ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

28-бап. Цифрлық жүйелер

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені цифрлық жүйе болып табылады.
2. Цифрлық жүйенің иегері және (немесе) меншік иесі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе немесе цифрлық ресурстардың иегері және (немесе) меншік иесі өзгешені белгілемесе, онда қамтылған цифрлық ресурстарды ауыстыру және пайдалану шарттарын қоса алғанда, цифрлық жүйенің жұмыс істеу қағидаларын айқындауға құқылы. Цифрлық жүйенің иегері және (немесе) меншік иесі цифрлық жүйенің сенімділігін, тұтастығын, қорғалуын және киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
3. Егер цифрлық жүйенің иегері және (немесе) меншік иесі ондағы цифрлық ресурстардың иегерлері және (немесе) меншік иелері болып табылмаған жағдайда, цифрлық жүйені пайдалану және цифрлық ресурстарға қол жеткізу тәртібі осындай иегерлер және (немесе) меншік иелері арасындағы келісіммен айқындалады.
4. Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалған орындаудағы цифрлық жүйелерді өнеркәсіптік пайдалану, сүйемелдеу, дамыту, интеграциялау, өнеркәсіптік пайдалану мен қорғауды тоқтату осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-28/