ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

68-бап. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы – цифрлық шешімдерді келісілген дамытуды, интеграциялауды және стандарттауды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық форматта қалыпқа келтірілген және ұсынылған, мемлекеттің жұмыс істеу мақсаттарына, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың салалары (аялары) бойынша міндеттеріне, функциялары мен процестеріне қол жеткізу үшін құрылатын және пайдаланылатын цифрлық объектілердің, цифрлық деректердің кешенді сипаттамасы.
2. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы (оның ішінде «цифрлық үкімет» архитектурасы) мыналарды қамтиды:
1) цифрлық объектілерді (цифрлық жүйелерді және цифрлық платформаларды) құру мен дамытудың архитектуралық қағидаттары;
2) стандартталған өзара іс-қимыл интерфейстерін қоса алғанда, цифрлық жүйелердің интеграциясы мен үйлесімділігіне қойылатын талаптар;
3) бұлтты инфрақұрылымда орналастыруға дайын архитектураға қойылатын талаптар (бұлтты дайындық);
4) модульділікті, компоненттерді қайта пайдалануды және интероперабельділікті қамтамасыз ететін сервистік архитектураға қойылатын талаптар;
5) цифрлық деректердің сапасын, үйлесімділігін, қорғалуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін цифрлық деректер архитектурасына қойылатын талаптар;
6) цифрлық деректерді қорғауды, киберқауіпсіздікті және киберқауіптерге төзімділікті қоса алғанда, архитектуралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қойылатын талаптар.
3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды іске асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де ұйымдар уәкілетті орган бекітетін мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларын сақтауға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-68/