ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

53-бап. Арнаулы куәландырушы орталық

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Арнаулы куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын уәкілетті бөлімшесі.
2. Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығы – арнаулы куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасы ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді.
4. Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығының функцияларын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қамтамасыз етеді.
5. Арнаулы куәландырушы орталықты аккредиттеу – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы куәландырушы орталықтың қызметті жүзеге асырудағы құзыреттілігін ресми мойындауы.
6. Арнаулы куәландырушы орталықтарды аккредиттеу арнаулы куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-53/