Об установлении права ограниченного целевого пользования (публичный сервитут) на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых частной компании «Teniz Resources Ltd» Қолданыста
Басқа 0
«Teniz Resources Ltd» жеке компаниясына қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін
жер участкелеріне шектеулі нысаналы пайдалану
(қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексіне, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Teniz Resources Ltd» жеке компаниясының өтінішін қарап, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Teniz Resources Ltd» жеке компаниясына Атбасар ауданы, Сепе ауылдық округтерінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы ауданы 2734,8 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, олармен өтініш берушінің өзі дербес келісе отырып, 2031 жылдың 28 маусымына дейінгі мерзімге қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Teniz Resources Ltd» жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Атбасар ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен баста қолданысқа енгізіледі.