Қолданыста
·
09.01.2026 редакциясы
100-бап. Цифрлық объектілердің сапасына аудит
ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII
1. Цифрлық объектілердің сапасына аудит олардың функционалдығы мен цифрлық архитектурасын бағалау мақсатында жүргізіледі.
2. Цифрлық объектілерді құру, ендіру және пайдалану кезеңінде цифрлық объектілердің меншік иесінің және (немесе) иегерінің бастамасы бойынша цифрлық объектілердің сапасына аудит жүргізілуі мүмкін.
3. Цифрлық объектілер сапасының аудитін арнаулы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар тәуелсіз жеке және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
4. Жасанды интеллект жүйелерінің сапасына аудит жасанды интеллект модельдерін оқыту үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасын және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын, сондай-ақ «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің бар-жоғын бағалау ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалған орындаудағы цифрлық объектілердің сапасына аудит жүргізілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-100/