ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

59-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын кері қайтарып алу

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын берген куәландырушы орталық мынадай жағдайларда:
1) куәландырушы орталық айқындаған тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты иегерінің талап етуі бойынша;
2) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын алған кезде анық емес мәліметтерді не толық емес құжаттар топтамасын ұсыну фактісі анықталған кезде;
3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері қайтыс болғанда;
4) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты иегерінің тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгергенде;
5) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері – заңды тұлғаның басшысы ауысқанда, атауы ауысқанда, қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда;
6) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша тиісті хабарламаның негізінде кері қайтарып алады.
2. Куәландырушы орталық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын беру, сақтау, кері қайтарып алу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын кері қайтарып алады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-59/