ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

35-бап. Цифрлық кондоминиум

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Цифрлық кондоминиум – өзара іс-қимылдың жалпы ережелері негізінде қатысушылар құрған және пайдаланатын, бөлінген цифрлық объектілерді бірлесіп иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтары жүзеге асырылатын меншік нысаны.
2. Цифрлық кондоминиум құрамына мыналар кіреді:
1) қатысушыларға тиесілі жеке цифрлық объектілер;
2) тиісті инфрақұрылымның жұмыс істеуі үшін қатысушылар бірлесіп пайдаланатын ортақ цифрлық объектілер.
3. Қатысушылар өздеріне тиесілі цифрлық нысандарға иелік етеді, пайдаланады және оларға билік етеді, ал ортақ цифрлық объектілер келісім немесе смарт-келісімшартта белгіленген тәртіппен пайдаланылады.
4. Ортақ цифрлық объектілерді басқаруды цифрлық орта субъектілері тікелей не қатысушылармен жасалған шарт негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлға арқылы жүзеге асырады.
5. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері олардың арасындағы келісіммен немесе смарт-келісімшарт талаптарымен айқындалады, тиісті өкілеттіктердің қатысуын және көлемін растайтын цифрлық жазбалармен куәландырылады.
6. Цифрлық кондоминиумдарды құру, жұмыс істеу, есепке алу және тоқтату тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-35/