ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

24-бап. Цифрлық ресурстар

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Цифрлық ресурс – реттелген цифрлық деректер, цифрлық жазбалар мен оларды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге және таратуға арналған бағдарламалық қамтылым жиынтығы.
2. Цифрлық инфрақұрылымда орналастырылған және домен атауы, Интернет мекенжайы немесе өзге де цифрлық сәйкестендіргіш арқылы сәйкестендірілетін цифрлық ресурс интернет-ресурс деп танылады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, цифрлық ресурстың меншік иесі және (немесе) иегері:
1) цифрлық ресурсқа қол жеткізудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ осындай цифрлық ресурсты пайдалану қағидаларын белгілеуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған цифрлық ресурстың белгілерін, сәйкестендіргіштерін және дараландырудың өзге де құралдарын пайдалануға;
3) өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін заңсыз араласудан, әсерден, бұғаттаудан, көшіруден, модификациялаудан, қауіпсіздікті бұзудан немесе цифрлық ресурсты өзге де заңсыз пайдаланудан қорғауға құқылы.
4. Цифрлық ресурстың меншік иесі және (немесе) иегері:
1) цифрлық ресурста орналастырылған немесе өңделетін цифрлық деректердің, цифрлық жазбалардың сақталуын, тұтастығын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауға;
3) цифрлық ресурс пайдаланушыларына қол жеткізу, цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды өңдеу және оның функционалын пайдалану шарттары туралы ақпарат беруге міндетті.
5. Меншік иесінің және (немесе) иегерінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары болады және өзге де міндеттерді атқарады.
6. Цифрлық ресурстарда цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды орналастыру, өңдеу және пайдалану, сондай-ақ осындай цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларға қол жеткізу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында, жария оферта шарттарында, пайдаланушы келісімінде немесе цифрлық ресурсты пайдаланушылармен жасалған өзге де шарттарында айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-24/