Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Toronto-Almaty» Қолданыста
Басқа 0
«Toronto-Almaty» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Toronto-Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2027 жылғы 26 ақпанға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 2200,4722 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Toronto-Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 3
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Toronto-Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
(2021 жылғы 26 ақпандағы №1259-EL лицензиясы)
Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы «15» мамыр
№ 150 қаулысына
қосымша
«Toronto-Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
(2021 жылғы 26 ақпандағы №1259-EL лицензиясы)
№
Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
Шайманов Жаксылык Кошербайулы
09:133:056:040
3098,0000
1107,5900
2
Абуталипова Гульнар Баяхановна
09:133:056:071
2249,9477
24,8933
3
Шайманов Жаксылык Кошербайулы
09:133:056:070
1996,6312
222,7963
4
ШҚ«Абылай» Мырзамбеков Арман Ермекулы
09:133:056:069
2150,0000
844,4956
5
ШҚ«Абылай» Мырзамбеков Арман Ермекулы
09:133:056:073
3007,9237
0,6970
Барлығы
2200.4722