің электр энергетикасы және коммуникация жүйелерінде авариялар туғызған экстремалдық факторлар;
Тармақша 104
104) «толық бітіріп берілетін» құрылыс – құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізуді және техникалық қадағалаудың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, жобалау, іздестіру, құрылыс-монтаждау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) жұмыстарын және басқа да жұмыстарды орындауды, сондай-ақ көрсетілген жұмыстармен қатар жүретін тауарларды беруді, қызметтер көрсетуді қамтитын құрылыс объектісін салу және оны пайдалануға беру жөніндегі кешенді жұмыстар;
Тармақша 105
105) тығыздап (сыналап) құрылыс салу – бұрыннан құрылыс салынған аумақтарда жаңа ғимараттар немесе құрылысжайлар салу;
Тармақша 106
106) үлгілік жоба – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленетін, жобалау кезінде одан әрі бірнеше рет қолдануға арналған жобалау-сметалық құжаттама;
Тармақша 107
107) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы адамдар, мүгедектігі бар адамдар, өздігінен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;
Тармақша 108
108) эскиз (эскиздік жоба) – схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн, жобалау (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, декоративтік немесе басқа) шешiмінiң оңайлатылған түрi.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет,
қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстің, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің нормаларынан тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 3
3-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының мақсаттары мыналар:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында тиімді басқару жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 2
2) халықтың барлық санаты үшін инклюзивті, қолайлы және жайлы ортаны қамтамасыз ету, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына әлеуметтік, көліктік, өндірістік және өзге де мақсаттағы құрылыс объектілеріне кедергісіз кіру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру кезіндегі ашықтық, қолжетімділік және әділдік;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарды белгілеу;
Тармақша 5
5) сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыруды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті дамыту, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) құрылыс қызметінің өмірлік циклінің барлық сатысында бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) рәсімдерді оңайлату процестерін автоматтандыру және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында цифрлық жүйелерді ендіру;
Тармақша 3
3) елді мекендер аумағының кешенді және орнықты дамуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 5
5) елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту, сондай-ақ инженерлік және коммуникациялық желілерді жаңғырту және дамыту;
Тармақша 6
6) елді мекендердің аумақтарын қалыптастыру және қайта құру құралдарын жетілдіру, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту;
Тармақша 7
7) құрылыста Қазақстанда шығарылатын материалдардың, жабдықтардың, бұйымдар мен конструкциялардың қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) заңдылық, теңқұқықтылық және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтарын шектеуге жол бермеу;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және өзге де факторларды теңгерімді есепке алу;
Тармақша 3
3) жариялылықты және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мәселелерді шешуге жеке және заңды тұлғалардың жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында өзін-өзі реттеуді дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 5
5) қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу кезінде барлық факторлар мен өзара байланыстарды есепке алу және құрылыс жобаларын дайындау және аумақты игеру кезінде олардың талаптарын сақтау.
Бап 4
4-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтің негізгі бағыттары
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтің негізгі бағыттары осы саладағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қамтамасыз етуге тиіс:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мүдделер – өңірлердің, қалалардың, ауылдық елді мекендердің орнықты даму жағдайларын, белсенді мобильділікті, тіршілікті қамтамасыз ету, көліктік және инженерлік коммуникациялар, байланыс және энергетика жүйелерінің жұмыс істеуін, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды қамтамасыз ету үшін жалпы қоғамның мүдделері;
Тармақша 2
2) қоғамдық мүдделер – жекелеген өңірлер, қалалар, ауылдық елді мекендер халқының осы аумақта тұруы (болуы) үшін қолайлы жағдайларды, экологиялық жағдайды жақсартуды, шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесінде қауіпті (зиянды) әсерлердің алдын алуды, елді мекендер мен оларға іргелес аумақтардың инфрақұрылымдарын дамытуды, тарихи-мәдени мұра объектілерін, табиғи ландшафттарды сақтауды қамтамасыз етудегі мүдделері;
Тармақша 3
3) жеке мүдделер – өздеріне тиесілі жер учаскелерінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың мүдделері.
Егер жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі өздеріне тиесілі (өздері пайдаланатын) құрылыс объектісін (жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті) пайдалануға, иеленуге не оған билік етуге мүмкіндік бермесе, ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуге жатады.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мыналардан:
Тармақша 1
1) қала құрылысы және құрылыс мақсаттарында пайдалану үшін инженерлік ізденістер жүргізуден;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіппен қала құрылысы, сәулет-құрылыс құжаттамасын және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуден, келісуден, оған сараптама жүргізуден және бекітуден;
Тармақша 3
3) жаңа құрылыс объектілерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салудан, сондай-ақ кеңейтуден, техникалық қайта жарақтандырудан, жаңғыртудан, реконструкциялаудан, реставрациялаудан, реновациялаудан және күрделі жөндеуден;
Тармақша 4
4) аумақты инженерлік жағынан дайындаудан, абаттандыру және көгалдандыру объектілерін салудан, көше-жол желісін жоспарлаудан және инженерлік жағынан дайындаудан, объектілер салудан және жол жүрісі қауіпсіздігін жақсартудан және жаяу жүргіншілер, мопедтер, электр самокаттар, велосипедтер, шағын электр көлік құралдары мен қоғамдық көлік үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуден;
Тармақша 5
5) құрылысы аяқталмаған объектіні консервациялаудан;
Тармақша 6
6) құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуден;
Тармақша 7
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізуден және олардың нәтижелерін пайдаланудан;
Тармақша 8
8) сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асырудан;
Тармақша 9
9) инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді тартудан және көрсетуден;
Тармақша 10
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарды белгілеуден көрінеді.
Бап 5
5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі халықаралық ынтымақтастық:
Тармақша 1
1) халықаралық шарттарға, халықаралық форумдарға, семинарларға, конференцияларға қатысу;
Тармақша 2
2) келіссөздер мен консультациялар жүргізу, өзара ақпарат алмасу;
Тармақша 3
3) бірлескен бағдарламаларды, жобаларды және өзге де іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Бап 6
6-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері
Тармақ 1
1. Мыналар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағы;
Тармақша 2
2) облыстардың, аудандардың, қалалардың және ауылдық елді мекендердің аумақтары және олардың бөліктері;
Тармақша 3
3) функционалдық аймақтар;
Тармақша 4
4) құрылыс объектілеріне жататын технологиялық және инженерлік жабдықтары бар олардың барлық түрін қоса алғанда, жылжымайтын мүлік объектілері;
Тармақша 5
5) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар;
Тармақша 6
6) мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тарих пен мәдениет, табиғат пен ландшафт ескерткіштері.
Тармақ 2
2. Қалалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері ретінде:
Тармақша 1
1) ірі қалалар (халық саны 500 мың тұрғыннан асатын);
Тармақша 2
2) үлкен қалалар (халық саны 100 мыңнан 500 мың тұрғынға дейін);
Тармақша 3
3) орташа қалалар (халық саны 50 мыңнан 100 мың тұрғынға дейін);
Тармақша 4
4) шағын қалалар (халық саны 50 мың тұрғынға дейін) болып бөлінеді.
Бап 7
7-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері
Қазақстан Республикасының аумағында адамның өмір сүру және тіршілік ету ортасын қалыптастыруға және дамытуға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері болып табылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдарға, шетел азаматтарына және шетелдік заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметіне жататын жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) құқығы берілуі мүмкін.
Бап 8
8-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтары
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің:
Тармақша 1
1) тиісті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардан (қолжетімділігі шектелген ақпаратты немесе құжаттарды қоспағанда) жобалау алдындағы зерттеулер, құрылысқа салынатын инвестициялардың негіздемесін дайындау, аумақты игеруді және (немесе) онда құрылыс салуды жоспарлау, құрылыс объектілерін жобалау және салу, сондай-ақ оларды кейіннен пайдалану үшін қажетті ақпаратты (мәліметтерді, деректерді, бастапқы материалдарды немесе құжаттарды) сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) қала құрылысы регламенттері, сервитуттар немесе өзге де нормативтік талаптар (шарттар, шектеулер) шегінде меншікке сатып алынған не жер пайдалануға берілген жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға;
Тармақша 3
3) «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар, сондай-ақ өзге де кәсіптік қоғамдық ұйымдар құруға;
Тармақша 4
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
Бап 9
9-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің міндеттері
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына, нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесіне және мемлекетаралық нормативтерге (мемлекетаралық нормативтік құжаттарға) сәйкес қызметті жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) халықтың тіршілік ету ортасының нашарлауына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге ықпал ететін әрекеттерге жол бермеуге;
Тармақша 3
3) өздерінің меншігіндегі (иелігіндегі, пайдалануындағы) пайдаланылатын құрылыс объектілерін мемлекеттік нормативтік құжаттарға және басқа да міндетті талаптарға сәйкес халық үшін олардың қауіпсіздігін, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына кедергісіз қол жеткізуді, орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тиісті жай-күйде ұстауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрылыс салу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтарды абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін тұрғын, қоғамдық және өндірістік құрылыс объектілерінің және олардың үй-жайларының қолжетімді болуын көздеуге міндетті.
Тұрғын аймақ шегінде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелері мен еңбек объектілерінің жанында орналастырылатын жеңіл автомобильдерді уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды жобалау және салу кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының жеке автокөлік құралдары үшін орындарды көздеуге;
Тармақша 5
5) тарихи-мәдени мұра объектілеріне, табиғат пен ландшафттарға залал келтірмеуге;
Тармақша 6
6) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
Тармақ 2
2. Қаржыландыру, жоспарлау, iздестіру, негiздемелер, жобалау, салу және оған iлеспе көрсетілетін қызметтер, басқару, пайдалану, қызмет көрсету, тараптардың бiрiнiң балансына беру жөнiндегi шарттарды қамту мүмкiндiгiнен көрiнетiн кешендi сипат «толық бітіріп берілетін» құрылыстың ерекшелiгi болып табылады.
Құрылысқа мемлекеттік инвестицияларды қамтитын жобалар бойынша «толық бітіріп берілетін» құрылысты жоспарлау, қаржыландыру және іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Бап 10
10-бап. Сәулет, қала құрылысы туындысына авторлық құқық
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы туындысына авторлық құқық және оған байланысты туындайтын қатынастар осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 2
2. Шығармашылық еңбегінің нәтижесінде сәулет, қала құрылысы туындылары жасалған жеке тұлғалар олардың авторлары болып танылады және оларға тиісті авторлық құқық беріледі.
Тармақ 3
3. Сәулет, қала құрылысы туындылары авторларының мүліктік құқықтары (осы Кодексте, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) олардың:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы туындысын іске асыру үшін пайдалануға немесе пайдалануға рұқсат беруге;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы туындыларын жаңадан жасауды, таратуды және қайта өңдеуді жүзеге асыруға немесе рұқсат етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілген айрықша құқықтарды басқа адамдарға беруге айрықша құқықтары болып табылады.
Сәулет, қала құрылысы туындылары авторларының мүліктік құқықтары сәулет жобасына, қала құрлысы жобасының тұжырымдамасына, сондай-ақ құрылыс жобасының сәулеттік құрамдас бөлігіне (бөлікке) қолданылады.
Тармақ 4
4. Егер шартта өзгеше көзделмесе, қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған сәулет, қала құрылысы туындыларының авторына (авторларына) мүліктік құқықтар берілмейді.
Тапсырыс беруші (жұмыс беруші) мен авторлар (тапсырысты орындаушылар) арасындағы шартта қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалатын сәулет, қала құрылысы туындыларын пайдалану жөніндегі мүліктік құқықтарды реттеу туралы ережелер қамтылуға тиіс.
Тармақ 5
5. Сәулет, қала құрылысы туындысының авторы (авторлары):
Тармақша 1
1) егер құрылыс жобасын әзірлеуге арналған шартта өзгеше көзделмесе, құрылыс (реконструкциялау, реставрациялау, жаңғырту) барысына авторлық сүйемелдеуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) егер жобалау құжаттамасын әзірлеуге арналған шартта өзгеше көзделмесе, сондай-ақ егер құрылыс объектісінде мемлекеттік құпияларға жататын ақпарат болмаса, фото- және бейнетүсірілім жасауға құқылы.
Тармақ 6
6. Сәулет, қала құрылысы туындысына автордың (авторлардың) жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Автордың (авторлардың) мемлекеттік инвестициялар есебінен жасалған сәулет, қала құрылысы туындыларына мүліктік құқықтары құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен әзірленген үлгілік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттаманы ұсыну үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік сараптама ұйымына тиесілі болады.
Тарау 2. 2-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
КЕЗІНДЕ ӨМІР СҮРУДІҢ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ЕТУДІҢ ҚОЛАЙЛЫ ОРТАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
КЕЗІНДЕ ӨМІР СҮРУДІҢ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ЕТУДІҢ ҚОЛАЙЛЫ ОРТАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бап 11
11-бап. Елді мекендердің қолайлы ортасын қамтамасыз ету
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің нәтижелерін тұтынушылар ретінде жеке тұлғалардың:
Тармақша 1
1) өндірістік күштерді қоныстандыру және орналастыру бөлігінде мемлекеттік қала құрылысы саясатына, аумақтарды аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылысы талаптарына, экологиялық қауіпсіздік нормаларына және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, сол жергілікті жердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне сәйкес елді мекеннің аумағы шегінде осы жергілікті жерге қатысты өмір сүруге және тіршілік етуге қолайлы, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді ортаға;
Тармақша 2
2) демалу мақсаттарына арналған және барынша қолайлы табиғи-климаттық жағдайлары мен ландшафты, оқу-ағарту, мәдени-бұқаралық, спорт-сауықтыру және ойын-сауық iс-шараларын қоса алғанда, тиiстi емдiк және санитариялық-гигиеналық жағдайлары, бос уақытты өткiзу үшін жағдайлары бар рекреациялық аймақтарды бөлу (бөлiп беру) арқылы демалуға құқығы бар.
Халықтың демалуына арналған аумақты таңдау кезiнде тарих пен мәдениет ескерткіштеріне, табиғи ландшафтқа жатқызылған объектiлердiң болуы да ескерiлуге тиiс.
Бап 12
12-бап. Табиғи, техногендік және антропогендік әсерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру халықтың, аумақтардың, елдi мекендердiң және құрылыс объектілерінің қауiптi (зиянды) табиғи, техногендiк және антропогендiк құбылыстар мен процестердiң әсер етуiнен қауiпсiздiгi жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды қамтамасыз ету шарттарына негiзделуге тиiс.
Осы талаптарды орындау жөніндегi шаралар мемлекеттiк нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілуге тиiс.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк нормативтiк құжаттарда қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамаларына халықты, елдi мекендердi және қонысаралық аумақтарды табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болатын қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғау жөніндегi шаралар туралы бөлiмдердi, сондай-ақ азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын енгізу мiндеттiлiгi көзделуге тиiс.
Тармақ 3
3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, сондай-ақ техногендiк сипаттағы болжамды төтенше жағдайлар салдарынан болатын қауiптi (зиянды) әсерлерге ұшырайтын елдi мекендер мен аумақтар халықты және аумақтарды аталған әсерлерден қорғау жөніндегi іс-шаралармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Тармақ 4
4. Табиғи, техногендiк, антропогендiк сипаттағы қауіпті (зиянды) әсерлерге ұшыраған елдi мекендерде орын алған қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестерді мониторингтеу нәтижелері мемлекеттік қала құрылысы кадастрында базалық деңгейде көрсетiледi.
Бап 13
13-бап. Экологиялық талаптарды қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі Қазақстан Республикасының Экология кодексінде белгіленген объектілер сыныптамасына сәйкес оның қоршаған ортаға әсерін бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылуға және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды көздеуге тиіс.
Көрсетілген іс-шаралар әсер етудің осы түрі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормативтерге және (немесе) шекті жол берілетін деңгейге (жүктемеге) сәйкес көзделеді және орындалады.
Тармақ 2
2. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының құрамына қоршаған ортаны қорғау, экологиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі бөлімдер (бөліктер) енгізіледі.
Белгіленген тәртіппен бекітілген, экологиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі жобалау құжаттамасының талаптарын (шарттарын, шектеулерін) орындау құрылыс жобаларын іске асыруды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектісі үшін міндетті болып табылады.
Экологиялық зілзала аймақтары деп жарияланған, өнеркәсiптiк орталықтар немесе жекелеген өндірістiк кешендер бар аумақтар халықты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларында, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларында қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ экологиялық зілзала аймақтарын оңалту жөніндегі шаралар көзделуге тиіс.
Елді мекендердің бас жоспарларының жобаларында, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала құрылысы жобаларын тиісті уәкілетті органдармен келісулердің болуы көрсетіле отырып, жобаланатын аумақта бар жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері, санитариялық-қорғаныш аймақтары, рекреациялық аймақтар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Жобаланатын аумақ үшін белгіленген жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері, санитариялық-қорғаныш аймағы болмаған жағдайда, жоқ су қорғау құжаттамасын немесе санитариялық-қорғаныш аймағы бойынша құжаттаманы алмастыратын арнаулы бөлімнің (бөліктің) көрсетілген қала құрылысы жобаларын әзірлеуге арналған тапсырмада міндетті түрде болуы көзделуге тиіс.
Бап 14
14-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі
талаптарды қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс кызметін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету шарттарына негізделуге тиіс.
Осы талаптарды орындау жөніндегі шаралар аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастырудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарда көрсетілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Қала құрылысы жобаларының құрамына аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттардың бөлімдері (бөліктері) енгізіледі.
Белгіленген тәртіппен бекітілген аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттардың талаптарын (шарттарын, шектеулерін) орындау сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектісі үшін міндетті.
Тармақ 3
3. Елді мекендер мен аумақтар аумақтық-көліктік және жаяу жүргіншілер жолын жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралармен қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Елді мекендерде жол-көлік оқиғалары және жолдар мен көшелердің өткізу қабілеттілігін мониторингтеу нәтижелері мемлекеттік қала құрылысы кадастрында базалық деңгейде көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Қала құрылысы жобаларының бөлімдерінде (бөліктерінде) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі мынадай құжаттардан алынатын ақпарат қамтылады:
Тармақша 1
1) кешенді көлік схемасы – көлік құралдарының, оның ішінде қоғамдық көліктің арасында көлік жұмысының көлемдерін бөлуді орындайды, көше-жол желілерін және қоғамдық көлік желілерін, көшеден тыс жылдамдық қозғалысы желілерін дамыту жөніндегі кешенді шешімдерді ұсынады;
Тармақша 2
2) көше-жол желісінің бас схемасы – аумақтық-көліктік жоспарлау жөніндегі құжаттарға сәйкес тиімді және қауіпсіз көше-жол желісін дамыту міндеттерін іске асырудың қаржылық-экономикалық аспектілерін айқындайды;
Тармақша 3
3) көше-жол желісін ұйымдастыру жобасы – магистральдық көше-жол желісінің белгіленіп берілген құрылымын іске асырады, жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету шартымен көшелердің, жолдар мен тораптық элементтердің, көлденең және бойлық қималардың, тораптардағы жол жүрісі схемаларының орналасатын жерлерін айқындайды. Көшелер мен жолдарды орналастыру үшін қажетті аумақтарды айқындайды;
Тармақша 4
4) жолдарды жоспарлау жобасы – жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптары және көліктік жоспарлаудың тиімділігі ескеріле отырып, бөлінген жерлердің (қызыл сызықтардың), резервке қойылған аумақтардың шегінде көшелер мен жолдардың негізгі элементтерінің орналасатын жерлерін айқындайды;
Тармақша 5
5) жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасы – елді мекенде жол жүрісін ұйымдастыру жүйесін айқындайды.
Астанада жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді схемасы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес қабылданады.
Тармақ 6
6. Аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру мынадай үш сатыда жүзеге асырылады:
бірінші сатыда ағымдағы көлік және жаяу жүргіншілер жағдайына зерттеулер жүргізіледі, көлік жағдайының ұзақ мерзімді перспективаға арналған өзгеру болжамдары орындалады, аумақтың көлік және жаяу жүргіншілер каркасын дамыту мүмкіндіктері бағаланады, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұсыныстары сұратылады, көше-жол желісінің қауіп-қатерлері мен ошақтарының деңгейі бағалана отырып, жол жүрісі қауіпсіздігіне аудит жүргізіледі және бірінші кезекті бөле отырып, ұзақ мерзімді перспективада жол жүрісін ұйымдастыру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар қалыптастырылады. Бір жүз мыңнан астам халқы бар қалалар, көліктік жағдайы қиын басқа қалалар үшін жаяу жүргіншілер жолдары айқындала отырып, кешенді көлік схемалары әзірленеді;
екінші сатыда зерттеу нәтижелері, тұжырымдамалық ұсыныстар және жаяу жүргіншілер жолдары айқындала отырып, кешенді көлік схемалары негіздеуші материалдар түрінде ресімделеді және Қазақстан Республикасы аумағының және жекелеген өңірлердің (облыстың, ауданның, ауылдық округтің) аумақтық-көліктік жоспарлау схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу шеңберінде қаралады;
үшінші сатыда осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттар әзірленеді.
Тармақ 7
7. Көше-жол желісін ұйымдастыру жобасы елді мекеннің бас жоспары, жолдарды жоспарлау жобасы және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Тармақ 8
8. Жолдарды жоспарлау жобасы жекелеген тораптарда жол жүрісін ұйымдастыру жобасын әзірлеуге негіз болып табылады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау:
жол жүрісінің қарқындылығын ұлғайту перспективасы ескеріле отырып, жолдардың қажетті өткізу қабілеттілігін;
жол жүрісінің қауіпсіздігін;
жолдарды зияткерлік көлік жүйелерімен;
қоғамдық көліктің кедергісіз және қауіпсіз қозғалысын, оның ішінде оларға қозғалыс үшін бөлек жолақтар бөлу арқылы;
жолдарды трассалық медициналық-құтқару пункттерімен жарақтандыруды;
халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін кедергісіз қол жеткізу ескеріле отырып, өткелдері бар жаяу жүргіншілер тротуарларымен;
велосипедтердің, электр самокаттардың және электр қозғалтқыштары бар велосипедтердің кедергісіз және қауіпсіз қозғалысын, оның ішінде қозғалыс үшін бөлек жолақтарды бөлу арқылы қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сай келуге тиіс.
Бап 15
15-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін
және табиғи ландшафттарды сақтау
жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарих пен мәдениет ескерткіштері және табиғи ландшафттар деп танылған аумақтар мен объектілердің сақталу жағдайларына негізделуге тиіс.
Тармақ 2
2. Тарих пен мәдениет ескерткіштері және табиғи ландшафттар бар аумақтарда ерекше реттеу шекаралары белгіленеді, олардың шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне тыйым салынады немесе шектеу қойылады.
Тармақ 3
3. Көрсетілген шекараларда жерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Бап 16
16-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақта орналасқан құрылысжайды және (немесе) ғимаратты жобалау және салу кезінде тапсырыс беруші:
талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізуді;
байланыс құралдарын орналастыру мен қосу мақсатында байланыс операторларына арналған микроклиматты басқару жүйесі (желдету, кондиционерлеу және басқалары) бар жеке үй-жаймен қамтамасыз етеді.
Осындай құрылысжайлар мен ғимараттардың меншік иелері байланыс операторларының тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Бап 17
17-бап. Елді мекендерді инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету және олардың қолжетімділігіне жағдай жасау
Тармақ 1
1. Елді мекеннің не оның бір бөлігінің қала құрылысы құжаттамасында (қала құрылысы жобаларында) әлеуметтік, өндірістік (өнеркәсіптік), рекреациялық, инженерлік, энергетикалық, телекоммуникациялық (байланыс және интернет), экологиялық, су, жылу-энергетикалық, газ, ауыл шаруашылығы, туристік, мәдени, спорттық және көліктік инфрақұрылымдар, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік, тұрғын үй инфрақұрылымы және тұрғын үйге тартылатын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, әкімшілік ғимарат, кәсіпкерлік объектілерінің құрамы мен құрылымы айқындалуға тиіс.
Тармақ 2
2. Елді мекендер халықтың барлық санаттары үшін (халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда) жұмыс орындарына, ортақ пайдаланылатын орындарға, әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне (құрылысжайларға, ғимараттарға, коммуникацияларға), оның ішінде фуникулерлерге, лифтілерге, траволаторларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерге елді мекеннің санатына, осы жергілікті жердің жағдайларына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қол жеткізудің оңтайлы жағдайларымен және құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Елді мекендердің қала құрылысы құжаттамасында әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылым объектілерінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жағдайлар жасау жөніндегі бөлімдер қамтылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Халыққа қызмет көрсету объектілерінің функционалдық мақсатын мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың төмендеуіне алып келетін өзгертуге жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу, елді мекендерді жобалау және оларда құрылыс салу кезінде елді мекеннің жоспарлау құрылымымен өзара байланысты және оның барлық функционалдық аймағымен, сондай-ақ сыртқы көлік объектілерімен байланысты қамтамасыз ететін көліктік коммуникациялардың және көше-жол желісінің бірыңғай жүйесі көзделуге тиіс.
Тармақ 6
6. Қонысаралық аумақтарды игеруге (абаттандыруға, құрылыс салуға) арналған жобалау құжаттамасында адамдардың болуына байланысты шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтi кейiннен жүзеге асыру мақсатында осы аумақта, инфрақұрылым объектiлерiнiң құрылысын қоса алғанда, тiршiлiктi қамтамасыз етудің орнықты және қолжетімді жүйесі көзделуге тиiс.
Тармақ 7
7. Инженерлiк инфрақұрылымның магистральдық коммуникацияларының, басты ғимараттарының жобалау құжаттамасын әзiрлеу, салу, пайдалану және кейiннен кәдеге жарату кезiнде, сондай-ақ аумақтарды инженерлiк жағынан дайындау жұмыстарын жүргiзу кезiнде шектес аумақтардың мүдделерiн ескеретiн және қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестердiң аумақ пен халыққа әсер ету мүмкiндiгiн болғызбайтын шешiмдер қабылдануға тиiс.
Тармақ 8
8. Республикалық, өңіраралық және өңірлік инженерлік және көліктік жүйелердің бекітілген схемалары жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, сондай-ақ елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету және жайластыру жүйесін дамытуға бағытталған (дамытумен ұштасқан) қызмет үшін негіз болып табылады.
Тармақ 9
9. Жүріп-тұруы шектеулі топтардың қажеттіліктері ескеріле отырып, халық үшін инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету кезінде мемлекеттік нормативтік құжаттарды және ұлттық стандарттарды басшылыққа алу қажет.
Бап 18
18-бап. Жер учаскелерін пайдалану кезінде қала құрылысы талаптарын қамтамасыз ету
Меншiк иелерiнің не жер пайдаланушылардың құрылыс салу үшiн (коммуникациялар тартуды, аумақты инженерлiк жағынан дайындауды, абаттандыруды, көгалдандыруды және учаскенi жайластырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда), сондай-ақ ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейту және реконструкциялау үшін жер учаскелерiн пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы жобаларына сәйкес және нысаналы мақсат немесе сервитут, аумақты аймақтарға бөлу, қызыл сызықтар және құрылыс салуды реттеу сызықтары, құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары сақтала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумағында белгіленген тыйымдар сақтала отырып қана жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы баптың бірінші бөлігінің күші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала құрылысы құжаттамасын кейіннен әзірлеу не оған өзгерістер енгізудің ықтимал мүмкіндігі болған кезде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайларына қолданылмайды.
Егер жер учаскесі елді мекендердің жаңа бас жоспарын бекітуге немесе бекітілген бас жоспарға не егжей-тегжейлі жоспарлау немесе оларды дамыту және құрылыс салу схемасының жобасына өзгерістер енгізуге байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылуға жататын болса, меншік иесі немесе жер пайдаланушы осы жер учаскесін жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алып қойылғанға дейін елді мекендердің жаңа бас жоспары бекітілгенге немесе бекітілген бас жоспарға не егжей-тегжейлі жоспарлау немесе оларды дамыту және құрылыс салу схемасының жобасына өзгерістер енгізілгенге дейін қолданыста болған қала құрылысы талаптарына сәйкес нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады.
Бап 19
19-бап. Абаттандыру жөніндегі іс-шаралар
Тармақ 1
1. Абаттандыру жөніндегі іс-шаралар саламатты өмір салты, жұмыс істеу және демалыс үшін жағдайлар жасау, осы аумақта тұратын немесе жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тиісті аумақтың және онда орналасқан құрылыс объектілері мен олардың бөліктерінің сыртқы түрін жақсарту, сондай-ақ осы аумақта адамның өмір сүруі үшін бұрыннан бар жағдайларды одан әрі жақсарту мақсатында белгілі бір аумақта жүзеге асырылатын іс-шаралар жиынтығын білдіреді.
Тармақ 2
2. Абаттандыру жөніндегі іс-шаралар мүдделі тұлғалармен алдын ала талқылануға тиіс. Жергілікті атқарушы органдар абаттандыруға қатысатын адамдарға қажетті консультациялар береді.
Тармақ 3
3. Абаттандыруға дайындық жұмыстарын жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Дайындық жұмыстары мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) дайындық сипатындағы зерттеулер жүргізу;
Тармақша 2
2) абаттандыруға жататын аумақты айқындау;
Тармақша 3
3) абаттандыру жөніндегі іс-шараларды айқындау;
Тармақша 4
4) абаттандыру жөніндегі іс-шаралардың көлемі мен мерзімдерін айқындау;
Тармақша 5
5) көзделген абаттандыруды талқылау;
Тармақша 6
6) абаттандыру жоспары.
Тармақ 4
4. Абаттандыруға жататын аумақ айқындалғанға дейін дайындық жұмыстары ретінде реттеу мен құрылысқа байланысты жекелеген іс-шаралар жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Абаттандыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілуі болжанатын аумақты абаттандыруға жататын аумақты айқындауды негіздейтін есепке сәйкес жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Тармақ 6
6. Абаттандыруға жататын аумақ осы баптың 3-тармағында көзделген абаттандыру жөніндегі іс-шаралардың неғұрлым тиімді іске асырылуы тұрғысынан айқындалуға тиіс. Абаттандыруға жататын аумақ шегінде абаттандыру жөніндегі іс-шаралар қолданылмайтын жекелеген жер учаскелері айқындалады.
Тармақ 7
7. Абаттандыру туралы шешімді жергілікті атқарушы орган бекітеді.
Тармақ 8
8. Абаттандыру туралы шешім бекітілген күннен бастап он күн ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 9
9. Осы бапта көзделген абаттандыру жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Бап 20
20-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет,
қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі шешімдерді талқылауға қатысуы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, қолжетімділігі шектелген ақпаратты қоспағанда, өмір сүру және тіршілік ету ортасының жай-күйі, оның болжамды өзгерістері, белгіленіп отырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы толық, уақтылы және анық ақпарат алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жеке және заңды тұлғаларға өмір сүру және тіршілік ету ортасының жай-күйі, оның болжамды өзгерістері, белгіленіп отырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы хабардар беруді аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының экспозициялары және (немесе) көрмелері бар қоғамдық талқылаулар өткізу арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Елді мекендерді дамытудың және оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобалары бекітілгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуға, жеке және қоғамдық мүдделерді қозғайтын қабылданатын шешімдерді өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Қоғамдық талқылаулар қала құрылысы шешімдерінің ашықтығын, айқындығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың пікірлерін анықтау және ескеру, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Халықты хабардар ету мерзімдерін, нысандарын қоса алғанда, қоғамдық талқылауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін, құжаттар тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында қоғамдық талқылаулардың нәтижелері жариялана отырып, қоғамдық талқылаулардың нәтижелері жергілікті атқарушы органның және жобалау ұйымының міндетті түрде қарауына жатады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдар өмір сүру және тіршілік ету ортасының жай-күйі, оның болжамды өзгерістері, белгіленіп отырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы анық емес, мемлекеттік нормативтік құжаттарға немесе бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келмейтін, сондай-ақ жеке және қоғамдық мүдделерді тікелей қозғайтын ақпарат берген (қолжетімділігі шектеген ақпаратқа жатпайтын ақпаратты беруден бас тартқан) жағдайда, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Тармақ 6
6. Қала құрылысы, сәулет немесе құрылыс шешімдерін қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуы:
Тармақша 1
1) тікелей қатысу;
Тармақша 2
2) өкілдік ету;
Тармақша 3
3) қоғамдық бақылау топтары;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де нысанда көрініс табуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Басқа тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметі саласындағы құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде олардың:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын құрылыс объектілерін орналастыру, жобалау, салу (реконструкциялау) немесе пайдалануға беру туралы шешімнің күшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шектеу енгізу, оны тоқтата тұру немесе тоқтату туралы талап қоюға;
Тармақша 3
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің немесе олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол беруіне байланысты жеке тұлғалардың денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу туралы сотқа талап қоюды беруге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың өзге де фактілері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүгінуге құқығы бар.
Бап 21
21-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі қоғамдық бақылау нысандары
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі қоғамдық бақылау қоғамдық талқылау, қоғамдық сараптама және қоғамдық мониторинг нысандарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Бөлім 2. 2-БӨЛІМ. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-БӨЛІМ. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Тарау 3. 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
Бап 22
22-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі лауазымды адамдар және мемлекеттік басқару органдары
Мыналар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және мемлекеттік басқару органдары болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
Тармақша 3
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметімен сабақтас болып табылатын мәселелер бойынша өздерінің құзыреттері шегінде өзге де орталық мемлекеттік органдар;
Тармақша 5
5) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдары.
Бап 23
23-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәулет,
қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін бекітеді және іске асырады;
Тармақша 3
3) республикалық және өңіраралық маңызы бар ерекше реттеу объектілерінің шекараларын белгілейді;
Тармақша 4
4) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын, жалпымемлекеттік, мемлекетаралық немесе өңіраралық маңызы бар өзге де қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасын бекітеді, сондай-ақ оларға өзгерістер енгізеді;
Тармақша 5
5) жалпымемлекеттік және мемлекетаралық маңызы бар құрылыс объектілерін жобалау және салу туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін шығарады;
Тармақша 7
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
Тармақша 9
9) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын бекітеді;
Тармақша 10
10) Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 24
24-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыстағы баға белгілеу және құрылыс объектілерін салу саласындағы экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеуді және түзетуді (жаңартып отыруды) ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеуді және түзетуді (жаңартып отыруды) ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
Тармақша 6
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде Қазақстан Республикасының әлеуетін басым пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) құрылыстағы бағаны белгілеу жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
Тармақша 8
8) құрылыстағы бағаны мониторингтеу үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және беруді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін салу құнын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10
10) жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ бұрыннан барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту тәртібін айқындайды;
Тармақша 12
12) қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13
13) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттейді;
Тармақша 14
14) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 15
15) ерекше реттеудің және (немесе) қала құрылысын регламенттеудің жекелеген объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке жоспарларын бекітеді;
Тармақша 16
16) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) инженерлік-геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18
18) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құрады, оның жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) сәулет-жоспарлау тапсырмасын және келісілген эскиздік жобаны кері қайтарып алуды және (немесе) оның күшін жоюды жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік нормативтік құжаттардың нормаларын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде белгіленген шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтарға және олардан ауытқуларға байланысты бұзушыларға шаралар қолдану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 22
22) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттайды;
Тармақша 23
23) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
Тармақша 24
24) мемлекеттік және өңіраралық маңызы бар аумақтарды қала құрылысына игеру кезінде аумақтар мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізеді;
Тармақша 25
25) құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекітеді;
Тармақша 26
26) тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 27
27) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 28
28) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 29
29) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттейді;
Тармақша 30
30) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 31
31) «бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу және олардың сараптамасын ұйымдастыруға арналған порталды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 32
32) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып, талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрінің талабын айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
Тармақша 33
33) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын таңдайды;
Тармақша 34
34) «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын іске асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 35
35) дизайн-кодты әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 36
36) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 37
37) жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсету тәртібі мен құнын айқындайтын қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 38
38) құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 39
39) қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 40
40) сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидаларын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 41
41) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына конкурс ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 42
42) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 43
43) сертификаттауды өткізу тәртібін және сертификаттаудан өтуге үміткер кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 44
44) сертификаттау орталығының үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 45
45) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бағыттарын айқындайды;
Тармақша 46
46) қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 47
47) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпаратты және (немесе) мәліметтерді беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 48
48) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 49
49) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама топтарын құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 50
50) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 51
51) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 52
52) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік және әдіснамалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 53
53) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларға жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 54
54) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 55
55) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар береді және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
Тармақша 56
56) мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы актісінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 57
57) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер беру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді;
Тармақша 58
58) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 59
59) сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 60
60) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу тәртібін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 61
61) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасауды және іс-қимылдарын үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 62
62) қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандырудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 63
63) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 64
64) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 65
65) бас сәулетшілер мен бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына қойылатын біліктілік талаптарын келіседі;
Тармақша 66
66) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 67
67) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 68
68) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру, жүргізу және үлгілік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттаманы беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 69
69) әзірленген және бекітілген қала құрылысы жобаларының (елді мекендерді егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының, дамыту және оларда құрылыс салу схемаларының) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 70
70) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ерекше мәртебесі бар облыстық маңызы бар қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысына жоспарлау қағидаларын келіседі;
Тармақша 71
71) ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 72
72) құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 73
73) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 74
74) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 74-1
74-1) өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобалардың нысанасы ескерілетін, жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу не оған өзгерістер енгізу мүмкіндігін растайды;
Тармақша 75
75) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 25
25-бап. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі құзыреті
Тармақ 1
1. Облыстардың мәслихаттары:
Тармақша 1
1) елді мекенді дамыту тұжырымдамасын (мастер-жоспарын), халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарының жобасын және оның түзетуін келіседі;
Тармақша 2
2) облыс, аудандар аумағын қала құрылысына жоспарлаудың облыс әкімдігі ұсынған кешенді схемаларын бекітеді;
Тармақша 3
3) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын және олардың түзетуін бекітеді;
Тармақша 4
4) облысты абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де құрылыс объектілерін, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 5
5) облыс әкімдігі ұсынған, Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 6
6) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттары:
Тармақша 1
1) қаланы дамыту тұжырымдамасын (мастер-жоспарын), қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегін және қала маңындағы аймақтың шекараларын, сондай-ақ қала аудандарының шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын келіседі;
Тармақша 2
2) қала әкімдігі ұсынған, қаланы абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 3
3) қаланы абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де құрылыс объектілерін, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттік келбетін (елді мекеннің құрамдас бөліктерін) қалыптастыру және оларды қала құрылысына жоспарлау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 5
5) қала әкімдігі ұсынған, Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді қала шекаралары шегінде жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 6
6) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 26
26-бап. Облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі құзыреті
Тармақ 1
1. Халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың мәслихаттары:
Тармақша 1
1) қала шегі мен қала маңындағы аймақтың шекараларын, ведомстволық бағынысты елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын келіседі;
Тармақша 2
2) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 3
3) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік бағынысындағы тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де құрылыс объектілерін, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебесі бар облыстық маңызы бар қаланың сәулеттік келбетін (елді мекеннің құрамдас бөліктерін) қалыптастыру және оны қала құрылысына жоспарлау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қаланың мәслихаттары:
Тармақша 1
1) елді мекеннің (халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қаланың) бас жоспарының жобасын, қала шегін және қала маңындағы аймақтың шекараларын белгілеу және өзгерту жобасын келіседі;
Тармақша 2
2) қаланы және қала маңындағы аймақты абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік бағынысындағы тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де құрылыс объектілерін, инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 27
27-бап. Аудан мәслихаттарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі құзыреті
Аудан мәслихаттары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар қалаларды дамытудың және оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобаларын, оның ішінде халқының саны бес мың адамнан асатын ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын, халқының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамыту және оларда құрылыс салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарын) бекітеді;
Тармақша 2
2) инженерлік жағынан қамтамасыз ету және коммуникациялар схемаларын бекітеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 28
28-бап. Астана, облыстар, және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі құзыреті
Тармақ 1
1. Облыс әкімдіктерінің құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) облыстың, аудандардың аумақтарын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын облыстық мәслихатқа келісу үшін енгізу;
Тармақша 4
4) облыстық мәслихатпен келісілген, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 5
5) облыстардың, аудандардың аумақтарын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларын, сондай-ақ халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарымен келісілген және кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын және олардың түзетулерін әзірлеуді ұйымдастыру және облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
Тармақша 6
6) екі және одан көп облыстың аумақтарын (не олардың бөліктерін), агломерацияны аумақты дамытудың өңіраралық схемаларының жобаларын келісу;
Тармақша 7
7) аумақтарды абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де құрылыс объектілерін, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 9
9) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас жоспарларының жобаларын облыс аумағы, резервтік аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ олар ықпал ететін аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебінен оларды дамыту бөлігінде келісу;
Тармақша 10
10) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын келісу;
Тармақша 11
11) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабар береді;
Тармақша 12
12) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын бақылау және іске асыру;
Тармақша 13
13) аумақта құрылыс салу, құрылыс объектілерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), реставрациялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау, облыстық маңызы бар құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 14
14) облыстық маңызы бар құрылыс объектілерін сүру туралы актілерді есепке алуды және тіркеуді жүргізу;
Тармақша 15
15) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін міндетті түрде ескере отырып, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу актілерін есепке алуды жүргізу;
Тармақша 16
16) облыс аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмысына жәрдем көрсету;
Тармақша 17
17) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін толықтыру, сондай-ақ оны мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер енгізу;
Тармақша 18
18) жер учаскелерін бөліп беру және олардың нысаналы мақсаттарын өзгерту бойынша ай сайынғы есептерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 19
19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) құрылыс объектілері мен кешендерінің мониторингін жүргізу;
Тармақша 20
20) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорт құрылысжайларын жобалауға арналған техникалық ерекшелік пен техникалық тапсырманы аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен келісу;
Тармақша 21
21) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыру, құрылыс объектілерінде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
Тармақша 22
22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік нормативтік құжаттардың нормаларын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында белгіленген талаптар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтарға және олардан ауытқуларға байланысты бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 24
24) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалау алдындағы құжаттаманы және құрылыс жобасын қарау және бекіту;
Тармақша 26
26) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумақтарының шекараларын келісу;
Тармақша 28
28) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын астана немесе республикалық маңызы бар қала әкімдігіне келісуге енгізу;
Тармақша 29
29) облыстың бас сәулетшілеріне және мемлекеттік құрылыс инспекторларына қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін енгізу;
Тармақша 30
30) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын әзірлеу және облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реновациялау объектілеріне инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды жүргізуді және (немесе) жаңғыртуды қамтамасыз ету
Тармақша 32
32) мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) қаланың бас жоспарын іске асыру;
Тармақша 3
3) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегін және қала маңындағы аймақтың шекараларын, сондай-ақ қала аудандарының шекараларын белгілеу және өзгерту жобасын әзірлеуді ұйымдастыру және мәслихатқа келісу үшін енгізу;
Тармақша 4
4) қаланың бас жоспарының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін енгізу;
Тармақша 5
5) ведомстволық бағынысты аумақты қалалық абаттандыру және инженерлік қамтамасыз ету қағидаларын мәслихатқа бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді қала шекаралары шегінде жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын қалалық мәслихатқа бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 7
7) тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де құрылыс объектілерін, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөніндегі ұсынысты мәслихатқа енгізу;
Тармақша 8
8) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабар беру;
Тармақша 9
9) қаланың бекітілген бас жоспарын дамыту үшін әзірленетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту және іске асыру;
Тармақша 10
10) дүлей зілзалаларға (су тасқынына, жер сілкінісіне, селге, көшкінге және қар көшкініне) ұшырауын ескере отырып, аумақта құрылыс салу, құрылыс объектілерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), реставрациялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау, құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 11
11) қалалық маңызы бар құрылыс объектілерін сүру туралы актілерді есепке алуды және тіркеуді жүргізу;
Тармақша 12
12) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу актілерін есепке алуды жүргізу;
Тармақша 13
13) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүргізетін мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдем көрсету;
Тармақша 14
14) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауға (қолдануға, пайдалануға) бақылау жүргізу;
Тармақша 15
15) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін толықтыру, сондай-ақ оны мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер енгізу;
Тармақша 16
16) аумақтарда құрылыс салуды мониторингтеу үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кезекші топографиялық жоспарын жүргізу және жаңартып отыру;
Тармақша 17
17) салынып жатқан (салынуы белгіленген) құрылыс объектілері мен кешендерінің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізу;
Тармақша 18
18) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорт құрылысжайларын жобалауға арналған техникалық ерекшелікті және техникалық тапсырманы аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен келісу;
Тармақша 19
19) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыру, құрылыс объектілерінде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
Тармақша 20
20) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік нормативтік құжаттардың нормаларын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында белгіленген талаптар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтарға және олардан ауытқуларға байланысты бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдану туралы шешім қабылдау;
Тармақша 22
22) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалау алдындағы құжаттаманы және құрылыс жобасын қарау және бекіту;
Тармақша 24
24) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумақтарының шекараларын келісу;
Тармақша 26
26) қала маңындағы аймақтың аумағында қолданылатын мемлекеттік қала құрылысы саясатын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 27
27) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 28
28) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобаларын:
елді мекен халқының жобалық санын айқындау;
халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету;
халықты ауызсу көздерімен және электр энергиясымен қамтамасыз ету бөлігінде келісу;
Тармақша 29
29) республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бас сәулетшілеріне және мемлекеттік құрылыс инспекторларына қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін енгізу;
Тармақша 30
30) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын әзірлеу және қалалық мәслихатқа бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реновациялау объектілеріне инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды жүргізуді және (немесе) жаңғыртуды қамтамасыз ету;
Тармақша 32
32) республикалық маңызы бар қалалар мен астананың дизайн-кодын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 33
33) республикалық маңызы бар қаланың және астананың дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларын бекіту;
Тармақша 34
34) бекітілген қала құрылысы жобаларына сәйкес айқындалған аумақтарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін белгіленген тәртіппен беру;
Тармақша 35
35) азаматтарды жеке тұрғын үйлерді, басқа да құрылыстарды салу мен пайдалану және жер учаскелерін пайдалану қағидалары туралы хабар беру;
Тармақша 36
36) мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау;
Тармақша 38
38) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жер учаскесіне құқық берудің мүмкін еместігі туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытынды беру;
Тармақша 39
39) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысына жоспарлау қағидаларын әзірлеу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін енгізу;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.
Бап 29
29-бап. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар
әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметіндегі құзыреті
Тармақ 1
1. Аудандар әкімдіктерінің құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын және елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу схемаларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 2
2) аумақта жоспарланған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабар беру;
Тармақша 3
3) құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау, аудандық маңызы бар құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 4
4) аудандық маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды сүру туралы актілерді есепке алуды және тіркеуді жүргізу;
Тармақша 5
5) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу актілерін есепке алуды жүргізу;
Тармақша 6
6) аумақтарда құрылыс салуды мониторингтеу үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде ведомстволық бағынысты елді мекендердің кезекші топографиялық жоспарларын жүргізу және жаңартып отыру;
Тармақша 7
7) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, аудандық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауды ұйымдастыру, оларды күтіп-ұстауға (пайдалануға, қолдануға) бақылау жүргізу;
Тармақша 8
8) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен, аудандық маңызы бар қалаларды дамыту мен оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобаларын, халқының саны бес мың адамнан асатын ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын, халқының саны бес мың адамға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспар) әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
Тармақша 9
9) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
Тармақша 10
10) қала құрылысы жобаларын іске асыру;
Тармақша 11
11) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалау алдындағы құжаттаманы және құрылыс жобаларын қарау және бекіту;
Тармақша 12
12) салынып жатқан (салынуы белгіленген) құрылыс объектілері мен кешендерінің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізу;
Тармақша 13
13) жер учаскелерін бөліп беру және нысаналы мақсаттарын өзгерту бойынша ай сайынғы есептерді облыс әкімдігіне ұсыну;
Тармақша 14
14) бұрыннан бар ғимараттарды реконструкциялау (қайта жабдықтау, қайта жоспарлау) туралы шешім қабылдау;
Тармақша 15
15) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін толықтыру, сондай-ақ оны мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер енгізу;
Тармақша 16
16) мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) елді мекендердің дизайн-кодын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 18
18) елді мекендердің дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларын бекіту;
Тармақша 19
19) азаматтарды жеке тұрғын үйлерді, басқа да құрылыстарды салу мен пайдалану және жер учаскелерін пайдалану қағидалары туралы хабар беру;
Тармақша 20
20) мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген қаланың бас жоспарын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған, облыстың, ауданның іргелес аумақтарын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 2
2) қала шегі мен қала маңындағы аймақтың шекараларын, ведомстволық бағынысты елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және облыстық маңызы бар қаланың мәслихатына келісу үшін енгізу;
Тармақша 3
3) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлік қамтамасыз ету қағидаларын осы Кодекстің 26-бабына сәйкес тиісті мәслихатқа бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 4
4) облыстық маңызы бар қаланың мәслихатына тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де құрылыс объектілерін, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөнінде ұсыныс енгізу;
Тармақша 5
5) жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халықты хабар беру;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін толықтыру, сондай-ақ оны мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер енгізу;
Тармақша 7
7) аумақтарда құрылыс салуды мониторингтеу үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде әкімшілік бағыныстағы қаланың және елді мекендердің кезекші топографиялық жоспарын жүргізу және жаңартып отыру;
Тармақша 8
8) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту және іске асыру;
Тармақша 9
9) аумақта құрылыс салу, құрылыс объектілерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), реставрациялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау, жергілікті маңызы бар құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 10
10) жергілікті маңызы бар құрылыс объектілерін сүру туралы актілерді есепке алуды және тіркеуді жүргізу;
Тармақша 11
11) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу актілерін есепке алуды жүргізу;
Тармақша 12
12) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтауды ұйымдастыру және оларды нормативтік күтіп-ұстауға (пайдалануға, қолдануға) бақылау жүргізу;
Тармақша 13
13) салынып жатқан (салынуы белгіленген) құрылыс объектілері мен кешендерінің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізу;
Тармақша 14
14) облыстық маңызы бар қаланың бас сәулетшісіне қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін енгізу;
Тармақша 15
15) облыстық маңызы бар қалалардың дизайн-кодын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 16
16) облыстық маңызы бар қалалардың дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларын бекіту;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін еместігі туралы уәжді бас тарту түрінде қорытынды беру;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебесі бар облыстық маңызы бар қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысына жоспарлау қағидаларын әзірлеу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін енгізу;
Тармақша 20
20) қаланың бас сәулетшісіне қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін енгізу;
Тармақша 21
21) бекітілген қала құрылысы жобаларына сәйкес айқындалған аумақтарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін белгіленген тәртіппен беру;
Тармақша 22
22) азаматтарды жеке тұрғын үйлерді, басқа да құрылыстарды салу мен пайдалану және жер учаскелерін пайдалану қағидалары туралы хабар беру;
Тармақша 23
23) мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.
Тармақ 3
3. Халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген қаланың бас жоспарын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 2
2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңындағы аймақтың шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және облыстық маңызы бар қаланың мәслихатына келісу үшін енгізу;
Тармақша 3
3) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын осы Кодекстің 26-бабына сәйкес тиісті мәслихатқа бекітуге ұсыну;
Тармақша 4
4) облыстық маңызы бар қаланың мәслихатына тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де құрылыс объектілерін, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөнінде ұсыныс енгізу;
Тармақша 5
5) қала тұрғындарын жоспарланған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы хабардар ету;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін толықтыру, сондай-ақ оны мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер енгізу;
Тармақша 7
7) аумақтарда құрылыс салуды мониторингтеу үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде қаланың кезекші топографиялық жоспарын жүргізу және жаңартып отыру;
Тармақша 8
8) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту және іске асыру;
Тармақша 9
9) аумақта құрылыс салу, құрылыс объектілерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), реставрациялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау, жергілікті маңызы бар құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 10
10) жергілікті маңызы бар құрылыс объектілерін сүру туралы актілерді есепке алуды және тіркеуді жүргізу;
Тармақша 11
11) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу актілерін есепке алуды жүргізу;
Тармақша 12
12) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауға (пайдалануға, қолдануға) бақылау жүргізу;
Тармақша 13
13) салынып жатқан (салынуы белгіленген) құрылыс объектілері мен кешендерінің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізу;
Тармақша 14
14) бекітілген қала құрылысы жобаларына сәйкес айқындалған аумақтарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін белгіленген тәртіппен беру;
Тармақша 15
15) жеке тұрғын үйлерді, басқа да құрылыстарды салу мен пайдалану және жер учаскелерін пайдалану қағидалары туралы азаматтарға хабар беру;
Тармақша 16
16) мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) облыстық маңызы бар қаланың бас сәулетшісіне қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін енгізу;
Тармақша 18
18) облыстық маңызы бар қалалардың дизайн-кодын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 19
19) облыстық маңызы бар қалалардың дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларын бекіту;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін еместігі туралы уәжді бас тарту түрінде қорытынды беру;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.
Бап 30
30-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар болып табылады және мынадай болып бөлінеді:
Тармақша 1
1) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың):
сәулет және қала құрылысы;
құрылыс (бірыңғай тапсырыс берушінің қызметі);
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдары;
Тармақша 2
2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың):
сәулет және қала құрылысы;
құрылыс (бірыңғай тапсырыс берушінің қызметі) органдары.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыреті осы Кодекстің 28 және 29-баптарына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 3
3. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары лауазымы бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың бас сәулетшілері болып табылады.
Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, облыстардың жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары лауазымы бойынша облыстардың бас сәулетшілері болып табылады.
Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары лауазымы бойынша аудандардың бас сәулетшілері болып табылады.
Бап 31
31-бап. Астананың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың бас сәулетшілері
Тармақ 1
1. Астананың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың бас сәулетшілері өз қызметін осы Кодекстің нормаларына, мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, өртке қарсы және өзге де міндетті талаптарға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Астананың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың бас сәулетшілеріне:
Тармақша 1
1) белгіленген тәртіппен бекіту үшін қала құрылысы құжаттамасын уақтылы әзірлеуді, түзетуді қамтамасыз ете отырып, аумақтарды орнықты дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардың, қоғамның, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілері құқық иеленушілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ете отырып, аумақтарды жоспарлау үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) аумақтарды неғұрлым ұтымды және тиімді пайдалану бойынша бекітілген қала құрылысы құжаттамасын іске асыру кезінде инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) аумаққа бару және көзбен шолып қарау, сондай-ақ цифрлық жүйелер мен цифрлық ресурстардың мәліметтеріне талдау және бағалау жүргізе отырып, аумақтарда құрылыс салу бойынша ұдайы және тұрақты мониторинг жүргізу;
Тармақша 5
5) құрылысы аяқталмаған объектілердің тізбесін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 6
6) мониторинг барысында анықталған рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылатын (тұрғызылған) құрылыс объектілері, сол сияқты елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбетін өзгерту, ғимараттарды, жекелеген үй-жайларды және (немесе) ғимарат бөліктерін реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы, сондай-ақ бұзушылықтар және берілген және (немесе) келісілген бастапқы материалдардан ауытқулар туралы ақпаратты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға шаралар қабылдау үшін уақтылы жіберу;
Тармақша 7
7) халыққа өздерінің өмір сүру және тіршілік ету ортасының жай-күйі, оның болжамды өзгерiстерi, белгіленген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы уақтылы хабар беру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қала құрылысы өзгерістерін және қала құрылысы құжаттамасын оларды бекіткенге дейін қарауға қатысуын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) тұрақты негізде кезекші топографиялық жоспарға жаңартулар мен өзгерістерді енгізу;
Тармақша 9
9) рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылатын (тұрғызылған) құрылыс объектілерін сүру туралы, сол сияқты елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбетін бекітілген талаптарға сәйкес келтіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) ландшафтарды сақтау туралы сотқа талап қоюларға бастамашылық ету жүктеледі.
Тармақ 3
3. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстардың бас сәулетшілеріне төмен тұрған (облыстық маңызы бар қалалардың және (немесе) аудандық) сәулет және қала құрылысы органдарының қызметін жалпы үйлестіру жүктеледі.
Бап 32
32-бап. Сәулет-қала құрылысы кеңестері (сәулет-қала құрылысы кеңесі)
Тармақ 1
1. Сәулет-қала құрылысы кеңесі – бірыңғай қала құрылысы саясатын іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру, адамның өмір сүру және тіршілік ету ортасының сапасын арттыру, елді мекендердің орнықты дамуын қамтамасыз ету және қазіргі заманғы сәулеттік келбетін қалыптастыру үшін астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган.
Тармақ 2
2. Сәулет-қала құрылысы кеңесіне жергілікті атқарушы органның өкілдері, сәулетшілер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары, жобалау ұйымдарының, қоғамдық және өзге де ұйымдардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың мүддесін білдіретін ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
Сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы қалыптастырады.
Сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган сәулет-қала құрылысы кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 3
3. Сәулет-қала құрылысы кеңестері өз қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Сәулет-қала құрылысы кеңесінің өкілдері агломерациялар жөніндегі кеңестің құрамына кіреді.
Тармақ 5
5. Сәулет-қала құрылысы кеңестерінің мүшелері өздері:
Тармақша 1
1) жобалау және жобалау алдындағы құжаттаманың тапсырыс берушілері, орындаушылары болған;
Тармақша 2
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын немесе инжинирингтік қызметтер көрсететін субъектілер болып табылатын;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалармен үлестес болатын құрылыс объектілері бойынша мәселелерді қарау кезінде дауыс беруге қатысуға құқылы емес.
Тарау 4. 4-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК
ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ РЕТТЕУ
4-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК
ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ РЕТТЕУ
Бап 33
33-бап. Құрылыс объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары
Тармақ 1
1. Құрылыс объектілерін жобалау кезінде ғимараттар мен құрылысжайларды пайдаланудан бастап және кейіннен кәдеге жарату сатысына дейінгі бүкіл пайдаланылу циклі ішінде адам өмірі, денсаулығы және қоршаған орта үшін ғимараттар мен құрылысжайлар қауіпсіздігінің барлық қажетті жағдайы ескерілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Құрылыс объектілерін жобалау кезінде мемлекеттік нормативтік құжаттарда көзделген базалық қауіпсіздік талаптары сақталуға, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін, оның ішінде қалыпты пайдалану, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезіндегі болжамды бұзушылықтар кезіндегі барлық ықтимал қауіп-қатерлер сәйкестендірілуге және ескерілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде тапсырыс беруші жобалау құжаттамасында және мемлекеттік нормативтік құжаттарда айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық шаралар кешенін орындауға, сондай-ақ құрылыстың барлық сатысында олардың орындалуын бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері осы Кодексте және мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген құрылыс объектілеріне арналған барлық қауіпсіздік талаптарын орындауға міндетті.
Белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін құрылыс объектілерін қабылдап алуға және пайдалануға беруге жол берілмейді.
Бап 34
34-бап. Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Жобалау және құрылыс сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ жер сілкінісі кезінде адамдарды шұғыл эвакуациялау талаптары көзделетін жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Құрылыс объектілерінің жер сілкінісінен қирауын азайту үшін мынадай негізгі талаптарды орындау қажетті шарт болып табылады:
Тармақша 1
1) сейсмикалық аймақтарда жобалау және құрылыс жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау;
Тармақша 2
2) құрылыс салу үшін, оның ішінде гидрогеологиялық жағдайларға және сейсмикалық қауіптілігі деңгейіне қатысты, сондай-ақ сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары (олар болған кезде) ескеріле отырып, құрылыс салуға қойылатын талаптарды сақтап, қолайлы алаңды таңдау;
Тармақша 3
3) құрылыс объектілерін салу үшін игеруге жататын аумақтардың сейсмикалық қауіптілігі туралы егжей-тегжейлі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Бап 35
35-бап. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының
қауіпсіздік талаптары
Тармақ 1
1. Құрылыс материалдары мен бұйымдары құрылыс объектілерінде пайдалану үшін жарамды болуға және міндетті қауіпсіздік талаптар кешенін белгілейтін мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері қолданылатын құрылыс материалдары мен бұйымдарының сапасын бақылау мен қадағалауды құзыреті шегінде қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 36
36-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметін ерекше реттеу
Тармақ 1
1. Аумақты пайдаланудың арнаулы қағидаларын енгізбей жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету мүмкін болмаған немесе қиын болған жағдайларда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі ерекше реттеуге және қала құрылысын регламенттеуге жатады.
Тармақ 2
2. Ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу мынадай жолмен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) аумақтарды пайдаланудың арнаулы қағидаларын енгізу;
Тармақша 2
2) арнаулы мемлекеттік нормативтік құжаттарды енгізу;
Тармақша 3
3) қала құрылысы құжаттамасын әзірлеудің, бекітудің және іске асырудың ерекше тәртібін енгізу;
Тармақша 4
4) аумақтар мен елді мекендерді зиянды әсерлерден қорғаудың арнаулы схемалары мен жобаларын әзірлеу.
Бап 37
37-бап. Ерекше реттеуге және қала құрылысын
регламенттеуге жататын сәулет, қала
құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері
Тармақ 1
1. Ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері мынадай болып бөлінеді:
Тармақша 1
1) ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу аумақтық объектілері;
Тармақша 2
2) ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу елді мекендері;
Тармақша 3
3) ерекше реттеуді және қала құрылысын регламенттеуді талап ететін объектілер.
Тармақ 2
2. Ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу аумақтық объектілеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) экологиялық зілзала және (немесе) төтенше экологиялық жағдайлар аймақтары;
Тармақша 2
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
Тармақша 3
3) су қорғау аймақтары мен белдеулері;
Тармақша 4
4) тарихи-мәдени мұра объектілері мен бірегей және сирек кездесетін ландшафттары бар аумақтар;
Тармақша 5
5) сауықтыру, курорттық, рекреациялық және резервтік мақсаттағы аумақтар;
Тармақша 6
6) қала маңындағы аймақтар;
Тармақша 7
7) агломерация аумақтары;
Тармақша 8
8) режимдік аумақтар аймақтары және Қазақстан Республикасының заңдарында ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу аймақтарына жатқызылған өзге де аумақтар.
Тармақ 3
3. Ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу елді мекендеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының астанасы және республикалық маңызы бар қалалар;
Тармақша 2
2) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын қалалар;
Тармақша 3
3) тарихи-мәдени құндылығы бар елді мекендер, олардың бөліктері немесе оларға іргелес аумақ не қорғалатын ландшафттар, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік ұлттық табиғи парктердегі елді мекендер;
Тармақша 4
4) әскери қалашықтар, шекара бөлімшелері (бөлімдері) және өзге де жабық объектілер бар елді мекендер;
Тармақша 5
5) табиғи-климаттық, геотехникалық немесе гидрогеологиялық жағдайлары ерекше (экстремалды) аудандарда, сондай-ақ экологиялық және техногендік зілзалалар аймақтарында орналасқан не өзге де қолайсыз құбылыстар мен процестердің әсеріне ұшыраған елді мекендер.
Тармақ 4
4. Ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу жылжымайтын мүлік объектілеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) тарих пен мәдениет ескерткіштері және олардың ансамбльдері;
Тармақша 2
2) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері;
Тармақша 3
3) адам өмірі мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға көрінеу қауіп төндіретін объектілерді қоса алғанда, арнаулы мемлекеттік немесе шаруашылық міндеттерді орындау үшін қажетті құрылысжайлар;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар адамдардың тұруына, болуына және жұмыс істеуіне арнайы арналған ғимараттар мен құрылысжайлар.
Тармақ 5
5. Ерекше реттеуді және қала құрылысын регламенттеуді талап ететін объектілерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Ерекше реттеуді және қала құрылысын регламенттеуді талап ететін әрбір объект бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке жоспары бекітіледі.
Тармақ 6
6. Ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу режимі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
Бап 38
38-бап. Экологиялық зілзала және (немесе) төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеу
Тармақ 1
1. Зиянды заттармен, зиянды микроорганизмдермен және басқа да биологиялық заттармен жол берілген шекті концентрациялардан жоғары ластанған, химиялық және (немесе) радиоактивті және басқа да зиянды заттармен жол берілген шекті деңгейден жоғары ластанған аумақтар, егер осындай аумақтарда халықтың тұруы және шаруашылық қызметті жүзеге асыру адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін болса, консервациялауға және арнайы өңдеуге жатады. Көрсетілген аумақтардың ластану дәрежесіне және оларды сауықтыру тәсіліне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметі оларды пайдаланудың ерекше режимін енгізуі немесе өзге де функционалдық мақсатын белгілеуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Елді мекендер аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қорғау талаптарын сақтау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болғызбау, сондай-ақ терроризм актілеріне қарсы күрес жөнінде шаралар қабылдануға тиіс.
Тармақ 3
3. Экологиялық зілзала және (немесе) төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеуді енгізу мерзімдерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Экологиялық зілзала және (немесе) төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында ерекше реттеу режимін қолдану кезеңінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі осы Кодекстің 36-бабында көзделген іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ НОРМАЛАУ
5-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ НОРМАЛАУ
Бап 39
39-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау жүйесі
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау жүйесі мемлекеттік нормативтік құжаттардың жиынтығын білдіреді.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстің 7-бабында айқындалған, Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құқықтар мен міндеттер берілген тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау субъектілері болып табылады.
Тармақ 3
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау объектілері мыналар:
Тармақша 1
1) қоныстандыру жүйелері, елді мекендер және олардың құрамдас бөліктері;
Тармақша 2
2) құрылыс объектілері, олардың жеке бөліктері мен үй-жайлары, сәулет объектілері, жобалау, салу, реконструкциялау, реновациялау, реставрациялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, жөндеу және пайдалану процестері;
Тармақша 3
3) қала құрылысы, сәулет-құрылыс құжаттамасы және өзге де жобалау-сметалық құжаттама;
Тармақша 4
4) құрылыс объектілерінің инженерлік жабдығы;
Тармақша 5
5) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары болып табылады.
Бап 40
40-бап. Нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу осы Кодекспен, сондай-ақ нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесімен (мемлекеттік нормативтік құжаттармен) қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік нормативтік құжаттар:
Тармақша 1
1) құрылыс объектісінің пайдаланылу циклі процесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы, жануарлардың тіршілігі мен саулығы, сондай-ақ қоршаған орта үшін құрылыс объектілерінің қауіпсіздігін;
Тармақша 2
2) құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкциялары мен негіздерінің, құрылыс объектілерін инженерлік жағынан қамтамасыз ету жүйелерінің сенімділігі мен сапасын;
Тармақша 3
3) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қауіп-қатерін ескере отырып, құрылыс объектілері мен адамдарды қолайсыз әсерлерден қорғауды;
Тармақша 4
4) адамдардың құрылыс объектілерінде болуының жайлы жағдайларын;
Тармақша 5
5) құрылыс объектілерінің энергетикалық тиімділігін;
Тармақша 6
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау субъектілерінің өзара түсіністігін және техникалық кедергілерді жоюды қамтамасыз ету үшін жалпы ғылыми-техникалық және әдістемелік негізде әзірленеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган перспективалық номенклатура және бекітілген тақырыптық жұмыс жоспары негізінде қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесін жетілдіруді құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттерді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзге де субъектілерін тарта отырып жүзеге асырады.
Бап 41
41-бап. Мемлекеттік нормативтік құжаттардың түрлері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік нормативтік құжаттар мынадай аспектілерді қамтиды:
Тармақша 1
1) құрылысты ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) құрылыс объектілері сенімділігінің негізгі ережелері, ішкі климат және қолайсыз факторлардан қорғау;
Тармақша 3
3) қала құрылысы, құрылыс объектілері;
Тармақша 4
4) құрылыс объектілерін және олардың кешендерін немесе бөліктерін, сондай-ақ олардың сыртқы желілерін инженерлік жағынан қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) құрылыс конструкциялары мен негіздері;
Тармақша 6
6) құрылыс материалдары мен бұйымдары;
Тармақша 7
7) мобильді құрылыс объектілері, құрылыс жарағы және мүкәммал;
Тармақша 8
8) құрылыстағы баға белгілеу және сметалар;
Тармақша 9
9) мемлекеттік қала құрылысы кадастры;
Тармақша 10
10) сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы, сәйкестікті бағалау.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік нормативтік құжаттар мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің қызметін ұйымдастыруға қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін және өзара қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері:
талаптар, қағидалар, тәртіп және басқа да нормативтік құқықтық актілер;
техникалық регламенттер;
құрылыстағы басшылық құжаттар;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі нормативтік құжаттар;
қала құрылысы регламенттері;
Тармақша 2
2) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес құрылыс объектілерінің жекелеген түрлеріне және (немесе) олардың пайдаланылу циклінің процестеріне қойылатын міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік техникалық құжаттар:
құрылыс нормалары, оның ішінде құрылыс нормалары мен қағидалары (сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қолданылу мерзімімен қатар қолдану кезеңіне арналған);
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау объектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық кодификацияланған нормалар;
құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар;
үлгілік технологиялық карталар;
Тармақша 3
3) ерікті таңдаумен қолданылатын нормативтік техникалық құжаттар:
қағидалар жинақтары;
технологиялық жобалау нормалары;
нормативтік-техникалық оқу құралдары;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі, өнеркәсіптегі стандарттау жөніндегі құжаттар;
оқу құралдары мен әдістемелік ұсынымдар.
Бұл ретте ерікті таңдаумен қолданылатын нормативтік техникалық құжаттарда техникалық регламенттер мен құрылыс нормаларының талаптары немесе міндетті нормалармен регламенттелмеген жекелеген дербес мәселелер бойынша талаптар ескерілуге тиіс.
Ерікті таңдаумен қолданылатын нормативтік техникалық құжаттарды таңдау кезінде оның талаптары, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету кезінде міндетті болып табылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгізілген мынадай мемлекетаралық нормативтік құжаттарды да қамтиды:
Тармақша 1
1) мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтік құжаттар);
Тармақша 2
2) жобалау және құрылыс жөніндегі қағидалардың мемлекетаралық жинақтары;
Тармақша 3
3) мемлекетаралық стандарттар.
Тармақ 4
4. Халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылыс объектілерін жобалау және салу кезінде қолданылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар және стандарттау жөнінде ұсынымдар дайындауды жүзеге асырады.
Бап 42
42-бап. Құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты
Тармақ 1
1. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган конкурстық негізде құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты ретінде ұйымды айқындайды.
Тармақ 2
2. Құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты ретінде ұйымды айқындау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 3
3. Құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты:
Тармақша 1
1) мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізеді;
Тармақша 2
2) жетілдіруге жататын мемлекеттік нормативтік құжаттардың перспективалық номенклатурасын қалыптастырады және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың жоспарларына техникалық регламенттер мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу және қайта өңдеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды орындайды;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде техникалық нормалау жөніндегі қызметті техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) нормативтік техникалық құжаттардың қорын қалыптастырады, осы мақсаттарда мемлекеттік органдармен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзге де техникалық нормалау субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды, бекітілген нормативтік техникалық құжаттың бір данасын, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттың қабылданғаны, өзгерістер енгізілгені, күші жойылғаны туралы мәліметтерді «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында орналастыру үшін Стандарттау жөніндегі ұлттық органға ұсынады.
Бап 43
43-бап. Техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттердің қызметі
Тармақ 1
1. Техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттерді мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру процесіне құзыретті мамандар мен практиктерді тарту мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
Техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттер құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институтының жанынан құрылады және жұмыс істейді.
Техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттердің ережесі мен жұмыс тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттер өздеріне бекітіліп берілген техникалық нормалау объектілеріне сәйкес:
Тармақша 1
1) нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу, қайта өңдеу, оларға өзгерістер енгізу және олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) қызметтің тиісті бағыттары бойынша нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеуге және қайта өңдеуге қатысады;
Тармақша 3
3) халықаралық және өңірлік ұйымдардың техникалық нормалау саласындағы техникалық комитеттерінің (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) жұмысына қатысады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды орындайды.
Тармақ 3
3. Осы баптың қолданысы «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелетін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге қолданылмайды.
Бап 44
44-бап. Құрылыстағы баға белгілеу
Тармақ 1
1. Құрылыстағы баға белгілеу – жобалау алдындағы құжаттаманы және құрылыс жобасын әзірлеу сатыларында құрылыстың сметалық құнын қалыптастыру, сондай-ақ құрылыс объектісін салу процесін қоса алғанда, мердігерлік жұмыс пен көрсетілетін қызмет конкурсын өткізу сатыларында құрылыстың шарттық бағасын қалыптастыру процесі.
Тармақ 2
2. Құрылыстың сметалық құны мемлекеттік инвестицияларды іске асыруға арналған қаражат көлемін қалыптастыру үшін сметалық нормативтік құжаттар қолданыла отырып айқындалады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көзделмеген жағдайларда, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген болса, құрылыстың сметалық құны сметалық нормативтік құжаттар қолданыла отырып айқындалады.
Тармақ 4
4. Құрылыстың сметалық құны жаңа ғимараттарды, құрылысжайлар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды салу және (немесе) бұрыннан барларын өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) жөніндегі жұмыстарды орындауға, сондай-ақ құрылыс объектісін консервациялау және кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шарттың ең жоғары бағасын қалыптастыру үшін қолданылады.
Тармақ 5
5. Құрылыстың сметалық құнын айқындау кезінде пайдаланылған сметалық нормативтік құжаттар құрылыс мердiгерлiгi шарттарын орындау кезінде қолдануға жатпайды.
Тармақ 6
6. Құрылыстағы бағаларды (тарифтерді, құнды) мониторингеу құрылыстағы бағалар (тарифтер, құн) туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың ережелерін іске асыру үшін жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Құрылыстың шарттық бағасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы, мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне қатысты құрылыстың сметалық құны мен құрылыстың шарттық бағасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
Тармақ 9
9. Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар мыналарды:
Тармақша 1
1) құрылысқа арналған шығындарды мемлекеттік инвестициялар есебінен жоспарлауды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік инвестициялар есебінен жобалау алдындағы құжаттаманың және құрылыс жобаларының құрамындағы құрылыстың сметалық құнының анықтығын қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 10
10. Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар мыналарды:
Тармақша 1
1) қолданыстағы сметалық нормаларды талдауды және жаңартуды;
Тармақша 2
2) құрылыс өндірісінің тиімді технологияларының дамуы ескеріле отырып, құрылыстағы жұмыстарға сметалық нормаларды әзірлеуді;
Тармақша 3
3) құрылыс материалдарына, бұйымдарына, конструкцияларына, жабдығына ағымдағы бағаларды мониторингтеу, өңдеу негізінде сметалық нормативтік құжаттарды жаңартуды қамтиды.
Бап 45
45-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтары
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтары:
Тармақша 1
1) нормативтік құқықтық актілер және нормативтік техникалық құжаттар;
Тармақша 2
2) ғимараттар мен құрылысжайлардың үлгілік жобалары мен кәсіпорындардың үлгілік жобалау шешімдері;
Тармақша 3
3) құрылыс конструкциялары, материалдары, бұйымдары және салааралық қолданыстағы жабдық;
Тармақша 4
4) жұмыстарды жүргізу технологиялары;
Тармақша 5
5) құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар туралы өзекті мәліметтерді қамтитын цифрлық ресурстарды білдіреді.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарының цифрлық ресурстарын әзірлеуді, жүргізуді және жаңартуды құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Тарау 6. 6-тарау. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ МЕН ҚАДАҒАЛАУЫ
6-тарау. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ МЕН ҚАДАҒАЛАУЫ
Бап 46
46-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (осы бап үшін бұдан әрі – бақылау) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалауы (осы бап үшін бұдан әрі – қадағалау) әкімшілік іс жүргізу қозғамай, бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын осы Кодекстің 50-бабында көзделген жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының қызметі болып табылады.
Мыналар бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) болып табылады:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптары қолданылатын жеке және заңды тұлғалар.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауына мыналар жүктеледі:
Тармақша 1
1) салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) және пайдалануға берілген құрылыс объектілерін мониторингтеу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзуға жол берген не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоймаған бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шараларды қабылдау;
Тармақша 3
3) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы, құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарды,
мемлекеттік сараптама ұйымын және (немесе) сараптама ұйымдарын анықталған рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылып жатқан (тұрғызылған) құрылыс объектілері жөнінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабар беру;
Тармақша 5
5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы анықтаған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалығын салу қажеттілігі туралы хабар беру.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауынан ақпарат алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалығын салуға міндетті.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы растауы жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалығын алып тастау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Жоспардан тыс тексерулер жүргізуді қоспағанда, осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілер мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы тарапынан мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауына жатпайды.
Бап 47
47-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар
Тармақ 1
1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары;
Тармақша 2
2) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталуға тиіс.
Мемлекеттік құрылыс инспекторларының сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандағы төсбелгілері болады.
Мемлекеттік құрылыс инспекторына төсбелгі аттестаттау рәсімінен өткеннен кейін беріледі.
Мемлекеттік құрылыс инспекторының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыруы кезінде оның жұмысына ешкім араласуға құқылы емес.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қызметіне араласу не қызметіне кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 3
3. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына қойылатын біліктілік талаптары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік құрылыс инспекторлары:
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері жол берген мемлекеттік нормативтік құжаттар мен талаптарды (шарттарды, шектеулерді) бұзу себептерін анықтауға және талдауға;
сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге;
құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу сатысына қатысуға міндетті.
Бап 48
48-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
Тармақ 1
1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары бақылау және қадағалау субъектісі ұсынған есептілікті зерделеу және талдау, салынып жатқан (салынуы белгіленген) құрылыс объектілеріне жүргізілетін мониторинг, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық жүйелерден және цифрлық ресурстардан алынған бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және алдын алу болып табылады.
Тармақ 4
4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ресімделеді.
Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының талаптарын орындау мерзімі ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 5
5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мынадай тәсілдердің бірімен:
Тармақша 1
1) табыс етілгені туралы белгілей отырып, бақылау субъектісінің (объектісінің) өкіліне және (немесе) лауазымды адамына қолма-қол;
Тармақша 2
2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы;
Тармақша 3
3) «цифрлық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық тәсілмен;
Тармақша 4
4) егер бақылау және қадағалау субъектісі электрондық пошта мекенжайын бұрын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына ұсынған болса, осы субъектінің сол мекенжайына не тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі.
Тармақ 6
6. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды тиісінше жою қорытындының орындалуы деп танылады.
Тармақ 7
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды орындау мерзімдері бақылау және қадағалау субъектісінің өтініші бойынша бір айға дейінгі мерзімге, бірақ бір реттен асырмай ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте өтініш анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген (алынған) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, осы баптың 5-тармағында белгіленген тәсілдердің бірімен берілуге тиіс.
Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды орындау анықталған бұзушылықтардың түрі мен сипатына қарай орындалуы мүмкін болуға және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес негізделген болуға тиіс.
Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мерзімдерді ұзарту немесе уәжді негіздемесі бар ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 8
8. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті.
Тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа (қажет болған кезде) бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.
Тармақ 9
9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтардың болуы немесе белгіленген мерзімде олардың жойылмауы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйеде қалыптастырылады және есепке алынуға жатады.
Тармақ 10
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен сиретпей жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік құрылыс инспекторларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Бап 49
49-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін (бұдан әрі – тексерілетін мемлекеттік органдар) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу қала құрылысы жобаларын әзірлеу мен түзетуді, сапалы құрылысты, құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдар беруді қамтамасыз ету, сол сияқты бұрыннан бар құрылыс объектілерін өзгертуді, эскизді (эскиздік жобаны), рұқсаттарды, аккредиттеуді келісуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес адамның өмір сүру және тiршiлiк ету ортасының қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларын қамтамасыз ететiн өзге де міндетті талаптардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органдардың өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын анықтау үшін тексерілетін мемлекеттік органдарға (мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан құрылыс объектісіне) бару арқылы жоспарлы, жоспардан тыс тексеру (осы бап үшін бұдан әрі – тексеру) және қашықтан бақылау арқылы тексерілетін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
Тармақша 2
2) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурордың талабы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;
Тармақша 5
5) қашықтан бақылау шеңберінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы талаптарының анықталған өрескел бұзушылықтары туралы мәліметтер жоспардан тыс тексеру үшін негіздер болып табылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 13), 15), 21) және 23) тармақшаларын, 2-тармағының 9), 10), 12), 19), 21) және 37) тармақшаларын, 29-бабы 1-тармағының 3), 5), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 2-тармағының 8), 9), 11) және 17) тармақшаларын және 3-тармағының 8), 9), 11) және 20) тармақшаларын бұзу өрескел бұзушылықтар болып табылады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының немесе оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе оның орынбасарларының тапсырмалары, Қазақстан Республикасы
Құрылтайы депутаттарының жолданымдары жоспардан тыс тексеру үшін негіздер болып табылады.
Жоспардан тыс тексеру анонимді жолданымдар болған жағдайда жүргізілмейді.
Нақты тексерілетін мемлекеттік органдарға қатысты анықталған және жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады.
Тармақ 4
4. Жоспарлы тексеру сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен жылдық жоспарға сәйкес тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмей, жылына бір рет жүргізіледі.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган тексеру жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде өз интернет-ресурсында, сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйеде жылдық жоспарды орналастырады.
Жоспарлы тексерулер жүргізудің жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгертілген, мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктер қайта бөлінген, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және оларға байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған цифрлық жүйесі болған кезде тізім «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйеде автоматты режимде қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Тексерілетін мемлекеттік органдарды жоспарлы тексерулер жүргізудің жылдық жоспарларына енгізу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қашықтан бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар;
Тармақша 2
2) тексерілетін мемлекеттік органдарды алдыңғы тексерулердің нәтижелері.
Тармақ 6
6. Тексеру сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның тексеруді тағайындау туралы актісі (бұдан әрі – тексеруді тағайындау туралы акт) негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің нөмірі мен күні;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы мен тұрған жері;
Тармақша 6
6) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыс объектісінің атауы мен тұрған жері (барған жағдайда);
Тармақша 7
7) тағайындалған тексерудің негізі мен нысанасы;
Тармақша 8
8) тексеру түрі;
Тармақша 9
9) тексеруді жүргізу мерзімі;
Тармақша 10
10) тексерілетін кезең;
Тармақша 11
11) тексерілетін мемлекеттік органның осы бапта көзделген құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 12
12) актілерге қол қоюға уәкілетті адамның қолтаңбасы.
Тармақ 7
7. Тексеру үшін келген сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары тексерілетін мемлекеттік органға:
Тармақша 1
1) тексеру тағайындау туралы актіні;
Тармақша 2
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
Тексеруді тағайындау туралы акт тексерілетін мемлекеттік органға табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
Тексеруді жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша өзгеруі мүмкін.
Тармақ 8
8. Тексеру мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және:
Тармақша 1
1) жоспардан тыс тексерулер үшін – жиырма жұмыс күнінен;
Тармақша 2
2) жоспарлы тексеру үшін – отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тармақ 9
9. Сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерулердің қомақты көлеміне байланысты тексеруді жүргізу мерзімін тексеруді тағайындау туралы актілерге қол қоюға уәкілетті адам осы баптың 8-тармағында көзделген мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган тексеру мерзімдерінің аяқталуынан кешіктірмей тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексерілетін мемлекеттік органды тексеру мерзімдерін ұзарту туралы электрондық құжат айналымы арқылы хабардар ете отырып, тексеру тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзарту себептері көрсетіледі.
Уәкілетті органдардың, оның ішінде шет мемлекеттердің мәліметтері мен құжаттары алынған, сынақтар, сараптамалар жүргізілген, карантин, төтенше жағдай (ахуал) енгізілген жағдайларда тексеру жүргізу мерзімі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.
Тексерілетін мемлекеттік органды тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету тексеруді тоқтата тұруға не қайта бастауға дейін бір күн бұрын электрондық құжат айналымы арқылы жүргізіледі.
Тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау кезінде тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығарылады.
Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
Тармақ 10
10. Тексеру нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болған кезде мерзімдерді ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 5
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы мен тұрған жері;
Тармақша 6
6) мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан құрылыс объектісінің атауы мен тұрған жері (барған жағдайда);
Тармақша 7
7) тексеру жүргізу күні, орны және кезеңі;
Тармақша 8
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіле отырып, оларды жою туралы нұсқаулар;
Тармақша 10
10) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.
Тексерілетін мемлекеттік органға тексеру нәтижелері туралы актіні ұсыну тексеру мерзімінің аяқталуы болып табылады, бірақ тексеру тағайындау туралы актіде (олар болған кезде мерзімдерді ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау туралы қосымша актіде) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмейді.
Тармақ 11
11. Тексеру нәтижелері туралы актіні орындау мерзімі тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген (алынған) күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнді құрайды.
Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген (алынған) күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы, ол алты айдан аспауға тиіс.
Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы өтініште тексерілетін мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және оларды жою мерзімін ұзартудың объективті себептерін жазуға міндетті.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган өтініште жазылған дәлелдерді ескере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту немесе уәжді негіздемесімен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 12
12. Тексеру нәтижелері туралы акт электрондық нысанда жасалады және тексерілетін мемлекеттік органға электрондық құжат айналымы арқылы жіберіледі.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен хабардар етеді.
Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
Тармақ 13
13. Тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға анықталған бұзушылықтардың жойылу фактісін растайтын материалдарды қоса бере отырып, ақпарат беруге міндетті.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғандығы жою туралы ақпарат берілмеген, сол сияқты осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес анықталған бұзушылықтардың жойылғандығы туралы ақпарат белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 14
14. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторларының бақылау жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) осы баптың 7-тармағында аталған құжаттарды көрсеткен кезде тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан құрылыс объектісіне (барған жағдайда) кедергісіз кіруге;
Тармақша 2
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде алуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділік алуға;
Тармақша 3
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) тексеру нысанасына жататын, техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға;
Тармақша 5
5) мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды тартуға;
Тармақша 6
6) сынақтар және (немесе) сараптамалар жүргізуге құқығы бар.
Тармақ 15
15. Тексерілетін мемлекеттік орган тексеруді жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) мынадай:
осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеру тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не мерзімі аяқталған;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бұрын сол бір мәселе бойынша және сол бір кезеңде тексеру жүргізілген тексерілетін мемлекеттік органға қатысты тексеру тағайындаған;
тексеру жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған жағдайларда тексеру жүргізу үшін келген сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторларын тексеруге жібермеуге;
Тармақша 2
2) жүргізілетін тексеру нысанасына, сондай-ақ тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпаса, құжаттар мен мәліметтерді ұсынбауға;
Тармақша 3
3) тексеру нәтижелері туралы актіге, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Тармақ 16
16. Тексерілетін мемлекеттік орган:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторларының тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан құрылыс объектісіне (барған жағдайда) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) заңмен қорғалатын құпияның талаптарын сақтай отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторларына тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
Тармақша 3
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізу үшін келген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 17
17. Қашықтан бақылау:
Тармақша 1
1) мемлекеттік цифрлық жүйелерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған деректерді, тексерілетін мемлекеттік орган ұсынған есептілікті және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да құжаттарды мониторингтеу, талдау және салыстыру;
Тармақша 2
2) қашықтан бақылау нысанасына қатысты қажетті ақпарат беру туралы сұрау салу арқылы бармай жүргізіледі.
Қашықтан бақылау жүргізу нәтижелері бойынша бұзушылық анықталған жағдайда, қашықтан бақылау нәтижелері туралы акт жасалады, ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тексерілетін мемлекеттік органға электрондық құжат айналымы арқылы жіберіледі.
Тармақ 18
18. Қашықтан бақылау нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің нөмірі, жасалған күні және орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
Тармақша 4
4) қашықтан бақылау жүргізудің негізі мен нысанасы;
Тармақша 5
5) қашықтан бақылау жүргізу кезеңі мен мерзімдері;
Тармақша 6
6) нәтижелер туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) анықталған бұзушылықтардың жойылу мерзімдері көрсетіле отырып, оларды жою туралы нұсқаулар;
Тармақша 8
8) қашықтан бақылау жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
Қашықтан бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды орындау мерзімі қашықтан бақылау нәтижелері туралы акт электрондық құжат айналымы арқылы табыс етілген күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
Қашықтан бақылау нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін мемлекеттік орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою фактісін растайтын материалдарды қоса бере отырып, ақпарат беруге міндетті.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат берілмеген, сол сияқты осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 19
19. Тексеру және (немесе) қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар орындау үшін міндетті.
Тексеру және (немесе) қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар орындалмаған жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органды тексеру және (немесе) қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 20
20. Қашықтан бақылау жүргізу барысында осы баптың 3-тармағы 5) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда, қашықтан бақылау тоқтатылады және осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалады.
Тармақ 21
21. Егер тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген талаптарды бұзу фактісі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Тексерілетін мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген талаптарды жүйелі түрде орындамау немесе тиісінше орындамау фактілері анықтаған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган астана, республикалық маңызы бар қала, облыс, аудан және облыстық маңызы бар қала әкіміне заңдылықты, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
Заңдылықты, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс орындау үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 22
22. Тексеруді және (немесе) қашықтан бақылауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Шағым беру тексеру және (немесе) қашықтан бақылау нәтижелері туралы актіні орындауды тоқтата тұрмайды.
Бап 50
50-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы жергілікті атқарушы органы бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін қызметі, жұмысы, көрсететін қызметтері анықталған жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
Тармақ 2
2. Тексеру жүргізу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) ықпал ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады, олардың түрлері осы бапта көзделген.
Жедел ден қою шаралары бақылау және қадағалау субъектілері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген талаптарды бұзған жағдайда қолданылады.
Тармақ 3
3. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді қамтиды:
Тармақша 1
1) құрылысты тоқтата тұру;
Тармақша 2
2) қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын және (немесе) мемлекеттік нормативтік құжаттарды бұза отырып жүзеге асырылатын құрылысқа немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу;
Тармақша 4
4) рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру;
Тармақша 5
5) рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шарасын қолдану үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес жол берілген мемлекеттік нормативтік құжаттарды бұзушылықтарды және (немесе) бекітілген құрылыс жобаларынан (жобалау шешімдерінен) ауытқуларды «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйе арқылы анықтаған кезде жедел ден қою шараларын да қолданады.
Тармақ 6
6. Астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік жергілікті атқарушы органы тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын, талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны ресімдейді.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
Тексеру автоматтандырылған тізілім арқылы жүзеге асырылған жағдайда жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы осы автоматтандырылған тізілімде автоматты режимде ресімделеді.
Тармақ 7
7. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, онда тиісті жазба жасалады және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қабылдаудан бас тарту фактісін тіркеп-белгілейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, орналасқан жеріне немесе нақты мекенжайына оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
Тармақ 8
8. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
Тармақ 9
9. Тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптарды бұзушылықтар тексеру және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша қорытындыда көрсетіледі.
Тексеру автоматтандырылған тізілім арқылы жүзеге асырылған кезде тексеру нәтижелері туралы акт ресімделмейді.
Тармақ 10
10. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
Тармақ 11
11. Тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша анықталған талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарын жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарын жоюды астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы растаған жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының қолданысы тоқтатылады.
Тармақ 12
12. Жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтары жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
Тармақ 13
13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда, осы баптың 11-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексеру және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 15
15. Мыналар жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану және оның күшін жою үшін негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздердің болмауы;
Тармақша 2
2) жедел ден қою шарасының осы шараға сай келмейтін негіз бойынша қолданылуы;
Тармақша 3
3) астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы жергілікті атқарушы органының өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабында белгіленген жедел ден қою шараларын келісу және қабылдау тәртібінің сақталмауы.
Тармақ 16
16. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.
Бап 51
51-бап. Автоматтандырылған цифрлық жүйе арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы
Тармақ 1
1. Автоматтандырылған цифрлық жүйе арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне тексеру нысанында автоматтандырылған тізілімде жүзеге асырылады. Тексеру бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) туралы, оның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялау арқылы алынған мәліметтерді мониторингтеу арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда автоматтандырылған тізілім анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны:
Тармақша 1
1) хабарламаның нөмірі мен жасалған күнін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауын;
Тармақша 3
3) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауын, оның тұрған жерін;
Тармақша 4
4) анықталған бұзушылықтар және талаптарды орындау мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптарды;
Тармақша 5
5) лауазымды адамның қолтаңбасын көрсете отырып, қалыптастырады және бақылау және қадағалау субъектісіне жібереді.
Тармақ 3
3. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, осы Кодекстің 50-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады.
Рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) осы Кодекстің 50-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шарасының орындалмағаны үшін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптары бір жыл ішінде екі және одан көп рет бұзылған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісіне осы Кодекстің 50-бабына сәйкес рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) түріндегі жедел ден қою шарасы қолданылады.
Тармақ 4
4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы автоматтандырылған тізілім арқылы автоматты режимде қалыптастырылады және «цифрлық үкімет» веб-порталындағы және құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы цифрлық жүйедегі пайдаланушының жеке кабинеттеріне жіберіледі.
Бап 52
52-бап. Автоматтандырылған тізілім
Тармақ 1
1. Автоматтандырылған тізілімге сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке, заңды тұлғалар туралы мәліметтер мен деректер енгізіледі.
Тармақ 2
2. Автоматтандырылған тізілімді жүргізу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Бап 53
53-бап. Авторлық сүйемелдеу
Тармақ 1
1. Авторлық сүйемелдеуді осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық құрылыс объектісінде құрылыс жобаларының авторы (авторлары) жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Құрылыс барысында жүргізілетін авторлық сүйемелдеу сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес және шарт негізінде жүзеге асырылады.
Авторлық сүйемелдеу міндетті түрде құрылыс объектісін салудың (реконструкциялаудың, реставрациялаудың, кеңейтудің, техникалық қайта жарақтандырудың, жаңғыртудың, күрделі жөндеудің) не оны консервациялаудың бүкіл кезеңі ішінде мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес жобалау-сметалық құжаттамада көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлға құрылыс аяқталған кезде тапсырыс берушіге орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытынды береді.
Тармақ 3
3. Құрылыс жобасының авторы (авторлары) құрылысқа авторлық сүйемелдеу жүргізуді (жүзеге асыруды):
Тармақша 1
1) инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған сертификаты бар маманға (жұмыскерге);
Тармақша 2
2) инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті сертификаты бар, авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыру бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтер ұсынушы өз бетінше таңдау үшін тапсырыс берушіге беруге құқылы.
Тармақ 4
4. Авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың:
Тармақша 1
1) салынып жатқан тиісті құрылыс объектісіне еркін кіруге;
Тармақша 2
2) салынып жатқан құрылыс объектісіне қатысы бар құжаттамамен танысуға;
Тармақша 3
3) тапсырыс беруші мен мердігерден (бас мердігерден) бекітілген құрылыс жобасында көзделген жобалау шешімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы және мемлекеттік нормативтік құжаттар талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге;
Тармақша 4
4) тапсырыс берушінің, мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында жол берген мемлекеттік нормативтік құжаттарды бұзушылықтарды және (немесе) бекітілген құрылыс жобасында көзделген жобалау шешімдерінен ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар.
Тармақ 5
5. Авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалар:
Тармақша 1
1) бекітілген құрылыс жобасында көзделген жобалау шешімдерінің құрылыс барысында нақты орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) авторлық сүйемелдеу журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) авторлық сүйемелдеу журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жасырын жұмыстардың негізгі түрлерін куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдап алу актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс жобасына негізделген өзгерістер енгізу жөніндегі шешімдерді уақтылы қабылдауға;
Тармақша 6
6) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда бұл туралы тапсырыс берушінің не оның уәкілетті адамының назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органды хабардар етуге;
Тармақша 7
7) құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісіне қосымшаларды толтыруға;
Тармақша 8
8) құрылыс жобасын, сондай-ақ тиісті құрылыс жобаларының сараптама қорытындыларын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органға танысу үшін ұсынуға міндетті.
Бап 54
54-бап. Техникалық қадағалау
Тармақ 1
1. Осы Кодекстің 121-бабында және 133-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық құрылыс объектісінде техникалық қадағалау міндетті түрде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Құрылыс объектісін салу аяқталған кезде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органымен келісілген құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді.
Құрылыс объектісіне бару жоспар-графигі ұсынылмаған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылыс объектісінің пайдалануға әзірлігін анықтау бойынша құрылыс объектісіне кіруін қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Тапсырыс беруші техникалық қадағалауды өз бетінше немесе аккредиттелген заңды тұлғаны не техникалық қадағалауды жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуге арналған сертификаты бар маманды тарта отырып, құрылыс жобасында көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырыс берушілер) мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс жобаларының іске асырылуына техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін инжинирингтік қызметтер көрсетуге арналған тиісті сертификаты бар, нарықта жұмыс істейтін мамандарды тартуға құқылы.
Тармақ 4
4. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың:
Тармақша 1
1) салынып жатқан тиісті құрылыс объектісіне еркін кіруге;
Тармақша 2
2) салынып жатқан құрылыс объектісіне қатысы бар құжаттамамен танысуға;
Тармақша 3
3) мердігерден (бас мердігерден) бекітілген құрылыс жобасында көзделген жобалау шешімдері мен есеп-қисаптардың, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдастырушылық-технологиялық құжаттар талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге;
Тармақша 4
4) нұсқауларды белгіленген мерзімдерде орындау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру құқығымен, мердігер (бас мердігер) құрылыс барысында жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттарды бұзушылықтарды, бекітілген құрылыс жобасында көзделген жобалау шешімдерінен және (немесе) ұйымдастырушылық-технологиялық құжаттардың талаптарынан ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқауларды беруге;
Тармақша 5
5) орындалған жұмыстарды қабылдап алу кезінде оларға ақы төлеу үшін, қажет болған жағдайда, меншік немесе жалға алу құқығындағы аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына, олардың көлеміне, қолданылатын материалдарға, бұйымдарға, конструкциялар мен жабдыққа сынақ жүргізуге құқығы бар.
Тармақ 5
5. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар:
Тармақша 1
1) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттардың, ұйымдастырушылық-технологиялық құжаттардың талаптарын сақтауын қадағалауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) күнделікті (үздіксіз) негізде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) техникалық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдап алу актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;
Тармақша 5
5) ай сайынғы негізде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органға құрылыстың жай-күйі мен барысы туралы есеп ұсынуға;
Тармақша 6
6) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда бұл туралы тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органға хабар беруге;
Тармақша 7
7) техникалық қадағалау журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органға құрылыс жобасын, сондай-ақ тиісті құрылыс жобаларының сараптама қорытындыларын танысу үшін ұсынуға міндетті.
Тармақ 6
6. Жауапкершіліктің барлық деңгейіндегі объектілерде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде жол берілген бұзушылықтар үшін техникалық қадағалауды жүргізу бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді орындайтын аккредиттелген заңды тұлға жауаптылыққа тартылады.
Осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілерде жол берілген бұзушылықтар үшін техникалық қадағалауды жүргізу бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді орындайтын тұлға жауаптылыққа тартылады.
Тармақ 7
7. Жауапкершіліктің барлық деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалауды құрамында жауапкершіліктің тиісті деңгейін техникалық қадағалауды жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуге арналған сертификатына ие кемінде үш жұмыскері бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуге тиіс.
Техникалық қадағалау сертификаты бар мамандар осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілерде қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Техникалық қадағалауды жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде мамандар мен аккредиттелген заңды тұлғалардың меншік немесе жалға алу құқығында өлшеу және бақылау құралдары, нормативтік құжаттама және меншік құқығындағы не тартылған аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) болуы міндетті.
Бап 55
55-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
саласындағы лицензиялау
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
Тармақ 2
2. Жобалау қызметін (жобалауды) және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді:
I санат – осы тармақта көрсетілген қызметті қолда бар лицензия шеңберінде жауапкершіліктің барлық деңгейіндегі құрылыс объектілерінде жүзеге асырады;
II санат – осы тармақта көрсетілген қызметті жауапкершіліктің екінші және үшінші деңгейіндегі құрылыс объектілерінде, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензия шеңберінде жауапкершіліктің бірінші деңгейіндегі құрылыс объектілерінде жұмыстарды жүзеге асырады;
III санат – осы тармақта көрсетілген қызметті жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі құрылыс объектілерінде, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензия шеңберінде жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі құрылыс объектілерінде жұмыстарды жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғаларды белгілі бір санатқа жатқызуды лицензиар іздестіру қызметіне, жобалау қызметіне (жобалауға) және құрылыс-монтаждау жұмыстарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лицензия беру кезінде жүзеге асырады және лицензияны қолданудың ерекше шарттарында көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Жобалау қызметіне (жобалауға), іздестіру қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған лицензия алуға өтініш берген өтініш берушілердің және осы қызмет түрлерін жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сертификаттаудан өткен мамандар болуға тиіс.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сертификаттаудан өткен мамандардың ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда қоса атқаратын жұмыс істеуіне жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Өндірушілердің не тиісті біліктілігін және (немесе) өкілеттігін растайтын құжаттамаға сәйкес өзге де тұлғалардың технологиялық жабдықты және (немесе) материалдарды монтаждауы, іске қосу-баптау жұмыстары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиясыз жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен, сондай-ақ лицензиат заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы өзгерген кезде қайта ресімделуге жатады.
Тармақ 7
7. Лицензиат заңды тұлғаның құрылтайшылары құрамының өзгеруіне байланысты лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.
Бап 56
56-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
саласындағы аккредиттеу
Мынадай:
техникалық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді;
жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын;
жобаларды басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді;
құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыру бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғалар аккредиттелуге жатады.
Бап 57
57-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау
Тармақ 1
1. Сертификаттаудан өтуге үміткер кандидаттың сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік стандарттар талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында сертификаттау орталығы жүргізетін рәсім сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау болып танылады. Сертификаттау қорытындысы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген үлгідегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификаты беріледі.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандары (сарапшылары) сертификаттауға жататын мамандар (сарапшылар) кәсіптерінің тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келетін және өзінің кәсіптік біліктілігін тану үшін сертификаттау орталығына жүгінген жеке тұлға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) ретінде сертификаттаудан өтуге үміткер кандидат болып табылады.
Тармақ 3
3. Маманды (сарапшыны) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кәсіптік біліктіліктерге сәйкес келеді деп тану рәсімі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі нысанындағы заңды тұлға сертификаттау орталығы болып танылады.
Мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған конкурстың танылған жеңімпазымен шарт жасасуды және оның орындалуын бақылауды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізу құқығына арналған шарттың қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.
Сертификаттау орталықтары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің әрбір жеке бағыты бойынша құрылады.
Тармақ 5
5. Сертификаттау рәсімінен өткені туралы куәландыратын және кәсіптік біліктілігін растайтын белгіленген үлгідегі құжат сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификаты болып танылады.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификаты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) тізіліміне енгізіледі.
Тармақ 6
6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификатының қолданысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кәсіптер тізбесіне қарай бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды.
Мынадай негіздердің бірі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификатының қолданысын тоқтату болып табылады:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптардың сақталмауы;
Тармақша 2
2) қолда бар сертификат шеңберінде екі жыл бойы үздіксіз практикалық қызметтің жүзеге асырылмауы;
Тармақша 3
3) сертификат иесінің сертификаттың қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде жүгінуі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын және мемлекеттік нормативтік құжаттарды бұзу фактісінің расталуы.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификатының қолданысы тоқтатылған жағдайда сертификаттың қолданысы тоқтатылған кезден бастап екі жыл өткен соң сертификатты қайта алуға болады.
Тармақ 7
7. Сертификаттау нәтижелерімен келіспеген кандидат үш жұмыс күні ішінде сертификаттау нәтижесіне сертификаттау орталығының апелляциялық комиссиясына шағым жасауға құқылы.
Сертификаттау орталығының апелляциялық комиссиясы осы жолданымды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша сертификаттау орталығы бекітетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кәсіптік білімді бағалау туралы қағидаларға сәйкес қарайды.
Сертификаттау орталығының апелляциялық комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда кандидат сотқа жүгінуге құқылы.
Бап 58
58-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауға
қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Сертификаттау орталығы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу арқылы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауға байланысты нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмысқа қатысуға;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Сертификаттау орталығы:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізуге;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) тізіліміне деректерді енгізе отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификатын беруге;
Тармақша 3
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) қызметін ішкі бақылау (мониторингтеу) тәртібін әзірлеуге және бекітуге;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) үшін біліктілікті арттыру графигін бекітуге;
Тармақша 5
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) анықталған бұзушылықтары туралы мәліметтерді бұзушылықтар анықталған кезден бастап сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) тізіліміне енгізуге және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын жол берілген бұзушылықтар үшін сертификатталған маманға (сарапшыға) шаралар қолдануға, оның ішінде сертификаттың қолданысын тоқтатуға;
Тармақша 7
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) қызметін мониторингтеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 3
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы):
Тармақша 1
1) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сертификаттау орталығына жүгінуге;
Тармақша 2
2) сертификаттау және мониторингтеу нәтижелеріне шағым жасауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 4
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы):
Тармақша 1
1) біліктілікті арттырудан өтуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.
Бап 59
59-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы жобаларды басқару
Тармақ 1
1. Жобаны басқаруды ұйымдастыру үшін тапсырыс беруші (инвестор) жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаны тартуға құқылы.
Жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаны тапсырыс беруші (инвестор) құрылыс объектісін құру кезеңінің кез келген сатысында тарта алады.
Тармақ 2
2. Жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерді көрсету тәртібін және аккредиттелген заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерді көрсетуге арналған шығындарды есептеу мемлекеттік нормативтік құжаттарда айқындалған тәртіппен орындалады.
Инвестициялардың өзге түрлері есебінен қаржыландырылатын жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерді көрсетуге арналған шығындарды есептеу кезінде мемлекеттік нормативтік құжаттар ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 4
4. Жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға техникалық қадағалауды дербес немесе техникалық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаны тарта отырып жүргізеді.
Тармақ 5
5. Жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушімен (инвестормен) жасалған шартта ескерілген, жобаларды табысты іске асыру және мердігерлік шарттарды орындау үшін қажетті инжинирингтік қызметтерді көрсету;
Тармақша 2
2) техникалық шарттар мен атқарушылық геодезиялық түсірілімдердің уақтылы және дұрыс ресімделуін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) мердігерлік конкурстардың (тендерлердің) ұйымдастырушысы болу, техникалық тапсырмаларды әзірлеу, қатысушылардың біліктілігін айқындау және олардың ұсыныстарын бағалау;
Тармақша 4
4) мердігерлермен – жобалауға және жабдықтар мен құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын берушілермен құрылыс салуға арналған шарттар жасасуды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) мердігерлік шартты іске асыруға қатысты туындаған немесе туындауы мүмкін проблемалар туралы тапсырыс берушіге (инвесторға) хабар беруге;
Тармақша 6
6) жасалған шарттарға сәйкес құрылыс объектілерін жобалауды, салуды және пайдалануға беруді жоспарлау мен бақылау жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) ай сайынғы негізде тапсырыс берушіге және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарға жобалық тәуекелдер, құрылыстың аяқталу жоспарлары мен барысы туралы есепті ұсыну;
Тармақша 8
8) авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын адамдар қатысқан кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс жобасына негізделген өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы шешімдерді уақтылы қабылдау;
Тармақша 9
9) мердігер (бас мердігер) міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда бұл туралы тапсырыс берушінің назарына жеткізу, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органға хабар беру қажет.
Бап 60
60-бап. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі
мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау
Тармақ 1
1. Құрылыс объектілерін, оның ішінде автомобиль жолдарын салу кезінде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды тапсырыс беруші жауапкершіліктің барлық деңгейіндегі ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғаларды және ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына арналған маман сертификаты бар жеке тұлғаларды тарта отырып, шарт негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырыс берушілер) мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейлеріндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін аккредиттелген заңды тұлғаларды тартуға құқылы.
Тармақ 4
4. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын зерттеп-қарау кезінде техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұсынымдарды көрсете отырып, ғимараттар мен құрылысжайлардың жай-күйі туралы қорытынды береді.
Тармақ 5
5. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыруға аккредиттелген және құрамында жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына арналған сертификаты бар кемінде үш маман, сондай-ақ жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде қызметін жүзеге асыратын, «конструкциялық бөлік» мамандануы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы жөніндегі сертификаты бар бір маман (сарапшы), инженер-геодезист бар заңды тұлғалар жүргізуге тиіс.
Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына арналған маман сертификаты бар жеке тұлғалар жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі құрылыс объектілерінде техникалық зерттеп-қарауды жеке жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың меншік немесе жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік базасы, салыстырып тексеру есеп-қисаптарын орындау үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылыммен жарақтандырылған компьютерлері, өлшеу және бақылау құралдары, нормативтік құжаттамасы және аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) (тартылған) болуы міндетті.
Тармақ 6
6. Жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыруға заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Тармақ 7
7. Жауапкершіліктің барлық деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау:
Тармақша 1
1) жауапты (тіреу) элементтері мен қосылуларда бұзылу қаупін тудыратын ақаулар мен бүлінулер, қолданылған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының сапалық көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі анықталған;
Тармақша 2
2) өрт және төтенше жағдайлар салдары;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жою туралы актілер берілген;
Тармақша 4
4) ғимараттар мен құрылысжайлардың конструктивтік схемасын, өндіріс технологиясын өзгертуге байланысты құрылыс жобасы түзетілген;
Тармақша 5
5) ғимаратты немесе құрылысжайды пайдаланудың нормативтік мерзімдері өтіп кеткен;
Тармақша 6
6) күрделі жөндеудің немесе реконструкциялаудың экономикалық тұрғыдан орындылығы айқындалған;
Тармақша 7
7) нормаланатын табиғи-климаттық әсер ету (қардың, желдің әсері) ұлғайған;
Тармақша 8
8) құрылыс объектілерін техникалық пайдалану кезінде (тұрақты) техникалық байқаудың белгіленген мерзімдері басталған;
Тармақша 9
9) құрылысы аяқталмаған объектілер алты айдан астам мерзімге консервацияланған не тоқтатыла тұрған;
Тармақша 10
10) құрылыс объектісі кеңейтілген, жаңғыртылған, реконструкцияланған, техникалық қайта жарақтандырылған, реставрацияланған, күрделі жөнделген және оның нысаналы мақсаты өзгерген жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Осы баптың 5-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) техникалық зерттеп-қарау жөніндегі тиісті жұмыстарды орындау үшін салынып жатқан немесе салынған құрылыс объектісіне еркін кіруге;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушіден техникалық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті барлық құжаттаманы алуға;
Тармақша 3
3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу үшін қажетті барлық жұмыстарды орындауға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Осы баптың 5-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдар ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) орындалатын зерттеп-қарау түрлерінің нормативтік талаптарына сәйкес техникалық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде аккредиттелген сынақ зертханасын (орталығын) тартуға (меншікті аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) болмаған жағдайда);
Тармақша 4
4) өлшеу құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес салыстырып тексерілген сынау, өлшеу және бақылау құралдарын қолдануға;
Тармақша 5
5) ғимараттар мен құрылысжайлардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі негізінде салыстырып тексеру есеп-қисаптарын орындауға міндетті.
Тармақ 10
10. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына арналған сертификаты бар мамандарға осы құрылыс объектісінде қолданылатын қауіпсіздік техникасының арнаулы қағидалары туралы нұсқау берілуге тиіс.
Тармақ 11
11. Ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына арналған сертификаты бар маман жүргізілетін зерттеп-қараулардың сапасы, шығарылатын шешімдердің дұрыстығы және әзірленген ұсынымдардың толықтығы үшін жауапты болады. Осы баптың 5-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдар берген ұсынымдар техникалық зерттеп-қарау жүргізу қорытындылары бойынша ғимараттар мен құрылысжайлардың және олардың элементтерінің сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 12
12. Ғимараттар мен құрылысжайлардың жай-күйі туралы қорытындыда санамаланған барлық тұжырымдар тапсырыс берушінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 13
13. Тапсырыс беруші бастапқы материалдардың, техникалық зерттеп-қарауды жүргізу үшін осы баптың 5-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде аталған тұлғаларға ұсынылған архивтік материалдардың анықтығына жауапты болады.
Тарау 7. 7-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
ҚЫЗМЕТІН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ
АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ
7-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
ҚЫЗМЕТІН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ
АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ
Бап 61
61-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін
сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің қызметін ақпараттық сүйемелдеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы процестерді цифрландырудың, сондай-ақ ақпаратты қалыптастыру мен алмасудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін құрылады.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері осы Кодекстің 114-бабына сәйкес мемлекеттік сараптама ұйымының порталы алаңында «бір терезе» қағидаты бойынша интеграциялануға және жұмыс істеуге тиіс.
Мемлекеттік сараптама ұйымының порталы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелерінің сервистері мен автоматтандырылған көрсетілетін қызметтеріне орталықтандырылған қол жеткізуге арналған цифрлық платформа болып табылады.
Тармақ 3
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелерін «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізу тәртібін, оның ішінде оларды қолданудың міндеттілігін, олардың негізгі функцияларын және олардың арасында деректер алмасуды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Бұл ретте уәкілетті орган цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелерінің функционалына мүдделі тұлғалардың өтеусіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері өзге де мемлекеттік цифрлық жүйелермен, «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерімен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік функцияларды іске асыруы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруы үшін олардың цифрлық жүйелерімен интеграциялау шеңберінде деректер алмасуды қамтамасыз етеді.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелермен интеграциялануға (қажет болған кезде) тиіс.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін цифрлық объектілермен интеграциялау және олардың арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында пайдаланылатын деректерді берудің стандартты хаттамалары негізінде жүзеге асырылады.
Бап 62
62-бап. Құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу
технологиясы
Тармақ 1
1. Құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, құру және пайдалану кезінде қолдану міндетті болып табылатын құрылыс объектілері түрлерінің тізбесіне сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде қолданылады.
Тармақ 2
2. Құрылыс объектісінің пайдаланылу циклінің кезеңдерінде цифрлық модельдердің құрамына қойылатын талаптарды қоса алғанда, құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын қолдана отырып, құрылыс объектісі туралы ақпаратты басқару процесіне қойылатын талаптар мемлекеттік нормативтік құжаттарда айқындалады.
Бөлім 3. 3-БӨЛІМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ
3-БӨЛІМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ
Тарау 8. 8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ
КАДАСТРЫ
8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ
КАДАСТРЫ
Бап 63
63-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының
нысанасы мен мақсаты
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры қала құрылысы регламенттерін, бұрыннан бар және жоспарланатын, жобаланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері, аумақтар мен елді мекендерді қала құрылысына жоспарлау мен оларда құрылыс салу туралы картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткіштер туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мынадай деңгейлер бойынша бөлінеді:
Тармақша 1
1) республикалық;
Тармақша 2
2) облыстық;
Тармақша 3
3) аудандық;
Тармақша 4
4) базалық (республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоса алғанда, елді мекендер).
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтері мемлекеттік цифрлық ресурс болып табылады.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мемлекеттік цифрлық ресурсында жалпыға бірдей қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі дерекқорларды қамтитын мәліметтер қамтылады.
Бап 64
64-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері жөніндегі ақпаратты және (немесе) мәліметтерді жинаудың, өңдеудің, есепке алудың, тіркеудің, енгізудің (толықтырудың), түгендеудің, сақтаудың және берудің бірыңғай жүйесі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны монополияға қарсы органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпаратын және (немесе) мәліметтерін жинау, өңдеу, есепке алу, тіркеу, енгізу (толықтыру), түгендеу, сақтау және беру жерді қашықтан зондтау, жерүсті түсірілімдері және байқаулар, инженерлік коммуникацияларды түгендеу әдістері, қор деректерін, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау кезінде алынған ақпаратты пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне белгіленген тәртіппен бекітіліп берілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің бұрыннан бар, салынып жатқан және жобаланатын объектілері мемлекеттік қала құрылысы кадастрының есептік бірліктері болып табылады.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің әрбір объектісі үшін оның нақты орналасқан жерін (жер учаскесінің кадастрлық нөмірін (бар болса), алаңын, масштабын, координаттар жүйесін) айқындауға мүмкіндік беретін кеңістіктік байланыс тіркеп-белгіленеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін монополияға қарсы органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлеріне бағаны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік монополия субъектісі белгілейді.
Бап 65
65-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін
есепке алу және жаңартып отыру
Тармақ 1
1. Мыналар мемлекеттік қала құрылысы кадастрын есепке алу, тіркеу және жаңартып отыру үшін бастапқы ақпарат (мәліметтер) көзі болып табылады:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар;
Тармақша 2
2) мемлекеттік сараптама ұйымы және сараптама ұйымдары;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсететін табиғи монополия, квазимемлекеттік сектор субъектілері;
Тармақша 4
4) жобалау алдындағы құжаттама мен жобалау құжаттамасын, топографиялық және атқарушылық геодезиялық түсірілімдерді ұсынатын тапсырыс берушілер;
Тармақша 5
5) жер, су кадастрлары мен басқа да салалық кадастрлардың, тіркелімдердің және өзге де цифрлық объектілердің деректері.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық субъектілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер беру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне ақпарат және (немесе) мәліметтер беру деректерінің форматы мен құрылымы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі нормативтік құжатта белгіленеді.
Тармақ 3
3. Жобалау алдындағы құжаттаманы және жобалау құжаттамасын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде есепке алуды және тіркеуді, оның ішінде инженерлік-геодезиялық ізденістер материалдарын (жобалау құжаттамасының топографиялық түсірілімдерін және құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу сатысындағы атқарушылық геодезиялық түсірілімдерді) қала құрылысы қызметінің цифрлық негізін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан қарауды және тіркеуді жеке және заңды тұлғалар ақылы негізде жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген материалдарды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеуге арналған шығындар мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметтерді көрсететін ұйымдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсететін ұйымдардың мемлекеттік қала құрылысы кадастрына мәліметтер енгізуі осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсететін табиғи монополиялар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер беру қағидаларына сәйкес өз балансындағы инженерлік желілердің бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, өткізу қабілеттерінің резерві, бар-жоғы туралы мәліметтерді мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне орналастырады және жаңартып отырады.
Тармақ 5
5. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары мен табиғи монополиялар субъектілері табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттармен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруге өтінішті қабылдауды, сондай-ақ оны қарау нәтижелерін «цифрлық үкімет» веб-порталының немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінің көмегімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруді жүзеге асырады.
Бап 66
66-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
объектілерін мониторингтеу
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мониторингтеу олардың пайдаланылу циклін қадағалап отыру жүйесін білдіреді.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мониторингтеу мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде кезекші топографиялық жоспарды жүргізеді, оны жаңарту және өзгерту тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Салынуы белгіленген құрылыс объектілері мен кешендерін мониторингтеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Құрылыс объектісін мониторингтеу мақсатында мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде құрылыс объектісінің бірегей нөмірі қалыптастырылады.
Құрылыс объектісіне бірегей нөмір беру құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу, эскизді (эскиздік жобаны) келісу және құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету, бастапқы материалдарды беру кезеңінде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.
Құрылыс объектісіне бірегей нөмір беру тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі нормативтік құжатта белгіленеді.
Бап 67
67-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін
ұсыну және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының
ақпаратын пайдалану
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін ұсыну мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректері:
Тармақша 1
1) қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасын, оның ішінде қала құрылысы жобаларын әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін дамыту және өзгерту;
Тармақша 3
3) инвестициялық қызметті бағалау;
Тармақша 4
4) бастапқы материалдарды және рұқсат құжаттарын беру;
Тармақша 5
5) сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес табиғи монополиялар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсетуі;
Тармақша 7
7) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің орналасуын мониторингтеу және есепке алу құралы ретінде қала құрылысына жоспарлау;
Тармақша 8
8) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайларын есепке қою және есептен шығару кезінде пайдалануға жатады.
Тармақ 3
3. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланады.
Мемлекеттік құпиялар мен өзге де шектеулерді қамтымайтын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтері мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде ұсынылады. Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті қызметтер көрсететін табиғи монополиялар, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ міндетті қызметтер көрсететін ұйымдарға мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін ұсыну осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер беру қағидаларында айқындалатын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық субъектілері мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне енгізілген ақпараттың және (немесе) мәліметтердің сапасына, анықтығына және толықтығына жауапты болады.
Тарау 9
9-тарау. АУМАҚТАР МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ДАМЫТУ МЕН
ОЛАРДА ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫНА
ЖОСПАРЛАУ
Бап 68
68-бап. Қала құрылысы регламенттері
Тармақ 1
1. Құрылыс объектілерін пайдаланудың, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу кезінде олардың жай-күйіндегі кез келген өзгерістердің қала құрылысы регламенттері артықшылықтардың, тыйымдардың, шектеулердің типтерімен, түрлерімен және параметрлерімен және белгіленген мерзім шегінде қолданылатын өзге де режимдермен сипатталады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы қала құрылысы регламенттерінің көзі болып табылады.
Тармақ 2
2. Қала құрылысы регламенттерінің сыныптауышы мен олардың көрсеткіштері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті деңгейлерде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуге арналған қала құрылысы регламенттерінің жүйесі олардың мынадай типтерін:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде аумақтың (жер учаскесінің) және оған байланысты жылжымайтын мүліктің мақсатын және (немесе) функционалдық пайдаланылуын өзгертуді;
Тармақша 2
2) аумақты (жер учаскесін) және елді мекендерді дамыту мен жайластыру (құрылыс салу) қарқындылығын;
Тармақша 3
3) аумақты (жер учаскесін) және елді мекендерді дамыту мен жайластырудың (құрылыс салудың) теңгерімді болуын қамтамасыз етуді;
Тармақша 4
4) аумақты (жер учаскесін) және елді мекендерді жайластырудың (құрылыс салудың) қоршаған ортаға әсерін қамтуға тиіс.
Тармақ 4
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде аумақтың (жер учаскесінің) және оған байланысты жылжымайтын мүліктің мақсаты және (немесе) функционалдық пайдаланылуын өзгерту қала құрылысы регламенттерінің мынадай түрлері:
Тармақша 1
1) аумақтың (жер учаскесінің) функционалдық мақсаты және (немесе) оны өзгерту;
Тармақша 2
2) салынып жатқан және реконструкцияланатын құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты;
Тармақша 3
3) бұрыннан бар құрылыс объектілерінің функционалдық пайдаланылуын өзгерту арқылы іске асырылады.
Тармақ 5
5. Аумақтар (жер учаскесі) мен елді мекендерді дамыту мен жайластыру (құрылыс салу) қала құрылысы регламенттерінің мынадай түрлері:
Тармақша 1
1) игерілетін аумақтардың (жер учаскесінің) масштабтары;
Тармақша 2
2) осы аумақ (жер учаскесі) үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің жекелеген түрлеріне тыйымдар, рұқсаттар мен шектеулер;
Тармақша 3
3) жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі нәтижесінде аумаққа (жер учаскесіне) түсетін жүктемелер;
Тармақша 4
4) жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі нәтижесінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің даму режимдері мен өзгерістері;
Тармақша 5
5) елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) жоспарлау құрылымы мен сәулеттік келбетін қалыптастыру;
Тармақша 6
6) елді мекеннің немесе оның бір бөлігінің әлеуметтік, рекреациялық, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарын қалыптастыру (жетілдіру) арқылы көрсетілуге тиіс.
Тармақ 6
6. Аумақты (жер учаскесін) және елді мекенді дамыту мен жайластыру (құрылыс салу) теңгерімі қала құрылысы регламенттерінің мынадай түрлері:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін дамытудың ресурстық жағдайлары;
Тармақша 2
2) аумақтар (жер учаскелері) мен елді мекендердің ортаға байланысты жағдайлары;
Тармақша 3
3) халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің инженерлік жағдайлары арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 7
7. Аумақтар (жер учаскелері) мен елді мекендерді жайластырудың (құрылыс салудың) қоршаған ортаға әсері қала құрылысы регламенттерінің мынадай түрлері:
Тармақша 1
1) экологиялық және эпидемиялық маңызы бар объектілерді орналастыру;
Тармақша 2
2) техногендік қауіп төндіретін құрылыс объектілерін орналастыру;
Тармақша 3
3) қауіпті табиғи құбылыстар көздеріне қатысты адамның өмір сүру ортасын орналастыру;
Тармақша 4
4) санитариялық, өртке қарсы және өзге де міндетті талаптар;
Тармақша 5
5) инженерлік және көліктік жағдайлар арқылы реттеледі.
Тармақ 8
8. Қала құрылысы регламенттерінің мәліметтері мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілуге жатады.
Бап 69
69-бап. Қала құрылысы жобаларының деңгейлері
мен түрлері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының, өңірлердің аумағында өндiрiстiк күштердi жайғастыру мен орналастыруды кеңiстiкте ұйымдастыру, қонысаралық аумақтарды игеру мен жайластыру, әсер ету аймағын қоса алғанда, елдi мекендердiң аумақтарын немесе елдi мекеннiң жекелеген бөлiктерiн дамыту мен оларда құрылыс салуды жоспарлау қала құрылысы жобалары негiзiнде кешендi түрде жүзеге асырылады.
Қала құрылысы жобалары мемлекеттік қала құрылысы кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады және қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне міндетті түрде енгізілуге жатады. Қала құрылысы жобаларын әзірлеу, іске асыру, жаңартып отыру туралы мәліметтер мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне міндетті түрде енгізіледі.
Тармақ 2
2. Жобалауға арналған тапсырмаларды, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жасау кезінде және сәулет жобалары мен құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде, бекітілген қала құрылысы жобаларында белгіленген қала құрылысы шешімдерін сақтау міндетті.
Тармақ 3
3. Қала құрылысы жобалары:
Тармақша 1
1) жалпымемлекеттік маңызы бар аумақтарды дамытуды ұйымдастыру және жоспарлау жобалары;
Тармақша 2
2) өңірлік маңызы бар аумақтарды дамытуды қала құрылысына жоспарлау жобалары;
Тармақша 3
3) елді мекендерді (олардың қала маңындағы аумақтарын қоса алғанда не оларсыз) дамыту мен оларда құрылыс салуды қала құрылысына жоспарлау жобалары;
Тармақша 4
4) өндірістік кешендерді немесе өзге де жабық үлгідегі объектілерді салу үшін қонысаралық аумақтарды қала құрылысына игеру жобалары болып бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жалпымемлекеттік маңызы бар қала құрылысы жобаларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы;
Тармақша 2
2) аумақты дамытудың өңіраралық схемалары.
Тармақ 5
5. Өңірлік маңызы бар қала құрылысы жобаларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) облыстар аумағын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары;
Тармақша 2
2) аудандар аумағын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары.
Тармақ 6
6. Елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобаларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) халқының есептік саны бір жүз мың адамнан асатын қалалардың бас жоспарлары;
Тармақша 2
2) халқының есептік саны бір жүз мың адамға дейінгі қалалардың бас жоспарлары;
Тармақша 3
3) халқының саны бес мың адамнан асатын елді мекендердің бас жоспарлары;
Тармақша 4
4) халқының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу схемалары (оңайлатылған бас жоспар);
Тармақша 5
5) елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктерін қала құрылысына игеру жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары).
Тармақ 7
7. Мемлекеттік тапсырма шеңберінде жалпымемлекеттік маңызы бар қала құрылысы жобаларын әзірлеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша құрылған мемлекеттік қала құрылысына жоспарлау және кадастр саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Елдi мекендердiң бас жоспарларын (елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу схемаларын) әзiрлеу мен түзетудi қаржыландыру тек жергiлiктi бюджет қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.
Елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобаларын әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы сәулет-қала құрылысы кеңесі қарауға тиіс.
Елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобаларын әзірлеушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Бап 70
70-бап. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас
схемасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы (бұдан әрі – бас схема) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын перспективалық ұйымдастыруға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар ескеріле отырып әзірленеді.
Бас схеманы түзету Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бас схема:
Тармақша 1
1) өндіргіш күштерді жайғастыру және орналастыру жүйесін;
Тармақша 2
2) әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдарды дамытуды;
Тармақша 3
3) республикалық және өңіраралық маңызы бар, ерекше реттелетін аумақтар мен объектілерді дамытуды;
Тармақша 4
4) аумақтарды экономикалық мамандану және артықшылықты пайдалану түрлері бойынша сыныптауды;
Тармақша 5
5) қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде пайдалануға басымдықтар мен шектеулерді айқындай отырып, аймақтарға бөлуді;
Тармақша 6
6) өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи-мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектілер бар аумақтарды сақтау жөніндегі, сондай-ақ аумақтарды қауіпті (зиянды) табиғи техногендік және антропогендік құбылыстар мен процестердің әсерінен қорғау жөніндегі шаралар кешенін қамтиды.
Тармақ 3
3. Бас схеманың құрамында бас схеманың басты шешімдері мен ұсыныстарын қамтитын негізгі ережелер бөліп көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Бас схема кемінде жиырма жыл кезеңге әзірленеді және оны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бес жылда бір реттен сиретпей мониторингтеуге тиіс.
Тармақ 5
5. Бас схеманы әзірлеу Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 71
71-бап. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары
Тармақ 1
1. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары бас схемаға сәйкес әзірленеді, екі және одан көп облыстың (не олардың бөліктерінің), агломерациялардың аумақтарындағы өзара келісілген (шоғырландырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне арналады және мыналарды:
Тармақша 1
1) аумақты аймақтарға бөлуді;
Тармақша 2
2) өңірлік және өңіраралық маңызы бар өндірістік күштерді, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды жайғастыру және орналастыру жүйесін кешенді дамыту жөніндегі жобалау шешімдерін;
Тармақша 3
3) табиғи ресурстарды және шаруашылық қызметті ұтымды пайдалану, ресурстармен қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жобалау шешімдерін;
Тармақша 4
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен аумақтарды қорғау жөніндегі жобалау шешімдерін және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды;
Тармақша 5
5) инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды айқындай отырып, белсенді экономикалық даму аумақтарын қалыптастыру жөніндегі жобалау ұсыныстарын;
Тармақша 6
6) аумақты дамытудың өңіраралық схемасын әзірлеуге арналған тапсырмада белгіленетін өзге де ережелерді айқындайды.
Тармақ 2
2. Агломерациялардың шекараларын белгілеу аумақты дамытудың бекітілген өңіраралық схемасы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына сәйкес әзірленеді.
Бап 72
72-бап. Өңірді дамытудың мемлекетаралық схемалары
Халықаралық шарттар негізінде әзірленген және мүдделі тараптар бекіткен өңірді дамытудың мемлекетаралық схемалары Қазақстан Республикасы мен шектес шет мемлекеттер өңірлерінің аумақтарында өзара келісілген (шоғырландырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі үшін негіз болып табылады.
Өңірді дамытудың мемлекетаралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер тарапынан олардың іске асырылуын қолдау жөніндегі шараларды қабылдау тәртібі халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.
Бап 73
73-бап. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді
схемалары
Тармақ 1
1. Облыстың немесе ауданның аумағын ұйымдастыру (игеру, жайластыру, құрылыс салу) аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасы негізінде жүзеге асырылады.
Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары бас схемаға және аумақты дамытудың тиісті өңіраралық схемасына сәйкес әзірленеді.
Тармақ 2
2. Аумақты қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары осы өңір аумағындағы әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-шаруашылық және табиғи-климаттық жағдайларды, оны аймақтарға бөлуді ескере отырып, мемлекеттік қала құрылысы саясатының мақсаттарын айқындайды, сондай-ақ мынадай негізгі бағыттарды белгілейді:
Тармақша 1
1) жайғастыру жүйесін жетілдіру;
Тармақша 2
2) елді мекендерді, өндірістік, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту;
Тармақша 3
3) қауіпті (зиянды) табиғи және антропогендік, техногендік құбылыстар мен процестердің әсерінен аумақтарды қорғау;
Тармақша 4
4) экологиялық жағдайды жақсарту;
Тармақша 5
5) тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектілерді сақтау;
Тармақша 6
6) су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау.
Аумақтарды пайдаланудың артықшылықтары, тыйымдары, шектеулері және өзге де режимдері ескеріле отырып, аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу және оларды пайдалану қарқындылығы айқындалады.
Тармақ 3
3. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларында әкімшілік-аумақтық бірліктердің, қала маңындағы аймақтардың, резервтегі аумақтардың шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларын әзірлеу және келісу қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органның тапсырысы бойынша әзірленеді.
Тармақ 5
5. Аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларын бекіту осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Бап 74
74-бап. Елді мекендердің аумақтары
Тармақ 1
1. Қалалық және ауылдық елді мекендердің кеңістіктік негізін жер бетінде және (немесе) су бетінде белгіленген елді мекеннің шекаралары (шектері) шегіндегі аумақ құрайды.
Тармақ 2
2. Елді мекендердің аумақтарын пайдалану режимі мен тәртібі бекітілген қала құрылысы құжаттамасында белгіленген аумақтарды аймақтарға бөлуге сәйкес айқындалады.
Бап 75
75-бап. Елді мекендердің шекарасы (шегі)
Тармақ 1
1. Елді мекеннің шекарасы (шегі) оның аумағын (қала құрылысы кеңістігін) айқындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен осы елді мекеннің бекітілген бас жоспары немесе елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемасы (оңайлатылған бас жоспар) негізінде белгіленеді (өзгертіледі).
Тармақ 2
2. Елді мекендер шекаралары (шектері) жобаларының құрамы, мазмұны мен оларды әзірлеу тәртібі нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік нормативтік құжаттарға, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның өзге де құжаттарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 3
3. Ірі және үлкен қалалар шекараларының (шектерінің) жобалары аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларының құрамында әзірленуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы орган елді мекеннің жергілікті жерде белгіленген шекарасын (шегін) кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымына енгізуге тиіс.
Бап 76
76-бап. Елді мекендердің бас жоспарлары
Тармақ 1
1. Елдi мекендердiң аумақтарын дамыту мен оларда құрылыс салу белгiленген тәртiппен бекiтiлген елдi мекендердiң бас жоспарлары немесе елдi мекендердi дамыту мен оларда құрылыс салу схемалары (оңайлатылған бас жоспар) негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Елді мекендердің бас жоспарлары елді мекенді дамытуды кешенді жоспарлауды айқындайтын және бекітілген бас схемаға, аумақты дамытудың тиісті өңіраралық схемасына және облыстар, аудандар аумақтарын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасына сәйкес әзірленетін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.
Тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын елді мекендер белгіленген тәртіппен бекітілген елді мекеннің қолданыстағы бас жоспарларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерде негізгі қала құрылысы құжаты ретінде белгіленген тәртіппен бекітілген елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемасы (оңайлатылған бас жоспар) болуы мүмкін. Елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемаларының (оңайлатылған бас жоспардың) құрамын, мазмұнын, оларды әзірлеу және келісу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. Елді мекеннің бас жоспарында:
Тармақша 1
1) аумақты кешенді бағалауды, табиғи-климаттық, экологиялық, қалыптасқан әрі болжанатын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарды қоса алғанда, елді мекен аумағын дамытудың негізгі бағыттары;
Тармақша 2
2) аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу және олардың пайдаланылуын шектеу;
Тармақша 3
3) елді мекеннің құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасы;
Тармақша 4
4) жер учаскелерін артықшылықпен иеліктен шығару және сатып алу аймақтары, резервтегі аумақтар;
Тармақша 5
5) аумақты қауіпті (зиянды) табиғи, техногендік және антропогендік құбылыстар мен процестердің әсерінен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар;
Тармақша 6
6) аумақтық-көліктік жоспарлау мен жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттардың бөлімдерін (бөліктерін) қамтитын, бас жоспардың көліктік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар;
Тармақша 7
7) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының негізгі бағыттары;
Тармақша 8
8) елді мекенді дамытудың техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
Тармақша 9
9) су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау жөніндегі шаралар;
Тармақша 10
10) елді мекенді орнықты дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шаралар айқындалады.
Тармақ 4
4. Елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу және бекіту кезінде сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталары ескеріледі.
Тармақ 5
5. Тарихи қала құрылысы құндылығы бар елді мекеннің бас жоспары тарихи-сәулет тірек жоспары ескеріле отырып әзірленуге және оған тарихи құрылыс аймақтары мен ескерткіштерді қорғау жобалары қоса берілуге тиіс.
Тармақ 6
6. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыс орталықтары үшін елді мекендердің бас жоспары құрамында дамыту тұжырымдамасы (мастер-жоспары) әзірленеді.
Елді мекенді дамыту тұжырымдамасы (мастер-жоспары) қоғамдық талқылауға және тиісті мәслихатпен келісуге жатады.
Елді мекенді дамыту тұжырымдамасын (мастер-жоспарын) қалыптастыру отыз жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Елді мекеннің бас жоспары немесе елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемасы (оңайлатылған бас жоспар) елді мекеннің жаңа бас жоспары немесе елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемасы (оңайлатылған бас жоспар) бекітілгенге не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде елді мекеннің қолданыстағы бас жоспарына немесе елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемасына (оңайлатылған бас жоспарға) өзгерістер бекітілгенге дейін қолданылады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, елді мекеннің бас жоспарын түзету жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Елді мекеннің бас жоспарының іске асырылуын мониторингтеуді жергілікті атқарушы орган бес жылда бір рет жүзеге асырады.
Мониторинг нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есеп қалыптастырылады, ол жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсына орналастырылады және сәулет-қала құрылысы кеңесі мен тиісті мәслихаттың қарауына жіберіледі.
Тармақ 10
10. Елді мекендердің бас жоспарлары жиырма жылға дейінгі мерзімге әзірленеді.
Тармақ 11
11. Елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу үшін қажетті бастапқы материалдардың құрамы мен көлемі мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді.
Елді мекендердің бас жоспарларының бастапқы материалдары қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілуге тиіс.
Бап 77
77-бап. Елді мекендердің аумақтарын дамытудың салалық
схемалары
Елді мекендердің аумақтарын дамытудың салалық схемалары халық санының өзгеруі ескеріле отырып, мынадай:
Тармақша 1
1) энергиямен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, байланысты, ирригацияны, сумен жабдықтауды және кәрізді дамыту;
Тармақша 2
2) көлік түрлерін дамыту және көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) экономика салаларының объектілерін орналастыру;
Тармақша 4
4) аумақтарды қауіпті геологиялық және гидрогеологиялық процестерден қорғау;
Тармақша 5
5) сейсмикалық әсерден қорғау;
Тармақша 6
6) халықты азаматтық қорғау;
Тармақша 7
7) қоршаған ортаны қорғау;
Тармақша 8
8) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау;
Тармақша 9
9) аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру;
Тармақша 10
10) аумақтарды дамытудың өзге де мәселелері бойынша бекітілген қала құрылысы жобалары негізінде әзірленеді.
Бап 78
78-бап. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары
Тармақ 1
1. Елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктерін қала құрылысына игеру жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) елді мекеннің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспары негізінде әзірленеді.
Белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынсыз елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктерін игеруге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары елді мекендердің бас жоспарларында белгіленген елді мекенді жоспарлау құрылымының элементтеріне, қала құрылысы регламенттеріне, бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-кодына сәйкес әзірленеді.
Құрылыс объектілерінің белгілі бір тұтастығын, композициялық бірыңғайлығы мен аяқталғандығын көзбен шолып сезінуге мүмкіндік беретін үйлесімді сыртқы келбеті мен сәулет стилі элементтерінің, түсіне қатысты шешімдердің, қабаттылығының, әрлеу материалдарының бірыңғайлығы дизайн-кодтың негізгі құрамдастары болып табылады.
Тармақ 3
3. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында мыналар белгіленеді:
Тармақша 1
1) аумақтарды аймақтарға бөле отырып, аумақтарды жоспарлы ұйымдастырудың негізгі бағыттары;
Тармақша 2
2) қызыл, сары сызықтар және құрылыс салуды реттейтін сызықтар, су қорғау аймақтары мен белдеулері;
Тармақша 3
3) халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін (ауруханалар, жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі ұйымдар, саябақтар, бульварлар, скверлер, және көпшілік пайдаланатын басқа да объектілер) орналастыру, көше-жол желісін және электрмен зарядтау станцияларын орналастыруды қоса алғанда, көлік қызметін көрсетуді ұйымдастыру және инженерлік коммуникацияларды трассалау үшін аумақты резервке қою;
Тармақша 4
4) көшелердің көлденең қималары;
Тармақша 5
5) аумақты абаттандыру және көгалдандыру;
Тармақша 6
6) қала құрылысы шектеулері;
Тармақша 7
7) инженерлік коммуникациялар жоспары;
Тармақша 8
8) жол инфрақұрылымын дамыту жоспары;
Тармақша 9
9) байланыс құрылысжайларын, байланыс желілерін және басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу жоспарлары, сондай-ақ байланыс мұқтажы үшін аумақты резервке қою.
Тармақ 4
4. Өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайын қоспағанда, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын екі жылда бір реттен асырмай түзетуге (жаңартып отыруға) болады.
Тығыздап құрылыс салуды іске асыру үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын тығыздығы, биіктігі, жалпы білім беретін мектептермен және мектепке дейінгі ұйымдармен, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету объектілерімен, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерімен қамтамасыз ету жөніндегі нормалар сақталмаған кезде түзетуге (жаңартып отыруға) тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар:
елді мекеннің аумақтық дамуын өзгерту қажеттігіне алып келген табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қолданылмайды. Бұл ретте егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету (жаңартып отыру) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде қабылданады;
жеке тұрған білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін және бірегей объектілерді бюджет қаражаты есебінен салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету қажеттігіне негізделген жағдайларға қолданылмайды.
Тармақ 4-1
4-1. Қонысаралық аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және түзету қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте қонысаралық аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге (түзетуге), тұрғын үй құрылысын іске асыруды қоспағанда, көзделген өндірістік, рекреациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін ғана жол беріледі.
Тармақ 5
5. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу және бекіту кезінде сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталары ескеріледі.
Бұл ретте сел және көшкін қаупі бар учаскелерде тұрғын ғимараттарды, әлеуметтік, мәдени объектілерді үш қабаттан жоғары етіп жобалауға жол берілмейді.
Алматы қаласы аумағының сел және көшкін қаупі бар учаскелерінде инженерлік желілер, жолдар мен коммуникациялар салуды қоспағанда, елді мекеннің тұрғын аймағына, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймағына және өнеркәсіптік (өндірістік) аймағына жататын жаңа құрылыс объектілерін салуға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу үшін қажетті бастапқы материалдардың құрамы мен көлемі мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының бастапқы материалдары қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілуге тиіс.
Бап 79
79-бап. Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс
саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту
қағидалары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары қолданылады.
Тармақ 2
2. Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
жаңа құрылыс объектілерін салу және бұрыннан бар құрылыс объектілерін, үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгерту үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және беру;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құрылыс объектілерін пайдалануға беруі;
елді мекендер аумағы мен қонысаралық аумақтарды жобалау және оларда құрылыс салу тәртібі мен мерзімдері белгіленеді.
Тармақ 3
3. Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескерілуге тиіс.
Тарау 10. 10-тарау. АУМАҚТАРДЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ
10-тарау. АУМАҚТАРДЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ
Бап 80
80-бап. Елді мекендердің аумақтарын аймақтарға
бөлу
Тармақ 1
1. Аумақтарды аймақтарға бөлу нақты аумақты, жекелеген функционалдық аймақтарды пайдалану түрін айқындайды, елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобаларында оларды пайдалануға шектеулерді белгілейді және мыналарды:
Тармақша 1
1) адамның өмір сүруі мен тіршілік етуіне қолайлы ортаны;
Тармақша 2
2) халықтың және өндiрiстiк объектілердің шамадан тыс шоғырлануын болғызбауды;
Тармақша 3
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоса алғанда, қоршаған ортаны ластанудан қорғауды;
Тармақша 4
4) тарих пен мәдениет ескерткіштері бар аумақтарды күзетуді;
Тармақша 5
5) аумақтарды қауіпті (зиянды) табиғи, техногендік және антропогендік құбылыстар мен процестердің, төтенше жағдайлардың әсерінен қорғауды;
Тармақша 6
6) жағымсыз табиғи құбылыстардың әсерін азайтуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Әкімшілік-аумақтық құрылыстағы рөліне, әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен өндірістік-шаруашылық мамандануына қарай елді мекендердің аумақтарында функционалдық аймақтардың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:
Тармақша 1
1) тұрғын аймақтар;
Тармақша 2
2) қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақтар;
Тармақша 3
3) рекреациялық аймақтар;
Тармақша 4
4) инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар аймақтары;
Тармақша 5
5) өнеркәсіптік (өндірістік) аймақтар;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар;
Тармақша 7
7) арнаулы мақсаттағы аймақтар;
Тармақша 8
8) режимдік аумақтардың аймақтары;
Тармақша 9
9) қала маңындағы аймақтар;
Тармақша 10
10) санитариялық-қорғаныш аймақтары;
Тармақша 11
11) резервтегі аумақтар.
Тармақ 3
3. Тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік), рекреациялық аймақтардың, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар аймақтарының аумағы халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімділігі ескеріле отырып абаттандырылуға тиіс.
Бап 81
81-бап. Тұрғын аймақ
Тармақ 1
1. Елді мекеннің тұрғын аймағы тұрғын ғимараттардың, оның ішінде жеке тұрғын үйлердің құрылысын салуға арналады.
Тармақ 2
2. Тұрғын аймақ жеке тұрған және (немесе) тұрғын ғимараттарға жапсарластыра салынған (оларға жанастыра салынған) әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектілерімен қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Тұрғын аймақ көлік құралдарына арналған тұрақтармен және орынтұрақтармен, пәтерлердің санына сәйкес қажетті орынтұрақ алаңымен, балалар және спорт алаңдарымен, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі ескеріле отырып қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Тұрғын аймақта қонақүйлерді, жерүсті және жерасты гараждарын (паркингтерді), жеңіл автомобильдерді уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды, электрмен зарядтау станцияларын, сондай-ақ орналасуы мен қызметі санитариялық-қорғаныш аймақтарын орнатуды талап ететіндей қоршаған ортаға әсер етпейтін өндірістік объектілерді орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 5
5. Жекелеген жағдайларда тұрғын аймақтарға елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде орналасқан бағбандық шаруашылық пен саяжай серіктестіктерінің аумақтары да жатқызылуы мүмкін.
Бап 82
82-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы
жер учаскесі
Тармақ 1
1. Елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобаларына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жобасында көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан және абаттандыруға, көгалдандыруға, спорт, ойын алаңдарын, кіреберіс жолдарды, орынтұрақтарды, тротуарларды, шағын сәулет нысандарын және басқа да объектілерді орналастыруға арналған көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі көзделуге тиіс.
Көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі онда орналасқан абаттандыру элементтерімен бірге кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кіреді.
Тармақ 2
2. Егер көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кірмесе, онда ол елді мекендердегі ортақ пайдаланылатын жерлер ретінде коммуналдық меншікте болады.
Тармақ 3
3. Кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына кірмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау және абаттандыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бап 83
83-бап. Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақ
Тармақ 1
1. Елді мекеннің қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймағы әкімшілік, ғылыми-зерттеу мекемелерін, қоғамдық мекемелер мен олардың кешендерін, қонақүйлер мен қонақүй кешендерін, іскерлік және қаржылық белсенділік орталықтарын, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, коммерциялық қызмет, сауда және көпшілікті тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін, көрсетілген объектілердің жанынан ашық көлік тұрақтарын және электрмен зарядтау станцияларын, жерүсті және жерасты гараждарын (паркингтерді), санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарда көзделген арнаулы іс-шараларды талап етпейтін басқа да ғимараттар мен құрылысжайларды орналастыруға арналады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақта орналастыруға рұқсат етілген құрылыс объектілерінің тізбесіне тұрғын ғимараттар, оның ішінде жеке тұрғын үйлер енгізілуі мүмкін.
Бап 84
84-бап. Рекреациялық аймақ
Тармақ 1
1. Елді мекендердегі рекреациялық аймақтар халықтың демалыс орындарын ұйымдастыру мен жайластыруға арналған және бақтарды, орманды парктерді, саябақтар мен скверлерді, зоопарктерді, су айдындарын, жағажайларды, аквапарктерді, ландшафтық сәулет объектілерін, өзге де демалыс және туризм орындарын, сондай-ақ бос уақытты өткізетін және (немесе) сауықтыру мақсатындағы құрылыс объектілерін қамтиды.
Тармақ 2
2. Рекреациялық аймаққа елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кіруі мүмкін.
Тармақ 3
3. Рекреациялық аймақтың аумағына жаңа өнеркәсiптiк кәсіпорындар мен олардың кешендерін, коммуналдық объектілерді, рекреациялық аймақтың жұмыс iстеуiне тiкелей байланысты емес өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды орналастыруға (салуға) және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Рекреациялық аймақты тұрғын аймаққа немесе өзге аймаққа өзгерту (ауыстыру) қоғамдық талқылаулардың нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Бап 85
85-бап. Инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар
аймақтары
Тармақ 1
1. Елді мекеннің инженерлік және көліктік инфрақұрылымдары аймақтары көлік және байланыс коммуникациялары мен құрылысжайларын, магистральдық құбыржолдарды, инженерлік қамтамасыз ету желілерін, инженерлік жабдық пен өзге де инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектілерін орналастыруға және олардың жұмыс істеуіне арналады.
Олардың зиянды (қауiптi) әсерiн болғызбау қонысқа ыңғайлы аумақтарға (учаскелерге), тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларға дейiнгi қажеттi арақашықтықты, сондай-ақ мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес басқа да міндетті талаптар мен шектеулерді сақтау арқылы қамтамасыз етіледі. Пайдалану кезінде адамдардың денсаулығы мен олар өмір сүретін ортаға тікелей зиянды әсер ететін коммуникациялар мен құрылысжайлар елді мекендер шегінен тысқары жерлерге орналастырылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Инженерлiк және көліктік инфрақұрылымдар объектiлерiнiң аумағы көрсетілген объектiлердiң техникалық және пайдаланылу сипаттамасы ескерiле отырып абаттандырылуға тиiс. Аумақтарды абаттандыру мен күтiп-ұстау жөніндегi мiндеттер инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектiлерінiң меншiк иелерiне және олар заңды түрде пайдалануында болатын өзге де тұлғаларға жүктеледi.
Бап 86
86-бап. Өнеркәсіптік (өндірістік) аймақтар
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік (өндірістік) аймақтар әкімшілік-тұрмыстық кешенді қоса алғанда, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерін, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдардың жұмыс істеуін, сондай-ақ осындай кәсіпорындар жұмыскерлерінің уақытша болуын қамтамасыз ететін басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін орналастыруға арналады.
Тармақ 2
2. Өндірістік, коммуналдық, қойма объектілерін, сондай-ақ инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектілерін орналастыру және олардың жұмыс істеуі халыққа қатер төндірмейтін, қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін және санитариялық-қорғаныш аймағын орнатуды талап етпейтін жағдайларда ғана осындай объектілерді қонысқа ыңғайлы аумаққа орналастыруға жол беріледі. Олай болмаған жағдайда, санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс.
Тармақ 3
3. Қонысқа ыңғайлы аумақта орналасатын өнеркәсіптік (өндірістік) аймақты, сондай-ақ өндірістік объектілердің аумақтарын абаттандыру мен күтіп-ұстау жөніндегі міндеттер объектілердің меншік иелеріне және олар заңды түрде пайдалануында болатын өзге де тұлғаларға жүктеледі.
Бап 87
87-бап. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын
аймақтар
Тармақ 1
1. Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегіндегі ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар ауыл шаруашылығын жүргізу үшін есептелген немесе осы мақсаттарға арналған және елді мекеннің бекітілген бас жоспарына (елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салу схемасына) сәйкес оларды пайдалану түрі өзгерген кезге дейін пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Егер елді мекеннің шекаралары (шектері) шегіндегі ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтардың орналасуы және олардың жұмыс істеуі халыққа не қоршаған ортаға қолайсыз әсер етуі мүмкін болса, санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс.
Бап 88
88-бап. Арнаулы мақсаттағы аймақтар
Тармақ 1
1. Елдi мекеннiң шекаралары (шектерi) шегiне зираттар, крематорийлер, мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар), тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары, қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындар, тазарту құрылысжайлары, арнаулы нормативтер мен қағидаларды белгілемей пайдалану мүмкін болмайтын өзге де объектілер үшiн бөлiнетiн арнаулы мақсаттағы аймақтарды орналастыруға жол берiледi.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектiлердi қонысқа ыңғайлы аумақ пен рекреациялық аумақтан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардан, елдi мекеннiң инфрақұрылымы объектiлерiнен бөлiп тұратын санитариялық-қорғаныш аймақтарын орнату қажеттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
Тармақ 3
3. Арнаулы мақсаттағы аймақты күтіп-ұстау жөнiндегi мiндеттер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, кәсiпорынның меншiк иесiне (жер пайдаланушыға) және олар заңды түрде пайдалануында болатын өзге де тұлғаларға жүктеледi.
Бап 89
89-бап. Режимдік аумақтардың аймақтары
Тармақ 1
1. Ерекше режим белгіленетін әскери және басқа да объектілерді орналастыру үшін режимдік аумақтардың аймақтары көзделуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін режимдік аумақтардың (объектілердің) іргелес жатқан аймағында орналастырылатын құрылыс объектілерін жобалау және салу кезінде мынадай параметрлер сақталуы:
500 метр радиуста – биіктігі 7 метрден аспауы;
1000 метр радиуста – биіктігі 16 метрден аспауы;
1500 метр радиуста биіктігі 28 метрден аспауы қажет.
Тармақ 2
2. Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану тәртібін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес белгілейді.
Бап 90
90-бап. Қала маңындағы аймақтар
Тармақ 1
1. Қала маңындағы аймақтар осы қаланың, қала маңындағы аймаққа кіретін басқа да елді мекендердің аумағын дамытуға, сондай-ақ санитариялық-қорғаныш функцияларын орындауға, халықтың демалыс орындарын, бағбандық шаруашылық пен саяжай серіктестіктерін орналастыруға арналған, қала шекарасына (шегіне) жанасып жатқан жерлерді қамтиды.
Тармақ 2
2. Қала маңындағы аймақтардың шекараларын белгілеу осы Кодекске және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес бекітілген қала құрылысы құжаттамасының негізінде жүзеге асырылады.
Бап 91
91-бап. Санитариялық-қорғаныш аймағы
Тармақ 1
1. Халыққа қатер төндіруі және (немесе) қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы объектілерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі жағдайларында тиісті санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс. Санитариялық-қорғаныш аймағына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Санитариялық-қорғаныш аймағында ауыл шаруашылығын жүргізуді, бағбандық шаруашылықты, бақша өсіруді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді қоса алғанда, тұрғын ғимараттарды, білім беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерін, спорт-сауықтыру құрылысжайларын орналастыруға (салуға) тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Санитариялық-қорғаныш аймағын күтіп-ұстау жөніндегі міндеттер аймақ арналған объектілердің меншік иелеріне жүктеледі.
Тармақ 4
4. Құрылыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама шеңберінде құрылыс жобасын жобалау кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағы белгіленеді.
Тармақ 5
5. Пайдалануға берілген құрылыс объектілерінің санитариялық-қорғаныш аймағын өзгертуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Елді мекендердің аумағын аймақтарға бөлу шеңберінде функционалдық аймақтарды айқындау кезінде елді мекендердің бас жоспарларында, сондай-ақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын талаптар ескеріледі.
Тармақ 7
7. Белгіленген және өзгертілген санитариялық-қорғаныш аймақтары туралы деректерді жергілікті атқарушы органға:
Тармақша 1
1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайда, бекітілген жобалау-сметалық құжаттама мен санитариялық-қорғаныш аймағына қатысты құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы негізінде – тапсырыс беруші;
Тармақша 2
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайда, санитариялық-қорғаныш аймағын өзгерту жөніндегі құрылыс жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде санитариялық-қорғаныш аймағы жобасын әзірлеуші ұсынады.
Жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының жария кадастрлық картасында кейіннен жариялау және мемлекеттік жер кадастрына енгізу үшін Қазақстан Республикасының геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы заңнамасына сәйкес Кеңістіктік деректер ұлттық инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталында орнатылған және өзгертілген санитариялық-қорғаныш аймақтары туралы кеңістіктік деректерді қалыптастыруды, жинауды, сақтауды және жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген ақпаратты беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 92
92-бап. Резервтегі аумақтар
Тармақ 1
1. Резервтегі аумақтар елді мекендерді дамытуға немесе қонысаралық аумақтарды игеруге (жайластыруға) арналған.
Тармақ 2
2. Резервтегі аумақтар аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларының, елді мекендердің бас жоспарларының және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының құрамында айқындалады және бекітіледі.
Тармақ 3
3. Резервтегі аумақтар елдi мекендер мен олардың бөлiктерiнiң дамуына қарай мақсатына сәйкес қана пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Резервтегі аумақтарды уақытша пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
Тарау 11. 11-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
ҚЫЗМЕТІН ҒЫЛЫМИ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
11-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
ҚЫЗМЕТІН ҒЫЛЫМИ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бап 93
93-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті
қамтамасыз ету
Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады.
Бап 94
94-бап. Ғылыми-техникалық кеңес
Тармақ 1
1. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың басым бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның жанынан ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Ғылыми-техникалық кеңес уәкілетті мемлекеттік органдардың, құрылысты нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттердің, жетекші ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының, салалық қауымдастықтардың, бірлестіктердің және басқа да сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің өкілдерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Ғылыми-техникалық кеңестің құрамы мен ережесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Бөлім 4. 4-БӨЛІМ. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ЖОБАЛАУЫ
4-БӨЛІМ. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ЖОБАЛАУЫ
Тарау 12. 12-тарау. ЖОБАЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ
ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕНІСТЕР
12-тарау. ЖОБАЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ
ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕНІСТЕР
Бап 95
95-бап. Жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу
Тармақ 1
1. Құрылыс объектілерін тұрғызуға, реконструкциялауға және реставрациялауға арналған жобалау құжаттамасын әзірлегенге дейін жобалау алдындағы құжаттама әзірленеді, онда қажеттілігі, техникалық мүмкіндігі, қоршаған ортаға әсерін бағалау (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен), құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға және реставрациялауға салынатын инвестициялардың экономикалық тұрғыдан орындылығы, жер учаскесіне қойылатын талаптар, көлемдік-жоспарлаудың және технологиялық шешімдердің нұсқалары, инженерлік жүктемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ қаржыландыру көздері мен көлемі, инвестицияларды жүзеге асырудың тиімділігін, құрылыс объектілерін салудың, реконструкциялаудың, реставрациялаудың және пайдаланудың әлеуметтік, экологиялық және басқа да салдарын айқындау жөніндегі есеп-қисаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгенінен кейін үш және одан көп жыл ішінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және бекітілмеген жобалау алдындағы құжаттама ескірген болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түзетілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін іске асыру үшін пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Арнайы экономикалық аймақтардың, ерекше индустриялық аймақтардың объектілері бойынша жобалау алдындағы құжаттаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумақтарын игеру және (немесе) аумағындағы құрылыс үшін шетелдік заңды тұлғалар немесе жекелеген мамандар орындаған жобалау алдындағы құжаттама, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Кодексте, мемлекеттік нормативтік құжаттарда және құрылыс жобасын әзірлеуге арналған тапсырмада белгіленген жобалау алдындағы жұмыстардың шарттарында және сатылары бойынша, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда, мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптар сақталған кезде әзірленуге тиіс.
Тармақ 4
4. Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын
мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Бап 96
96-бап. Жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеуді
қаржыландыру
Тармақ 1
1. Осы Кодекстің 95-бабының 1-тармағында көзделген жобалау алдындағы құжаттама:
Тармақша 1
1) құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға және реставрациялауға салынатын инвестицияларды жүзеге асыруды жоспарлау кезінде – тиісті қаржы жылына осы мақсаттарға көзделген мемлекеттік инвестициялар;
Тармақша 2
2) құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға және реставрациялауға салынатын инвестицияларды жүзеге асыруды жоспарлау кезінде тапсырыс берушінің өз қаражаты есебінен әзірленеді.
Тармақ 2
2. Құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға және реставрациялауға салынатын инвестицияларды жүзеге асыруды жоспарлау кезінде жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеуге арналған шығындар бастапқы материалдарды алуға байланысты шығындар ретінде құрылыс құнына енгізіледі.
Осы баптың 1-тармағында көзделген, құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға және реставрациялауға салынатын инвестицияларды жүзеге асыруды жоспарлау кезінде жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеуге арналған шығындар оларды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеуге арналған шығындарды қамтиды.
Тармақ 3
3. Тапсырыс беруші жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу нәтижелері бойынша құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға және реставрациялауға салынатын инвестицияларды жүзеге асырудың орынсыздығы және (немесе) негізсіздігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, құрылыс объектілерін салуға, реконструкциялауға, реставрациялауға салынатын инвестицияларды жүзеге асыруды жоспарлау кезінде жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеуге арналған шығындар жобалау және іздестіру жұмыстарын орындауға көзделген негізгі қаржы көзі есебінен есептен шығарылуға жатады.
Бап 97
97-бап. Инженерлік ізденістер
Тармақ 1
1. Инженерлік ізденістердің нәтижелері анық болуы және құрылыс объектісінің параметрлері мен басқа да жобалау сипаттамаларының жобалық мәндерін, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жобаланатын іс-шараларды анықтау үшін қажетті көлемде орындалуға тиіс.
Инженерлік ізденістер нәтижелерінің құрамындағы есеп-қисап деректері негізді болуы және құрылыс объектісін салу және пайдалану процесінде олардың мәндерінің өзгеру болжамын қамтуға тиіс.
Сараптама ұйымдары жобалау құжаттамасын талдауды және сапасын бағалауды жүргізу кезінде инженерлік ізденістердің өзектілігін және осы нәтижелерді қалыптастырудың қолданыстағы нормаларға, оның ішінде инженерлік-геологиялық ізденістерді жүргізудің толықтығына, құрамына, көлеміне, әдістері мен технологияларына сәйкестігін тексеруге міндетті.
Тармақ 2
2. Инженерлік ізденістердің нәтижелерін (қала құрылысы жобаларының топографиялық түсірілімін, жобалау сатысындағы топографиялық түсірілімді және құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу сатысындағы атқарушылық геодезиялық түсірілімді) тапсырыс берушілер қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеу қағидаларына сәйкес, жобаларға сараптама жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне енгізеді.
Тармақ 3
3. Құрылыс объектілері бойынша инженерлік ізденістерді дайындау процесін ұйымдастыру «бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу мен олардың сараптамасын ұйымдастыруға арналған порталда жүзеге асырылады, ол мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілері үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 4
4. Тиiстi инженерлiк iзденiстердi орындамай жобалау құжаттамасын дайындауға, сондай-ақ құрылыс объектiлерiн салуға, реконструкциялауға жол берiлмейдi.
Тарау 13. 13-тарау. ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІ
13-тарау. ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІ
Бап 98
98-бап. Жобалау-сметалық құжаттама
Тармақ 1
1. Құрылыс, сондай-ақ коммуникацияларды тарту, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру бекітілген қала құрылысы жобаларына сәйкес әзірленген жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала құрылысы құжаттамасын кейіннен әзірлеудің не оған өзгерістер енгізудің ықтимал мүмкіндігі болған кезде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайларына қолданылмайды.
Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда, жобалау-сметалық құжаттамасыз не эскиздік жобалар бойынша құрылысқа жол беріледі.
Тармақ 2
2. Құрылыс объектісінің параметрлері мен басқа да сипаттамаларының жобалық мәндерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаланатын іс-шаралар осы Кодекстің және мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сілтемелермен негізделуге тиіс.
Тармақ 3
3. Көрсетілген талаптар болмаған жағдайда, құрылыс объектісінің жобалық мәндері мен сипаттамаларының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаланатын іс-шаралар мынадай бір немесе бірнеше тәсілмен негізделуге тиіс:
Тармақша 1
1) зерттеу нәтижелері;
Тармақша 2
2) сертификатталған немесе өзге тәсілмен сынамаланған әдістемелер бойынша орындалған есеп-қисаптар және (немесе) сынақтар;
Тармақша 3
3) қауіпті (зиянды) табиғи, техногендік және (немесе) антропогендік процестер мен құбылыстардың туындау сценарийлерін модельдеу, оның ішінде қауіпті (зиянды) табиғи, техногендік және (немесе) антропогендік процестер мен құбылыстардың қолайсыз үйлесуі кезінде модельдеу;
Тармақша 4
4) қауіпті (зиянды) табиғи, техногендік және (немесе) антропогендік процестер мен құбылыстардың туындау қауіп-қатерін бағалау.
Негіздеу кезінде инженерлік ізденістердің нәтижелері ескерілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Тапсырыс беруші (меншік иесі) эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жобалау-сметалық құжаттамасыз республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша:
Тармақша 1
1) сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталарына, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталарына сәйкес, сейсмикалық қаупі жоғары аудандардағы (аймақтардағы) құрылыстан басқа, екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды;
Тармақша 2
2) жеке қосалқы шаруашылыққа, бағбандық шаруашылық пен бақша өсіруге арналған жер учаскелерінің аумағында шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар тұрғызуды;
Тармақша 3
3) алаңішілік байланыс желілерін салуды;
Тармақша 4
4) қолданыстағы инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер учаскелерінде және саяжай учаскелерінде абаттандыруды;
Тармақша 5
5) бір тоғанның су айнасының алаңы 0,15 гектардан аспайтын балық өсіру тоғанын орнатуды; су қорғау белдеулерінде балық өсіру объектілерін тұрғызуды; аквашаруашылықты жүргізу үшін басқа да объектілерді (контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын мобильді кешендерді, құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын құрылысжайларды) орнатуды;
Тармақша 6
6) контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын мобильді кешендерді, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын сауда, көпшілікті тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттарды (құрылысжайларды) салуды;
Тармақша 7
7) төтенше ахуал және (немесе) төтенше жағдайлар кезінде қалпына келтіру жұмыстарын, жауапкершіліктің үшінші деңгейіне жатқызылған құрылыс объектілері болып табылатын, екі қабаттан аспайтын тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылысжайлар салуды;
Тармақша 8
8) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес уақытша, маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар мен сақтау орындары (арасы 6 метрге дейін, биіктігі 7 метрге дейін және алаңы 2000 шаршы метрге дейін қоса алғанда), жылыжайлар, парниктер, павильондар салуды;
Тармақша 8-1
8-1) биіктігі тоғыз метрге дейін болатын байланыс, жарықтандыру құрылысжайларын, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар салуды;
Тармақша 9
9) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын үй-жайлардың және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстарын салуды;
Тармақша 10
10) саны елуден аспайтын автомобиль көлігі құралдарына ашық үлгідегі автотұрақтар, сондай-ақ екеуден аспайтын автомобиль көлігі құралдарына бокстары бар гараждар салуды;
Тармақша 11
11) желілік инженерлік жолдар мен ондағы құрылысжайларды олардың жағдайын, тарту тереңдігінің (биіктігінің) белгілерін, құбырларының диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеуді;
Тармақша 12
12) шағын сәулет нысандарын салуды және аумақтарды қоршауды;
Тармақша 13
13) ашық спорт алаңдарын, тротуарларды салуды, ғимараттар (құрылысжайлар) маңына төсем салуды;
Тармақша 14
14) технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтың бірліктерін жөндеуді және ауыстыруды;
Тармақша 15
15) инженерлік желілерді электр коррозиясынан қорғауды;
Тармақша 16
16) жалпы алаңы 20 шаршы метрге дейінгі дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар) салуды;
Тармақша 17
17) реконструкциялаудан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөліп беруді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлерді реконструкциялауды;
Тармақша 18
18) өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды құрылыс объектілерінде жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін қайта жоспарлауды (қайта жабдықтауды);
Тармақша 19
19) кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электрмен жабдықтау желілерін салуды;
Тармақша 20
20) әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішінде автоматты күзет-өрт сигнализациясы жүйесін салуды және монтаждауды;
Тармақша 21
21) жеке тұрғын үйлерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды;
Тармақша 22
22) жалпы алаңы 20 шаршы метрге дейінгі кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрғын үйлердің немесе жеке тұрған бір қабатты ғимараттардың (құрылысжайлардың) алаңішілік желілерін салуды және тұрмыстық мақсаттағы газбен жабдықтаудың үйішілік жүйелерін монтаждауды;
Тармақша 23
23) көппәтерлі тұрғын үйді іріктеп күрделі жөндеуді жүзеге асыра алады.
Қосымша жер учаскесін бөліп беруді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапасын нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде эскиздік жобаларды республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарымен келісу талап етілмейді.
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары келісілген эскиздік жобаларды есепке алуды жүргізеді.
Тармақ 5
5. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу тәртібі, оның міндетті құрамы мен мазмұны мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабының 5-тармағында көрсетілген көліктік инфрақұрылым объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісілген жобалауға арналған тапсырма мен жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту тәртібі осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
Тармақ 8
8. Жобалау-сметалық құжаттаманы iске асыру кезiнде мердiгерлiк жұмыстарды жүргiзу қағидалары мен тәртiбi осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес белгiленедi.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгенінен кейiн үш және одан көп жыл iшiнде құрылысы басталмаған жобалау-сметалық құжаттама ескiрген болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен түзетілгеннен, құрылыс жобасына қайталама ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілгеннен және қайта бекiтiлгеннен кейiн iске асыру үшiн пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің негізді қажеттілігі туындаған жағдайларда, оны түзету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуді жүзеге асыру үшін оны әзірлеген жобалау ұйымы тартылады.
Жобалау-сметалық құжаттаманың авторы (авторлары) авторлық сүйемелдеуді жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда, жобалау ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Тармақ 12
12. Егер тапсырыс берушінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге негізді қажеттілік туындаса, онда жобалау алдындағы құжаттаманы (болған кезде) түзету талап етілмейді.
Тармақ 13
13. Жобалау-сметалық құжаттаманы ұлттық архив қорының құрамына енгiзу, көрсетілген құжаттарға меншік құқықтарының кепілдіктері, сондай-ақ оларды пайдалану құқықтары мен пайдалану жөніндегі шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 14
14. Арнайы экономикалық аймақтардың, ерекше индустриялық аймақтардың объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында құрылыс үшiн шетелдiк заңды тұлғалар немесе жекелеген мамандар орындаған жобалау-сметалық құжаттама, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Кодексте, мемлекеттiк нормативтік құжаттарда және жобалауға арналған тапсырмада белгiленген жобалау жұмыстарының шарттарында және сатылары бойынша, жобалау-сметалық құжаттаманың құрамы мен көлемiнде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда, мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптар сақталған кезде әзiрленуге тиiс.
Осы қағидадан ауытқуға:
Тармақша 1
1) тапсырыс беруші (инвестор) жиынтығында мынадай мiндеттi шарттарды орындаған кезде:
құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамамен расталуға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, конструкциялардың сенімділігі, құрылыс объектісінің жұмыс істеу орнықтылығы және еңбекті қорғау нормаларын сақтағанда;
тауарларды берушiлердi (жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушiлердi) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттiк нормативтiк құжаттарға сәйкес оларға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз еткенде тапсырыс берушінің (инвестордың) шешiмi бойынша;
Тармақша 2
2) индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген құрылыс объектісін жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді жүргізу кезінде жол берiледi.
Тармақ 15
15. Сметалық бөлімі жоқ жобалау-сметалық құжаттама сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік қала құрылысы кадастрыныңң автоматтандырылған цифрлық жүйесіне енгізілуге жатады.
Тармақ 16
16. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу процесін ұйымдастыру мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілері үшін міндетті болып табылатын «бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу мен сараптауды ұйымдастыруға арналған порталда жүзеге асырылады.
Бап 99
99-бап. Құрылыс жобасы
Тармақ 1
1. Жаңа құрылыс объектілерін, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салу жобасында құрылыс объектісі орналасатын жердің қала құрылысы тұрғысынан негізділігі, құрылысты жүргізу және құрылыс объектісін пайдалануға тапсыру үшін қажетті көлемде экономикалық, сәулеттік, көлемдік-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлік, табиғат қорғау, энергия үнемдеу, энергия тиімділігі шешімдері мен өзге де шешімдер қамтылуға тиіс.
Жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде орындалған және мыналарға:
Тармақша 1
1) құрылыс объектілерін күрделі жөндеуге немесе ғимараттар мен құрылысжайларды реставрациялауға;
Тармақша 2
2) пайдаланылатын құрылыс объектілерін реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға немесе техникалық қайта жарақтандыруға;
Тармақша 3
3) авариялық құрылыс объектілерін cүруді қоспағанда, құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жаратуға;
Тармақша 4
4) құрылысы тоқтатыла тұрған, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялауға (консервациялаудан алуға) арналған жобалау-сметалық құжаттама да құрылыс жобаларына жатады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құрылыс жобасының жобалау шешiмдері мен көрсеткiштерi оны iске асыру кезiнде мiндеттi болып табылады.
Құрылыс жобасының атауы құрылыс қызметінің түрін көрсетуге, құрылыс объектісінің атауын қамтуға, оны әзірлеу үшін берілген бастапқы материалдарға сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 3
3. Құрылыс жобасы:
Тармақша 1
1) тапсырыс беруші бекiткен жобалауға арналған тапсырманың, жер учаскесiн (алаңды, трассаны) таңдау және бөліп беру (пайдалануға рұқсат беру) материалдарының, құрылыс объектiсін инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етудiң техникалық шарттарының, инженерлiк iзденістер нәтижелерінің, тапсырыс берушінің жобалау алдындағы қызметiнің нәтижелерін қоса алғанда, өзге де бастапқы материалдардың негiзiнде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құрылысқа салынатын инвестициялардың негiздемелерiне (техникалық-экономикалық негіздемелерге), ал қажет болған жағдайларда, мердiгермен келiсiлген, құрылыс жобасында қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының, инженерлiк жабдықтар мен құрылғылардың тiзбесiне сәйкес;
Тармақша 3
3) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес әзірленеді.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 100-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда, эскиз (эскиздік жоба) құрылыс жобасы болып табылады.
Тармақ 5
5. Құрылыс жобасын бекіту, сондай-ақ бекітілген құрылыс жобасына өзгерістер енгізу тәртібі осы Кодекс пен мемлекеттік нормативтік құжаттарда айқындалады.
Тармақ 6
6. Жобалауға арналған тапсырмада құрылыстың нормативтік ұзақтығы қысқартылған жағдайда, құрылыс жобасын әзірлеу қосымша ресурстар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
7. 01.07.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 14.07.2026 № 350-VIII Заңымен.
Бап 100
100-бап. Сәулет жобасы
Тармақ 1
1. Сәулет жобасы – құрылысжайды (монументтi) жасаудың дербес жобасы, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттаманың бiр бөлігi ретiнде болады, онда әлеуметтiк, экономикалық, функционалдық, инженерлiк, техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық талаптарды, сондай-ақ энергетикалық тиімділігі жөніндегі талаптарды және құрылыс жобасын немесе құрылысқа арналған өзге де құжаттаманы әзiрлеу үшiн қажеттi көлемде құрылыс объектiсіне қойылатын өзге де талаптарды кешендi түрде ескеретiн сәулеттік түпкі ой, сәулеттік-көркемдiк, композициялық және көлемдiк-жоспарлау шешiмдері қамтылады.
Тармақ 2
2. Сәулет жобасы:
Тармақша 1
1) тапсырыс беруші бекiткен жобалауға арналған тапсырма және алаңды (трассаны) таңдау жөніндегi материалдар, инженерлiк iзденістер нәтижелерi, құрылыс объектiсін инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң техникалық шарттары негiзiнде;
Тармақша 2
2) бекiтiлген қала құрылысы жобаларына сәйкес;
Тармақша 3
3) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес әзірленеді.
Тармақ 3
3. Құрылыс жобасын әзiрлеу кезiнде сәулет жобасының шешiмдерiн сақтау мiндеттi.
Сәулет жобаларын өзгерту автордың (авторлардың) келiсiмiмен не оның (олардың) қатысуымен жүргiзiлуi мүмкiн. Егер бұл ретте сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқулар туындаса, онда республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) оны берген жергілікті атқарушы органдарымен келісу талап етіледі.
Тармақ 4
4. Осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс объектілерін салу жобасын әзірлеуді оңайлату қажет болған жағдайда, сәулет жобасы сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес эскиз (эскиздік жоба) түрінде орындалуы мүмкін.
Бап 101
101-бап. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі
Тармақ 1
1. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен байланыстыру үшін үлгілік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттаманы ұсыну жөніндегі қызметті сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін қағидалар негізінде мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік сараптама ұйымы құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыруды және жүргізуді, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен байланыстыру үшін үлгілік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынуды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен байланыстыру үшін үлгілік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынуды мемлекеттік сараптама ұйымы өтеусіз негізде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылысты жүзеге асыратын тұлғалар құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінің пайдаланушылары болып табылады.
Бап 102
102-бап. Жобалау ұйымдары
Тармақ 1
1. Жобалау ұйымы:
Тармақша 1
1) өз міндеттемелерін орындауға басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тартуға;
Тармақша 2
2) жобалау құжаттамасының тапсырыс берушісінен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) тапсырыс берушілердің жобалау құжаттамасын қарауына қатысуға;
Тармақша 4
4) жобаларға сараптама жүргізу кезінде қатысуға және әзірленген жобалау құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысын алуға;
Тармақша 5
5) жобалау құжаттамасын әзірлеуші ретінде жобаларға сараптама жүргізу шартында үшінші тарап болуға құқылы.
Тармақ 2
2. Жобалау ұйымының міндеттері:
Тармақша 1
1) жобалау шешімдерінің жоғары сәулеттік, техникалық деңгейін және экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шартта белгіленген жұмыстарды орындау мерзімдерін бақылау және қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тапсырыс берушінің жобалауға арналған тапсырманы жасауға қатысуы немесе егер бұл шартта көзделген болса, тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша тапсырма дайындау;
Тармақша 4
4) тапсырыс берушімен келісу бойынша жобалау алдындағы, жобалау жұмыстарының және шартта көзделген басқа да жұмыстардың көлемін, кезеңдерін және құнын айқындау, оларды орындау графиктерін жасау;
Тармақша 5
5) жобалау құжаттамасының жобалауға арналған тапсырма мен бекітілген құрылыс жобасы бойынша жұмыс құжаттамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес жобалау құжаттамасын жинақтау және оны тапсырыс берушіге беру. Негізді қажеттілік туындаған жағдайда, келісуші ұйымдар мен сараптама органдарының ескертулері бойынша жобалау құжаттамасына өзгерістер енгізу;
Тармақша 7
7) әзірленген жобалау құжаттамасын тапсырыс берушіге беру;
Тармақша 8
8) құрылыс объектісі пайдалануға берілгенге дейін құрылыс жобасын іске асырудың барлық сатысында авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) қосымша шарт болған кезде бекітілген графикте белгіленген мерзімдерде құрылысты техникалық құжаттамамен қамтамасыз ету, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін, жабдықтың, бұйымдар мен материалдардың құрамы мен санын айқындау, құрылысқа арналған шығындардың жиынтық сметасы мен жиынтығын жасау;
Тармақша 10
10) жобалау қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтау;
Тармақша 11
11) жобалау құжаттамасын әзірлеу барысында тапсырыс беруші мен үшінші тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жобалау құжаттамасын әзірлеуді жүргізу барысында тапсырыс беруші мен үшінші тұлғалардан алынған құпия ақпаратты жария етпеу;
Тармақша 13
13) жобаларға сараптама жүргізу барысында тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша жобалау құжаттамасының әзірленген бөлімдері (бөліктері) бойынша қажетті материалдар мен ақпаратты беру;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жобалау құжаттамасын және (немесе) өзге де құжаттаманы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға танысу үшін ұсыну;
Тармақша 15
15) шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындау.
Тармақ 3
3. Жобалау ұйымы жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде:
Тармақша 1
1) қабылданатын шешімдердің сапасы мен негізділігі, сондай-ақ өзіне осы Кодексте жүктелген функциялардың орындалуы;
Тармақша 2
2) жобалау құжаттамасының кемшіліктері, оның ішінде құрылыс объектісін пайдалану кезеңінде табылған кемшіліктер;
Тармақша 3
3) өз күшімен орындалған және өзі тартқан қосалқы мердігерлік ұйымдар орындаған жұмыстардың сапасы мен көлемі тиісінше болмағаны;
Тармақша 4
4) шартта көзделген жұмыстарды орындау мерзімдерін бұзғаны;
Тармақша 5
5) тапсырыс берушінің уәжді жазбаша наразылығы бойынша және (немесе) жобаларды келісу және сараптама жүргізу кезеңінде анықталған ақауларды уақтылы жоймағаны немесе жоймағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауаптылықта болады.
Тарау 14. 14-тарау. ЖОБАЛАР САРАПТАМАСЫ
14-тарау. ЖОБАЛАР САРАПТАМАСЫ
Бап 103
103-бап. Жобалар сараптамасының түрлері
Тармақ 1
1. Жобалар сараптамасы мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) сараптама ұйымдары жүзеге асыратын құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік монополияға жатқызылған, мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асыратын құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асыратын қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы.
Тармақ 2
2. Жобалардың мемлекетаралық сараптамасы халықаралық шартқа сәйкес белгіленеді және оны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган және мүдделі мемлекеттердің уәкілетті органдары құратын халықаралық сараптама комиссиялары жүзеге асырады.
Бап 104
104-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған
жобалардың сараптамасы
Жобалар сараптамасының мынадай түрлері мемлекеттік монополияға жатады:
Тармақша 1
1) қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы;
Тармақша 2
2) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы, ол:
қаржыландыру көздеріне қарамастан, жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жататын жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды салу, құрылыс объектілерін, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
қаржыландыру көздеріне қарамастан, жауапкершіліктің екінші деңгейіне жататын жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды салу, құрылыс объектілерін реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру;
мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын, жауапкершіліктің үшінші деңгейіне жататын жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды салу;
құпиялылық белгісі бар немесе «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгі бар құрылыс жобалары;
үлгілік жобалар үшін жүргізіледі.
Бап 105
105-бап. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді
сараптама
Тармақ 1
1. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы құрылыс жобасының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша сертификатталған сарапшылар жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша тапсырыс берушілермен жасалған шарт негізінде оң немесе теріс сараптама қорытындысы беріледі. Сараптама қорытындыларының өзге түрлерін беруге тыйым салынады.
Оң сараптама қорытындылары қаралған құрылыс жобаларын бекітуге негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Мыналар құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жатады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылатын, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің көлемдерінде мемлекеттік меншік үлесін көздейтін ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама;
Тармақша 2
2) осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген, жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі объектілерді салуды қоспағанда, мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз қаржыландырылатын объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама.
Тармақ 4
4. Осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс объектілері, сондай-ақ ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жатпайды.
Тармақ 5
5. Бекітілген құрылыс жобаларын қайта қолданған кезде, сондай-ақ жаппай құрылысқа арналған қолданыстағы үлгілік жобаларды байланыстыру кезінде осы жобаларды нақты жер мен жағдайларға байланыстыру бөлігінде құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын құрылыс жобасын оң сараптама қорытындысынсыз бекітуге және одан әрі іске асыруға жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Құрылыс жобасының тапсырыс берушісі өкілеттіктерін үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, осы құрылыс жобасы бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға тапсырыс беруші де болып табылады.
Тармақ 8
8. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын
және мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайтын құрылыс жобаларының тапсырыс берушісі өз қалауы бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін кез келген сараптама ұйымын таңдауға құқылы.
Тармақ 9
9. Тапсырыс берушілер құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтік құжаттарда көзделген құжаттардың толық жинақталымын ұсынуға міндетті. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығына тапсырыс беруші жауапты болады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік инвестицияларсыз қаржыландырылатын, тапсырыс беруші құрылыс жобасының сметалық бөлігіне сараптама жүргізбеуге құқылы болатын құрылыс жобаларын қоспағанда, құрылыс жобасының жобалау бөлігі де, сметалық бөлігі де құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жатады.
Тармақ 11
11. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік сараптама ұйымы мен сараптама ұйымдары сараптама топтарын құрады, сондай-ақ мамандарды немесе мамандандырылған ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды тартуға құқылы.
Қаралатын құрылыс жобаларын дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама түрде қатысқан не оларды әзірлеген жобалау ұйымдарының өкілдері болып табылатын мамандарды немесе мамандандырылған ұйымдарды
сараптама топтарының құрамына енгізуге, сондай-ақ құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға өзге де нысанда қатысу үшін тартуға жол берілмейді.
Тармақ 12
12. Құрылыс жобаларына жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптама нәтижелерімен келіспеген кезде тапсырыс беруші сараптама қорытындысына сотқа шағымдануға құқылы.
Тармақ 13
13. Азаматтық істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде құрылыс жобаларына кешенді сараптаманың қорытындыларына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 14
14. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама сапасыз әзірленген және бұрын сараптамамен мақұлданған жобаға және (немесе) құрылыс барысында анықталған, бекітілген құрылыс жобасынан негізсіз ауытқуларға байланысты жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда да жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Ерекше реттеуді және қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілері бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама ерекше реттеуді және қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше реттеуді және қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке жоспарларын әзірлеу және келісу тәртібі жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ бұрыннан барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында реттеледі.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік сараптама ұйымы мен сараптама ұйымдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға сараптама қорытындыларын ұсынады.
Тармақ 17
17. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу процесін ұйымдастыру «бір терезе» қағидаты бойынша жобалардың әзірленуі мен сараптамасын ұйымдастыруға арналған портал алаңында жүзеге асырылады.
Бап 106
106-бап. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді
сараптамасының құны және оны жүргізу мерзімдері
Тармақ 1
1. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы шығындарды қаралып отырған құрылыс жобасын әзірлеу құнына жатқыза отырып, жобаларға сараптама жүргізуге тапсырыс берушілер мемлекеттік сараптама ұйымымен немесе сараптама ұйымдарымен жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қаржыландыру көзіне қарамастан, мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 3
3. Сараптама ұйымдары орындайтын сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес және (немесе) тапсырыс беруші мен сараптама ұйымы арасындағы шартта белгіленеді.
Тармақ 4
4. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу тәртібі мен мерзімдері жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ бұрыннан барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу қағидаларында айқындалады.
Бап 107
107-бап. Қала құрылысы жобаларының кешенді
қала құрылысы сараптамасы
Тармақ 1
1. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын құрамында тиісті бөлімдер (бөліктер) бойынша сертификатталған сарапшылары бар мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қала құрылысы жобалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді.
Тармақ 3
3. Қала құрылысы жобаларын осы жобалардың тапсырыс берушілері қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес құжаттардың толық жинақталымымен бірге қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына жібереді. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығы үшін тапсырыс беруші жауапты болады.
Тармақ 4
4. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы жобалау шешімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалауға арналған бастапқы материалдардың шарттарына сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, оның ішінде бастапқы материалдар құрамында қала құрылысы жобасына жүргізілген қоғамдық және жария тыңдаулар мен жұртшылықпен талқылаулар хаттамасының бар-жоғын тексеру, сондай-ақ жобалау шешімдері мен есеп-қисаптарда қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің талаптарын сақтау арқылы қала құрылысы жобаларының сапасына талдау мен бағалау жүргізуден тұрады.
Тармақ 5
5. Бекітілген қала құрылысы жобаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу (түзету) кезінде осы бапқа сәйкес қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Мыналар қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасының тапсырыс берушілері болып табылады:
жалпымемлекеттік маңызы бар жобалар бойынша – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;
өңірлік маңызы бар жобалар және елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу жобалары бойынша – жергілікті атқарушы органдар.
Қала құрылысы жобаларының тапсырыс берушісі өкілеттіктерін үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, осы қала құрылысы жобасы бойынша қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасының тапсырыс берушісі де болып табылады.
Тармақ 7
7. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасының нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тапсырыс берушілермен жасалған шарт негізінде оң немесе теріс сараптама қорытындысы беріледі. Сараптама қорытындыларының өзге түрлерін беруге тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасының оң сараптама қорытындылары қала құрылысы жобаларын бекітуге негіз болып табылады.
Тармақ 9
9. Қала құрылысы жобасы бойынша сараптама қорытындысының қолданылу мерзімі осы жобаның қолданылу мерзімімен шектеледі.
Тармақ 10
10. Тапсырыс беруші қала құрылысы жобаларының жүргізілген кешенді қала құрылысы сараптамасының нәтижелерімен келіспеген кезде сарапшылардың қорытындысына сотқа шағымдануға құқылы.
Тармақ 11
11. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу процесін ұйымдастыру «бір терезе» қағидаты бойынша жобалардың әзірленуі мен сараптамасын ұйымдастыруға арналған портал алаңында жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік сараптама ұйымы қала құрылысы жобалары бойынша берілген теріс қорытындылар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Бап 108
108-бап. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы
сараптамасының құны мен мерзімдері
Тармақ 1
1. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы шығындарды қаралып отырған жобаны әзірлеу құнына жатқыза отырып, тапсырыс берушілер мемлекеттік сараптама ұйымымен жасасатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын жұмыстардың құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу тәртібі мен мерзімдері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен айқындалады және оны жүргізуге арналған шартта көрсетіледі.
Бап 109
109-бап. Сараптама ұйымдары
Тармақ 1
1. Сараптама ұйымдары құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын:
қаржыландыру көздеріне қарамастан, жауапкершіліктің екінші деңгейіне жататын бұрыннан бар құрылыс объектілерін, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды күрделі жөндеу;
мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын, жауапкершіліктің үшінші деңгейіне жататын бұрыннан бар құрылыс объектілерін, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды күрделі жөндеу, құрылыс объектілерін реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру;
жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылатын, жауапкершіліктің үшінші деңгейіне жататын жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды салу, бұрыннан бар құрылыс объектілерін, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу үшін жүргізеді.
Сараптама ұйымдары құрылыс жобасының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу жөніндегі рәсімдер мен операцияларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен «бір терезе» қағидаты бойынша жобалардың әзірленуі мен сараптамасын ұйымдастыруға арналған портал алаңында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Сараптама ұйымдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, тұтас құрылыс жобасына құжаттардың толық жинақталымына немесе оқшау сараптама қорытындыларын бере отырып, құрылыс жобасының жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жүргізуге құқылы.
Құрылыс жобасының жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша оқшау сараптама қорытындылары тұтас құрылыс жобасын бекітуге негіз болып табылмайды, бірақ жиынтық сараптама қорытындысының құрамында пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік монополияға жатқызылмаған, құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын сараптама ұйымдары жүргізеді.
Тармақ 4
4. Сараптама ұйымдары осы Кодексте көзделген сараптама қызметінен басқа, өзге қызметпен айналысуға құқылы емес.
Тармақ 5
5. Сараптама ұйымдары осы баптың 1-тармағында көзделген құрылыс жобалары бойынша жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетеді.
Бап 110
110-бап. Жобалау саласындағы сарапшылар
Жобалау саласындағы сарапшылар оларды басқа сараптама ұйымымен немесе мемлекеттік сараптама ұйымымен жасалған шарт бойынша штаттан тыс сарапшылар ретінде тарту, сондай-ақ мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымы басшылығының тапсырмасымен жекелеген бөлімдер (бөліктер) бойынша жобаның сараптамасын орындау жағдайларын қоспағанда, сараптама жұмыстарын жеке-дара жүзеге асыруға құқылы емес.
Бап 111
111-бап. Жобалау саласындағы сараптама қызметі субъектілерінің
құқықтары, міндеттері және жауаптылығы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік сараптама ұйымының және сараптама ұйымдарының құқықтары мен міндеттері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
Тармақ 2
2. Жобалау саласындағы сарапшы:
Тармақша 1
1) сараптама топтарының құрамында жобалардың сараптамасына қатысуға;
Тармақша 2
2) жобаның сараптамасына тапсырыс берушілерден қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) жобалау саласындағы сараптама қызметімен айналысу құқығына арналған сарапшы сертификатында көрсетілген мамандануына сәйкес жекелеген бөлімдер (бөліктер) бойынша жобалардың сараптамасын жүзеге асыруға, олар бойынша сараптама қорытындысының тиісті бөліктерін жасауға;
Тармақша 4
4) осы Кодексте көзделген жағдайларда, мемлекеттік сараптама ұйымының немесе сараптама ұйымының бұрын берілген сараптама қорытындыларын кері қайтарып алуына бастама жасауға;
Тармақша 5
5) педагогикалық, ғылыми және (немесе) өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқылы.
Тармақ 3
3. Жобалау саласындағы сарапшыға:
Тармақша 1
1) осы сарапшы дайындауға тікелей немесе жанама түрде қатысқан не жұбайының (зайыбының) және (немесе) жақын туыстарының қатысуымен орындалған жобалардың сараптамасын жүргізуге, сондай-ақ осы Кодексте белгіленбеген сараптама қорытындыларын беруге;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметімен байланысты кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерімен айналысуға;
Тармақша 3
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзге де субъектілерімен еңбек, қаржылық және (немесе) өзге де тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.
Жобалау саласындағы сарапшының осы тармақтың талаптарын бұзуы, егер онда қылмыстық құқық бұзушылық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануға не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға алып келеді.
Тармақ 4
4. Жобалау саласындағы сарапшы:
Тармақша 1
1) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік сараптама ұйымының немесе сараптама ұйымдарының бірінің штатында болуға;
Тармақша 2
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жобалардың сараптамасы кезінде құпиялылықты сақтауға және қызметтік және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) өзінің кәсіптік біліктілігін жүйелі түрде арттыруға;
Тармақша 4
4) кәсіби әдепті сақтауға;
Тармақша 5
5) жобаның сараптамасын жүргізу жөніндегі рәсімдер мен операцияларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен «бір терезе» қағидаты бойынша жобалардың әзірленуі мен олардың сараптамасын ұйымдастыруға арналған портал алаңында жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 5
5. Жобалар сараптамасының сапасыз жүргізілу фактілері анықталған жағдайда, жобалау саласындағы сараптама қызметінің субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Оң сараптама қорытындысы бар сапасыз құрылыс жобалары немесе қала құрылысы жобалары үшін жобалау саласындағы сараптама қызметінің субъектілері құрылыс жобаларының немесе қала құрылысы жобаларының тиісті әзірлеушілерімен қатар жауаптылықта болады.
Бап 112
112-бап. Жобалау саласындағы сараптама қызметі
субъектілерінің тәуелсіздігі
Тармақ 1
1. Жобалау саласындағы сараптама қызметінің субъектілері жобалардың сараптамасын жүргізу кезінде тәуелсіз болады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жобалау құжаттамасын жобалар сараптамасына қабылдап алу, оларды қарау, олар бойынша сараптама қорытындыларын дайындау және ресімдеу барысында жобалау саласындағы сараптама қызметі субъектілерінің жұмысына араласуға ешкім де құқылы емес.
Тармақ 3
3. Жобалау саласындағы сараптама қызметі субъектілерінің қызметіне араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 113
113-бап. Сараптама ұйымдарына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Сараптама ұйымдарының құрамында құрылыс жобасының сәулет, конструкциялық бөлік, инженерлік желілер мен жүйелер (инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша), технологиялық бөлік (құрылыс объектісінің мақсатына қарай), сметалық бөлік сияқты негізгі бөлімдеріне (бөліктеріне) сәйкес келетін мамандандырулар бойынша жобалау саласындағы кемінде бес сарапшы болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Сараптама ұйымдары мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Тармақша 1
1) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеуден өтуге;
Тармақша 2
2) іс қағаздарын жүргізу шеңберінде құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына құрылыс жобасының келіп түскен күні мен сараптама қорытындылары берілген күннің есебін жүргізуге міндетті.
Бап 114
114-бап. Мемлекеттік сараптама ұйымы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік сараптама ұйымына басшылықты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік сараптама ұйымы осы Кодекстің 104-бабында көзделген мемлекеттік монополияға жататын жобалардың сараптамасын жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік сараптама ұйымы оператор ретінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша жобалардың әзірленуі мен сараптамасын ұйымдастыруға арналған порталды жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік сараптама ұйымы осы Кодекстің 104-бабында көзделген мемлекеттік монополияға жататын құрылыс жобалары бойынша жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетеді.
Бап 115
115-бап. Сараптама қорытындыларын кері қайтарып алу және
сараптама жұмыстарын тоқтату
Тармақ 1
1. Мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымдары бұрын берілген сараптама қорытындысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) тапсырыс беруші кері қайтарып алынған сараптама қорытындысының тұжырымдарында көрсетілген шарттарды (талаптарды) орындамаған;
Тармақша 2
2) сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерін, сондай-ақ мыналарды:
құрылыс жобасын, қала құрылысы жобасын әзірлеу немесе жобаның сараптамасын жүргізу кезеңінде жобалау құжаттамасын немесе мемлекеттік органның бастапқы материалдарды беруге негіз болған актісін әзірлеу үшін негіз болып табылған бастапқы материалдардың өзгергенін немесе күші жойылғанын;
құрылыс жобасын немесе қала құрылысы жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылған бастапқы материалдардың анық еместігін (бұрмаланғанын, жалған екенін, қолдан жасалғанын және басқаларды) растайтын заңды күшіне енген сот актілерін алған;
Тармақша 3
3) жоба сараптамасының сапасыз жүргізілу фактілері анықталған жағдайларда кері қайтарып алады.
Тармақ 2
2. Жобалардың сараптамасы барысында сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген заңды күшіне енген сот актілері алынған жағдайда сараптама жұмыстары тоқтатылады және құрылыс жобасы мен қала құрылысы жобасы одан әрі қаралмай тапсырыс берушіге қайтарылуға жатады.
Тармақ 3
3. Сараптама қорытындысындағы техникалық қателер (арифметикалық, грамматикалық қателер, жаңсақ жазылулар, қате жазулар) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен оған толықтыру түрінде түзетіліп жазылуы мүмкін.
Бөлім 5. 5-БӨЛІМ. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН САЛУ (РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ), ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ
КЕЙІННЕН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ (СҮРУ)
5-БӨЛІМ. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН САЛУ (РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ), ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ
КЕЙІННЕН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ (СҮРУ)
Тарау 15. 15-тарау. ҚҰРЫЛЫС (РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ) ПРОЦЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
15-тарау. ҚҰРЫЛЫС (РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ) ПРОЦЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 116
116-бап. Тапсырыс берушілер және мердігерлер (бас мердігерлер)
Тармақ 1
1. Құрылыстағы мердігерлік жұмыстарға байланысты, мемлекеттік сатып алуға жатпайтын (құрылысқа арналған жобалауды, іздестіру, сараптама, зерттеу жұмыстарын, тапсырыс бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындауды (жасап шығаруды) қоса алғанда) қатынастардың негізгі қатысушылары тапсырыс беруші не оның уәкілетті адамы және мердігер (бас мердігер) болып табылады.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда) мердігерлер (бас мердігерлер) болып табылады.
Тармақ 3
3. Құрылыс объектілерін, оның ішінде бірегей құрылыс объектілерін және ірі инвестициялық жобаларды салу үшін және мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеуді ендіру шеңберінде іске асырылатын «пилоттық» жобалар үшін құрылыс жобасының (бағдарламасының) тапсырыс берушісі жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаларды тарта алады.
Тармақ 4
4. Мердігерлік жұмыстары мемлекеттік сатып алуға жатпайтын құрылыс жобаларын іске асыру үшін тапсырыс беруші инженер-консультанттардың халықаралық қоғамдастықтары әзірлеген құрылыс келісімшарттарының үлгілік нысандарын қолдана отырып, құрылыс мердігерлігіне арналған шарт жасасуға құқылы.
Тармақ 5
5. Орындалған мердігерлік жұмыстар үшін есеп айырысу тәртібі мемлекеттік нормативтік құжаттарда және (немесе) құрылыс мердігерлігі шартында айқындалады.
Бап 117
117-бап. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) мердігер (бас мердігер) орындап жатқан мердігерлік жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) мердігерден құрылыс мердігерлігі шартында, құрылыс жобасында, мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттарда көзделген талаптарды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де талаптарды бұза отырып орындалған мердігерлік жұмыстарды қабылдамауға;
Тармақша 3
3) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның қызметін бақылауға;
Тармақша 4
4) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардан немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғадан алынатын тиісті құжаттарда сәйкессіздіктер анықталған жағдайда оларды алудан бас тартуға;
Тармақша 5
5) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны берген кезде құрылысты «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелер арқылы құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін ұсынуға құқылы.
Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигі астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органымен келісуге жатады.
Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу тәртібін, оның нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) мердігерлік жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы беруге;
Тармақша 2
2) құрылыс объектісін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) техникалық қадағалаудың және авторлық сүйемелдеудің немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның қатысуымен құрылыс объектісін салуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін мердігерге (бас мердігерге) шаралар қолдануға;
Тармақша 5
5) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді немесе жобаны басқаруды жүзеге асыратын тұлғалар үшін жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның қызметін бақылау бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құрылыс объектісіне кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) құрылыс объектісі бойынша жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы не өзге де құжаттарды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға танысу үшін ұсынуға;
Тармақша 9
9) құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылыс объектісі орналасқан жердегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен нысандарға сәйкес құрылыс объектісінің техникалық сипаттамаларын, инженерлік желілердің және (немесе) құрылыс объектілерінің нақты жағдайының атқарушылық геодезиялық түсірілімін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытындыларды қоса бере отырып, құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың бекітілген актісін және объектінің өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны жіберуге;
Тармақша 10
10) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көппәтерлі тұрғын үй кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің түгендеу тізбесін міндетті түрде жасай отырып, пайдалануға қабылдап алынған көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін тіркеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 11
11) көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерін, тұрғын емес үй-жайларын, орынтұрақ орындарын, қоймаларын жеке (бөлек) меншікке сату басталғанға дейін көппәтерлі тұрғын үйдің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 12
12) пайдалануға қабылдап алынған құрылыс объектісі тіркелген кезден бастап алты ай ішінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс объектісінің сыртқы инженерлік желілері мен құрылысжайларын коммуналдық меншікке өтеусіз беруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесін көппәтерлі тұрғын үй кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына немесе құрылыс объектісінің ортақ мүлкінің құрамына енгізуді өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
Тармақша 14
14) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, сондай-ақ инженерлік ізденістер материалдарын (қала құрылысы жобаларының топографиялық түсірілімін, жобалау сатысындағы топографиялық түсірілімді және құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу сатысындағы атқарушы геодезиялық түсірілімді) тіркеуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Бап 118
118-бап. Мердігердің (бас мердігердің)
құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Мердігер (бас мердігер):
Тармақша 1
1) жасалған құрылыс мердігерлігі шарты шеңберінде тапсырыс берушіден жұмыстарды орындау үшін қажетті шарттардың ұсынылуын талап етуге;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушіден құрылыс объектісін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуді талап етуге;
Тармақша 3
3) тапсырыс беруші осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында белгіленген талаптарды екі айдың ішінде орындамаған жағдайда құрылыс мердігерлігі шартын бұзуды талап етуге;
Тармақша 4
4) құрылыс мерзімі бір жылдан асатын құрылыс жобасының (жобалау-сметалық құжаттаманың) құрамында алты ай ішінде қаржыландыру болмаған не қаржыландыру құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландырудың графигіне сәйкес келмеген жағдайда құрылыс мердігерлігі шартын бұзуды талап етуге;
Тармақша 5
5) сараптама қорытындылары, бастапқы материалдар негізсіз кері қайтарып алынған және олардың күші жойылған кезде залалды (келтірілген тікелей шығындарды) өтеуді талап етуге;
Тармақша 6
6) мердігерлік жұмыстың тоқтап қалуынан не оның орындалу мерзімін ауыстырудан не мердігерлік жұмыс құнының ұлғаюынан туындаған қосымша шығасыларды қоса алғанда, келтірілген залалдарды өтеуді тапсырыс берушіден талап етуге;
Тармақша 7
7) тапсырыс беруші ұсынған материалдар, жабдық, техникалық құжаттама жарамсыз немесе сапасыз болған, тапсырыс беруші үшін мердігерлік жұмысты орындау тәсілі туралы оның нұсқауларын орындаудың ықтимал қолайсыз салдары, сондай-ақ орындалып жатқан мердігерлік жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп төндіретін не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін, мердігерге (бас мердігерге) байланысты емес өзге де мән-жайлар орын алған жағдайларда құрылыс мердігерлігі шартынан бас тартуға және оның тоқтатылуынан келтірілген залалды өтеуді талап етуге;
Тармақша 8
8) тапсырыс берушіден Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылыс мердігерлігі шартында көрсетілген жағдайларда және мөлшерде өзіне аванс не кепілақы төлеуді талап етуге;
Тармақша 9
9) қосымша мердігерлік жұмыстар мердігердің (бас мердігердің) кәсіптік қызмет саласына кірмейтін не мердігер (бас мердігер) өзіне байланысты емес себептер бойынша оларды орындай алмайтын жағдайларда мұндай жұмыстарды орындаудан бас тартуға;
Тармақша 10
10) тапсырыс берушіден, егер өзіне байланысты емес себептер бойынша мердігерлік жұмыстардың құны сметадан кемінде он пайызға асып кетсе, сметаны қайта қарауды талап етуге;
Тармақша 11
11) жобалау-сметалық құжаттама мердігердің (бас мердігердің) тапсырысы бойынша жасалған жағдайлардан басқа, тапсырыс берушіден мұндай құжаттамада ақаулардың анықталуына және оларды жоюға байланысты шеккен ақылға қонымды шығыстарын өтеуді талап етуге;
Тармақша 12
12) тапсырыс беруші ұсынған материалдарды (бөлшектерді, конструкцияларды) немесе жабдықты орындалып жатқан мердігерлік жұмыстардың сапасын нашарлатпай пайдаланудың мүмкін еместігі анықталған және тапсырыс беруші мердігердің (бас мердігердің) оларды ауыстыру туралы талабын ақылға қонымды мерзімде орындамаған жағдайларда құрылыс мердігерлігі шартынан бас тартуға және тапсырыс берушіден мердігерлік жұмыстардың орындалған бөлігіне пропорционалды түрде шарттың бағасын төлеуді, сондай-ақ бұл сомамен жабылмаған залалды өтеуді талап етуге;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Мердігер (бас мердігер):
Тармақша 1
1) мердігерлік жұмыстарды тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын (кіру, операциялық, аралық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) құрылыс процесінде анықталған кемшіліктерді (ақаулар мен шалағайлықтарды) уақтылы жоюға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарының сұрау салуы бойынша орындалып жатқан (орындалған) мердігерлік жұмыстардың және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сапасына зертханалық бақылау жүргізуге;
Тармақша 6
6) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын адамдардың құрылыс объектісіне кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын адамдардың немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның қызметін бақылау бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құрылыс объектісіне кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) құрылыс объектісі бойынша жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы не өзге де құжаттарды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға танысу үшін ұсынуға;
Тармақша 9
9) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның нұсқамаларын, техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның нұсқауларын орындауға;
Тармақша 10
10) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның жұмысына кедергі келтіруге және араласуға жол бермеуге;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Бап 119
119-бап. Мердігерді таңдау
Тармақ 1
1. Тапсырыс берушінің не оның уәкілетті адамының мемлекеттік сатып алуға жатпайтын мердігерлік жұмыстарды орындау үшін мердігерді (бас мердігерді) таңдауы:
Тармақша 1
1) егер осы жоба (бағдарлама) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, конкурс өткізілмей;
Тармақша 2
2) жабық немесе ашық конкурстың (тендердің) нәтижелері бойынша;
Тармақша 3
3) конкурсқа (тендерге) қатысуға үміткерлердің алдын ала біліктілігі арқылы немесе онсыз жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Мыналар мердігерлік жұмыстарға конкурстардың (тендерлердің) негізгі қатысушылары болып табылады:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің не тапсырыс беруші өкілеттіктерінің негізінде әрекет ететін оның уәкілетті адамының атынан конкурстарды (тендерлерді) ұйымдастырушы (өткізуші);
Тармақша 2
2) конкурс жюриі (тендер комиссиясы) – конкурсты (тендерді) ұйымдастырушының (өткізушінің) тұрақты немесе уақытша алқалы жұмыс органы;
Тармақша 3
3) үміткерлер – конкурстарды (тендерлерді) ұйымдастырушыға (өткізушіге) ашық конкурсқа (тендерге) қатысу ниеті туралы өтінім беріп, ресми түрде жүгінген, конкурсқа (тендерге) қатысуға жіберілген тұлғалар, сондай-ақ жабық конкурсқа (тендерге) қатысуға шақыру алған тұлғалар.
Тармақ 3
3. Мердігерді (бас мердігерді) таңдау жөнінде конкурс (тендер) өткізу туралы шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ құрылыс жобасын (бағдарламаны) іске асыру басталған кезде тапсырыс берушінің:
Тармақша 1
1) құрылыс үшін қажетті қаржыландыру көздері немесе құрылыс жобасын (бағдарламаны) іске асыру үшін талап етілетін уақыт кезеңінде қажетті сомаға билік ету құқығы болуға тиіс. Бұл ереже құрылысты мердігердің (бас мердігердің) қаржыландыруы жөніндегі талап конкурс (тендер) шарттарына енгізілген жағдайда қолданылмайды;
Тармақша 2
2) жер учаскесіне (құрылысқа арналған алаңға немесе трассаға) тиісті құқықтары немесе жергілікті атқарушы органның оны беру туралы шешімі болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Егер мердігерді (бас мердігерді) таңдау жөніндегі конкурстың (тендердің) шарттарында инвестициялардың негіздемелерін жасау және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу тапсырыс берушінің міндеттеріне кіретіні айқындалса, онда мердігерлік жұмыстарға конкурс (тендер) өткізу кезінде тапсырыс берушіде құрылыс жобаларының белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялардың негіздемесі және ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы болуы міндетті.
Тармақ 5
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағы мердігерді (бас мердігерді) таңдау жөніндегі ашық конкурс (тендер) ұйымдастырылатын және өткізілетін жер болып табылады.
Тармақ 6
6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, конкурстың (тендердің) тәртібі мен шарттарын тапсырыс беруші немесе оның тапсырмасы бойынша конкурсты (тендерді) ұйымдастырушы (өткізуші) айқындайды.
Тармақ 7
7. Мыналар конкурстарға (тендерлерге) қатысуға жіберілмейді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсат етілмеген жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) банкрот деп жарияланған заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) конкурсты (тендерді) ұйымдастырушылар (өткізушілер) не конкурс жюриінің (тендер комиссиясының) мүшелері болып табылатын адамдар.
Тармақ 8
8. Тапсырыс беруші не конкурсты (тендерді) ұйымдастырушы (өткізуші) және конкурс жюриі (тендер комиссиясы) үміткерден оның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпаратты міндетті түрде беруді талап етуге құқылы емес.
Тармақ 9
9. Мердігерлік жұмыстарға өткізілген конкурсты (тендерді) өтті деп жариялау және тапсырыс берушінің конкурсқа (тендерге) қатысушылардың бірін жеңімпаз деп бекітуі (тануы) олардың арасында конкурс (тендер) талаптарында көзделген мердігерлік жұмыстарды орындауға құрылыс мердігерлігі шартын жасасуға негіз болып табылады.
Тармақ 10
10. Тапсырыс беруші, мердігерлік жұмыстарға арналған конкурсты (тендерді) ұйымдастырушы (өткізуші) және конкурс жюриі (тендер комиссиясы) өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік сатып алуға жатпайтын мердігерлік жұмыстар тапсырыс беруші не оның уәкілетті адамы мен өздері таңдаған мердігер (бас мердігер) арасында жасалатын құрылыс мердігерлігі шартының негізінде орындалады.
Осы баптың 9-тармағына сәйкес жасалған құрылыс мердігерлігі шартында мердігер (бас мердігер) қосалқы мердігерлердің орындауына беруге ниеттеніп отырған мердігерлік жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері мен көлемдері міндетті түрде көрсетіледі. Бұл ретте барлық мердігерлік жұмыстардың құрылыс мердігерлігі шартында көзделген құнының (мердігерлік бағаның) жиынтығында үштен екісінен астамын қосалқы мердігерлікке беруге жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалатын мердігерлік жұмыстарды (көрсетілетін қызметтердің) орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін осындай жұмыстардың шекті көлемдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 12
12. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушінің мердігер (бас мердігер) алдындағы және мердігердің (бас мердігердің) тапсырыс беруші алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі құрылыс мердігерлігі шартында белгіленеді.
Тармақ 13
13. Құрылыс мердігерлігі шартында мердігердің (бас мердігердің) қаржылық жауаптылығын айқындайтын, құрылыс объектісі пайдалануға берілгеннен кейін оның орнықты жұмыс істеуінің кепілдік мерзімдері белгіленеді.
Құрылыс мердігерлігі шартында кепілдік мерзімдер белгіленбеген жағдайда осы Кодекстің 122-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген норма қолданылады.
Бап 120
120-бап. Құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар
Тармақ 1
1. Құрылыс процесінің тиісті кезеңдерінде осы бапта белгіленген рәсімдер орындалуға және талаптар сақталуға тиіс.
Құрылысты қаржыландыру мерзімдері мен сомалары белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген мердігерлік жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мерзімдері мен сомаларына сәйкес келуге тиіс.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамындағы мердігерлік жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрлерінің тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 2
2. Құрылыс объектісін салуды жүзеге асыруға ниеті бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алуға міндетті. Тапсырыс берушінің жер учаскесіне тиісті құқығы және бекітілген қала құрылысы жобаларына сәйкес функционалдық аймағы болған жағдайда құрылыс объектісін салу үшін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарынан қосымша шешім алу талап етілмейді.
Құрылыс объектісінде мердігерлік жұмыстарды жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілген жер учаскелерінде ғана жол беріледі.
Ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгек құрылысжайларын және (немесе) тіректерді салуға, оның ішінде ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған орынды салуға жер учаскесінің нысаналы мақсатына қарамастан, жер учаскесінің меншік иесімен жасалған жер учаскесін және (немесе) оның бір бөлігін жалдау шарты болған кезде жол беріледі.
Жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалауға, салуға және оларға қызмет көрсетуге, табиғат қорғау ұйымымен жасалған, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілмей рұқсат етіледі.
Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.
Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешімнің қолданылу мерзімдері шешім қабылданған күннен бастап құрылыс басталғанға дейін құрылыс жобасын жобалаудың және белгіленген тәртіппен жобаны бекітудің нормативтік ұзақтығы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгіленеді және рұқсат беру құжатында көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы оң шешімді алу мүмкін болмаған жағдайларда астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары өтініш берілген кезден бастап он күн ішінде өтініш берушіге (тапсырыс берушіге) оның осы құрылысты жүзеге асыру ниеті қайшы келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын (ережелердi, талаптарды, шектеулердi, сервитуттарды) көрсете отырып, уәжді бас тартумен жауап қайтаруға міндетті.
Тармақ 5
5. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешімі және сәулет-жоспарлау тапсырмасы тапсырыс берушінің белгіленген құрылыс объектісін жобалауға арналған тапсырманы жасауы үшін негіз болып табылады.
Жобалауға арналған тапсырманы тапсырыс беруші не оның уәкілетті адамы (құрылыс салушы) жасайды және оны тапсырыс беруші бекітеді.
Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындауға арналған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Жобалауға арналған тапсырма құрылыс объектісінің талап етілетін параметрлерін, бастапқы материалдарды, оның ішінде сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу және сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлері карталарының мәліметтерін қамтуға тиіс.
Тармақ 6
6. Болжалды құрылыс ауданында инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынушылар астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сұрау салуы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кейіннен пайдалануға берілген құрылыс объектісін салу және оның орнықты жұмыс істеуі үшін талап етілетін, сұратылып отырған (есептік) параметрлерде инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық көрсетілетін қызметтер көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды ұсынады.
Берілген техникалық шарттар тұтынушының жазбаша өтініш (өтінім, арыз) беруі арқылы олардың қолданылу кезеңі ішінде инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық көрсетілетін қызметтер көздеріне қосылуға арналған жаңа техникалық шарттарға өзгертілуі мүмкін.
Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынушылар берген, инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық көрсетілетін қызметтер көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттарға сәйкес әзірленген және құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған сыртқы инженерлік желілер мен құрылысжайлардың құрылыс жобалары инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынушылармен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен қосымша келісуге жатпайды.
Тармақ 7
7. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынушылардың техникалық шарттар берілген кезде инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылым объектілерін кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) тапсырыс берушінің (тұтынушының) қатысуы (үлестік қатысуы) туралы негізсіз талаптар белгілеуіне жол берілмейді.
Аталған елді мекеннің немесе құрылыс ауданының инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылымының қазіргі қамтамасыз етілу деңгейі тапсырыс беруші (тұтынушы) сұратқан параметрлерде көрсетілетін қызметтерді ұсынуға мүмкіндік бермейтін жағдайларда, қосылатын абоненттердің қосымша жүктемелерін жабуға арналған инфрақұрылым объектілерін кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) байланысты шығындар туралы мәселелер өнім берушілер (өндірушілер) мен тапсырыс беруші (тұтынушы) арасында шарттық және қайтарымды негіздерде шешілуге тиіс.
Тармақ 8
8. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешімнің не тапсырыс берушінің жер учаскесіне құқығының негізінде тапсырыс берушіге инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық көрсетілетін қызметтер көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттар бар сәулет-жоспарлау тапсырмасын береді.
Астананың жергілікті атқарушы органы эскиздік жобаны келісу кезінде құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес оның жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасына сәйкестігін тексереді.
Инженерлік жағынан қамтамасыз ету және коммуналдық көрсетілетін қызметтер көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттары бар сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру туралы шешім қабылданғанға және эскиздік жоба келісілгенге дейін тиісті талдау, оның ішінде осы Кодекстің 146-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, қағидаларды, шектеулерді) бұзудың болмауы тұрғысынан цифрлық жүйелердің мәліметтері бойынша талдау жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру үшін қажетті бастапқы материалдардың құрамы мен көлемі мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді.
Жаңа құрылыс объектісін салу немесе оны реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, жаңғырту, реставрациялау) үшін жер учаскесін бөліп беру (телім беру) талап етілмейтін жағдайларда, сондай-ақ егер осы мақсаттар үшін инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық көрсетілетін қызметтер көздеріне қосу қажет болмаса, сәулет-жоспарлау тапсырмасында тиісті жазба жасалады.
Тармақ 10
10. Жобалауға арналған тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзірленген жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келісуден, құрылыс жобасының ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан және бекітуден өтеді.
Су объектісінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында құрылыс салу үшін әзірленген жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілуге жатады.
Тармақ 11
11. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін тапсырыс беруші мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Егер құрылыс-монтаждау жұмыстарын су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында жүргізу жоспарланса, жұмыстарды жүргізу шарттары Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілуге жатады.
Бұл ретте энергия беруші ұйымдардың өз желілеріне кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын технологиялық қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағаны туралы хабардар етуі талап етілмейді.
Тармақ 12
12. Құрылыс процесі осы Кодекстің 6-тарауының нормаларына сәйкес сәулет-құрылыс бақылауымен және қадағалаумен сүйемелденеді.
Тармақ 13
13. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау мерзімдері бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада ескерілген мерзімнен аз болған жағдайларда мердігер (бас мердігер) құрылыс мердігерлігі шартында (сметада) көзделген тұрақты баға бойынша жұмыстарға ақы төлеу құқығын сақтайды.
Тармақ 14
14. Құрылыс объектісі осы Кодекстің 18-тарауының нормаларына сәйкес пайдалануға қабылдап алуға жатады.
Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың белгіленген тәртіппен бекітілген актісі ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) жаңадан салынған жылжымайтын мүлікке олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың цифрлық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 15
15. Жаңа құрылыс объектілерін салуға және құрылыс объектілерін өзгертуге қажетті құжаттарды ресімдеу мен берудің тәртібі, мерзімдері құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 16
16. Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуеайлақ жабдығының және әуе кемелері ұшуының адамдардың денсаулығы мен жеке және заңды тұлғалардың қызметіне ықтимал теріс әсерлері ескеріле отырып, ұшу қауіпсіздігінің талаптарын сақтау үшін әуеайлақ маңы аумағындағы құрылыс Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Бап 121
121-бап. Техникалық тапсырыс берушінің «толық бітіріп берілетін»
құрылыс жобаларын іске асыру кезіндегі қызметі
Тармақ 1
1. Жауапкершiлiктiң бiрiншi және екiншi деңгейiндегi техникалық және технологиялық жағынан күрделi объектiлерде «толық бітіріп берілетін» құрылыс жөнiндегi жобаларды iске асыру үшiн құрылыстың тапсырыс берушісі техникалық тапсырыс берушiнi тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Техникалық тапсырыс беруші мердігер (бас мердігер) үшін тапсырыс беруші болады және ол мынадай функцияларды жүзеге асырады:
құрылыс жобасын іске асыруды жоспарлауға қатысады;
инженерлік ізденістер жөніндегі жұмыстарды орындайды;
жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді;
құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін мердігерді (бас мердігерді) айқындайды және құрылыс мердігерлігі шартын жасасады не құрылыс-монтаждау жұмыстарын өз бетінше жүзеге асырады;
мердігерлерді (бас мердігерлерді) қажетті бастапқы материалдармен және құжаттамамен қамтамасыз етеді;
орындалып жатқан жұмыстардың сапасы мен көлемін, инженерлік-техникалық жұмыскерлердің болуын, жобалау-сметалық құжаттамада көзделген материалдық-техникалық жарақтандырылуын бақылауды жүзеге асырады;
орындалған жұмыстарды қабылдайды;
атқарушылық-техникалық құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
құрылыс объектісін пайдалануға беруді қамтамасыз етеді.
Техникалық тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асыру тәртібі мен оған қойылатын талаптарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. Техникалық тапсырыс беруші өз функцияларын тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Бап 122
122-бап. Кепілдік мерзімі
Тармақ 1
1. Құрылыс объектілерінің кепілдік мерзімі осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне немесе шартқа сәйкес белгіленеді.
Өзге де барлық жағдайларда кепілдік мерзімі құрылыс объектісін пайдаланудың нормативтік мерзіміне қарай тапсырыс беруші мен мердігер (бас мердігер) арасында құрылысқа шарт жасасқан кезде белгіленеді, бірақ ғимараттардың тіреу конструкцияларына, жабыны мен сыртқы қабырғаларына (қасбеттеріне) берілетін он жылдан кем емес кепілдік мерзімін қоспағанда, құрылыс объектісі пайдалануға қабылдап алынған күннен бастап бес жылдан кем болмайды. Кепілдік мерзімінің бұл шегі қосалқы-көмекші мақсаттағы, жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған уақытша құрылыстар мен құрылысжайларға қолданылмайды.
Осы тармақтың нормалары өндірушілер өзге кепілдік мерзімдерін көрсеткен құрылыс материалдары мен бұйымдарына, жабдығы мен конструкцияларына қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Белгіленген кепілдік мерзімі ішінде анықталған сәйкессіздіктер мен бұзушылықтар бойынша жауаптылық оларды жою жөніндегі міндеттемелермен қоса мердігерге (бас мердігерге) жүктеледі.
Тармақ 3
3. Егер кепілдік мерзімі ішінде анықталған сәйкессіздіктер мен бұзушылықтар құрылыс объектісінің немесе оның бөліктерінің қалыпты тозуынан, құрылыс объектісін пайдалану және күтіп-ұстау қағидаларын сақтамаудан не құрылыс-монтаждау жұмыстарының мердігеріне (бас мердігерге) байланысты емес мән-жайлардан туындаған болса, онда соңғылары жауаптылықтан босатылады.
Тармақ 4
4. Кепілдік мерзімдеріне байланысты жауаптылық шаралары мен дәрежесі жөніндегі даулар мен өзара наразылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Бап 123
123-бап. Құрылыс сапасы
Тармақ 1
1. Құрылыстың, құрылыс объектілерінің және құрылыс өнімдерінің тиісті сапасын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілейтін нормалар мен ережелер осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі және көлемдік, жазықтық және желілік құрылысжайлардың (құрылыстардың, ғимараттар мен олардың кешендерінің, коммуникациялардың) барлық түрлеріне, соның ішінде оларға жататын технологиялық және инженерлік жабдыққа, сондай-ақ оларды жобалау, салу, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру) жөніндегі жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) барлық түрлеріне қолданылады.
Тармақ 2
2. Құрылыстың қауіпсіздігі мен сапасы:
Тармақша 1
1) құрылыс өнімдеріне арналған техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерін лицензиялау және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мамандарды сертификаттау;
Тармақша 3
3) құрылысқа салынатын инвестициялар негіздемелеріне сараптама жүргізу және жобалау-сметалық құжаттама;
Тармақша 4
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы, техникалық қадағалау және авторлық сүйемелдеу;
Тармақша 5
5) жобалау мен құрылыста пайдаланылатын өнімдерді, оның ішінде құрылыс өнімдерін стандарттау құжаттары;
Тармақша 6
6) сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу, құрылыста пайдаланылатын өнімдерді, оның ішінде құрылыс өнімдерін сертификаттау, сондай-ақ жаңа өнімдерді, өндіріс тәсілдерін, құрылыстағы жарақтарды техникалық бағалау;
Тармақша 7
7) жобалау мен құрылыстағы метрологиялық қызмет;
Тармақша 8
8) құрылыс объектілерін пайдалануға беру мен қабылдап алуды ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) құрылыс техникасы мен технологиясын жетілдіру;
Тармақша 10
10) құрылыс объектілерін паспорттауды жүргізу;
Тармақша 11
11) нормативтік сипаттамаларды қамтамасыз ету мақсатында пайдаланудағы не консервацияланған құрылыс объектілерінің және құрылысы аяқталмаған өзге де объектілердің жай-күйін зерттеп-қарау және байқау арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 3
3. Құрылыс объектілерін салудың (консервациялаудың) бүкіл кезеңі мен оларды пайдалану мерзімі ішінде меншік иелері (тапсырыс берушілер, иеленушілер), жалдаушылар (жалға алушылар), мердігер (бас мердігер) олардың сапасының мынадай негізгі сипаттамаларын:
Тармақша 1
1) жұмыстар жүргізу мен күтіп-ұстауды қоса алғанда, салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздігін;
Тармақша 2
2) еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін;
Тармақша 3
3) жұмыс істеуінің орнықтылығы мен сенімділігін;
Тармақша 4
4) экологиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.
Сапаның негізгі сипаттамаларын қамтамасыз ету инженерлік ізденістерге, жобалауға, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, жабдықтарын және конструкцияларын дайындауға (өндіруге) және беруге, құрылысты салуға және құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялауға, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алуға, күтіп-ұстауға және пайдалануға, сондай-ақ оларды кейіннен кәдеге жаратуға қатысушы барлық субъектілердің міндеті болып табылады.
Тармақ 4
4. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын тұлғалар, сараптама ұйымдары, құрылыс өнiмiн стандарттау және сертификаттау органдары, тапсырыс берушілер, ізденушілер, жобалаушылар, техникалық қадағалау, құрылыста пайдаланылатын өнімдерді, оның ішінде құрылыс өнімдерін дайындаушылар (өндірушілер) және берушілер, жұмыстарды жүргізушілер, құрылыс объектісінің немесе құрылыс өнімдерінің меншік иелері (пайдаланушылары, жалдаушылары, жалға алушылары) өз функцияларына сәйкес құрылыстың және құрылыс өнімдерінің сапасын қамтамасыз ететін субъектілер болып табылады.
Бап 124
124-бап. Құрылыс объектілерінің қауіпсіздігін және сапалық
сипаттамаларын қамтамасыз етудегі меншік иелерінің
міндеттері
Меншік иелері құрылыс объектілерін пайдалану кезінде олардың қауіпсіздігін және тиісті сапасын қамтамасыз ететін негізгі сипаттамаларын сақтау мақсатында:
Тармақша 1
1) құрылыс объектісін қалпына келтіру, күшейту, қайта салу, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, түрлендіру, реставрациялау және кейіннен кәдеге жарату, сондай-ақ елді мекеннің сәулеттік келбетін және (немесе) құрылыс объектісінің қала құрылысы аспектілерін өзгерту жөніндегі жұмыстарды рұқсат беру рәсімдерінен өтудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібіне, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, экологиялық және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес қана жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) пайдаланушылардың (жалдаушылардың, жалға алушылардың) құрылыс объектісін қиратуына және (немесе) бүлдіруіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға;
Тармақша 3
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес берілген шешімнің негізінде құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының кешенін жүргізуді ұйымдастыруға міндетті.
Бап 125
125-бап. Құрылыс объектілерінің сапалық сипаттамаларын
қамтамасыз етудегі пайдаланушылардың (жалдаушылардың,
жалға алушылардың) міндеттері
Пайдаланушылар (жалдаушылар, жалға алушылар) құрылыс объектілерін пайдалану кезінде олардың тиісті сапасын қамтамасыз ететін негізгі сипаттамаларын сақтау мақсатында:
Тармақша 1
1) құрылыс объектісін тұтас не оның жалға алынатын бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасында және жалдау (жалға алу) шартында белгіленген талаптарға сәйкес пайдалануға;
Тармақша 2
2) жалдау (жалға алу) шартына сәйкес пайдаланушыға (жалдаушыға, жалға алушыға) жүктелген құрылыс объектісін күтiп-ұстау мен жөндеу жөнiндегi жұмыстарды уақтылы және тиiсiнше жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) құрылыс объектiсiн қалпына келтiру, күшейту, қайта салу, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, түрлендiру, реставрациялау, сондай-ақ елді мекеннің сәулеттiк келбетiн және (немесе) қала құрылысы аспектілерін өзгерту жөнiндегi жұмыстарды құрылыс объектісі меншік иесінің келісімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және басқа да мiндеттi нормалар мен қағидаларға сәйкес қана жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) құрылыс объектiсiнің меншiк иесiн құрылыс объектiсiн пайдалану кезiнде болған оның сипаттамаларындағы өзгерiстер немесе техникалық авариялар туралы хабардар етуге міндетті.
Тарау 16. 16-тарау. СЕЙСМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖОБАЛАУ
МЕН ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
16-тарау. СЕЙСМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖОБАЛАУ
МЕН ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бап 126
126-бап. Сейсмикалық белсенді аумақтарды сейсмикалық
аймақтарға бөлу
Тармақ 1
1. Жер сілкінісінен болатын залалды азайту үшін сейсмикалық белсенді аумақтарды аумаққа құрылыс салуды жоспарлау үшін қажетті сейсмикалық аймақтарға бөлу жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы зерттеулердің міндеттеріне, объектісі мен ауқымына қарай Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес жалпы сейсмикалық аймақтарға бөлу, егжей-тегжейлі сейсмикалық аймақтарға бөлу және сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары әзірленеді, оларды сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары орындайды.
Тармақ 3
3. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу үшін жергілікті атқарушы орган беретін бастапқы материалдардың ажырамас бөлігі болып табылады.
Бап 127
127-бап. Сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау
Тармақ 1
1. Сейсмикалық қауіп-қатер – аумақтың есептік сейсмикалық қауіптілігіне және құрылыс объектілерінің осалдығына сәйкес, болуы мүмкін жер сілкінісінің әлеуметтік-экономикалық залалының ықтималдығы.
Тармақ 2
2. Сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау жер сілкінісі салдарынан туындауы мүмкін адам шығынының, материалдық және өзге де шығындардың ғылыми болжамын әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Сейсмикалық қауіп-қатер карталары:
Тармақша 1
1) аумақтардың сейсмикалық осалдығын және ықтимал залалдың әлеуетін бағалаудың;
Тармақша 2
2) құрылыс объектілерінің орнықтылығын кешенді талдаудың;
Тармақша 3
3) жер сілкінісі кезіндегі адам шығыны мен экономикалық залалдарды болжаудың;
Тармақша 4
4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзге де деректердің негізінде жасалады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының аумағындағы сейсмикалық қауіп-қатерді бағалауды мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдары жер сілкінісі салдарынан болуы мүмкін әлеуметтік-экономикалық залалды ықтимал бағалау туралы деректерді алу үшін орындайды.
Тармақ 5
5. Жер сілкінісінен болатын ықтимал салдарды азайту бағдарламалары сейсмикалық қауіп-қатер картасының негізінде әзірленеді.
Бап 128
128-бап. Құрылыс объектілерін паспорттау
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы органдар құрылыс объектілерін паспорттаудың орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Құрылыс объектісін паспорттау сейсмикалық қауіп-қатерлерді, құрылыс объектісінің сейсмикалық төзімділігін және конструкцияларының нақты жай-күйін ескере отырып, оның конструкциялық осалдығын бағалауды орындау үшін қажетті толық ақпарат алу мақсатында алдын ала көзбен шолып зерттеп-қарауды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Құрылыс объектісін паспорттауды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сейсмикалық төзімді құрылыс саласындағы мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдары орындайды.
Бап 129
129-бап. Сейсмикалық қауіптілікті бағалау
Тармақ 1
1. Сейсмикалық қауіптілікті бағалау жер сілкінісінің туындау ықтималдығын, сондай-ақ құрылыс объектілерінің осалдығын айқындау (құрылыс объектілерін паспорттау) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жатқызылған құрылыс объектілерінде пайдалану процесінде динамикалық параметрлерді айқындау үшін инженерлік-сейсмометриялық станциялар орнатылады.
Тармақ 3
3. Сейсмикалық қауіптілікті бағалау жер бетіндегі тербелістердің қарқындылығын есептеу мен олардың туындау ықтималдығын бағалауды қамтиды.
Тарау 17. 17-тарау. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
17-тарау. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бап 130
130-бап. Жеке тұрғын үй салуға қойылатын жалпы талаптар
Тармақ 1
1. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, белгіленген құрылыс нормалары мен қағидаларын және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларды бұзбайтын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органымен келісілген жоба бойынша жеке тұрғын үй салуға құқылы.
Тармақ 2
2. Белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер учаскесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің және басқа да құрылыстардың көлемдерін тапсырыс беруші олардың сыртқы габариттері (оның ішінде биіктігі) осы құрылыстар, сондай-ақ шектес жер учаскелеріндегі құрылыстар арасындағы белгіленген міндетті нормативтік, санитариялық, өртке қарсы және техникалық арақашықтықты қамтамасыз еткен жағдайда өз бетінше айқындайды.
Тармақ 3
3. Жеке тұрғын үй салу тапсырыс берушінің өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 4
4. Жеке тұрғын үйлер осы Кодекске сәйкес барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалғаннан және жеке тұрғын үй салуға бөлінген жер учаскесі абаттандырылғаннан кейін пайдалануға қабылдап алынады.
Бап 131
131-бап. Жеке тұрғын үй құрылысының аумағында әлеуметтік,
көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін
салу мен пайдалануды қаржыландыру
Тармақ 1
1. Жеке тұрғын үй құрылысының аумағына қызмет көрсетуге арналған әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін салу мен пайдалануды қаржыландыру, сондай-ақ инженерлік жағынан қамтамасыз ету көздерін дамытуға арналған шығындар бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Жеке тұрғын үй құрылысының аумақтарын әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерімен инженерлік жағынан жайластыру, сондай-ақ бұл объектілерді пайдалану, жөндеу және реконструкциялау (жаңғырту) меншік иесінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 18. 18-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАП АЛУ
18-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАП АЛУ
Бап 132
132-бап. Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу және беру
тәртібіне қойылатын жалпы талаптар
Тармақ 1
1. Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі.
Тармақ 2
2. Тапсырыс беруші құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу мен беруді бекітілген құрылыс жобасына сәйкес ол толық әзір болған және сәйкестік туралы декларациясы, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы, орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі және құрылыс объектісінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылары болған кезде жүргізеді.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісілуге тиіс.
Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін құрылыс объектісін күтіп-ұстау шығыстарын тапсырыс беруші көтереді.
Бұл ретте құрылыс объектісінің толық әзірлігі құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.
Осы Кодекстің 133-бабында көзделген жекелеген жағдайларда құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алуды меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор) өз бетінше жүргізеді.
Тармақ 3
3. Талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы бойынша аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдап алуды автомобиль жолдары бойындағы талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысына тапсырыс беруші олар толық әзір болған кезде жүргізеді және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Құрылысы аяқталмаған құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу мен беруге рұқсат етілмейді.
Тармақ 5
5. Құрылысы аяқталмаған құрылыс объектілерін аяқталған құрылыс кезектері (оның ішінде іске қосу кешендері мен кезеңдері) бөлігінде пайдалануға беруге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат етіледі.
Тармақ 6
6. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісімен ресімделеді. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісі бекітілуге тиіс.
Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісін бекітуді тапсырыс беруші жүргізеді. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісіне қол қойылған күн оның бекітілген күні және құрылыс объектісінің пайдалануға берілген күні болып есептеледі.
Тармақ 7
7. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісіне сәйкестік туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негізінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер), жобаны басқаруды, техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалар қол қояды.
Құрылыс объектісі бұзушылықтармен және (немесе) кемшіліктерімен (ақауларымен және шалағайлықтарымен) пайдалануға қабылдап алынған жағдайда құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 8
8. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алуға қатысушылардың міндеттеріне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) құрылыс объектісінің пайдалануға әзірлігін анықтау және құжаттамалық растау;
Тармақша 2
2) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының және монтаждалған технологиялық, инженерлік немесе өзге де жабдықтың белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, нормативтік талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестігін бағалау;
Тармақша 3
3) құрылыс объектісінің қолданысқа енгізілетін қуатының (сыйымдылығының, өткізу қабілетінің) құрылыс жобасында бекітілген көрсеткіштерге сәйкестігін анықтау;
Тармақша 4
4) монтаждалған технологиялық, инженерлік немесе өзге де жабдықтар мен инженерлік жүйелерге бақылау мақсатындағы сынамалау мен сынақтар жүргізу;
Тармақша 5
5) құрылыс объектісі пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тапсырыс берушіге тиісті уәжді қорытынды ұсыну.
Тармақ 9
9. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісіне қол қою құрылыс объектісі түпкілікті қарап-тексерілгеннен және осы тарауда белгіленген талаптар сақталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың бекітілген актісінсіз құрылыс объектісін пайдалануға жол берілмейді. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында өнеркәсіптік (өндірістік) объектілерді пайдалануға іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу кезінде жол беріледі. Стандарттау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, іске қосу-баптау жұмыстары кезінде шығарылатын өнімдер құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісі бекітілгеннен кейін өткізіледі.
Тармақ 11
11. Құқықтық кадастрдың цифрлық жүйесіне жаңадан салынған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін құрылыс объектiсін пайдалануға қабылдап алудың бекiтiлген актiсi негіз болып табылады.
Тармақ 12
12. Тапсырыс беруші құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісі бекітілгенге дейін қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеу үшін инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына жібереді.
Бап 133
133-бап. Тапсырыс беруші (меншік иесі, инвестор) өз бетінше
пайдалануға қабылдап алатын құрылыс объектілері
Тармақ 1
1. Тапсырыс беруші (меншік иесі, инвестор) осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алуды өз бетінше жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Егер осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген үй-жайларды (құрылыс объектісінің жекелеген бөліктерін) өзгерту, сондай-ақ жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі санамаланған құрылыс объектілерін салу және пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірсе не мемлекеттік, қоғамдық және (немесе) жеке мүдделерге қайшы келсе, осы баптың нормаларын қолдануға болмайды.
Тармақ 3
3. Осы баптың нормалары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік инвестициялар есебінен не олардың қатысуымен қаржыландырылатын құрылыс объектілерін;
Тармақша 2
2)
екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлерді салуға да қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Тапсырыс берушінің (меншік иесінің, инвестордың) құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу тәртібін, сондай-ақ пайдалануға қабылдап алу актісінің нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган өз бетінше бекітеді.
Тармақ 5
5. Тапсырыс берушінің (меншік иесінің, инвестордың) инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі қоса берілген құрылыс объектісін өз бетінше пайдалануға қабылдап алу актісін сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде міндетті түрде есепке алуға тиіс.
Меншік иесі объектілерді өз бетінше тапсырған кезде осы Кодекстің 98-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 4), 12), 14), 17), 18) және 20) тармақшаларында көрсетілген объектілер үшін атқарушылық геодезиялық түсірілім талап етілмейді.
Бап 134
134-бап. Құрылыс объектілерін пайдалануға
қабылдап алудың тәртібі
Тармақ 1
1. Тапсырыс беруші мердігерден (бас мердігерден) құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алуды авторлық сүйемелдеумен, техникалық қадағалаумен бірлесіп жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Тапсырыс беруші мердігерден (бас мердігерден) құрылыс объектісінің пайдалануға қабылдап алуға әзірлігі туралы жазбаша хабархат алғаннан кейін құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алуды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тапсырыс беруші мердігерден (бас мердігерден) құрылыс объектісінің әзірлігі туралы хабархатты алған күннен бастап мердігерден (бас мердігерден) және техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді, өрт-техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардан сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыларды сұратады.
Мердігер (бас мердігер) және техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіден сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытындыларды не теріс қорытындыларды ұсынады.
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы тапсырыс берушіден өтінішті алған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өрт-техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асырады және адамдар көп болатын объекті мен биіктігі жиырма сегіз метрден асатын ғимараттар өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келген кезде оларды пайдалануға қабылдап алу алдында тиісті қорытынды береді.
Орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытынды, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарға қайшы келмесе, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынушылардың құрылыс объектісін жобалау кезінде бұрын берілген техникалық шарттарға сәйкес олар көрсететін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі үшін негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Тапсырыс беруші сәйкестік туралы декларацияның, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы, орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылардың негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақталымы тұрғысынан тексеруге, құрылыс объектісін қарап-тексеруге және құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісі бойынша пайдалануға қабылдап алуға (құрылыс объектісінің пайдалануға қабылдап алуға әзірлігіне түпкілікті тексеру жүргізуге) міндетті.
Тармақ 5
5. Бекітілген жобалау шешімдерін және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттардың нормативтерін бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ теріс қорытындылар (авторлық сүйемелдеудің және (немесе) техникалық қадағалаудың қорытындылары бойынша берілген) болған кезде, мердігер (бас мердігер) бұзушылықтарды жойғаннан кейін тапсырыс беруші құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алады.
Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжаттаманы, сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыларды ұсыну жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiкті орындаушыларды, техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді, өрт-техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғаларды құрылыс объектісін жобалау, салу, пайдалануға қабылдап алу және беру кезiнде орындалған жұмыстар үшiн жауаптылықтан босатпайды.
Бап 135
135-бап. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актілерін
жүргізу мен есепке алу тәртібі
Тармақ 1
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өтініш берушіден құрылыс объектісінің техникалық сипаттамалары және инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі, сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігі және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар қоса берілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың бекітілген актісін алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бір мезгілде:
Тармақша 1
1) құрылыс объектісі орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органға құрылыс объектісінің техникалық сипаттамалары және инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі қоса берілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың бекітілген актісін;
Тармақша 2
2) құрылыс объектісі орналасқан жердегі сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға құрылыс объектісінің техникалық сипаттамалары, сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігі және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар қоса берілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың бекітілген актісін жібереді.
Тармақ 2
2. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауы тұрғысынан салыстырып тексеру жүргізеді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісін есепке алуды жүргізеді.
Салыстырып тексерудің қорытындысы бойынша құрылыс объектісінің құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарына және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жазбаша хабарлайды.
Сәйкессіздік болмаған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жазбаша хабарлайды.
Тармақ 3
3. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы, оның ішінде:
Тармақша 1
1) келісулердің болуы және алынған құжаттардың құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының бекітілген нысандары мен белгіленген талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілгенін растауының болуы;
Тармақша 3
3) құрылыс объектісінің қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететін және пайдалану ұйымдары қабылдаған сыртқы инженерлік коммуникацияларға қосылуы;
Тармақша 4
4) көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың шудан оқшаулау жөніндегі талаптарға сәйкестігі;
Тармақша 5
5) жерасты инженерлік желілерінің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімінің болуы;
Тармақша 6
6) қабат бойынша жоспардың және (немесе) экспликациясы бар құрылыс объектісі жоспарының болуы;
Тармақша 7
7) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның, оның ішінде құрылыс кезеңіндегі барлық өзгерістер туралы жаңартылған деректердің болуы;
Тармақша 8
8) техникалық қадағалау белгілеген міндеттерді сақтауы;
Тармақша 9
9) техникалық-экономикалық көрсеткіштердің құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан өткен бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігі;
Тармақша 10
10) атқарушылық геодезиялық түсірілімнің тіркелуінің және оның мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне енгізілуінің болуы тұрғысынан салыстырып тексеру жүргізеді.
Бұзушылықтар анықталған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықты егжей-тегжейлі сипаттай отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бұл туралы жазбаша хабарлайды.
Осы Кодекстің талаптарының бұзылуын және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінің сақталмауын көрсететін жеткілікті деректер болған кезде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдары бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қолданады.
Бұзушылықтар болмаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жазбаша хабарлайды.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ақпаратты беру үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жүктеледі.
Тарау 19. 19-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
19-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Бап 136
136-бап. Құрылыс объектілерін пайдалану жөніндегі
негізгі талаптар
Тармақ 1
1. Құрылыс объектілерін пайдалану олардың рұқсат етілген пайдаланылуына (мақсатына) сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, салынған, реконструкцияланған құрылыс объектісі пайдалануға берілгеннен кейін аталған объектіні пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 3
3. Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау үшін құрылысқа арналған рұқсатты беру талап етілмеген жағдайда, мұндай объектілерді пайдалануға оларды салу, реконструкциялау аяқталғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 4
4. Құрылыс объектісін күрделі жөндеген жағдайда мұндай құрылыс объектілерін күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін оларды пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 5
5. Құрылыс объектілерін пайдалану, оның ішінде автомобиль жолдарын күтіп-ұстау Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің, нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес, сондай-ақ жобалау құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Егер осы Кодекске сәйкес ғимараттар мен құрылысжайлар салу, оларды реконструкциялау үшін жобалау құжаттамасын дайындау және (немесе) құрылысқа арналған рұқсаттарды беру талап етілмесе, мұндай ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалану Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің, нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 6
6. Құрылыс объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды пайдалану процесінде құрылыс объектілеріне техникалық қызмет көрсету, құрылыс объектілерінің техникалық жай-күйіне пайдалану мақсатында бақылау жасау, ғимараттар мен құрылысжайларды ағымдағы жөндеу қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 7
7. Құрылыс объектілерінің техникалық жай-күйіне пайдалану мақсатында бақылау жасау құрылыс объектілерінің, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері мен желілерінің сенімділігі мен қауіпсіздігінің конструкциялық және басқа да сипаттамаларының жай-күйін және көрсетілген сипаттамалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік нормативтік құжаттардың, жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында, сондай-ақ атқарушылық құжаттамаға сәйкес негіздердің, құрылыс конструкцияларының, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері мен желілерінің жай-күйін кезеңдік қарап-тексерулерді, бақылау мақсатында тексерулерді және (немесе) мониторингтеуді жүзеге асыру арқылы осындай объектілерді пайдалану кезеңінде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Құрылыс объектілеріне техникалық қызмет көрсету, ғимараттар мен құрылысжайларды жөндеу осындай объектілердің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Құрылыс объектілерінің тиісті техникалық жай-күйі деп құрылыс объектілерінің орнықтылығы, сенімділігі параметрлерін қолдап отыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік нормативтік құжаттардың, жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес құрылыс конструкцияларының, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері мен желілерінің, олардың элементтерінің жарамдылығы түсініледі.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда ғимараттар мен құрылысжайларға жөндеу жүргізу кезінде осындай құрылыс объектілерінің құрылыс конструкцияларының жекелеген элементтерін (тіреу құрылыс конструкцияларының элементтерін қоспағанда), осындай құрылыс объектілерін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері мен желілерінің элементтерін ауыстыру және (немесе) қалпына келтіру жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Құрылыс объектілерінің техникалық жай-күйіне пайдалану мақсатында бақылау жасауды құрылыс объектісін пайдалануға жауапты адам жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Құрылыс объектілерінің жекелеген түрлерін пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленуі мүмкін. Көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалану Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Ғимараттар мен құрылысжайлар орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының құрылыс объектілерін пайдалануға қойылатын талаптарының бұзылуы туралы, құрылыс объектілерінде авариялық жағдайлардың туындауы немесе құрылыс объектілерінің қирау қаупінің туындауы туралы арыздары келіп түскен жағдайда жергілікті атқарушы органдар құрылыс объектілерінің сенімділігі мен қауіпсіздігінің конструкциялық сипаттамалары мен басқа да сипаттамаларына қойылатын Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің, нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына, көрсетілген объектілердің жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес олардың техникалық жай-күйін және оларға тиісінше техникалық қызмет көрсетілуін бағалау мақсатында құрылыс объектілерін қарап-тексеруді жүргізеді және құрылыс объектілерін пайдалануға жауапты тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ұсынымдар жібереді. Осы қарап-тексеруді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Тармақ 13
13. Құрылыс объектілерін пайдалану кезінде мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
Бап 137
137-бап. Құрылыс объектісін пайдалануға жауапты
тұлғаның міндеттері
Тармақ 1
1. Құрылыс объектісінің меншік иесі (оның ішінде кондоминиум арқылы) немесе құрылыс объектісін өзге заңды негізде иеленетін тұлғалар не меншік иелері немесе құрылыс объектісін өзге де заңды негізде иеленетін тұлғалар құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарттың негізінде құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану үшін тартатын тұлға (дара кәсіпкер немесе заңды тұлға) құрылыс объектісін пайдалану үшін жауапты тұлға болып табылады.
Бұл ретте сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес келетін дара кәсіпкермен немесе заңды тұлғамен құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалады.
Тармақ 2
2. Егер құрылыс объектісі меншік иелерінің саны екі және одан көп болса, құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану, оның ішінде оның ортақ мүлкінің мәселелері жөніндегі, құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарттың негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тарту туралы және өзге де мәселелер жөніндегі шешімдерді мұндай меншік иелері құрылыс объектісінің жалпы алаңындағы әрқайсысының үлесіне мөлшерлес түрде қабылдайды. Үлестің мөлшері жеке (бөлек) меншіктегі құрылыс объектісі үй-жайлары ауданының құрылыс объектісінің барлық үй-жайлары аудандарының сомасына арақатынасымен айқындалады.
Екі және одан көп меншік иесі болған кезде құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану және өзге де мәселелер жөніндегі шешімдер ерікті негізде құрылған кондоминиумның жалпы жиналысында олардың әрқайсысының құрылыс объектісінің жалпы ауданындағы үлесіне мөлшерлестігі ескеріле отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен кондоминиумның құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану жөніндегі қағидаларына сәйкес қабылдануы мүмкін.
Тармақ 3
3. Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарттың негізінде құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында дара кәсіпкер немесе заңды тұлға тартылған жағдайда құрылыс объектісінің меншік иесі немесе оны өзге де заңды негізде иеленетін тұлғалар осы тұлғаға мынадай құжаттарды:
инженерлік ізденістердің нәтижелерін;
құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған жобалау ұйымы куәландырған жобалау-сметалық құжаттаманың көшірмелерін;
құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы мен сараптаманың барлық түзетулерінің көшірмелерін;
атқарушылық техникалық құжаттаманың көшірмелерін;
міндетті қосымшаларымен бірге құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісінің көшірмесін;
жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжаттың көшірмесін;
технологиялық жабдықтың паспортын;
құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану үшін қажет өзге де құжаттаманы беруге міндетті.
Тармақ 4
4. Орындалуға тиіс техникалық қызмет көрсету жөніндегі, құрылыс объектісінің тиісті техникалық жай-күйін сақтап тұру жөніндегі жұмыстардың кезеңділігі, құрамы (қажетті байқауларды, қарап-тексерулерді қоса алғанда) мемлекеттік нормативтік құжаттарға, құрылыс объектісінің техникалық жай-күйін бақылау нәтижелеріне сәйкес оларды салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және пайдалану жағдайлары негізге алына отырып айқындалуға тиіс.
Тармақ 5
5. Құрылыс объектісін пайдалану үшін жауапты адам жүргізілген қарап-тексерулердің, бақылау мақсатында тексерулердің және (немесе) құрылыс объектілерінің негіздерін, құрылыс конструкцияларын, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері мен желілерін, олардың элементтерін мониторингтеу күндері мен нәтижелері, құрылыс объектісіне техникалық қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстар туралы, құрылыс объектісіне ағымдағы жөндеу жүргізу туралы, құрылыс объектісін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органдар берген нұсқамалардың күндері мен мазмұны туралы мәліметтер, осы бұзушылықтарды жою туралы мәліметтер енгізілетін құрылыс объектісін пайдалану журналын жүргізуге, сондай-ақ ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен құрылыс объектісін пайдалану қағидаларының, ұлттық стандарттар мен техникалық регламенттердің талаптарын сақтауға міндетті.
Тармақ 6
6. Құрылыс объектісін пайдалану журналының нысанын және осындай журналды жүргізуге қойылатын талаптарды мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 7
7. Құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты тұлға оны пайдалану кезінде ондағы авариялық жағдайлар туындаған әрбір жағдай туралы:
Тармақша 1
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылыс объектісін пайдалануға мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылса, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына;
Тармақша 3
3) егер құрылыс объектісін пайдалану үшін жауапты тұлға құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарттың негізінде тартылған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға болып табылса, құрылыс объектісінің меншік иелеріне немесе оны өзге де заңды негізде иеленетін тұлғаларға хабарлауға міндетті.
Тармақ 8
8. Құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты адам ауысқан жағдайда, құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты болған адам құрылыс объектісін пайдалану үшін жауапты жаңа адамға құрылыс объектісін пайдалану журналын, құрылыс объектісін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органдар берген нұсқамаларды, мемлекеттік органдардың көрсетілген нұсқамаларды орындауын тексеру актілерін, жергілікті атқарушы органның ұсынымдарын, құрылыс объектісіне техникалық қызмет көрсету, пайдалану мақсатында бақылау жасау, ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалуын растайтын өзге де құжаттарды он күн ішінде беруге міндетті.
Тармақ 9
9. Құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану үшін жауапты тұлға іргелес құрылыс объектілерін күтіп-ұстауға, оның ішінде қаржылық тұрғыдан қатысуға міндетті.
Тармақ 10
10. Осы баптың қолданысы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдаланылатын құрылыс объектілеріне қолданылмайды.
📌 Ескертпе. Осы бап үшін қасбеттер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары (алаңдар), инженерлік жабдық пен инженерлік желілерді орналастыруға арналған үй-жайлар, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, ортақ инженерлік жүйелер мен жабдық, құрылыс объектісі орналасқан жер учаскесі және (немесе) іргелес жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік құрылыс объектісінің ортақ мүлкі деп танылады.
Бап 138
138-бап. Құрылыс объектілерін пайдалануды тоқтата тұру
және тоқтату
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, құрылыс объектілерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің, нормативтік құқықтық актілерінің талаптары, жобалау құжаттамасы бұзылған жағдайларда, құрылыс объектілерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.
Тармақ 2
2. Құрылыс объектілерін пайдалану, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, сондай-ақ құрылыс объектілері кездейсоқ жойылған және (немесе) сүрілген жағдайда, олар пайдаланудан шығарылғаннан кейін тоқтатылады.
Бап 139
139-бап. Құрылыс объектісін авариялық және сүруге немесе
реконструкциялауға жататын объект деп тану
Тармақ 1
1. Құрылыс объектісі авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп танылуы мүмкін. Құрылыс объектісін авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану оның нақты жай-күйін және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумақты зерттеп-қарау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Көппәтерлі тұрғын үйді авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Құрылыс объектісін авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану тәртібі мен негіздерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Бұл ретте мынадай тәртіппен:
Тармақша 1
1) уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның құрылыс объектісінің және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумақтың нақты жай-күйіне бағалау жүргізу мақсатында ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылдау тәртібі, көрсетілген комиссияны қалыптастыру тәртібі, оның отырыстарын өткізу тәртібі және оның шешімдерін ресімдеу тәртібі;
Тармақша 2
2) құрылыс объектісін және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан аумақты зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі, осындай құрылыс объектілерінің және (немесе) аумақтың нақты жай-күйін бағалау тәртібі;
Тармақша 3
3) құрылыс объектісінің меншік иесін, құрылыс объектісіндегі үй-жайлардың (пәтерлердің және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелерін, құрылыс объектісін, ондағы үй-жайды (пәтерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайды) өзге де заңды негізде иеленетін тұлғаны мұндай құрылыс объектісін авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы мәселені қарау туралы хабардар ету тәртібі;
Тармақша 4
4) құрылыс объектісін авариялық және сүруге немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану туралы шешім қабылдау тәртібі мен мерзімдері айқындалады.
Бап 140
140-бап. Реновациялау
Тармақ 1
1. Реновациялау – аумақты әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдармен, абаттандырумен қамтамасыз ете отырып, құрылыс объектілерін елді мекендердің сапалы жайлы ортасын қалыптастыру мақсатында пайдалану жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ құрылыс объектілерін реконструкциялау (күрделі жөндеу), реставрациялау немесе ескірген және (немесе) авариялық құрылыс объектілерін сүре отырып, жаңа құрылыс объектілерін салу арқылы елді мекеннің сәулеттік келбетіне сәйкес келтіруге бағытталған құрылыс объектілерін, оның ішінде ескірген және (немесе) авариялық объектілерді жаңарту жөніндегі шаралар кешені.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және қала құрылысы жобаларына сәйкес реновациялау бағдарламасына енгізілген құрылыс объектілері реновациялау объектілері болып табылады.
Тармақ 3
3. Реновациялаудың мақсаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) елді мекендердің сапасын және жеке тұлғалардың тұру жағдайларын жақсарту;
Тармақша 2
2) құрылыс салынған аумақтардың функционалдық, санитариялық, энергетикалық және сәулеттік тиімділігін арттыру;
Тармақша 3
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және бейімдеу.
Тармақ 4
4. Реновациялау бағдарламасын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 20. 20-тарау. ҚҰРЫЛЫСЫ НЕМЕСЕ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАНУЫ
ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛМАҒАН
ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛМАҒАН ОБЪЕКТІЛЕРГЕ ЖАТҚЫЗУ
20-тарау. ҚҰРЫЛЫСЫ НЕМЕСЕ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАНУЫ
ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛМАҒАН
ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛМАҒАН ОБЪЕКТІЛЕРГЕ ЖАТҚЫЗУ
Бап 141
141-бап. Құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын құрылысы
аяқталмаған объектілерді құрылысы аяқталмаған объектілерге
жатқызудың негіздері
Тармақ 1
1. Құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын және аяқталмаған объект туралы мәліметтер құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген күннен бастап ол мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) құрылысқа арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі өткенде;
Тармақша 2
2) құрылыс объектісін пайдалануға беру актісін тіркеуден бас тартылған күннен бастап он екі айдан астам уақыт өткенде (пайдалануға беру актісін тіркеуден бас тарту үшін негіздер жойылмаған жағдайда);
Тармақша 3
3) құрылысы, реконструкциялануы аяқталмаған құрылыс объектісі орналасқан жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының немесе құрылыс объектісін салуды, реконструкциялауды аяқтау мақсатында осындай жер учаскесіне құқықтарды иелену үшін Қазақстан Республикасының азаматтық, жер заңнамасында көзделген негіздер болмаған кезде мердігермен (бас мердігермен) жасалған осындай жер учаскесін өтеусіз пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткенде;
Тармақша 4
4) құрылыс объектісін салу, реконструкциялау аяқталмағанда және осы Кодекске сәйкес құрылыс объектісін пайдалануға беру актісін тіркеуден бас тарту үшін негіз болып табылатын Қазақстан Республикасының жер және өзге де заңнамасында белгіленген шектеулер туындағанда;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес құрылысы мен реконструкциялануы аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылысы мен реконструкциялануы бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылмайтын жағдайда бюджет қаражаты есебінен осындай құрылыс пен реконструкциялауды қаржыландыру жүзеге асырылған соңғы жылдан бастап үш жыл ішінде осындай құрылыс пен реконструкциялауды аяқтауға бюджет қаражаты көзделмегенде;
Тармақша 6
6) құрылысы, реконструкциялануы аяқталмаған құрылыс объектісіне және (немесе) осындай құрылыс объектісі орналасқан жер учаскесіне қатысты тыйым қойылғанда, белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салынғанда және (немесе) кепіл түрінде жолын кесу шарасы таңдалғанда;
Тармақша 7
7) заңды күшіне енген, оның ішінде құрылыс объектісін рұқсат алмай салынған құрылыс деп тану туралы сот актілері болғанда, құрылысы аяқталмаған объект деп танылады.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган осы баптың 1-тармағында көзделген негіздермен қатар құрылысы, реконструкциялануы аяқталмаған құрылыс объектілерін құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған, құрылысы аяқталмаған объектілерге жатқызудың өзге де негіздерін көздеуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған және аяқталмаған объектілер осы Кодекстің 142-бабына сәйкес құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілуге тиіс құрылысы аяқталмаған объектілерге жатады.
Бап 142
142-бап. Құрылысы аяқталмаған объектілердің тізілімі
Тармақ 1
1. Құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған құрылысы аяқталмаған объектілер құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілуге жатады.
Құрылыс объектілері:
Тармақша 1
1) егер олардың құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған болса, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның;
Тармақша 2
2) егер олардың құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған болса, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Тармақ 2
2. Құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тарау 21. 21-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН КЕЙІННЕН
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ (СҮРУ)
21-тарау. ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН КЕЙІННЕН
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ (СҮРУ)
Бап 143
143-бап. Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (сүру)
туралы жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) құрылыс объектісі меншік иесінің шешімі не осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда, заңды күшіне енген сот актісінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Елді мекендерді дамыту және оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобалары сүруге жататын құрылыс объектілерінің тізбесіне енгізілген құрылыс объектісін сүру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) мақсатында мердігер (бас мердігер) немесе тапсырыс беруші осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құрылыс объектісін сүру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасын дербес құжат ретінде дайындауды қамтамасыз етеді. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасын дайындауды жобалау ұйымы немесе мамандар тізіліміне мәліметтері енгізілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған маман жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасын дайындау осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (сүру) үшін талап етілмейді. Бұл жағдайда мердігер (бас мердігер) өз бастамасы бойынша осындай құрылыс объектілерін кейін кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың дайындалуын қамтамасыз етуге құқылы.
Тармақ 5
5. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасын дайындау техникалық регламенттердің талаптарына, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің қауіпсіздігі талаптарына, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес құрылыс объектісін зерттеп-қарау нәтижелері мен материалдарының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасының құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 7
7. Егер құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратуды (сүруді) мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып жүзеге асыру жоспарланса, мердігер (бас мердігер) немесе тапсырыс беруші құрылыстың сметалық құнын дайындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет меншігіндегі және жер пайдалану құқығы берілмеген жер учаскесінде орналасқан құрылыс объектісін сүруді мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган қамтамасыз ететін болса, мердігердің (бас мердігердің) функцияларын көрсетілген органдар немесе аталған органдар осындай құрылыс объектісін сүру туралы шарт жасасқан тұлғалар орындайды.
Бап 144
144-бап. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратуды (сүруді)
жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар берген құрылыс объектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату шарттарына сәйкес құрылыс объектісі инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажыратылғаннан кейін, сондай-ақ, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, құрылыс объектісі пайдаланудан шығарылғаннан кейін құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Құрылыс объектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату шарттарын инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар мердігерден (бас мердігерден), уәкілетті мемлекеттік органнан немесе жергілікті атқарушы органнан осындай шарттарды беру туралы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде береді. Құрылыс объектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйым қол қойған актімен расталады. Құрылыс объектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) процесінде адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алуға бағытталған шаралар қабылданады, уақытша қоршаулар, кірме жолдар салу көзделеді, құрылыс қоқыстарын кәдеге жарату жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратуды (сүруді) жүзеге асыруға арналған мердігерлік шарттар бойынша жұмыстарды мердігерлер (бас мердігерлер) орындайды. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратуды (сүруді) жүзеге асыруға арналған мердігерлік шарттар бойынша құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың құрылыс жобасы талаптарының, жұмыстарды орындау процесінде техникалық регламенттердің, қауіпсіздік техникасының сақталуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 5
5. Құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) мақсатында меншік иесі, мердігер (бас мердігер) немесе тапсырыс беруші құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстарды орындау басталғанға дейін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, құрылыс объектісі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға құрылыс объектісін жоспарланып отырған кейіннен кәдеге жарату (сүру) туралы хабарлама береді.
Тармақ 6
6. Меншік иесі, мердігер (бас мердігер) немесе тапсырыс беруші құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жарату (сүру) аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құрылыс объектісі тұрған жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратудың (сүрудің) аяқталғаны туралы хабарлама береді.
Тармақ 7
7. Құрылыс объектісін сүру актісі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың міндетті түрде есепке алуына және тіркеуіне жатады.
Бап 145
145-бап. Рұқсат алмай салынған құрылыстар объектісін сүру
немесе оларды белгіленген талаптарға
сәйкес келтіру ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Рұқсат алмай салынған құрылыстар болып табылатын құрылыс объектілерін сүру немесе оларды мәжбүрлі тәртіппен белгіленген талаптарға сәйкес келтіру заңды күшіне енген сот актісінің немесе жергілікті атқарушы орган шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Рұқсат алмай салынған құрылыстың анықталғаны туралы хабарламаны (арызды) және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсат алмай салынған құрылыс белгілерінің бар екенін растайтын құжаттарды рұқсат алмай салынған құрылыс орналасқан жердегі жергілікті атқарушы орган мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан және өзге де тұлғалардан алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілген хабарламаны (арызды) және құжаттарды қарауға және осындай қарау нәтижелері бойынша мынадай әрекеттердің бірін жасауға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, рұқсат алмай салынған құрылысты сүру туралы шешім не оны белгіленген талаптарға сәйкес келтіру туралы шешім қабылдауға;
Тармақша 2
2) рұқсат алмай салынған құрылысты сүру немесе оны белгіленген талаптарға сәйкес келтіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге;
Тармақша 3
3) рұқсат алмай салынған құрылыстың анықталғаны туралы хабарламаны (арызды) жіберген тұлғаға рұқсат алмай салынған құрылыс белгілерінің жоқ екені туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Тармақ 3
3. Рұқсат алмай салынған құрылысты сүруді немесе оны белгіленген талаптарға сәйкес келтіруді рұқсат алмай құрылыс салуға тапсырыс берген немесе оны тұрғызған немесе рұқсат алмай құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға жүзеге асырады, ал мұндай тұлға туралы мәліметтер болмаған кезде заңды күшіне енген сот актісімен немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген мерзімде рұқсат алмай құрылыс салынған немесе тұрғызылған жер учаскесінің құқық иеленушісі жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Рұқсат алмай салынған құрылысты сүру осы Кодекстің 143 және 144-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Рұқсат алмай салынған құрылысты мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес келтіру осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бөлім 6. 6-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СӘУЛЕТ,
ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ.
ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
6-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СӘУЛЕТ,
ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ.
ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау 22. 22-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
22-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
Бап 146
146-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала
құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын
бұзғаны үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
субъектілерінің жауаптылығы
Тармақ 1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері жол берген Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, қағидаларды, шектеулерді) бұзушылықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Көрсетілген бұзушылықтарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) аумақтардың бекітілген функционалдық мақсатынан, қала құрылысы регламенттерінен, айрықша реттеудің және қала құрылысын регламенттеудің белгіленген режимінен ауытқу;
Тармақша 2
2) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының елді мекеннің бекітілген бас жоспарынан немесе даму және құрылыс салу схемасынан (оңайлатылған бас жоспардан) ауытқуы және оларға сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) мемлекет мұқтажын қамтамасыз етуге байланысты қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерiн таңдау мен берудiң (пайдалануға рұқсатты), сондай-ақ алып қоюдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнен ауытқу;
Тармақша 4
4) іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарын бұза отырып орындау;
Тармақша 5
5) қала құрылысы құжаттамасын әзірлеудің, келісудің, сараптаудың және бекітудің белгіленген тәртібінен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамадан ауытқу не Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамай, оған өзгерістер енгізу;
Тармақша 6
6) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің, сараптаудың және бекітудің белгіленген тәртібінен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамадан ауытқу не Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамай, оған өзгерістер енгізу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды хабардар етпей құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 8
8) осы Кодексте міндеттілігі көзделген жағдайларда құрылысты авторлық сүйемелдеусіз және техникалық қадағалаусыз жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) ғимараттар, құрылысжайлар, олардың бөліктері немесе жекелеген конструкциялық элементтер беріктігінің, орнықтылығының, сенімділігінің төмендеуіне және жоғалуына, тұрғызылған құрылыс объектілерінің пайдаланылу сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға теріс әсер етуге алып келуі мүмкін бекітілген мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарын бұза отырып, құрылыс объектілері мен олардың кешендерін салуды (реконструкциялауды, реставрациялауды, кеңейтуді, техникалық қайта жарақтандыруды, жаңғыртуды, күрделі жөндеуді) жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) рұқсат алмай құрылыс салу, сол сияқты елді мекеннің сәулеттік келбетін өзгерту, дизайн-кодты сақтамау, құрылыс объектілерін, құрылыс объектілерінің жекелеген үй-жайларын және (немесе) бөліктерін реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу);
Тармақша 11
11) елді мекендерді жоспарлау және оларда құрылыс салу кезінде белгіленген қызыл сызықтар мен құрылыс салу сызықтарынан, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы (аймақтардағы) сары сызықтардан ауытқу;
Тармақша 12
12) құрылыс объектісін жобалау, сараптау, салу және кейіннен пайдалану процесінде нормативтік құжаттардың нормалары мен талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, оның ішінде еңбекті қорғау, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс, санитариялық және экологиялық қауіпсіздік, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымдардың құрылыс объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтамау, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілерінде
қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген, Қазақстанда шығарылған материалдарды, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды
қолданбау;
Тармақша 13
13) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу, сондай-ақ пайдалану процесінде оларды күтіп-ұстау тәртібін бұзу;
Тармақша 14
14) елді мекендерді (елді мекендердің бөліктерін), жобаланатын құрылыс объектілерін жоспарлауға және оларда құрылыс салуға (реконструкциялауға) байланысты шешімдерді дайындау және қабылдау туралы, сондай-ақ өмір сүру және тіршілік ету ортасының жай-күйі мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүдделерін тікелей қозғайтын, болжанатын өзгерістер туралы ақпарат беруден уәжсіз бас тарту не анық емес ақпарат беру;
Тармақша 15
15) құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында әзірленген және белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқу;
Тармақша 16
16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызмет түрлерін рұқсатсыз жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) пайдалануға қабылдап алынған көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін тіркеуді жүзеге асырмау;
Тармақша 18
18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері мен құрылысжайларын коммуналдық меншікке беруді қамтамасыз етпеу;
Тармақша 19
19) жер учаскесін көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына енгізуді қамтамасыз етпеу;
Тармақша 20
20) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін толықтыру үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер беру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу;
Тармақша 21
21) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде кезекші топографиялық жоспарды жүргізу мен жаңартып отырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібін бұзу;
Тармақша 22
22) өмір сүру және тіршілік ету ортасы жай-күйінің нашарлауына, азаматтардың, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының және тұтас қоғамның құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, мемлекеттік мүдделерге залал келтіруге себеп болатын, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келетін өзге де әрекеттер.
Тармақ 2
2. Жол берілген бұзушылықты (шарттарды, қағидаларды, шектеулерді) және оның салдарын жою, сондай-ақ келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеттер көрсетілген бұзушылықтарға (шарттарға, қағидаларға, шектеулерге) жол берген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне жүктеледі.
Тармақ 3
3. Сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметі субъектілерінің кепілдік мерзімін сақтамау фактілері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына, сондай-ақ осы Кодекстің 122-бабына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 4
4. Жобалау-сметалық құжаттамада Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттердің талаптарын, құрылыс объектісінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерін бұзушылықтар, сондай-ақ қала құрылысы жобасындағы бұзушылықтар, жобаларға сараптама жүргізу процесінде нормалар мен талаптарды бұзушылық анықталған және анықталған бұзушылықтар сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерінде жойылмаған жағдайларда, жобалау-сметалық құжаттаманы, қала құрылысы жобаларын әзірлеген жобалау ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Теріс сараптама қорытындысы жобалау-сметалық құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу кезінде анықталған бұзушылықтарды растау болып табылады.
Құрылыс процесінде жобалау-сметалық құжаттамада Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттердің талаптарын, салынып жатқан құрылыс объектісінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерін бұзушылықтар анықталған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген жобалау ұйымы, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттама бойынша оң сараптама қорытындысын берген сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қала құрылысы жобасындағы нормалар мен талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде қала құрылысы жобасын әзірлеген жобалау ұйымы, сондай-ақ қала құрылысы жобасы бойынша оң сараптама қорытындысын берген сарапшы мен мемлекеттік сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Анықталған бұзушылықтар мен сарапшылардың ескертулері уәжді болуға және Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне, қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттердің талаптарына, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелеріне сілтемелермен негізделуге тиіс. Ұсынымдық сипаттағы ескертулер беруге жол берілмейді.
Құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігін және (немесе) анықтығын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген сот сараптамасымен расталады.
Сот сараптамасы құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізсіз көтерілгенін және (немесе) төмендетілгенін растаған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген және ол бойынша құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттердің талаптарын, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерін бұза отырып келісілген және берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы, келісілген эскиздік жоба, сондай-ақ оң сараптама қорытындысы, ғимараттың және құрылысжайдың жай-күйі туралы техникалық зерттеп-қарау қорытындысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кері қайтарып алынуға не олардың күші жойылуға тиіс.
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын, келісілген эскиздік жобаны кері қайтарып алу және олардың күшін жою сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы берген нұсқаманың және заңды күшіне енген сот актісінің негізінде жүргізіледі.
Ғимараттың және құрылысжайдың жай-күйі туралы техникалық зерттеп-қарау қорытындысын кері қайтарып алу және оның күшін жою астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы берген нұсқаманың және заңды күшіне енген сот актісінің негізінде жүргізіледі.
Сараптама қорытындысын кері қайтарып алуды осы Кодекстің 115-бабына сәйкес мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымдары жүргізеді.
Тарау 23. 23-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
23-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 147
147-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кодекстің 76-бабы 4-тармағының, 78-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің, 98-бабының 4-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының және 120-бабының 5-тармағы төртінші бөлігінің қолданысы 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ, бөліктер және тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4. Елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу және бекіту кезінде сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталары болған кезде осы карталар ескеріледі.»;
«5. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу және бекіту кезінде сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталары болған кезде осы карталар ескеріледі.»;
«1) сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталарына, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталарына сәйкес осы карталар болған кезде сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы (аймақтардағы) құрылыстан басқа екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлер салуды;»;
«Жобалауға арналған тапсырма құрылыс объектісінің талап етілетін параметрлерін, өзге де бастапқы деректерді, оның ішінде сейсмикалық шағын аймақтарға бөлудің және сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталары болған кезде осы карталардың мәліметтерін қамтуға тиіс.».
Тармақ 2
2. Санитариялық-қорғаныш аймағы белгіленбеген, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін пайдалануға берілген құрылыс объектілерінің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін тұрғызылған және жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыскерлерінің тұруына арналған ғимараттарды елді мекеннің өнеркәсіптік (өндірістік) аймақтарының аумағында орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 4
4. Сарапшылардың осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін алған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстары мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған аттестаттары осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойы күшін сақтайды.
Тармақ 5
5. Сертификаттау орталықтары осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде құрылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Инжинирингтік қызметтер және сараптама жұмыстарын көрсетуге арналған сарапшылардың аттестаттары бар адамдар сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауды жүргізу құқығына шарт жасасқаннан кейін сертификаттау орталығында сертификаттаудан өтуге құқылы.
Тармақ 7
7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мүшелігі (қатысуы) міндетті өзін-өзі реттейтін ұйым құрылған кезде мүшелігі (қатысуы) міндетті өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізіліміне енгізілген күнінен бастап он екі ай ішінде сертификаттау орталығын құруға тиіс.
Тармақ 8
8. Осы Кодексте пайдаланылатын «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификаты» деген сөздердің 2028 жылғы 1 шілдеге дейін «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестаттары» деген сөздермен мәні бірдей болады.
Бап 148
148-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Кодекс:
Тармақша 1
1) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Кодекстің 61-бабы 3-тармағының екінші бөлігін;
Тармақша 2
2) 2028 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Кодекстің 57 және 58-баптарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» 1994 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының;
Тармақша 2
2) 2028 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылатын 20-бабының 11-1), 23-19), 23-20), 23-22), 23-25) және 23-26) тармақшаларын, 24-бабы 1-тармағының 17-6) тармақшасын, 25-бабы 1-тармағының 18-6) тармақшасын және 32-1-бабы 1-тармағының екінші абзацын қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.