Қолданыста
·
09.01.2026 редакциясы
96-бап. Цифрландыру саласындағы, сондай-ақ электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау
ЦИФРОВОЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 255-VIII
1. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау, егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдарға қатысты «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.
Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның құрылымына кіретін ұйымдарға және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/tsifrovoy-kodeks/st-96/