ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 255-VIII ·09.01.2026
09.01.2026 редакциясы
Қолданыста · 09.01.2026 редакциясы

93-бап. Цифрлық трансформациялау

ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII

1. Цифрлық трансформация – басқару мен қызметтер көрсетудің тиімділігін, ашықтығын, проактивтілігін арттыру мақсатында цифрлық технологияларды, архитектуралық және платформалық шешімдерді, деректерді талдауды және жасанды интеллектіні ендіруге негізделген жүйелі өзгерістер процесі.
2. Цифрлық трансформациялау мыналарға бағытталған:
1) процестер санын азайту есебінен цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау арналарын жетілдіру;
2) деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдау;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсетілетін қызметтерге барынша ауыстыру;
4) цифрлық ортадағы құқықтар мен дербес деректерді қорғауды сақтай отырып, цифрлық объектілердің қолжетімділігін, ақаулыққа төзімділігін және инклюзивтілігін қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері ішкі процестерді қоса алғанда, өз қызметін цифрлық трансформациялау бағдарламаларын міндетті түрде әзірлейді, бекітеді және іске асырады.
4. Мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрлық трансформациялау цифрлық инфрақұрылым объектілерін жаңғыртуды және «цифрлық үкімет» архитектурасы негізіндегі платформалық шешімдерге ауысуды қамтиды және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
5. Мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-93/