ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КОДЕКСІ
Бөлім 1. 1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар
Тармақ 1
1. Осы Кодекс цифрлық деректер мен цифрлық объектілерді құру, олардың айналымы, сақтау, беру және пайдалану кезінде цифрлық ортада туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Цифрлық орта деп осы Кодекспен реттелетін қоғамдық қатынастарды қозғайтын бөлікте цифрлық деректер мен цифрлық объектілерді орналастыру немесе оларға құқықтарды тіркеу аумағына қарамастан, оларды құру, олардың айналымы, сақтау, беру және пайдалану, оларға құқықтарды жүзеге асыру және беру үшін инфрақұрылымның, технологиялардың, процестер мен шарттардың жиынтығы түсініледі.
Тармақ 2
2. Цифрлық ортада туындайтын мүліктік және өзге де азаматтық-құқықтық қатынастар осы Кодексте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық деректер мен цифрлық объектілерді құру, олардың айналымы, сақтау, беру және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін Қазақстан Республикасында белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Тармақ 3
3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдары арасында цифрлық ортадағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша қайшылықтар болған жағдайларда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
Бап 3
3-бап. Қазақстан Республикасы цифрлық заңнамасының мақсаты мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы цифрлық заңнамасының мақсаты жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін цифрлық ортаның орнықты дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар Қазақстан Республикасы цифрлық заңнамасының міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) цифрлық ортада туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу;
Тармақша 2
2) цифрлық ортада бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру тетіктерін айқындау;
Тармақша 3
3) цифрлық ортада заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында цифрлық ортаны дамытуға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 5
5) қоғамдық қатынастардың барлық салаларын цифрлық трансформациялауды құқықтық қамтамасыз ету.
Бап 4
4-бап. Қазақстан Республикасы цифрлық заңнамасының қағидаттары Цифрлық ортадағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) цифрлық ортада адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
Тармақша 2
2) цифрлық технологияларды қолдану кезінде адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігі;
Тармақша 3
3) цифрлық деректердің айналым еркіндігі;
Тармақша 4
4) цифрлық технологияларды құру, дамыту және қолдану еркіндігі;
Тармақша 5
5) жеке және көпшілік мүдделерінің теңгерімі;
Тармақша 6
6) цифрлық ортаның қолжетімділігі мен инклюзивтілігі;
Тармақша 7
7) мемлекеттің цифрлық ортаға пропорционалды және негізді қатысуы;
Тармақша 8
8) құқықтық реттеудің технологиялық бейтараптығы;
Тармақша 9
9) цифрлық әдеп және әлеуметтік жауапкершілік.
Бап 5
5-бап. Цифрлық ортада адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау
Тармақ 1
1. Адамның цифрлық ортадағы құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері ең жоғары құндылық деп танылады және олардың шектелуі тек Қазақстан Республикасының заңдарымен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсаттарында қажетті шамада ғана мүмкін болады.
Тармақ 2
2. Цифрлық ортадағы қатынастар адамның еркін, саналы және айқын ерік-жігеріне негізделеді.
Тармақ 3
3. Цифрлық ортадағы адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын алгоритмдік және автоматтандырылған шешімдер ашықтық, кемсітпеу және цифрлық орта субъектісі тарапынан бақылау мүмкіндігі сақтала отырып қолданылады.
Бап 6
6-бап. Цифрлық технологияларды қолдану кезіндегі адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігі
Тармақ 1
1. Цифрлық технологияларды қолдану кезіндегі адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігі цифрлық ортаның тұрақты жұмыс істеуінің ажырамас элементі болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекет адамның, қоғамның және мемлекеттің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне цифрлық технологиялардың теріс әсері мен қолдану тәуекелдерінің алдын алу және азайту жөнінде шаралар қабылдайды, олардың қажеттілігі мен қол жеткізілетін мақсаттарға мөлшерлeстігін қамтамасыз етеді.
Бап 7
7-бап. Цифрлық деректердің айналым еркіндігі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде цифрлық деректерді іздеу, қалыптастыру, беру, сақтау және пайдалану еркіндігі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Цифрлық деректерге қол жеткізуді шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол беріледі.
Тармақ 3
3. Мемлекет цифрлық деректердің ашықтығы, анықтығы, қолжетімділігі, өзектілігі, толықтығы, олардың цифрлық үйлесімділігі және цифрлық деректермен еркін алмасу тетігін дамытуға жәрдемдеседі.
Бап 8
8-бап. Цифрлық технологияларды құру, дамыту және қолдану еркіндігі
Тармақ 1
1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, цифрлық технологияларды құру, дамыту және қолдану еркін жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекет ғылыми зерттеулер жүргізуге, инновациялық қызметті жүзеге асыруға және цифрлық технологияларды дамытуға жағдай жасайды.
Тармақ 3
3. Мемлекет халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, қолжетімді инфрақұрылымды дамыту және цифрлық теңсіздікті жою жөніндегі шараларды іске асыруды, сондай-ақ цифрлық ортадағы жеке бастамалар мен бәсекелестікті дамытудың тең жағдайларын қамтамасыз етеді.
Бап 9
9-бап. Жеке және көпшілік мүдделерінің теңгерімі
Тармақ 1
1. Цифрлық ортадағы қоғамдық қатынастарды реттеу жеке және көпшілік мүдделері арасындағы теңгерім сақтала отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Көпшілік мүдделерін іске асыру жеке тұлғалардың құқықтарын негізсіз шектеуге алып келмеуге тиіс.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде оның мақсаттарының және адам мен азамат үшін салдары, қоғам мен мемлекет мүдделері арасындағы мөлшерлестік қамтамасыз етіледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар цифрлық технологияларды пайдалана отырып қабылданатын шешімдердің айқындығын, ашықтығын және уәжділігін қамтамасыз етеді.
Бап 10
10-бап. Цифрлық ортаның қолжетімділігі мен инклюзивтілігі
Тармақ 1
1. Мемлекет азаматтардың цифрлық технологияларға, өнімдерге, көрсетілетін қызметтер мен цифрлық ортадағы мүмкіндіктерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында қолжетімділік жөніндегі талаптар белгіленген цифрлық объектілер мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ көру, есту, сөйлеу қабілеттері бұзылған және басқа да функционалдық шектеулері бар адамдар және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына жататын адамдар үшін қолжетімділік ескеріле отырып әзірленеді және пайдаланылады.
Бап 11
11-бап. Мемлекеттің цифрлық ортаға пропорционалды және негізді түрде қатысуы
Тармақ 1
1. Мемлекет осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде цифрлық ортаға қатысады.
Тармақ 2
2. Цифрлық ресурстар мен жүйелерді құруға және пайдалануға мемлекеттің қатысуына бәсекелестік ортаға негізсіз араласуға жол бермеу талаптары сақталған кезде мемлекеттік функцияларды іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, цифрлық инфрақұрылымның қауіпсіздігін, орнықтылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жол беріледі.
Бап 12
12-бап. Құқықтық реттеудің технологиялық бейтараптығы
Тармақ 1
1. Құқықтық реттеудің технологиялық бейтараптығы қағидаты әртүрлі цифрлық технологияларға тең қатынасты болжайды.
Тармақ 2
2. Цифрлық ортадағы қатынастарды құқықтық реттеу цифрлық технологиялардың функционалдық сипаттамалары негізге алына отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекет жаңа цифрлық технологиялар пайда болған кезде олардың дамуына кедергі келтірмей, құқықтық реттеудің болжамдылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Бап 13
13-бап. Цифрлық әдеп және әлеуметтік жауапкершілік
Тармақ 1
1. Цифрлық технологияларды құру, дамыту және қолдану адамның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу, кемсітушілікке жол бермеу, әділдік, адалдық, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекет, ұйымдар мен азаматтар кемсітуді, манипуляция жасауды, цифрлық технологияларды теріс пайдалануды және адамның, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін өзге де бұзушылықтарды болғызбауға бағытталған цифрлық ортадағы іс-қимылдың әдеп стандарттарын қалыптастыруға және сақтауға қатысады.
Тарау 2. 2-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 14
14-бап. Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Тармақ 1
1. Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
Тармақша 2
2) стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 15
15-бап. Мемлекеттік органдардың цифрландыру саласындағы құзыреті Мемлекеттік органдар құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім 2. 2-БӨЛІМ. ЦИФРЛЫҚ ОРТА ОБЪЕКТІЛЕРІ
2-БӨЛІМ. ЦИФРЛЫҚ ОРТА ОБЪЕКТІЛЕРІ
Тарау 3. 3-тарау. ЦИФРЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
3-тарау. ЦИФРЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Бап 16
16-бап. Цифрлық деректер
Тармақ 1
1. Цифрлық нысанда берілген және оны алу тәсіліне және цифрлық ұсыну нысанына қарамастан автоматтандырылған және (немесе) талдамалық жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға, беруге, таратуға немесе алып тастауға жарамды ақпарат цифрлық деректер болып табылады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, цифрлық деректер еркін құрылуы, жиналуы, сақталуы, өңделуі, пайдаланылуы және берілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін «цифрлық үкімет» операторына (бұдан әрі – оператор) цифрлық деректерге және цифрлық жазбаларға рұқсат береді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік құпияларды, қызметтік немесе құпия ақпаратты, дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты қамтитын цифрлық деректерді басқару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар мен ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Бап 17
17-бап. Ашық деректер
Тармақ 1
1. Машинада оқылатын нысанда ұсынылған және еркін пайдалануға, өңдеуге, қайта жариялауға және таратуға арналған, ашық қолжетімділікте орналастырылған цифрлық деректер ашық деректер болып табылады.
Тармақ 2
2. Ашық цифрлық деректерді орталықтандырылған орналастыру, сипаттау, сақтау, іздеу, қол жеткізу және қайта пайдалану, сондай-ақ мұндай деректерге машиналық қол жеткізуге бағдарламалық интерфейстерді ұсыну үшін ашық деректердің интернет-порталы мемлекеттік цифрлық ресурс болып табылады.
Тармақ 3
3. Ашық деректердің интернет-порталы порталдың тұрақтылығын, қауіпсіздігін немесе өнімділігін қамтамасыз етуге байланысты техникалық шектеулерді қоспағанда, онда орналастырылған ашық деректерге өтеусіз, ашық және кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Оператор оны техникалық сүйемелдеуді, киберқауіпсіздікті, орналастырылған ашық деректердің үздіксіз қолжетімділігін, өзектілігін, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен портал пайдаланушыларының іс-әрекеттерін журналға енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ақпарат иелері Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес ашық деректердің интернет-порталында ашық деректерді тұрақты негізде орналастыруға және уақтылы жаңартып отыруға міндетті.
Тармақ 6
6. Цифрлық ортаның осы бапта көрсетілмеген өзге субъектілері қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтымайтын цифрлық деректерді ашық деректердің интернет-порталында жариялау үшін өз еркімен жіберуге құқылы.
Тармақ 7
7. Таралып кетуі, қателік, қауіпсіздіктің бұзылуы, оларды заңсыз пайдалану, оларға рұқсат беру немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттер салдарынан адамдардың шектелмеген тобына қолжетімді болған цифрлық деректер ашық деректер болып табылмайды және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен цифрлық ресурстардан дереу алып тасталуға тиіс.
Бап 18
18-бап. Әкімшілік цифрлық деректер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және оларға жүктелген мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде субъектілер қалыптастыратын цифрлық деректер әкімшілік цифрлық деректер деп танылады.
Тармақ 2
2. Әкімшілік цифрлық деректерді жинау, қалыптастыру, сақтау, өңдеу, пайдалану, жаңарту және беру деректерді басқару жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган әкімшілік цифрлық деректердің сапасын айқындау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
Тармақ 4
4. Әкімшілік цифрлық деректер мынадай мақсаттарда тұрақты негізде жүргізілуге және жаңартылуға тиіс:
Тармақша 1
1) ұлттық тіркелімдердің сапасын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру;
Тармақша 3
3) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру;
Тармақша 4
4) деректерді талдау;
Тармақша 5
5) басқарушылық шешімдер қабылдау.
Бап 19
19-бап. Ұлттық тіркелімдер
Тармақ 1
1. Ұлттық тіркелім – «цифрлық үкімет» архитектурасы шеңберінде айқындалған және мемлекеттік функцияларды орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мемлекеттік статистика үшін анық ақпараттың бірыңғай көзі ретінде пайдаланылатын, эталондық цифрлық деректерді қамтитын цифрлық ресурс түсініледі.
Тармақ 2
2. Ұлттық тіркелімдердің тізбесін, олардың құрылымын, эталондық цифрлық деректердің құрамын, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. Ұлттық тіркелімдер үшін цифрлық деректердің ұстаушылары немесе көздері болып табылатын цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері тиісті ұлттық тіркелімдерде қамтылған цифрлық деректердің тиісті сапасын қамтамасыз етеді. Ұлттық тіркелімдерге енгізілген цифрлық деректердің сапасын айқындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ұлттық тіркелімде цифрлық деректер болған жағдайда мұндай деректерді пайдаланатын мемлекеттік цифрлық объектілер оларды тікелей тиісті ұлттық тіркелімнен алуға тиіс.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін, сондай-ақ уәкілетті органға деректерді талдау үшін деректер базасын интеграциялау жолымен ұлттық тіркелімдерде қамтылған әкімшілік цифрлық деректерге рұқсат береді.
Тарау 4. 4-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕР
4-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕР
Бап 20
20-бап. Цифрлық объектілер және олардың түрлері
Тармақ 1
1. Цифрлық объект – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі.
Тармақ 2
2. Цифрлық объектілерге мыналар жатады:
Тармақша 1
1) цифрлық жазбалар;
Тармақша 2
2) цифрлық активтер;
Тармақша 3
3) цифрлық ресурстар;
Тармақша 4
4) бағдарламалық қамтылым;
Тармақша 5
5) цифрлық жүйелер;
Тармақша 6
6) цифрлық платформалар;
Тармақша 7
7) цифрлық инфрақұрылым объектілері;
Тармақша 8
8) цифрлық деректер өнімдері;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де цифрлық объектілер.
Тармақ 3
3. Цифрлық объектілер уәкілетті орган қалыптастыратын және жүргізетін цифрлық объектілер сыныптауышында оларды сәйкестендіру, санаттау, сипаттау және есепке алу арқылы жүйелендіруге жатады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана цифрлық объектілердің жұмыс істеуін тоқтата тұруға немесе пайдаланушылардың оларға қол жеткізуін шектеуге жол беріледі.
Бап 21
21-бап. Цифрлық жазбалар
Тармақ 1
1. Жазбаның мазмұнын, дереккөзін, құрылымын немесе мақсатын анықтауға мүмкіндік беретін бірегей сәйкестендіру сипаттамалары бар цифрлық нысанда тіркеп-белгіленген ақпаратты немесе осындай ақпарат туралы мәліметтерді білдіретін ерекшеленген цифрлық объект цифрлық жазба деп танылады.
Тармақ 2
2. Цифрлық жазбалар мынадай болып бөлінеді:
Тармақша 1
1) сәйкестендіру цифрлық жазбалары – нақты, дербес немесе қызметтік сипаттағы және цифрлық деректерді дараландыруға арналған ақпаратты немесе мәліметтерді тіркеп-белгілеуші;
Тармақша 2
2) құқық куәландыратын цифрлық жазбалар – заттарды, тауарларды, шикізат ресурстарын және өзге де активтерді қоса алғанда, цифрлық және (немесе) материалдық объектілерге құқықтардың туындауын, тиесілігін, ауысуын, ауыртпалығын немесе тоқтатылуын, сондай-ақ осындай объектілерге байланысты талап ету құқықтарын куәландыратын жазбалар.
Тармақ 3
3. Сәйкестендіру цифрлық жазбалары, оның ішінде дербес деректері бар жазбалар азаматтық айналымға қатыспайды, ал олардың мазмұнына (ақпаратқа) құқықтар материалдық емес игіліктер (жеке мүліктік емес құқықтар) не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі ақпарат ретінде қорғалады.
Тармақ 4
4. Дербес деректерді қамтитын және мемлекеттік органдарға берілген цифрлық жазбаларды мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттің осындай деректерге меншік құқығы туындамай, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негізде және шектерде ғана пайдаланады.
Тармақ 5
5. Құқық куәландыратын цифрлық жазбалар тиісті мүліктік құқықтарды беруге, иеліктен шығаруға, ауыртпалық салуға немесе өзге де иелік етуге жол береді. Құқық куәландыратын цифрлық жазбаларды жасау, пайдалану, есепке алу және олардың айналымының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасында белгіленеді.
Бап 22
22-бап. Цифрлық активтер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық активтерге жатқызылған цифрлық объектілер цифрлық активтер деп танылады.
Тармақ 2
2. Цифрлық активтерді және олардан туындайтын қаржы құралдарын құру (эмиссиялау), шығару, айналымға жіберу, сақтау, есепке алу, айналымды тоқтату ерекшеліктері және цифрлық активтерге және олардан туындайтын қаржы құралдарымен байланысты өзге де қатынастар «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және қаржы активтерінің және олармен байланысты қаржы құралдарының құқықтық режимін белгілейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі.
Тармақ 3
3. Осы Кодекстің цифрлық объектілер туралы ережесі цифрлық активтерге «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмеген бөлігінде қолданылады.
Бап 23
23-бап. Бағдарламалық қамтылым
Тармақ 1
1. Бағдарламалық қамтылым – белгілі бір функциялардың орындалуын, цифрлық деректерді өңдеуді, сақтауды, қайта көшіруді және (немесе) беруді қамтамасыз ететін алгоритмдерді іске асыратын, пайдалану үшін дайындалған кодтардың жиынтығы болып табылатын сандық объект.
Тармақ 2
2. Бағдарламалық қамтылым құқығы құқық иесіне тиесілі және Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес қорғалады.
Тармақ 3
3. Ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылымды оны әзірлеуге немесе өзгертуге бірлесіп қатысатын бірнеше субъектілер құра алады және қолдап отыра алады. Авторлық құқық иесі және осындай кодты әзірлеуге қатысу қағидалары айқындаған шарттарда қарау, зерделеу, пайдалану, көшіру және (немесе) өзгерістер енгізу үшін қолжетімді код ашық бастапқы код деп танылады. Бастапқы код деп бағдарламалау тілінде көрсетілген, бағдарламалық қамтылымды құруға және өзгертуге арналған бағдарлама мәтіні түсініледі.
Тармақ 4
4. Ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылым ашық лицензия шарттарымен таратылады және пайдаланылады.
Тармақ 5
5. Осындай лицензияда белгіленген шарттар мен шектеулер сақталған жағдайда ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылымды пайдалануға, зерделеуге, көшіруге, модификациялауға және таратуға адамдардың шектелмеген тобына құқық беретін құқық иеленушінің лицензиясы ашық лицензия деп танылады.
Бап 24
24-бап. Цифрлық ресурстар
Тармақ 1
1. Цифрлық ресурс – реттелген цифрлық деректер, цифрлық жазбалар мен оларды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге және таратуға арналған бағдарламалық қамтылым жиынтығы.
Тармақ 2
2. Цифрлық инфрақұрылымда орналастырылған және домен атауы, Интернет мекенжайы немесе өзге де цифрлық сәйкестендіргіш арқылы сәйкестендірілетін цифрлық ресурс интернет-ресурс деп танылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, цифрлық ресурстың меншік иесі және (немесе) иегері:
Тармақша 1
1) цифрлық ресурсқа қол жеткізудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ осындай цифрлық ресурсты пайдалану қағидаларын белгілеуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған цифрлық ресурстың белгілерін, сәйкестендіргіштерін және дараландырудың өзге де құралдарын пайдалануға;
Тармақша 3
3) өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін заңсыз араласудан, әсерден, бұғаттаудан, көшіруден, модификациялаудан, қауіпсіздікті бұзудан немесе цифрлық ресурсты өзге де заңсыз пайдаланудан қорғауға құқылы.
Тармақ 4
4. Цифрлық ресурстың меншік иесі және (немесе) иегері:
Тармақша 1
1) цифрлық ресурста орналастырылған немесе өңделетін цифрлық деректердің, цифрлық жазбалардың сақталуын, тұтастығын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауға;
Тармақша 3
3) цифрлық ресурс пайдаланушыларына қол жеткізу, цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды өңдеу және оның функционалын пайдалану шарттары туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 5
5. Меншік иесінің және (немесе) иегерінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары болады және өзге де міндеттерді атқарады.
Тармақ 6
6. Цифрлық ресурстарда цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды орналастыру, өңдеу және пайдалану, сондай-ақ осындай цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларға қол жеткізу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында, жария оферта шарттарында, пайдаланушы келісімінде немесе цифрлық ресурсты пайдаланушылармен жасалған өзге де шарттарында айқындалады.
Бап 25
25-бап. Цифрлық инфрақұрылым объектілері
Тармақ 1
1. Цифрлық объектілерді орналастыруды және олардың жұмыс істеу ортасын қамтамасыз ететін материалдық, техникалық және технологиялық құралдардың жиынтығы цифрлық инфрақұрылым объектісі деп танылады.
Тармақ 2
2. Цифрлық инфрақұрылым объектілеріне деректерді өңдеу орталықтары, телекоммуникация желілері, байланыс жүйелері және өзге де инфрақұрылым объектілері жатады.
Тармақ 3
3. Цифрлық инфрақұрылым объектілерін құруға, орналастыруға, пайдалануға, жаңғыртуға, олардың орнықтылығын, тұтастығын және киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Тармақ 4
4. Цифрлық инфрақұрылым объектілері мемлекеттік немесе жеке меншікте болуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік цифрлық инфрақұрылым объектілері мемлекеттік функцияларды іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, ұлттық мүдделерді қорғау және мемлекеттік басқарудың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік емес цифрлық инфрақұрылым объектілері Қазақстан Республикасының заңдары негізінде мемлекеттік цифрлық объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін.
Бап 26
26-бап. Бөлінген цифрлық объектілер
Тармақ 1
1. Бөлінген цифрлық объект деп құрылуы, сақталуы, өңделуі немесе пайдаланылуы цифрлық жазбалардың үйлесімділігін, анықтығын және тұтастығын біртұтас өңдеу орталығынсыз қамтамасыз ететін көптеген өзара байланысты техникалық құралдарды пайдаланумен сипатталатын бөлінген архитектура арқылы жүзеге асырылатын цифрлық объект танылады.
Тармақ 2
2. Бөлінген цифрлық объектілер цифрлық деректерді жазу, келісу, тексеру, сақтау және пайдалану тәртібін айқындайтын өзара іс-қимылдың ішкі регламенті, сондай-ақ цифрлық жазбалардың үйлесімділігін, анықтығын және өзгермейтіндігін қамтамасыз ету алгоритмдері негізінде жұмыс істейді.
Тармақ 3
3. Бөлінген цифрлық объектілер:
Тармақша 1
1) бір субъект қатысушылардың операцияларын үйлестіруді, бақылауды, жұмыс істеуін қамтамасыз етуді немесе растауды жүзеге асыратын орталықтандырылған-бөлінген;
Тармақша 2
2) цифрлық жазбаларды келісуді, тексеруді және тіркеп-белгілеуді қатысушылар бөлінген үйлестірушісіз консенсус алгоритмдері немесе өзге де тетіктер негізінде тікелей өзара жүзеге асыратын орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
Тармақ 4
4. Бөлінген цифрлық объектілерді иелену, пайдалану және оларға иелік ету ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Тармақ 5
5. Бөлінген цифрлық объектілер айналымнан шығарылған, бірлесіп иелік ету объектілері болып табылады.
Бап 27
27-бап. Деректерді өңдеу орталықтары
Тармақ 1
1. Технологиялық, инженерлік, техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтылым арқылы өзге де цифрлық объектілерді орналастыруға және олардың жұмыс істеу ортасын қамтамасыз етуге арналған цифрлық инфрақұрылым объектісі деректерді өңдеу орталығы болып танылады.
Тармақ 2
2. Деректерді өңдеу орталықтары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұлттық немесе халықаралық техникалық аудиттен өтуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Деректерді өңдеу орталығы оның үздіксіз, ақауларға төзімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін инженерлік, энергетикалық, телекоммуникациялық және технологиялық инфрақұрылымға ие болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік цифрлық деректерді, қолжетімділігі шектеулі деректерді немесе аса маңызды цифрлық объектілерді қамтитын цифрлық объектілерді орналастыру үшін пайдаланылатын деректерді өңдеу орталықтары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Бап 28
28-бап. Цифрлық жүйелер
Тармақ 1
1. Цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені цифрлық жүйе болып табылады.
Тармақ 2
2. Цифрлық жүйенің иегері және (немесе) меншік иесі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе немесе цифрлық ресурстардың иегері және (немесе) меншік иесі өзгешені белгілемесе, онда қамтылған цифрлық ресурстарды ауыстыру және пайдалану шарттарын қоса алғанда, цифрлық жүйенің жұмыс істеу қағидаларын айқындауға құқылы. Цифрлық жүйенің иегері және (немесе) меншік иесі цифрлық жүйенің сенімділігін, тұтастығын, қорғалуын және киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
Тармақ 3
3. Егер цифрлық жүйенің иегері және (немесе) меншік иесі ондағы цифрлық ресурстардың иегерлері және (немесе) меншік иелері болып табылмаған жағдайда, цифрлық жүйені пайдалану және цифрлық ресурстарға қол жеткізу тәртібі осындай иегерлер және (немесе) меншік иелері арасындағы келісіммен айқындалады.
Тармақ 4
4. Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалған орындаудағы цифрлық жүйелерді өнеркәсіптік пайдалану, сүйемелдеу, дамыту, интеграциялау, өнеркәсіптік пайдалану мен қорғауды тоқтату осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 29
29-бап. Цифрлық платформалар
Тармақ 1
1. Цифрлық платформа – цифрлық орта субъектілері орналастыратын цифрлық ортадағы көрсетілетін қызметтерге, деректерге, сервистерге, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қол жеткізуді және олардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін цифрлық объект.
Тармақ 2
2. Цифрлық платформа пайдаланушылары платформадағы қызметке байланысты цифрлық платформаны пайдаланушылар мен бизнес-пайдаланушы болып бөлінеді:
Тармақша 1
1) цифрлық платформаны пайдаланушылар – цифрлық платформаны тауарларды іздеу, тапсырыс беру немесе сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін, сондай-ақ табыс алумен, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де тұтынушылық немесе қосалқы мақсаттар үшін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) цифрлық платформаның бизнес-пайдаланушысы – тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету немесе табыс алуға байланысты өзге де қызметті, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында цифрлық платформаны пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.
Тармақ 3
3. Цифрлық платформада жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ цифрлық платформаны пайдаланушыларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының салалық заңнамасында айқындалады.
Тармақ 4
4. Цифрлық платформаларға қойылатын талаптар орындалатын функцияларға, адамдардың айқындалмаған тобының құқықтарына әсер ету дәрежесіне және цифрлық деректерге, көрсетілетін қызметтерге, тауарларға немесе өзара іс-қимыл нәтижелеріне бақылау сипатына сәйкес көлемде белгіленеді.
Тармақ 5
5. Цифрлық платформалардың иегерлері пайдаланушы келісімінде көрсетілген пайдалану шарттарының ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 6
6. Бизнес-пайдаланушы, цифрлық платформаның иегері және (немесе) меншік иесі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық агентінің немесе салық төлеушінің міндеттерін атқарған жағдайларда, мұндай міндеттер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және көлемде жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. ЦИФРЛЫҚ ДЕРЕКТЕР ӨНІМДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫ
5-тарау. ЦИФРЛЫҚ ДЕРЕКТЕР ӨНІМДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫ
Бап 30
30-бап. Цифрлық деректер өнімі
Тармақ 1
1. Цифрлық деректер өнімі – цифрлық ортада пайдалануға, айырбастауға және (немесе) айналымға жарамды құрылымдық немесе басқаша түрлендірілген цифрлық деректерді қамтитын цифрлық деректерді өңдеудің біріктірілген, қалыпқа келтірілген нәтижесі.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық деректер өнімдерінің құрылымы, сапасы және метадеректері деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес реттеледі.
Тармақ 3
3. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасындағы цифрлық деректер өнімі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, иегері айқындаған шарттарда мәмілелердің, иеліктен шығарудың және берудің нысанасы болуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасындағы цифрлық деректер өнімі мынадай қасиеттерге ие болуға тиіс:
Тармақша 1
1) дербес деректер субъектілерін тікелей және (немесе) жанама әдістермен сәйкестендіру мүмкіндігіне жол беретін дербес деректерді қамтымауға тиіс;
Тармақша 2
2) цифрлық деректердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, өңделген және құрылымдалған;
Тармақша 3
3) құрамы, құрылымы, мақсаты және пайдалану шарттары туралы қажетті метадеректерді қамтиды.
Бап 31
31-бап. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформалары
Тармақ 1
1. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы – осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес онда орналастырылған цифрлық деректер өнімдеріне олардың алмасуы мен айналымының белгіленген шарттарымен қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық платформа.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және жеке кәсіпкерлік субъектілері цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша экономиканы дамыту жөніндегі уәкілетті орган бекіткен цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының жұмыс істеу қағидаларын сақтай отырып, цифрлық деректер өнімдерімен алмасуы және олардың айналымы платформаларын құруға құқылы.
Тармақ 3
3. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық жоспарлау, реформалар жүргізу салаларында және мемлекеттік статистика саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тармақ 4
4. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформалары деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган айқындаған өлшемшарттарға сәйкес келген кезде және тәртіппен цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және оның айналымы платформаларының тізіліміне енгізілуге тиіс.
Тармақ 5
5. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының меншік иелері және (немесе) иегерлері:
Тармақша 1
1) цифрлық деректер өнімдерінің тізбесін құруды және жүргізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) цифрлық деректер өнімдеріне қол жеткізу, алмасу және пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) цифрлық деректер өнімдеріне рұқсатсыз қол жеткізудің, олардың таралып кетуінің және трансшекаралық берудің, егер мұндай беру Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген болса, алдын алуға міндетті.
Тармақ 6
6. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының мониторингін жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Қызметі басталған сәттен бастап цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының меншік иесі және (немесе) иегері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті органға қызметтің немесе іс-қимылдың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Тармақ 8
8. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалаудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 9
9. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының меншік иелеріне және (немесе) иегерлеріне:
Тармақша 1
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, дербес деректерді қоса алғанда, бастапқы (өңделмеген) деректердің айналымын жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) егер мұндай орналастыру немесе сақтау шектелген болса, цифрлық деректер өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналастыруды немесе сақтауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, цифрлық деректер өнімі меншік иесінің және (немесе) иегерінің келісімінсіз цифрлық деректер өнімдерін үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Тарау 6. 6-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ АРНАУЛЫ РЕЖИМДЕРІ
6-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ АРНАУЛЫ РЕЖИМДЕРІ
Бап 32
32-бап. Сенімді цифрлық объектілер
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган белгілеген қауіпсіздік, сенімділік, оқшаулау және техникалық қолдау өлшемшарттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарына сәйкес келетін цифрлық жазбалар мен цифрлық активтерді қоспағанда, цифрлық объектілер сенім білдірілген цифрлық объектілер деп танылады.
Тармақ 2
2. Цифрлық объект сенім білдірілген цифрлық объектілерге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган сенім білдірілген цифрлық объектілерді сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізеді. Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындауды уәкілетті орган тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сенімді цифрлық объектілер тізіліміне енгізілген цифрлық объектілерді сатып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Цифрлық объектіні сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізу мемлекетте осындай цифрлық объектіге айрықша құқықтардың туындауына алып келмейді және оның меншік иесінің құқықтарын шектемейді.
Тармақ 5
5. Цифрлық объект сенім білдірілген цифрлық объектілерге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкестігін жоғалтқан жағдайда уәкілетті орган сенім білдірілген цифрлық объектілер тізілімінен цифрлық объектіні алып тастау туралы шешім қабылдайды және бұл туралы тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдарды, цифрлық объектінің иегерлерін және (немесе) меншік иелері мен пайдаланушыларын хабардар етеді.
Бап 33
33-бап. Аса маңызды цифрлық объектілер
Тармақ 1
1. Аса маңызды цифрлық объектілер – бұзылуы немесе жұмыс істеуін тоқтатуы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін, оның ішінде жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау инфрақұрылымы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, «цифрлық үкімет» үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін цифрлық объектілер.
Тармақ 2
2. Аса маңызды цифрлық объектілердің тізбесін, сондай-ақ цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Аса маңызды цифрлық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес цифрлық объектілер киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы талаптарды сақтауға міндетті.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда аса маңызды цифрлық объектілердің иегері және (немесе) меншік иесі киберқауіпсіздік аудитін жүргізуге міндетті.
Бап 34
34-бап. Ұлттық цифрлық объектілер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік функцияларды орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету не мемлекеттің цифрлық архитектурасының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін аса маңыздылығына байланысты мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік цифрлық объектілер ұлттық цифрлық объектілер болып табылады.
Тармақ 2
2. Цифрлық объектіні ұлттық деп тану тиісті цифрлық объектілердің мәртебесі белгіленетін және оларды құру, дамыту, пайдалану, модификациялау және қорғау ерекшеліктері айқындалатын Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ұлттық цифрлық объектілер көпшілік мүддесі объектілері болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, иеліктен шығаруға, кепілге беруге, оларға қатысты ауыртпалықтарды немесе мүліктік талаптарды белгілеуге, сондай-ақ иегерлерінің немесе өзге де адамдардың міндеттемелері бойынша өндіріп алуға жатпайды.
Тармақ 4
4. Ұлттық цифрлық объектілерді құру, дамыту, пайдалану, модификациялау және қорғау бюджет қаражаты не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
Бап 35
35-бап. Цифрлық кондоминиум
Тармақ 1
1. Цифрлық кондоминиум – өзара іс-қимылдың жалпы ережелері негізінде қатысушылар құрған және пайдаланатын, бөлінген цифрлық объектілерді бірлесіп иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтары жүзеге асырылатын меншік нысаны.
Тармақ 2
2. Цифрлық кондоминиум құрамына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) қатысушыларға тиесілі жеке цифрлық объектілер;
Тармақша 2
2) тиісті инфрақұрылымның жұмыс істеуі үшін қатысушылар бірлесіп пайдаланатын ортақ цифрлық объектілер.
Тармақ 3
3. Қатысушылар өздеріне тиесілі цифрлық нысандарға иелік етеді, пайдаланады және оларға билік етеді, ал ортақ цифрлық объектілер келісім немесе смарт-келісімшартта белгіленген тәртіппен пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Ортақ цифрлық объектілерді басқаруды цифрлық орта субъектілері тікелей не қатысушылармен жасалған шарт негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлға арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері олардың арасындағы келісіммен немесе смарт-келісімшарт талаптарымен айқындалады, тиісті өкілеттіктердің қатысуын және көлемін растайтын цифрлық жазбалармен куәландырылады.
Тармақ 6
6. Цифрлық кондоминиумдарды құру, жұмыс істеу, есепке алу және тоқтату тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бөлім 3. 3-БӨЛІМ. ЦИФРЛЫҚ ОРТА СУБЪЕКТІЛЕРІ
3-БӨЛІМ. ЦИФРЛЫҚ ОРТА СУБЪЕКТІЛЕРІ
Тарау 7. 7-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТА СУБЪЕКТІЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
7-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТА СУБЪЕКТІЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бап 36
36-бап. Цифрлық орта субъектілерінің түрлері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес цифрлық сәйкестікке ие мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мыналар цифрлық орта субъектілері болып табылады:
Тармақша 1
1) цифрлық деректер субъектілері;
Тармақша 2
2) цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері;
Тармақша 3
3) цифрлық объектілерді пайдаланушылар;
Тармақша 4
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған өзге де цифрлық орта субъектілері.
Тармақ 2
2. Цифрлық орта субъектілерінің құқықтары мен міндеттері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
Бап 37
37-бап. Цифрлық деректер субъектілері
Тармақ 1
1. Цифрлық деректер субъектісі – цифрлық ортада өңделетін цифрлық деректер жататын және осындай цифрлық деректерді пайдалана отырып сәйкестендірілуі мүмкін жеке немесе заңды тұлға.
Тармақ 2
2. Дербес деректері өздеріне қатысты жеке тұлғалар дербес деректер субъектілері болып табылады.
Тармақ 3
3. Дербес деректер цифрлық деректер субъектісінің келісімімен не Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда ғана өңделуі немесе берілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Цифрлық деректер субъектісі өзінің цифрлық деректерін қалыптастыруға және пайдалануға байланысты туындайтын өзінің жеке мүліктік емес құқықтарын, сондай-ақ оларға қол жеткізуді, бақылауды, алып тастауды, өңдеуді шектеуді, сондай-ақ цифрлық деректерді өңдеудің мақсаттары, құқықтық негіздері мен тәсілдері туралы ақпарат алу құқығын қоса алғанда, осы цифрлық деректерге қатысты құқықтарын қорғауға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Көрсетілген құқықтарды іске асыру цифрлық деректер субъектісінің жеке басы не оның өкілінің өкілеттіктері расталған кезде, сондай-ақ тиісті цифрлық деректердің осындай субъектіге тиесілігі расталған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Цифрлық деректер субъектілерінің құқықтарын іске асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Бап 38
38-бап. Цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері
Тармақ 1
1. Цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері осындай цифрлық объектілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында және шарттың талаптарында көзделген меншік құқығына немесе өзге де құқықтарға ие болады.
Тармақ 2
2. Цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері:
Тармақша 1
1) дербес деректер мен құпия ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды қоса алғанда, үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
Тармақша 2
2) цифрлық деректер мен цифрлық объектілерге заңсыз қол жеткізуді, көшіруді, өзгертуді немесе алып тастауды болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға;
Тармақша 3
3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Цифрлық объектілерге құқықтарды беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Кодексте және шарттың талаптарында көзделген негіздерде және тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және шектерде цифрлық объектіні құру, пайдалану немесе оған билік ету кезінде оның заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан келтірілген зиян үшін жауапты болады.
Бап 39
39-бап. Цифрлық объектілерді пайдаланушылар
Тармақ 1
1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес цифрлық объектілерді заңды негіздерде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар цифрлық объектілерді пайдаланушылар деп танылады.
Тармақ 2
2. Цифрлық объектіні пайдаланушы:
Тармақша 1
1) цифрлық объектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында, цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері белгілеген шарттарда пайдалануға;
Тармақша 2
2) цифрлық объектінің сипаттамалары мен тәуекелдері туралы анық ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) өз құқықтарын цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері немесе өзге де пайдаланушылары тарапынан қол жеткізуді заңсыз шектеуден немесе теріс пайдаланудан қорғауға;
Тармақша 4
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 3
3. Цифрлық объектілерді пайдаланушы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының дербес деректерді және құпия ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарын сақтауға;
Тармақша 2
2) цифрлық объектінің жұмыс істеуіне араласпауға және оны цифрлық объектінің меншік иесінің және (немесе) иегерінің рұқсатынсыз өзгертпеуге;
Тармақша 3
3) адал әрекет етуге және цифрлық объектінің басқа пайдаланушыларына зиян келтірмеуге;
Тармақша 4
4) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тарау 8. 8-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТА СУБЪЕКТІСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ
8-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТА СУБЪЕКТІСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Бап 40
40-бап. Цифрлық сәйкестік және оны қорғау құқығы
Тармақ 1
1. Цифрлық сәйкестік – цифрлық әрекеттердің, құқықтардың немесе объектілердің нақты бір цифрлық орта субъектісіне жататындығын анықтауға немесе растауға мүмкіндік беретін цифрлық жазбалардың жиынтығы. Цифрлық сәйкестік жеке мүліктік емес игілік ретінде қорғалады.
Тармақ 2
2. Ешкімді цифрлық сәйкестендіруге мәжбүрлеуге, мұндай міндет Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, болмайды.
Тармақ 3
3. Цифрлық ортадағы өзара қарым-қатынастарға сәйкестендірусіз қатысуға тек іске асырылуы сәйкестендіруді талап ететін құқықтар мен міндеттердің туындауына алып келмейтін көрсетілетін қызметтер мен іс-қимылдарға қатысты жол беріледі.
Тармақ 4
4. Цифрлық сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған кезде цифрлық орта субъектісі сәйкестендіруден Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге тәсілмен өткен жағдайда мемлекеттік және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы.
Тармақ 5
5. Мемлекет цифрлық сәйкестікті цифрлық орта субъектілерін өздерінің келісімінсіз сәйкестендіруге мүмкіндік беретін цифрлық жазбаларға заңсыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді.
Бап 41
41-бап. Дербес деректерді алып тастау, анонимдеу және өңдеуді шектеу құқығы
Тармақ 1
1. Дербес деректер субъектісі, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың алыну негізіне қарамастан, цифрлық ортада орналастырылған немесе өңделетін өзінің дербес деректерін алып тастауды, анонимдеуді немесе өңдеуді шектеуді талап етуге құқылы. Дербес деректерді анонимдеу деп оны жасаудың нәтижесінде дербес деректердің дербес деректер субъектісіне тиесілігін анықтау мүмкін болмайтын іс-қимыл түсініледі.
Тармақ 2
2. Цифрлық объектілердің иегері немесе дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын өзге тұлға дербес деректер субъектісінің дербес деректерді алып тастау, анонимдеу немесе өңдеуді шектеу туралы талабын Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында цифрлық деректерді сақтаудың міндетті мерзімдері белгіленген болса, тиісті цифрлық объектінің иегері немесе дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын өзге тұлға:
Тармақша 1
1) заңды күшіне енген сот актісі негізінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартында көзделген міндеттемелерді орындау үшін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес архивтік сақтауды қамтамасыз ету мақсатында өңдеуді қоспағанда, мұндай деректерге қол жеткізуді шектеуге және дербес деректер субъектісінің талабы бойынша оларды өңдеуді тоқтата тұруға міндетті.
Тармақ 4
4. Дербес деректерді алып тастау, анонимдеу немесе өңдеуді шектеу туралы талап, егер дербес деректерді сақтау:
Тармақша 1
1) үшінші тұлғалардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық бойынша істерді қарау;
Тармақша 3
3) сот төрелігін жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот актілерін орындау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей белгіленген көпшілік мүддесін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) дербес деректерді анонимдеу жағдайында мемлекеттік статистиканың немесе ғылыми-зерттеу қызметінің мақсаттары;
Тармақша 6
6) мемлекеттік функцияларды іске асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажет болса, орындалуға жатпайды.
Бап 42
42-бап. Мүгедектігі бар адамдардың цифрлық ортадағы цифрлық қолжетімділігі мен құқықтары
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де тұлғалар пайдаланушылардың барлық санаттары үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін цифрлық жүйелердің, цифрлық ресурстардың және цифрлық ортада көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін цифрлық объектілерді құру, дамыту, модификациялау, пайдалану кезінде цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарда көзделген цифрлық ортадағы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар ескеріледі. Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар цифрлық ортаның қолжетімділігі саласындағы халықаралық тәсілдер мен ұсынымдар ескеріле отырып әзірленеді және жаңартылып отырады.
Бап 43
43-бап. Цифрлық орта субъектілерінің алгоритмдік жүйелер мен толық автоматтандырылған шешімдерді пайдалану кезіндегі құқықтары
Тармақ 1
1. Алгоритмдік жүйе – жасанды интеллект жүйелерін қоса алғанда, деректерді автоматтандырылған түрде өңдеу негізінде шешімдер қабылдайтын немесе қабылдауға әсер ететін цифрлық жүйе.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген белгілер бойынша кемсітушілікті қоса алғанда, алгоритмдік жүйелерді пайдалана отырып қабылданатын шешімдер кемсітушілікке алып келмеуге тиіс.
Тармақ 3
3. Қабылдануы адамның мән-жайларды бағалауға не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісімде көзделген жағдайларда нәтижені бекітуде адамның қатысуынсыз жүзеге асырылатын шешім толық автоматтандырылған шешім деп танылады.
Тармақ 4
4. Өзіне қатысты толық автоматтандырылған алгоритмдік жүйе қабылданатын субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен:
Тармақша 1
1) алгоритмдік жүйені қолдану фактісі туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) алгоритмдерді, бастапқы кодты немесе заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді ашпай шешімге әсер еткен негізгі факторлар мен өлшемшарттардың түсіндірмесін алуға;
Тармақша 3
3) егер шешім заңды салдарларға алып келетін болса не адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне ықпал етуге қабілетті болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде уәкілетті маманның (мамандардың) қатысуымен шешімді қайта қарауды талап етуге құқылы.
Тармақ 5
5. Алгоритмдік жүйелерді, толық автоматтандырылған шешімдерді қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Бөлім 4. 4-БӨЛІМ. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
4-БӨЛІМ. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Тарау 9. 9-тарау. ЦИФРЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ
9-тарау. ЦИФРЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ
Бап 44
44-бап. Цифрлық ортада құқықтардың туындауы, жүзеге асырылуы және тоқтатылуы
Тармақ 1
1. Цифрлық жазбаларда көрсетілген заңдық маңызы бар фактілер цифрлық ортада құқықтық қатынастардың туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері болып табылады.
Тармақ 2
2. Цифрлық ортадағы құқықтық қатынастар цифрлық объектілерді құруға, алуға немесе пайдалануға және іс-әрекеттер жасауға байланысты, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда туындайды.
Тармақ 3
3. Цифрлық ортада туындаған құқықтық қатынастар қатысушыларды сәйкестендіруді, олардың ерік білдіруін растауды және заңдық маңызы бар фактілерді тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Цифрлық ортадағы құқықтық қатынастардың тоқтатылуы міндеттемелерді орындау, цифрлық объектіні жоғалту, құқықтың қолданылу мерзімінің аяқталуы не осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында немесе шартта белгіленген өзге де заңдық маңызы бар фактілер нәтижесінде туындайды.
Бап 45
45-бап. Цифрлық деректер сәйкестендіргіштері
Тармақ 1
1. Сәйкестендіргіштер және оларды қамтитын цифрлық жазбалар осы Кодексте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес өңделеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында мыналар бірегей сәйкестендіргіш болып табылады:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер және бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер) үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік цифрлық объектілерде пайдаланылатын сәйкестендіргіштер, сондай-ақ әртүрлі иегерлердің цифрлық объектілері арасында цифрлық жазбаларды алмасу үшін қолданылатын сәйкестендіргіштер жария сәйкестендіргіштер деп танылады.
Тармақ 4
4. Жеке цифрлық ресурстарда немесе шектеулі цифрлық жүйелерде ғана пайдаланылатын сәйкестендіргіштер жеке сәйкестендіргіштер болып танылады.
Тармақ 5
5. Цифрлық жазбаға қосу үшін сәйкестендіргіштерді таңдауды:
Тармақша 1
1) цифрлық жазбалардың иегері дербес деректер субъектісі туралы деректерді жинау кезінде дербес деректер субъектісі;
Тармақша 2
2) иегердің өзі цифрлық деректерді жасаған кезде, оның ішінде сәйкестендіргіш жасалған немесе берілген кезде цифрлық жазбалардың иегері;
Тармақша 3
3) дербес деректер субъектісінен алынбаған цифрлық деректердің цифрлық жазбаларын иегеріне беру кезінде үшінші тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Цифрлық жазбалардың иегері өзінің цифрлық объектісі шегінде пайдаланылатын сәйкестендіргіштердің бірегейлігі мен дәйектілігін, сондай-ақ цифрлық объектілер арасында цифрлық жазбаларды алмасу кезінде олардың дұрыс салыстырылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 46
46-бап. Цифрлық аутентификация
Тармақ 1
1. Цифрлық аутентификация Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда цифрлық ортадағы көрсетілетін қызметтер мен объектілерге қол жеткізу кезінде жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін растау рәсімі деп танылады.
Тармақ 2
2. Цифрлық аутентификация Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін цифрлық объектілер мен сәйкестендіру құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға өтініш білдірген кезде цифрлық аутентификация цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес орындалған жағдайда, адамның көрсетілетін қызметті алуға тиісті ерік білдіруі деп танылады.
Тармақ 4
4. Көп факторлы құралдар пайдаланыла отырып орындалған цифрлық аутентификация цифрлық ортада құқықтық қатынастардың туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы үшін, сондай-ақ цифрлық форматта жасалған заңды маңызы бар іс-әрекеттерді дәлелдеу мақсаттары үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Цифрлық аутентификация фактілері туралы цифрлық жазбаларды олардың цифрлық деректер ретінде ұсынылғаны негізінде ғана заңды күші жоқ деп тануға болмайды.
Бап 47
47-бап. Цифрлық растау
Тармақ 1
1. Цифрлық растау – цифрлық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, цифрлық аутентификациядан өткеннен кейін жасалатын келісімді немесе өзге де ерік білдіруді білдіретін цифрлық орта субъектісінің іс-қимылы.
Тармақ 2
2. Цифрлық растауларға кодтар, парольдер, бір реттік цифрлық сәйкестендіргіштер, пуш – хабарламалар, биометриялық растаулар, бөлінген тізілімдердегі цифрлық жазбалар және цифрлық жүйелер қалыптастыратын және:
Тармақша 1
1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына, оның ішінде «цифрлық үкіметтің» веб-порталында тіркелген құрылғыларға;
Тармақша 2
2) жедел хабар алмасу сервистеріне;
Тармақша 3
3) электрондық поштаға;
Тармақша 4
4) бөлінген цифрлық объектілерге және өзге де жүйелерге жіберетін өзге де құралдар жатады.
Тармақ 3
3. Цифрлық растауды цифрлық орта субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімі бойынша белгіленген жағдайларда пайдалана алады.
Тармақ 4
4. Цифрлық растау электрондық цифрлық қолтаңба болып табылмайды және цифрлық жазба мазмұнының дұрыстығы мен өзгермейтіндігін қамтамасыз етпейді.
Бап 48
48-бап. Биометриялық аутентификация
Тармақ 1
1. Цифрлық аутентификация үшін пайдаланылатын биометриялық деректер дербес деректер болып танылады және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғалуға жатады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының әрбір азаматының цифрлық аутентификация мақсатында биометриялық тіркелуге құқығы бар.
Тармақ 3
3. Биометриялық деректерді міндетті түрде өңдеуге және биометриялық аутентификацияны жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда ғана жол беріледі.
Тармақ 4
4. Биометриялық аутентификация – жеке тұлғаны анықтау мақсатында биометриялық деректердің сәйкестігін салыстыру және тексеру процесі.
Тармақ 5
5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген биометриялық аутентификация мемлекеттік органның қызметін цифрландыру кезінде, оның ішінде мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және уәкілетті орган бекіткен ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің жұмыс істеуі және оған қосылу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ұлттық биометриялық аутентификация жүйесі қолданыла отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы алған ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің биометриялық деректерін міндетті пайдалану және (немесе) толықтыру жағдайларын қоса алғанда, қаржы және төлем ұйымдарының биометриялық аутентификация жүргізу тәртібін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
Тармақ 7
7. Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесі адам бет-әлпетінің негізінде биометриялық аутентификациялауға арналған «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісі болып табылады, оны құруды, дамытуды, сүйемелдеуді және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді оператор жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Осы баптың қолданысы барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі барысында биометриялық деректерді жинау, өңдеу және қорғау, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
Тарау 10. 10-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА
10-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА
Бап 49
49-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба
Тармақ 1
1. Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Тармақ 2
2. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы адамның өз қолымен қойылған қолтаңбасына тең және мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
Тармақша 1
1) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты бар ашық кілттің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы расталғанда;
Тармақша 2
2) электрондық құжатқа қол қойған адам электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленгенде;
Тармақша 3
3) электрондық цифрлық қолтаңба электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатында көрсетілген мәліметтерге сәйкес пайдаланылғанда;
Тармақша 4
4) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген куәландырушы орталық не Қазақстан Республикасының сенімді үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталық бергенде тең дәрежелі заңды күшке ие болады.
Тармақ 3
3. Цифрлық объектінің электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілті сертификатын пайдалана отырып жасалған электрондық цифрлық қолтаңба осындай цифрлық объект иегерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен теңестіріледі. Мұндай электрондық цифрлық қолтаңбаны азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған ерік білдіруді қамтымайтын бір үлгідегі электрондық құжаттарға автоматты түрде қол қою үшін пайдалануға жол беріледі.
Бап 50
50-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары
Тармақ 1
1. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым мен цифрлық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы.
Тармақ 2
2. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сәйкестігін растауға жатады.
Тармақ 3
3. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру кезінде электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдаланатын бағдарламалық қамтылым мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс:
Тармақша 1
1) электрондық құжатқа қол қоятын адамға қол қойылғанға дейін оның мазмұнымен танысуға мүмкіндік беріледі;
Тармақша 2
2) электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау құжатқа қол қоятын адам оны жасау жөніндегі іс-қимылды анық растағаннан кейін ғана жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) электрондық құжатқа қол қойылғаннан кейін электрондық цифрлық қолтаңба жасау және оны қолдану туралы хабарлама қалыптастырылады;
Тармақша 4
4) белгілі бір уақытта электрондық цифрлық қолтаңбаның болуын растау үшін қажетті мәліметтердің болуы қамтамасыз етіледі;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық құжатқа қол қоятын адамға қол қойылған электрондық құжатты сақтау мүмкіндігі беріледі.
Тармақ 4
4. Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру кезінде электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдаланатын бағдарламалық қамтылым:
Тармақша 1
1) электрондық құжаттың ішіндегісін шығарып алуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру нәтижелері туралы хабардар етуге;
Тармақша 3
3) электрондық құжатқа қол қою кезінде пайдаланылған жабық кілттің иегерін анықтауға мүмкіндік беретін электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының деректерін көрсетуге тиіс.
Тармақ 5
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының талаптары цифрлық жүйелердің электрондық цифрлық қолтаңбаларын жасау немесе тексеру үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба құралдарына қолданылмайды.
Бап 51
51-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба кілттері
Тармақ 1
1. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған цифрлық деректер.
Тармақ 2
2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған цифрлық деректер.
Тармақ 3
3. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін адамдардың меншігі болып табылады. Тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің және оларға сәйкес келетін жабық кілттердің бірнеше сертификаттарына ие болуы мүмкін. Жабық кілттерді басқа адамдарға беруге, сондай-ақ басқа адамдардың жабық кілттерді пайдалануына жол берілмейді. Жабық кілттерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен куәландырушы орталықта сақтауға жол беріледі.
Тарау 11. 11-тарау. КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
11-тарау. КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Бап 52
52-бап. Куәландырушы орталық
Тармақ 1
1. Куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері сертификаттарының анықтығын, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растайтын заңды тұлға.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы – куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелердегі электрондық құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына электрондық цифрлық қолтаңба құралдары мен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің сертификаттарын беретін куәландырушы орталық Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы болып танылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелердегі электрондық құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдары мен электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын беретін куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы болып танылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының функцияларын жүзеге асыруды оператор қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бап 53
53-бап. Арнаулы куәландырушы орталық
Тармақ 1
1. Арнаулы куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын уәкілетті бөлімшесі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығы – арнаулы куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасы ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығының функцияларын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Арнаулы куәландырушы орталықты аккредиттеу – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы куәландырушы орталықтың қызметті жүзеге асырудағы құзыреттілігін ресми мойындауы.
Тармақ 6
6. Арнаулы куәландырушы орталықтарды аккредиттеу арнаулы куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады.
Бап 54
54-бап. Куәландырушы орталықты аккредиттеу
Тармақ 1
1. Куәландырушы орталықты аккредиттеу – куәландырушы орталықтың қызметтер көрсетудегі құзыреттілігін киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның ресми түрде мойындауы.
Тармақ 2
2. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады. Аккредиттеуді киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Егер уәкілетті орган бекітетін куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларына сәйкес куәландырушы орталықтың өтінішінде неғұрлым қысқа мерзім көрсетілмесе, куәландырушы орталықты үш жыл мерзімге аккредиттеу тегін негізде жүзеге асырылады.
Бап 55
55-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары
Тармақ 1
1. Куәландырушы орталық мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын береді;
Тармақша 2
2) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын береді, сақтайды, кері қайтарып алады;
Тармақша 3
3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын қолдану саясатын бекітеді;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган бекітетін электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және түпнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес электрондық құжатта электрондық цифрлық қолтаңбаның болған кезін растайтын уақыт белгісінің сервисін өтеусіз негізде береді;
Тармақша 5
5) кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарының тізімі сервисін және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының кері қайтарып алу мәртебесін тексеру онлайн-сервисін өтеусіз негізде береді;
Тармақша 6
6) қолданыстағы және кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасының сертификаттарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығына кері қайтарып алу туралы ақпаратты ұсынады;
Тармақша 8
8) электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы берген, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтімен қол қойылған, электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын иегерінен түскен сұрау салу бойынша кері қайтарып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның сақтаудағы ашық кілттерінің және жабық кілттерінің жоғалуын, модификациялануын немесе қолдан жасалуын болғызбау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Тармақ 3
3. Куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарының иегерлері туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ашады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген міндетті орындамағаны үшін куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 5
5. Куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 6
6. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарының көшірмелері уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тиісті куәландырушы орталықтарда сақталады.
Тармақ 7
7. Куәландырушы орталықтарда кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарының сақталу мерзімі кері қайтарып алынған күннен бастап кемінде бес жылды құрайды.
Тармақ 8
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен архивтік сақтауға түседі.
Бап 56
56-бап. Куәландырушы орталық қызметінің тоқтатылуы
Тармақ 1
1. Куәландырушы орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда куәландырушы орталық қызметі тоқтатылғанға дейін күнтізбелік тоқсан күн бұрын ол қызмет көрсететін цифрлық жүйелердің барлық қатысушыларын және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органды бұл туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Куәландырушы орталықтың қызметі тоқтатылған кезде ол берген электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттары және электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегерлері туралы мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегерімен келісу бойынша басқа куәландырушы орталықтарға беріледі.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттары және басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері өз қолданысын тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуға тиіс.
Бап 57
57-бап. Шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаны тану
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы – трансшекаралық өзара іс-қимыл шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауды жүзеге асыратын цифрлық жүйе.
Тармақ 2
2. Куәландырушы орталықтардың, шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Бап 58
58-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты иегерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты – куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған цифрлық жазба, ол электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға қызмет етеді.
Тармақ 2
2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері атына электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты берілген, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатында көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға болып табылады.
Тармақ 3
3. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері куәландырушы орталықтан осы Кодекске және уәкілетті орган бекіткен куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын беру, сақтау, кері қайтарып алу қағидаларына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын кері қайтарып алуды талап етуге құқылы.
Тармақ 4
4. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңсыз қол жеткізуден және пайдаланудан қорғау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Тармақ 5
5. Жабық кілт және куәландырушы орталық цифрлық жүйеге берген электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті ашық кілті сертификаты цифрлық жүйеге орнатылады және оның иегері оның сақталуын, қауіпсіз пайдаланылуын және заңсыз қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз етеді.
Бап 59
59-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын кері қайтарып алу
Тармақ 1
1. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын берген куәландырушы орталық мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) куәландырушы орталық айқындаған тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты иегерінің талап етуі бойынша;
Тармақша 2
2) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын алған кезде анық емес мәліметтерді не толық емес құжаттар топтамасын ұсыну фактісі анықталған кезде;
Тармақша 3
3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері қайтыс болғанда;
Тармақша 4
4) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты иегерінің тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгергенде;
Тармақша 5
5) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері – заңды тұлғаның басшысы ауысқанда, атауы ауысқанда, қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда;
Тармақша 6
6) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша тиісті хабарламаның негізінде кері қайтарып алады.
Тармақ 2
2. Куәландырушы орталық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын беру, сақтау, кері қайтарып алу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын кері қайтарып алады.
Бап 60
60-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын беруден бас тарту Куәландырушы орталық:
Тармақша 1
1) ұсынылған құжаттар толық болмаған;
Тармақша 2
2) анық емес мәліметтер ұсынылған;
Тармақша 3
3) сот актісі заңды күшіне енген;
Тармақша 4
4) адам он алты жасқа толмаған жағдайларда электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын беруден бас тартады.
Бап 61
61-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және оның түпнұсқалығын тексеру
Тармақ 1
1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және оның түпнұсқалығын тексеру электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және оның түпнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Заңды тұлғаның (филиалдардың және өкілдіктердің) атынан қол қоюға арналған өкілеттіктер қол қою жүзеге асырылатын цифрлық жүйемен, Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының өкілеттіктерін тексеру сервисі арқылы тексеріледі.
Тармақ 3
3. Электрондық құжаттарды тексерудің сенімділігі мен біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган электрондық құжаттарды тексеру сервисін ұсынады.
Тармақ 4
4. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып электрондық құжаттарға қол қою жүзеге асырылатын цифрлық жүйе мұндай қолтаңбаларды жүйе иегері ұсынатын ашық сервис арқылы тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Егер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңды тұлға (филиал және өкілдік) қол қойған құжат мөрмен куәландырылуға жататын болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құжатқа қол қоюға құқығы бар заңды тұлға қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат өз қолымен қол қойылған және мөрмен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі құжатпен тең деп танылады.
Тарау 12. 12-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ ҚҰЖАТТАР
12-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ ҚҰЖАТТАР
Бап 62
62-бап. Электрондық құжат
Тармақ 1
1. Анықтығын, тиесілілігін және өзгермейтіндігін растау электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қамтамасыз етілген цифрлық жазба электрондық құжат болып танылады. Электрондық құжат өзінің қасиеттерін өзгертпестен, өзі құрылған цифрлық жүйеден тыс айналым мен сақталу мүмкіндігіне ие болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен тең болады.
Тармақ 3
3. Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес цифрлық жүйелер арқылы, сондай-ақ олардан тыс қалыптастырылады, сақталады және ұсынылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалып орындалған цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжаттарды және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын өзге де деректерді жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу, растау және жою тәртібін, сондай-ақ арнаулы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдардың электрондық құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен цифрлық архивтерге мемлекеттік сақтауға беріледі.
Тармақ 6
6. Заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам осы заңды тұлғаның жұмыскеріне немесе ол тағайындаған адамға электрондық құжаттарға қол қоюға өкілеттік беруге құқылы. Бұл ретте әрбір жұмыскер өз атына алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын және оған сәйкес келетін электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін пайдаланады.
Бап 63
63-бап. Цифрлық құжаттар
Тармақ 1
1. Цифрлық құжат – сұрау салу немесе ұсыну кезінде ұлттық тіркелімдерде қамтылған деректер негізінде цифрлық ортада қалыптастырылатын анық мәліметтерді материалдық емес цифрлық ұсыну.
Тармақ 2
2. Цифрлық құжат онда қамтылған мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу, мәмілелер жасасу немесе өзге де құқықтық қатынастарды жүзеге асыру үшін қажетті заңдық маңызы бар фактілер мен мәліметтерді растайды.
Тармақ 3
3. Цифрлық құжатты үшінші тұлғалар ұсынуға немесе тексеруге тиіс жағдайларда ол тиісті мемлекеттік органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Тармақ 4
4. Цифрлық құжатты ұсыну кезінде оны дұрыс қалыптастыру мен техникалық тұтастығы үшін цифрлық құжаттар сервисінің операторы жауапты болады.
Тармақ 5
5. Төлем және қаржы қызметтерін алған кезде жеке басты куәландыратын цифрлық құжаттарды қаржы және төлем ұйымдары пайдаланады және оларға жеке тұлғалар жеке жүгінген (қатысқан) кезде цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылады.
Бап 64
64-бап. Цифрлық мәліметтер
Тармақ 1
1. Цифрлық мәліметтер – жеке құжатты ресімдемей фактілерді, құқықтар мен міндеттерді куәландыру үшін пайдаланылатын ұлттық тіркелімдерде және өзге де мемлекеттік цифрлық ресурстарда қамтылған деректер.
Тармақ 2
2. Құқықтық қатынастарда цифрлық мәліметтерді пайдалану, егер олардың анықтығын цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсыну кезінде растауға болатын болса, цифрлық құжатты ұсынуға теңестіріледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдар мен ұлттық тіркелімдерге қолжетімділігі бар өзге де субъектілер қажетті мәліметтерді, егер мұндай мәліметтер ұлттық тіркелімдерде бар болса, адамнан құжаттарды ұсынуды талап етпей, тікелей эталондық деректер көздерінен алуға міндетті.
Тармақ 4
4. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы үшінші тұлғалардың цифрлық мәліметтерге қол жеткізуі дербес деректерді қорғауды міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдаланушының келісімімен жүзеге асырылады.
Бап 65
65-бап. Цифрлық архив
Тармақ 1
1. Цифрлық архив – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұйымдастырылған және электрондық нысанда сақталатын электрондық архив құжаттарының және архив құжаттарының электрондық көшірмелерінің жиынтығы.
Тармақ 2
2. Цифрлық архив Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында жұмыс істейді.
Тармақ 3
3. Цифрлық архив Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сақталатын ақпараттың қолжетімділігін, сақталуын, тұтастығын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Цифрлық архивтің жұмыс істеу тәртібін киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 5
5. Электрондық құжаттар мен цифрлық объектілерді сақтау, пайдалану және жою архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 66
66-бап. Цифрлық орта субъектілеріне хабарлау
Тармақ 1
1. Цифрлық орта субъектілеріне хабарлау бірыңғай хабарламалар нүктесі арқылы цифрлық тәсілмен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бірыңғай хабарламалар нүктесі – мемлекеттік органдардан хабарламаларды цифрлық объектілерге, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына және (немесе) электрондық поштаға, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде атаулы таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және жеткізу мәртебелері туралы ақпаратты кепілді жеткізуді және сақтауды қамтамасыз ететін мемлекеттік цифрлық объект.
Тармақ 3
3. Бірыңғай хабарламалар нүктесінің хабархаттары тиісінше жеткізілу фактісі туралы ақпарат болған жағдайда жеткізілді деп танылады.
Бап 67
67-бап. Смарт-келісімшарттар
Тармақ 1
1. Смарт-келісімшарт – цифрлық технологияларды қолдану арқылы белгілі бір мән-жайлар туындаған кезде тараптар алдын ала келіскен талаптардың автоматты түрде орындалуын көздейтін шарт.
Тармақ 2
2. Тараптардың келісімі бойынша смарт-келісімшарт талаптарының барлығы немесе бір бөлігі бағдарламалық код түрінде, егер мұндай код тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын біржақты анықтауға мүмкіндік берсе және шарттарды адамның қабылдауы үшін қолжетімді нысанда жазып келтіру мүмкіндігін қамтамасыз етсе, көрсетілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Смарт-келісімшарт тараптар арасындағы дауларды шешу тәртібін көздеуге тиіс, онда дау бойынша түпкілікті шешімді адам Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптардың келісімінде белгіленген рәсімге сәйкес қабылдайды.
Тармақ 4
4. Құқықтық қатынастар субъектілері смарт-келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамауға не тиісінше орындамауға алып келген техникалық қатеге, бағдарламалық қамтылымның ақаулығына немесе цифрлық платформаның жұмыс істеуінен бас тартуға байланысты қауіп-қатерден қорғаудың сақтандыру және өзге де тетіктерін пайдалануға құқылы.
Тармақ 5
5. Қызметтің жекелеген салаларында смарт-келісімшарттарды пайдалануға қатысты талаптар осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Бөлім 5. 5-БӨЛІМ. ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
5-БӨЛІМ. ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Тарау 13. 13-тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ ЦИФРЛЫҚ АРХИТЕКТУРАСЫ
13-тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ ЦИФРЛЫҚ АРХИТЕКТУРАСЫ
Бап 68
68-бап. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы
Тармақ 1
1. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы – цифрлық шешімдерді келісілген дамытуды, интеграциялауды және стандарттауды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық форматта қалыпқа келтірілген және ұсынылған, мемлекеттің жұмыс істеу мақсаттарына, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың салалары (аялары) бойынша міндеттеріне, функциялары мен процестеріне қол жеткізу үшін құрылатын және пайдаланылатын цифрлық объектілердің, цифрлық деректердің кешенді сипаттамасы.
Тармақ 2
2. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы (оның ішінде «цифрлық үкімет» архитектурасы) мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) цифрлық объектілерді (цифрлық жүйелерді және цифрлық платформаларды) құру мен дамытудың архитектуралық қағидаттары;
Тармақша 2
2) стандартталған өзара іс-қимыл интерфейстерін қоса алғанда, цифрлық жүйелердің интеграциясы мен үйлесімділігіне қойылатын талаптар;
Тармақша 3
3) бұлтты инфрақұрылымда орналастыруға дайын архитектураға қойылатын талаптар (бұлтты дайындық);
Тармақша 4
4) модульділікті, компоненттерді қайта пайдалануды және интероперабельділікті қамтамасыз ететін сервистік архитектураға қойылатын талаптар;
Тармақша 5
5) цифрлық деректердің сапасын, үйлесімділігін, қорғалуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін цифрлық деректер архитектурасына қойылатын талаптар;
Тармақша 6
6) цифрлық деректерді қорғауды, киберқауіпсіздікті және киберқауіптерге төзімділікті қоса алғанда, архитектуралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қойылатын талаптар.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды іске асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де ұйымдар уәкілетті орган бекітетін мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларын сақтауға міндетті.
Бап 69
69-бап. «Цифрлық үкімет» архитектурасы
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкімет» – мемлекеттік органдардың бір-бірімен, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен цифрлық технологияларды кешенді пайдалануға негізделген цифрлық өзара іс-қимыл жүйесі.
Тармақ 2
2. «Цифрлық үкімет» архитектурасы негізінде «цифрлық үкімет» жұмыс істейді.
Тармақ 3
3. «Цифрлық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру, іске асырылуын мониторингтеу және дамыту цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға және мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 70
70-бап. Смарт-қалалар мен смарт-өңірлер
Тармақ 1
1. Смарт-қалалар мен смарт-өңірлер – басқару, инфрақұрылым және көрсетілетін қызметтерді ұсыну цифрлық деректер мен цифрлық объектілер арқылы жасанды интеллект негізінде ұйымдастырылған қалалар мен өңірлер.
Тармақ 2
2. Смарт-қалалар мен смарт-өңірлерді дамыту мемлекеттің цифрлық архитектурасына және уәкілетті орган бекітетін «смарт-қалалар» мен «смарт-өңірлер» құру жөніндегі әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 71
71-бап. Мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы
Тармақ 1
1. Мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы – цифрландыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында мемлекеттің цифрлық объектілері, мемлекеттің цифрлық архитектурасы, платформалық бағдарламалық өнімдер туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыруға арналған цифрлық объект.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды іске асыруға және мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де ұйымдар цифрлық объектілер мен олардың техникалық құжаттамасы туралы мәліметтерді орналастырады, мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларына сәйкес оларды есепке алуды және жаңартып отыруды жүргізеді.
Тармақ 3
3. Цифрлық объектіге техникалық құжаттаманың тізбесі мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингтеу қағидаларында айқындалады. Техникалық құжаттама цифрлық объектіге арналған құжаттама жиынтығы болып табылады, оның негізінде цифрлық объектіні құру және дамыту, сондай-ақ оны тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан цифрлық инфрақұрылымда жұмыс істейді.
Бап 72
72-бап. Архитектуралық-үйлестіруші орталық
Тармақ 1
1. Архитектуралық-үйлестіруші орталық – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға. Архитектуралық-үйлестіруші орталық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару процестеріне қатысатын өзге де ұйымдардың цифрлық архитектурасының тұтастығын, үйлесімділігін және тиімділігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Архитектуралық-үйлестіруші орталық:
Тармақша 1
1) цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларына сәйкес мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыруды, дамытуды және іске асыруды мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) мемлекеттің цифрлық архитектурасын дамытуды және мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясын ұйымдастырушылық-әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) процестердің реинжинирингіне сараптаманы жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) «смарт-қалаларды» және «смарт-өңірлерді» құру жөніндегі әдістемені әзірлейді;
Тармақша 6
6) цифрландыру саласында инвестициялық ұсынысқа, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаға сараптама жүргізеді;
Тармақша 7
7) уәкілетті органға цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабына сараптамалық қорытынды береді;
Тармақша 8
8) цифрландыруды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді және мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін бағалауды сүйемелдейді;
Тармақша 9
9) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құру және дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құру және дамыту, цифрлық деректерді, жасанды интеллектіні басқару, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде жобалық басқару барысында мемлекеттік органдарға консультациялық, әдіснамалық және практикалық көмек көрсетеді;
Тармақша 11
11) мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында «цифрлық үкімет» цифрлық объектілерінің мәліметтерін және техникалық құжаттамасын есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) «цифрлық үкімет» цифрлық объектілерінде қамтылған толық емес және жаңартылмаған мәліметтерді анықтау бөлігінде олардың интеграцияларын талдауды жүзеге асырады және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
Тармақша 13
13) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) жасанды интеллект саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады;
Тармақша 15
15) мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ өзге де ұйымдар қалыптастыратын деректерге, оның ішінде ашық деректерге талдау жүргізеді;
Тармақша 16
16) цифрландырудың сервистік моделі бойынша цифрлық объектілерді құруды және дамытуды ұйымдастырады.
Тарау 14. 14-тарау. «ЦИФРЛЫҚ ҮКІМЕТ»
14-тарау. «ЦИФРЛЫҚ ҮКІМЕТ»
Бап 73
73-бап. Мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілеріне мемлекеттік органдардың және өзге де адамдардың мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған цифрлық объектілері жатады.
Тармақ 2
2. Цифрландыру деп процестерді цифрлық нысанға ауыстыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың қызметін автоматтандыру үшін цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған іс-шаралар жиынтығы түсініледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді цифрландыру:
Тармақша 1
1) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құру, дамыту, сатып алу;
Тармақша 2
2) мемлекеттің цифрлық архитектурасына сәйкес және жүргізілген процестердің реинжинирингі ескеріле отырып, платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру;
Тармақша 3
3) цифрландырудың сервистік моделі бойынша цифрлық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Цифрландырудың сервистік моделі деп цифрлық шешімдерге рұқсат беру шарттарында немесе сервис форматында мемлекеттік органның оларды дербес әзірлеуінің қажеттілігінсіз, оның ішінде мұндай шешімдерді кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның балансына беру мүмкіндігімен цифрлық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілі түсініледі.
Тармақ 4
4. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері оларды сәйкестендіру, санаттарға бөлу және уәкілетті орган қалыптастыратын «цифрлық үкімет» цифрлық объектілерінің сыныптауышында сипаттау арқылы жүйелендіруге жатады.
Бап 74
74-бап. «Цифрлық үкімет» операторы
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкімет» цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оператор, заңды тұлға қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Оператор:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге және оны қалыптастыру қағидаларына сәйкес «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оларды сүйемелдеуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне цифрлық қызметтер көрсетеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) «цифрлық үкімет» платформасында және «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік цифрлық ресурстарды Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасына сәйкес сақтау және өңдеу кезінде сақтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) цифрлық объектілерді және (немесе) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, дамыту және орналастыру үшін «цифрлық үкімет» платформасын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 6
6) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін «цифрлық үкімет» шлюзіне және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзіне интеграциялайды және қосады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымына қосады;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган айқындаған цифрлық орта субъектілеріне олардың цифрлық ресурстары мен цифрлық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін бірыңғай көліктік ортаны қосу қызметтерін және байланыс қызметтерін көрсетеді. Байланыс қызметтерін көрсету үшін көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) ретінде өзге тұлғаларды тартуға құқығы бар;
Тармақша 8
8) «цифрлық үкімет» платформасын, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құрады және дамытады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, басқаруды сүйемелдейді және жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес цифрлық деректерді, цифрлық жазбаларды «цифрлық үкімет» платформасында жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін сүйемелдеуді және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін басқа да тұлғалардың цифрлық инфрақұрылым объектілерін тартады;
Тармақша 12
12) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін цифрлық деректерді, цифрлық жазбаларды жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, сондай-ақ цифрлық деректерді, цифрлық жазбаларды «цифрлық үкімет» платформасына беруді жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық және консультациялық қызметтер көрсету үшін цифрлық инфрақұрылымды ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 14
14) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдау бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 15
15) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органнан алынған ақпарат негізінде дербес деректер субъектілерін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы не дербес деректерді өңдеу туралы ақпаратты қысқа мәтіндік хабарлама түрінде «цифрлық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетке, «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасына және (немесе) олардың ұялы байланыс абоненттік нөміріне жіберу арқылы хабардар етуді жүзеге асырады.
Бап 75
75-бап. «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект.
Тармақ 2
2. «Цифрлық үкіметтің» веб-порталында жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша қызметтер көрсету субъектілерімен өзара іс-қимылы жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де субъектілер операторға «цифрлық үкіметтің» веб-порталын ақпараттық толықтыруға арналған қажетті цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды ұсынады.
Тармақ 4
4. «Цифрлық үкімет» веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер «цифрлық үкіметтің» веб-порталы, «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларға қол жеткізуді міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасында көзделген тәсілдермен ұсынылады.
Тармақ 7
7. Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтер уәкілетті орган айқындаған тәртіппен белгіленетін өлшемшарттарға сәйкес келген кезде оларға «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы міндетті түрде қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Тармақ 8
8. Ұялы байланыс операторы ұсынған ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін «цифрлық үкіметтің» есептік жазбасына, веб-порталына тіркеу және қосу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алу үшін Қазақстан Республикасының мобильді азаматтарының базасында тіркелген ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірі пайдаланылады. Мобильді азаматтар базасы – «цифрлық үкімет» пайдаланушыларының ұялы байланыс желісі абоненттік нөмірлерінің цифрлық ресурсы.
Бап 76
76-бап. Цифрлық оқиға
Тармақ 1
1. Цифрлық оқиға – цифрлық орта субъектісінің іс-қимылдары немесе цифрлық объектінің жұмыс істеуі нәтижесінде туындаған және олардың цифрлық ортадағы өзара іс-қимыл параметрлерін көрсететін цифрлық нысанда тіркеп-белгіленген мән-жай.
Тармақ 2
2. Цифрлық оқиғалар туралы деректер цифрлық объектілердің жұмыс істеу процесінде сақталады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, техникалық ерекшеліктер мен шектеулер ескеріле отырып, қызметтер көрсету және операциялар журналдарын жүргізу үшін пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Цифрлық оқиғалар туралы деректерді өңдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда: заңды фактілерді растау үшін; цифрлық ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол беріледі.
Бап 77
77-бап. Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігі – Қазақстан Республикасы азаматының тіркеп-белгіленген цифрлық оқиғалар туралы мәліметтерге, оларды қарауға, басқаруға және пайдалануға қол жеткізуін қамтамасыз ететін «цифрлық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетінің бөлімі.
Тармақ 2
2. Оператор цифрлық кеңістікте қамтылған цифрлық оқиғалардың құпиялығын, тұтастығын және пайдаланылуын Қазақстан Республикасының азаматы тарапынан бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 4
4. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінен Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық деректерін сұрату кезінде сұрау салу сол арқылы жіберілген цифрлық объектілер осындай деректерді пайдалану фактісі туралы цифрлық оқиғаны қалыптастыруға және оны азаматтың цифрлық кеңістігіне беруге міндетті.
Бап 78
78-бап. Ашық үкімет
Тармақ 1
1. Ашық үкімет – ашық деректердің, ашық бюджеттердің, ашық нормативтік құқықтық актілердің өзара байланысты интернет-порталдары арқылы мемлекеттің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді және Қазақстан Республикасы азаматтарының шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысуын қамтамасыз ететін цифрлық объект.
Тармақ 2
2. Ақпаратты ашық деректердің интернет-порталдарында орналастыру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 79
79-бап. Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарын орналастыруға арналған цифрлық платформа мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар цифрлық ресурстарды мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасына міндетті түрде орналастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес олардың мазмұнының анықтығын және жаңартылып отыруын қамтамасыз етеді.
Бап 80
80-бап. «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект.
Тармақ 2
2. «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі мыналарды:
Тармақша 1
1) төлемдер жүргізуге сұрау салуларды беруді;
Тармақша 2
2) қызмет көрсеткені үшін төлемді жүзеге асыру туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Екінші деңгейдегі банктер, төлем ұйымдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметтер көрсету шеңберінде төлемдерді қабылдау және жүргізу процестеріне қатыса отырып, осы процестерге тартылған меншікті цифрлық объектілердің «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзімен тікелей не ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын басқару жөніндегі ұлттық орталықтың объектісі арқылы интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Бап 81
81-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы – «цифрлық үкіметтің» инфрақұрылымына кіретін және киберқауіпсіздіктің талап етілетін қажетті деңгейі сақтала отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған цифрлық ортаның өзге де субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған цифрлық ортаның өзге де субъектілері жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимылы үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын ғана пайдалануға міндетті.
Тармақ 3
3. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған жергілікті, ведомстволық және корпоративтік желілерді ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне және басқа да телекоммуникация желілеріне қосу цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 82
82-бап. «Цифрлық үкімет» платформасы
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкімет» платформасы – оператордың платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге, дамытуға, орналастыруға, интеграциялауға және (немесе) цифрлық объектілерді орналастыруға арналған цифрлық платформасы.
Тармақ 2
2. Әзірленген және «цифрлық үкімет» платформасында орналастырылған бағдарламалық қамтылым платформалық бағдарламалық өнім болып табылады.
Тармақ 3
3. Оператор цифрлық қызметтер көрсету арқылы платформалық бағдарламалық өнімді ұсынуға құқылы. Цифрлық көрсетілетін қызмет цифрлық объектілерді құру, дамыту және орналастыру қағидаларына сәйкес цифрландырудың сервистік моделі арқылы осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, мүліктік жалдау (жалға алу, уақытша пайдалану) және (немесе) есептеу ресурстарын орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қамтиды.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік функцияларды іске асыратын цифрлық объектілер және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес әзірленеді және «цифрлық үкімет» платформасында орналастырылады, сондай-ақ деректерді басқару талаптарына сәйкес цифрлық деректерді «цифрлық үкімет» платформасына береді.
Тармақ 5
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, «цифрлық үкімет» платформасына меншік құқығы оның көмегімен құрылатын және (немесе) онда орналастырылған, басқа меншік иелеріне және (немесе) иегерлеріне тиесілі цифрлық деректер мен жазбаларға меншік құқығын тудырмайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік органдардың қызметін, оның ішінде олардың мемлекеттік функцияларын цифрландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ оператордың деректерге талдау жүргізу кезінде «цифрлық үкімет» платформасында орналастырылған цифрлық жазбаларды пайдалануы Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының талаптары сақтала отырып, олардың меншік иелерінің және (немесе) цифрлық деректер иегерлерінің келісімінсіз жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. «Цифрлық үкімет» платформасы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан цифрлық инфрақұрылымда жұмыс істейді.
Бап 83
83-бап. Цифрлық объектілерді интеграциялау
Тармақ 1
1. Цифрлық объектілерді интеграциялау – деректерді берудің стандартты хаттамалары пайдаланыла отырып, интеграциялық сервистер арқылы цифрлық объектілер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.
Тармақ 2
2. Интеграциялық сервистер – уәкілетті орган айқындаған стандартты интерфейстер, хаттамалар және қол жеткізу тетіктері арқылы цифрлық объектілер арасындағы өзара іс-қимылды, деректермен алмасуды және келісілген операцияларды орындауды қамтамасыз ететін функционалдық цифрлық объектілер.
Тармақ 3
3. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау талаптары сақталған жағдайда, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы жүзеге асырылады
Тармақ 4
4. Мемлекеттік емес цифрлық объектілерді «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерімен, оның ішінде өтеулі негізде интеграциялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау талаптары сақталған жағдайда, «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес «цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект «цифрлық үкіметтің» шлюзі болып табылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасындағы цифрлық объектілердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс орналасқан цифрлық объектілермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған «цифрлық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі «цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзі болып табылады. «Цифрлық үкіметтің» жұмыс істеу қағидалары мен сыртқы шлюзіне қойылатын техникалық талаптарды уәкілетті орган киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Тармақ 7
7. Цифрлық объектілердің халықаралық (мемлекетаралық) ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған цифрлық объект Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі болып табылады.
Тармақ 8
8. Цифрлық технологияларды қолдана отырып халықаралық (мемлекетаралық) ақпараттық өзара іс-қимыл жасау Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы халықаралық (мемлекетаралық) ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын цифрлық объектілердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
Тарау 15. 15-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІНІҢ ҚОЛДАНЫСТА БОЛУ ЦИКЛІ
15-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІНІҢ ҚОЛДАНЫСТА БОЛУ ЦИКЛІ
Бап 84
84-бап. «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклі және оның кезеңдері
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклі – оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін жоспарлау, құру, тәжірибелік пайдалану, киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау, өнеркәсіптік пайдалануға беру, дамыту, өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату, модификациялау, архивтеу және есептен шығару кезеңдерінің жиынтығы.
Тармақ 2
2. «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклі «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес цифрлық объектінің түріне және оны пайдалану ерекшеліктеріне байланысты кезеңдердің барлығын немесе бір бөлігін қамтуы мүмкін.
Бап 85
85-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін жоспарлау, құру және дамыту
Тармақ 1
1. Жоспарлау – цифрлық объектінің қолданыста болу циклінің бастапқы кезеңі, ол оны құру қажеттігін негіздеу, цифрлық объектіні іске асырудың мақсаттарын, талаптарын, ресурстары мен шарттарын айқындау бойынша жұмыстар жиынтығын қамтиды. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін жоспарлау ағымдағы процестерді талдаудан, нормативтік құқықтық актілердің цифрлық сараптамасынан, жаңа процестерді жобалаудан тұратын процестердің реинжинирингін қамтиды және уәкілетті орган бекітетін цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін жоспарлау, құру және дамыту кезінде әзірленген нормативтік-техникалық құжаттамаға, сондай-ақ «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына уәкілетті органның және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның қорытындысын алу қажет.
Тармақ 3
3. Цифрлық объектілерді құру және дамыту Қазақстан Республикасының цифрлық және бюджет заңнамасына сәйкес нормативтік-техникалық құжаттамаға (мемлекеттік инвестициялық жоба, техникалық тапсырма, бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардың өзіндік ерекшелігі, мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасының құжаттамасы) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін дамыту оны өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Осы бап Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық объектілеріне қолданылмайды.
Бап 86
86-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін тәжірибелік пайдалануды өткізу және сынақтан өткізу
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін тәжірибелік пайдалануды өткізу цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес, оның ішінде:
Тармақша 1
1) тәжірибелік пайдалануды өткізу рәсімдерін құжаттауды;
Тармақша 2
2) анықталған ақаулар мен кемшіліктерді кейіннен түзете отырып, оларды оңтайландыру мен жоюды;
Тармақша 3
3) тәжірибелік пайдаланудың аяқталуы туралы актіні ресімдеуді қоса алғанда, жүзеге асырылады. Тәжірибелік пайдалануды өткізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.
Тармақ 2
2. «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 87
87-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру уәкілетті орган мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның қатысуымен тәжірибелік пайдалану оң аяқталған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды сақтау;
Тармақша 2
2) цифрлық ресурстар істен шыққан немесе бүлінген жағдайда оларды сақтау, қорғау, қалпына келтіру;
Тармақша 3
3) цифрлық ресурстарды резервтік көшіру және олардың уақтылы жаңартылып отыруын бақылау;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органның цифрлық жүйесіне жолданымдар туралы мәліметтерді автоматтандырылған есепке алу, сақтау және мерзімдік архивтеу;
Тармақша 5
5) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін сүйемелдеу;
Тармақша 6
6) «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымын техникалық қолдау;
Тармақша 7
7) жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 8
8) құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдалануды, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (алып тастау);
Тармақша 9
9) өнім берушінің кепілдік мерзімі кезеңінде анықталған қателер мен кемшіліктерді жоюды қамтитын «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісіне кепілдендірілген қызмет көрсетуі. Кепілдендірілген қызмет көрсету «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімде қамтамасыз етіледі.
Бап 88
88-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін модификациялау
Тармақ 1
1. Модификациялаудың жиынтық құны мемлекеттік инвестициялық жобаны құру кезінде онда белгіленген «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің бастапқы сметалық құнының жиырма пайызынан аспайтын жағдайда, «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін модификациялау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес инвестициялық ұсынысты немесе бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеуді талап етпейтін жұмыстарға жатады.
Тармақ 2
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін модификациялау мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) модификациялаудың техникалық тапсырмаға немесе техникалық тапсырмаға толықтыруларға сәйкестігі;
Тармақша 2
2) жүргізілетін жұмыстардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның модификациялауды жүргізуге келісімінің болуы.
Бап 89
89-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін одан әрі пайдалану қажеттілігінің болмауы цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкес цифрлық объектілердің архитектуралық порталында «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтатуға және ол туралы мәліметтерді өзгертуге алып келеді.
Тармақ 2
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін одан әрі пайдалану қажеттілігінің болмауы туралы шешімді «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісі интеграцияланған цифрлық объектілердің меншік иелерін және (немесе) иегерлерін хабардар ете отырып, уәкілетті органмен келісу бойынша меншік иесі және (немесе) иегерлері қабылдайды.
Бап 90
90-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін архивтеу және есептен шығару
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық жазбалары, техникалық құжаттамасы, бастапқы кодтары және (немесе) цифрлық объектісі «цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес архивтеуге жатады.
Тармақ 2
2. Бұрын құрылған цифрлық объект «цифрлық үкімет» платформасында әзірленген және оның бүкіл функционалын (немесе одан көп) іске асыратын платформалық бағдарламалық өнімдермен ауыстырылған жағдайда, мұндай цифрлық объект есептен шығарылуға жатады.
Тармақ 3
3. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін есептен шығару уәкілетті органмен келісу бойынша меншік иесі қабылдаған шешім бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 91
91-бап. «Цифрлық үкіметтің» технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілері
Тармақ 1
1. Ерекше архитектуралық және технологиялық сипаттамаларға ие, оларды жобалауға, әзірлеуге, жаңғыртуға, енгізуге, интеграциялауға және пайдалануға арнаулы талаптарды белгілеу қажеттілігін белгілейтін «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері «цифрлық үкіметтің» технологиялық күрделі цифрлық объектілеріне жатады.
Тармақ 2
2. «Цифрлық үкіметтің» технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. «Цифрлық үкіметтің» технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін құру және дамыту ерекшеліктері Қазақстан Республикасының цифрлық және бюджет заңнамасымен реттеледі.
Бап 92
92-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық объектілерін құру және дамыту тәртібі Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттерін іске асыруға арналған цифрлық объектілер мынадай тәртіппен құрылады немесе дамиды:
Тармақша 1
1) цифрлық объектіні құру немесе дамыту туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) цифрлық объектіні құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманы әзірлеу;
Тармақша 3
3) цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға не бюджет қаражатын бөлмей жұмыстарды жүзеге асыруға техникалық ерекшелік пен есеп-қисаптарды әзірлеу;
Тармақша 4
4) цифрландыру саласында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру не бюджет қаражатын бөлмей жұмыстарды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы стандарттарға сәйкес цифрлық объектіні әзірлеу, тәжірибелік пайдалануды жүргізу, ендіру, өнеркәсіптік пайдалануға беру. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық объектілерін құруға және дамытуға арналған шығындар арнаулы сараптамалық кеңестің (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің дербес) қорытындысы негізінде жоспарланады.
Тарау 16. 16-тарау. ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ
16-тарау. ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ
Бап 93
93-бап. Цифрлық трансформациялау
Тармақ 1
1. Цифрлық трансформация – басқару мен қызметтер көрсетудің тиімділігін, ашықтығын, проактивтілігін арттыру мақсатында цифрлық технологияларды, архитектуралық және платформалық шешімдерді, деректерді талдауды және жасанды интеллектіні ендіруге негізделген жүйелі өзгерістер процесі.
Тармақ 2
2. Цифрлық трансформациялау мыналарға бағытталған:
Тармақша 1
1) процестер санын азайту есебінен цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау арналарын жетілдіру;
Тармақша 2
2) деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдау;
Тармақша 3
3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсетілетін қызметтерге барынша ауыстыру;
Тармақша 4
4) цифрлық ортадағы құқықтар мен дербес деректерді қорғауды сақтай отырып, цифрлық объектілердің қолжетімділігін, ақаулыққа төзімділігін және инклюзивтілігін қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері ішкі процестерді қоса алғанда, өз қызметін цифрлық трансформациялау бағдарламаларын міндетті түрде әзірлейді, бекітеді және іске асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрлық трансформациялау цифрлық инфрақұрылым объектілерін жаңғыртуды және «цифрлық үкімет» архитектурасы негізіндегі платформалық шешімдерге ауысуды қамтиды және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бап 94
94-бап. Цифрландыру саласындағы ұлттық даму институты
Тармақ 1
1. Цифрландыру саласындағы ұлттық даму институтын цифрлық ортаның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 2
2. Цифрландыру саласындағы ұлттық даму институты:
Тармақша 1
1)  Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) цифрландыру саласында талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді, сондай-ақ цифрландыру саласында ұсынымдар береді;
Тармақша 3
3) цифрландыруды дамыту мақсатында халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен ынтымақтасады;
Тармақша 4
4) цифрландыру саласын дамытуды талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 95
95-бап. Цифрлық даму индексі
Тармақ 1
1. Цифрлық даму индексі – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық технологияларын ендіруге, пайдалануға және дамытуға институционалдық, технологиялық және процестік дайындық деңгейін көрсететін кешенді көрсеткіш.
Тармақ 2
2. Цифрлық даму индексі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде жыл сайынғы негізде айқындалады.
Тармақ 3
3. Цифрлық даму индексін айқындау әдістемесін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
Бөлім 6. 6-БӨЛІМ. ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
6-БӨЛІМ. ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Тарау 17. 17-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ
17-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ
Бап 96
96-бап. Цифрландыру саласындағы, сондай-ақ электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау, егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдарға қатысты «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады. Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның құрылымына кіретін ұйымдарға және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.
Бап 97
97-бап. Киберқауіпсіздік
Тармақ 1
1. Киберқауіпсіздік – цифрлық объектілердің құпиялылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзудан қорғалу жағдайы.
Тармақ 2
2. Цифрлық объектілерді қорғауды цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Цифрлық объектілерді қорғау шаралары «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, цифрландыру мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
Бап 98
98-бап. Цифрлық деректерді қорғауды қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Цифрлық деректерді қорғау киберқауіптердің алдын алуға, анықтауға және жоюға бағытталған техникалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және өзге де шаралар жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Техникалық қорғау құралдарына ақпаратты криптографиялық және өзге де қорғау құралдары жатады.
Тармақ 3
3. Техникалық қорғау құралдарын қолдану, оларды сертификаттау және сәйкестігін бағалау тәртібі Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасында айқындалады.
Бап 99
99-бап. Цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау және аудит
Тармақ 1
1. Цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау міндетті түрде немесе цифрлық объектінің меншік иесінің және (немесе) иегерінің бастамасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін міндетті сынауға жататын цифрлық объектілер, сондай-ақ оларды өткізу тәртібі «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Тармақ 3
3. Цифрлық объектілердің меншік иелерінің және (немесе) иегерлерінің бастамасы бойынша киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау осы Кодекске, «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аудит, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, олардың меншік иесінің және (немесе) иегерінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Бап 100
100-бап. Цифрлық объектілердің сапасына аудит
Тармақ 1
1. Цифрлық объектілердің сапасына аудит олардың функционалдығы мен цифрлық архитектурасын бағалау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Цифрлық объектілерді құру, ендіру және пайдалану кезеңінде цифрлық объектілердің меншік иесінің және (немесе) иегерінің бастамасы бойынша цифрлық объектілердің сапасына аудит жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Цифрлық объектілер сапасының аудитін арнаулы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар тәуелсіз жеке және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
Тармақ 4
4. Жасанды интеллект жүйелерінің сапасына аудит жасанды интеллект модельдерін оқыту үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасын және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын, сондай-ақ «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің бар-жоғын бағалау ескеріле отырып жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалған орындаудағы цифрлық объектілердің сапасына аудит жүргізілмейді.
Тарау 18. 18-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, ҚАҒИДАТТАРЫ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
18-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, ҚАҒИДАТТАРЫ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Бап 101
101-бап. Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығының мақсаттары Цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мақсаттары деп Қазақстан Республикасы мен өзге де мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың цифрлық технологияларды дамыту мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдарына өзара көмек және үйлестіру танылады.
Бап 102
102-бап. Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығының қағидаттары
Тармақ 1
1. Басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық өзара құрмет, сенім, өзара көмек, ымыраға келу, кемсітпеу, бір-бірінің істеріне араласпау, қабылданған халықаралық міндеттемелерді уақтылы орындау, дауларды бейбіт жолмен шешу қағидаттарына негізделеді.
Тармақ 2
2. Мемлекет инвестицияларды тарту және цифрлық ортадағы қызметті ұйымдастыруға арналған нарықтық тәсілдер негізінде заманауи цифрлық технологияларды ендіру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша күш-жігер жұмсайды.
Бап 103
103-бап. Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) цифрлық технологияларды құру, ендіру және дамыту;
Тармақша 2
2) цифрландыруды ендіруге кедергі келтіретін реттеушілік кедергілерді жою;
Тармақша 3
3) Интернетті дамыту;
Тармақша 4
4) киберқауіптер мен киберқылмысқа қарсы күрес;
Тармақша 5
5) цифрлық алаяқтықпен күресу.
Тарау 19. 19-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
19-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 104
104-бап. Цифрландыру саласындағы дауларды шешу тәртібі Цифрландыру саласындағы дауларды шешу Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес реттелуге жатады.
Бап 105
105-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 2
2. Әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту кінәлі адамдарды жіберілген бұзушылықтарды жою міндетінен босатпайды.
Бап 106
106-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі және өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.