ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

19-бап. Ұлттық тіркелімдер

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Ұлттық тіркелім – «цифрлық үкімет» архитектурасы шеңберінде айқындалған және мемлекеттік функцияларды орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мемлекеттік статистика үшін анық ақпараттың бірыңғай көзі ретінде пайдаланылатын, эталондық цифрлық деректерді қамтитын цифрлық ресурс түсініледі.
2. Ұлттық тіркелімдердің тізбесін, олардың құрылымын, эталондық цифрлық деректердің құрамын, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
3. Ұлттық тіркелімдер үшін цифрлық деректердің ұстаушылары немесе көздері болып табылатын цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері тиісті ұлттық тіркелімдерде қамтылған цифрлық деректердің тиісті сапасын қамтамасыз етеді. Ұлттық тіркелімдерге енгізілген цифрлық деректердің сапасын айқындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Ұлттық тіркелімде цифрлық деректер болған жағдайда мұндай деректерді пайдаланатын мемлекеттік цифрлық объектілер оларды тікелей тиісті ұлттық тіркелімнен алуға тиіс.
5. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін, сондай-ақ уәкілетті органға деректерді талдау үшін деректер базасын интеграциялау жолымен ұлттық тіркелімдерде қамтылған әкімшілік цифрлық деректерге рұқсат береді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-19/