О создании специальной экономической зоны «TURAN» Қолданыста
Басқа 0
«TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2043 жылға дейінгі кезеңге «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған «TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сындарлы деңгейі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 693 қаулысымен
бекітілген
«TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.
АЭА аумағы 3603,3 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына 10 қосалқы аймақ: ауданы 21,4 гектар тарихи орталық, ауданы 1164,6 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар, 35 гектар, 290 гектар, 50 гектар, 584 гектар және 76,3 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай және ауданы 50 гектар «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы кіреді.
Тармақ 2
2. АЭА:
Тармақша 1
1) Түркістан қаласын жеделдете дамыту;
Тармақша 2
2) Түркістан қаласының туристік әлеуетін жоғарылату және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптасуы мен қазақстандық және шетелдік келуші туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту;
Тармақша 3
3) туристерге қызмет көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық база құру;
Тармақша 4
4) қатысушылар арасындағы өзара сенім мен достық қарым-қатынасты нығайту;
Тармақша 5
5) тауарлардың, капиталдың, көрсетілетін қызметтер мен технологиялардың еркін қозғалысын кезең-кезеңімен жүзеге асыру мақсатында сауда және инвестиция үшін қолайлы жағдайлар жасау, кедендік және транзиттік рәсімдерді одан әрі оңайлату;
Тармақша 6
6) шетел инвестицияларын тарту, өнеркәсіптің экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын салаларын дамыту;
Тармақша 7
7) озық технологияларды импорттау, шетелдік серіктестердің басқару тәжірибесін алу;
Тармақша 8
8) Қазақстан азаматтары үшін қосымша жұмыс орындарын құру, персоналдың сапасын және тұтастай алғанда жалпы басқару деңгейін арттыру;
Тармақша 9
9) Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің, оның ішінде Каспий бағытындағы көліктік-логистикалық мүмкіндіктерін дамыту мақсаттарында құрылады.
Тармақ 3
3. АЭА қызметінің оны құру мақсаттарына сәйкес келетін басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Тармақ 4
4. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тармақ 4-1
4-1. Әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассаларының шегiндегi жерлерде кедергілер болып табылатын объектілерді салу, электр беру желілерін орнату және басқа да құрылысжайларды орналастыру үшін; салдарынан әуе кеңiстiгiнде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлері шығарылатын жұмыстарды жүргізу үшін; құстардың топталып жиналуы үшін жағдай жасайтын немесе ұшу көрiнiсiн нашарлататын объектiлердi орналастыру, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдаланумен тікелей байланысты емес, бiрақ АЭА аумағында ұшудың, әуе кемелері жабдықтарының және ондағы адамдардың қауіпсіздігіне әсер ететін кез келген басқа іс-әрекет үшін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті рұқсатты алу қажет.
Тармақ 5
5. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
Тарау 2. 2. АЭА-ны басқару
2. АЭА-ны басқару
Тармақ 6
6. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. АЭА аумағында салық салу
3. АЭА аумағында салық салу
Тармақ 7
7. АЭА аумағындағы салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4. Кедендік реттеу
4. Кедендік реттеу
Тармақ 8
8. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Шетел азаматтарының АЭА аумағына келу тәртібі
5. Шетел азаматтарының АЭА аумағына келу тәртібі
Тармақ 9
9. АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келуі, кетуі, транзитпен өтуі мен болу тәртібі қолданылады.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. АЭА «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.
Тармақ 12
12. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Құрылған мерзімінің өтуіне байланысты АЭА-ны тарату кезінде Түркістан облысының әкімдігі:
Тармақша 1
1) көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде үш ай қалғанда бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ны алдағы тарату, оның таратылуымен байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыруды жариялайды;
Тармақша 2
2) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынады.
Тармақ 14
14. АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде осы Ереженің 13-тармағында көзделген рәсімдерді сақтай отырып аяқталуға тиіс.
Тармақ 15
15. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
«TURAN» арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
1-қосымша
«TURAN» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
10 қосалқы аймақтың жалпы ауданы, S = 3603,3 га
________________________________________
Басқа 2. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 693 қаулысымен
бекітілген
«TURAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары
Р/с
№
Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер (атаулары)
Өлшем бірлігі*
Базалық кезең (2024)
2028 жылға қарай қол жеткізу
2033 жылға қарай қол жеткізу
2038 жылға қарай қол жеткізу
2043 жылға қарай қол жеткізу
1
2
3
4
5
6
7
8
1.
Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде (өсумен)
млрд теңге
526
1 400
1 470
1 544
1 621
2.
Шетелдік инвестициялар көлемі
млрд теңге
394
522
548
575
604
3.
Отандық инвестициялар көлемі
млрд теңге
131
878
922
969
1 017
4.
АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
млрд теңге
12
32
47
50
55
5.
Қатысушылар саны
компания
66
183
192
202
212
1
2
3
4
5
6
7
8
6.
Қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлғалар саны
адам
55
56
64
66
70
7.
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (өсумен)
адам
1 978
7 313
9 671
13 518
18 925
8.
АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесі
%
45
55
60
70
80
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
________________________________________