ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

64-бап. Цифрлық мәліметтер

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Цифрлық мәліметтер – жеке құжатты ресімдемей фактілерді, құқықтар мен міндеттерді куәландыру үшін пайдаланылатын ұлттық тіркелімдерде және өзге де мемлекеттік цифрлық ресурстарда қамтылған деректер.
2. Құқықтық қатынастарда цифрлық мәліметтерді пайдалану, егер олардың анықтығын цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсыну кезінде растауға болатын болса, цифрлық құжатты ұсынуға теңестіріледі.
3. Мемлекеттік органдар мен ұлттық тіркелімдерге қолжетімділігі бар өзге де субъектілер қажетті мәліметтерді, егер мұндай мәліметтер ұлттық тіркелімдерде бар болса, адамнан құжаттарды ұсынуды талап етпей, тікелей эталондық деректер көздерінен алуға міндетті.
4. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы үшінші тұлғалардың цифрлық мәліметтерге қол жеткізуі дербес деректерді қорғауды міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдаланушының келісімімен жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-64/