Уголовно-исполнительный кодекс Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
бүкіл мәтін бойынша: «шетелдiктер», «Шетелдiкті», «Шетелдiктің», «шетелдiк немесе», «шетелдiкті» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «Шетел азаматын», «Шетел азаматының», «шетел азаматын немесе», «шетел азаматын» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
Бөлім 1. ЖАЛПЫ БӨЛІК
ЖАЛПЫ БӨЛІК
Бөлім 1. 1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау 1. 1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЗАҢНАМАСЫ
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЗАҢНАМАСЫ
Бап 1. 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негізделеді және осы Кодекстен, жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу тәртібі мен шарттарын белгілейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Тармақ 2
2. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу тәртібі мен шарттарын белгілейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеулер, егер заңда бұл көзделмеген болса, белгілене алмайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың осы Кодекстің алдында басымдығы бар және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының кеңiстiк пен уақыт тұрғысынан қолданылуы
2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының кеңiстiк пен уақыт тұрғысынан қолданылуы
Тармақ 1
1. Өздеріне қатысты жазалар немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын сотталғандарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы қолданылады.
Тармақ 2
2. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу, сотталғандарға түзеу құралдарын қолдану, сондай-ақ босатылатын сотталғандарға көмек көрсету оларды орындау кезінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Конституциялық Сотының 27.12.2024 № 59-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 2-бабының екінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.
Бап 3. 3-бап. Осы Кодексте қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру
3-бап. Осы Кодексте қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру Осы Кодексте қамтылатын ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:
Тармақша 1
1) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;
Тармақша 1-1
1-1) жазаны орындайтын органдар – қамаққа алу түріндегі жазаны, сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар;
Тармақша 2
2) жазаны өтеу режимі – осы Кодексте және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген жазаларды орындау және өтеу тәртібі;
Тармақша 3
3) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган – қылмыстық-атқару қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 4
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі (бұдан әрі – қылмыстық-атқару жүйесі) – қылмыстық жазалардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер, сондай-ақ көрсетілген органдар мен мекемелердiң жұмыс істеуін қамтамасыз ететiн ұйымдар жүйесi;
Тармақша 5
5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі (бұдан әрі – мекеме) – бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға арналған мемлекеттік мекеме;
Тармақша 6
6) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы (бұдан әрі – қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы) – қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның өзінің құзыреті шегінде бақылау және (немесе) іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы;
Тармақша 7
7) пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі;
Тармақша 8
8) пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы;
Тармақша 9
9) пробациялық бақылау – пробация қызметінің есебінде тұратын адамдардың өздеріне заңмен және сотпен жүктелген міндеттерін орындауына уәкілетті органдардың бақылауын жүзеге асыру жөніндегі қызметі;
Тармақша 10
10) сотталған адамды түзеу – сотталған адамның құқыққа бағынушылық мінез-құлқын, жеке басқа, қоғамға, еңбекке, қоғамдағы мінез-құлық нормаларына, қағидаларына және әдебіне жағымды көзқарасын қалыптастыру;
Тармақша 11
11) тергеу изоляторларының оқшауланған учаскелері – бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға арналған камералары бар тергеу изоляторларының үй-жайлары.
Тарау 2. 2-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары мен мiндеттерi
4-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да және өзге адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу болып табылады.
Тармақ 2
2. Көрсетілген мақсаттарға сәйкес:
Тармақша 1
1) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындаудың және өтеудің тәртібі мен шарттарын реттеу;
Тармақша 2
2) сотталғандарды түзеу құралдарын айқындау;
Тармақша 3
3) сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
Тармақша 4
4) сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының міндеттері болып табылады.
Тармақ 3
3. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау тән зардабын шектіруді немесе адами қадір-қасиетті қорлауды мақсат етпейді.
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының қағидаттары
5-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының қағидаттары Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы:
Тармақша 1
1) адам және азамат құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау;
Тармақша 2
2) заңдылық;
Тармақша 3
3) ізгілік;
Тармақша 4
4) жазаларды орындау шарттарын саралау;
Тармақша 5
5) жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындауды даралау;
Тармақша 6
6) мәжбүрлеу шараларын ұтымды қолдану;
Тармақша 7
7) түзелуге ықпал етумен жазаны сабақтастыру;
Тармақша 8
8) сотталғандардың құқыққа бағынушылық және белсенді, қоғамға пайдалы мінез-құлқын ынталандыру қағидаттарына негізделеді.
Бап 6. 6-бап. Жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау негіздері
6-бап. Жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау негіздері Заңды күшіне енген сот үкімі немесе қаулысы, рақымшылық жасау және оны қолдану туралы акт, кешірім жасау туралы акт жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындауға негіз болып табылады.
Бап 7. 7-бап. Сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары
7-бап. Сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) жазаны өтеу режимі;
Тармақша 2
2) тәрбиелік ықпал ету;
Тармақша 3
3) жағымды әлеуметтік байланыстарды сақтап тұру;
Тармақша 4
4) қоғамға пайдалы еңбек;
Тармақша 5
5) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуы;
Тармақша 6
6) қоғамдық ықпал ету сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары болып табылады.
Тармақ 2
2. Сотталғандарды түзеу құралдары жазаның түрi, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты, қоғамға қауiптiлiк дәрежесi, кiнә нысаны мен уәждерi, сотталған адамның жеке басы және жазаны өтеу кезіндегі оның мінез-құлқы ескеріле отырып қолданылады.
Бап 8. 8-бап. Сотталғандарды түзеуге жұртшылықтың қатысуы
8-бап. Сотталғандарды түзеуге жұртшылықтың қатысуы
Тармақ 1
1. Сотталғандарды түзеуге қамқоршылық кеңестер мен қоғамдық байқау кеңестері, сотталғандардың ата-аналар комитеттері, кәсіптік одақтар, еңбек ұжымдары, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, қоғамдық қорлар мен қайырымдылық қорлары, саяси партиялар, басқа да ұйымдар, сондай-ақ азаматтар:
Тармақша 1
1) социологиялық және өзге де мониторингтер жүргізу;
Тармақша 2
2) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және қоғамда талқылауға қатысу;
Тармақша 3
3) сотталғандарға гуманитарлық және қайырымдылық көмектерді іздестіруге, беруге, оның бөлінуіне және пайдаланылуын байқауға қатысу;
Тармақша 4
4) қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін жетілдіруге және сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмекке бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 5
5) жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандарда өзге де жәрдем көрсету арқылы қатыса алады.
Тармақ 2
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар сотталған адамның жеке өмірі туралы өздеріне мәлім болған мәліметтерді оның келісімінсіз жариялауға құқылы емес. Көрсетілген талапты бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Тарау 3. 3-тарау. СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
3-тарау. СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Бап 9. 9-бап. Сотталғандардың құқықтық жағдайының негiздерi
9-бап. Сотталғандардың құқықтық жағдайының негiздерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн құрметтейдi және қорғайды, оларды түзеу құралдарын қолданудың заңдылығын, сондай-ақ құқықтық қорғауды және жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Сотталғандар Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қылмыстық кодексінде және өзге де заңдарында белгіленетін шектеулермен, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына, бостандықтарына ие болады және міндеттерін атқарады.
Тармақ 3
3. Сотталған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
Тармақ 4
4. Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың құқықтарын шектеу жазалардың және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының нақты түрін орындау тәртібі мен шарттары негізге алына отырып, осы Кодексте айқындалады.
Тармақ 5
5. Сотталғандарды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшыратуға болмайды.
Тармақ 6
6. Сотталған адам жазаны орындайтын мекемеге немесе органға келіп түскен кезде, әкімшілік сотталған адамға оның құқықтары, міндеттері және құқықтық шектеулер туралы ақпаратты, сондай-ақ жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың ішкі тәртіптеме қағидаларын жазбаша түрде беруге және қолын қойғызып, түсіндіруге міндетті.
Бап 10. 10-бап. Сотталғандардың негізгі құқықтары
10-бап. Сотталғандардың негізгі құқықтары
Тармақ 1
1. Сотталғандардың:
Тармақша 1
1) жазаны орындайтын мекемелерден немесе органдардан жазаны өтеу тәртібі, шарттары және олардың өзгеруі туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтінішхатпен жүгінуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауызша және жазбаша ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкімшілігіне, олардың жоғары тұрған органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға жүгінуге;
Тармақша 4
4) өздерінің адами қадір-қасиетінің танылуына, азаптаудан, зорлық-зомбылықтан, басқа да қатыгездік немесе адами қадір-қасиетін қорлайтын қарекеттерден немесе жазалаудан қорғануға;
Тармақша 5
5) жазасын өтеу кезінде жеке басының қауіпсіздігіне;
Тармақша 6
6) ана тілінде немесе өздері меңгерген кез келген басқа тілде түсініктемелер беруге және хат жазысуды жүргізуге, сондай-ақ ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен жүгінуге, заңда көзделген жағдайларда аудармашының қызметін пайдалануға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен білікті заң көмегін, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде консультациялар, анықтамалар, құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түрінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 475-бабы үшінші бөлігінің бірінші абзацында және 476-бабының 4), 5), 5-1), 11), 13), 15), 17), 19) және 22) тармақтарында көзделген жағдайларда соттардың үкімдері мен қаулыларын орындау барысында ұсынылатын құжаттарды дайындау кезінде, сондай-ақ өзге де түрде алуға;
Тармақша 8
8) денсаулығын сақтауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сәйкес білікті медициналық көмек алуға;
Тармақша 9
9) мекеменің психологиялық қызметінің қызметкерлері және осындай көмек көрсетуге құқығы бар өзге де адамдар көрсететін психологиялық көмекке;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандырылуға;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қауіпсіз еңбек жағдайларына, демалуға, демалысқа, сондай-ақ еңбегіне ақы төленуге құқығы бар. Сотталғандардың осы Кодекске, жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу тәртібі мен шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзге де құқықтары бар.
Тармақ 2
2. Сотталған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында аккредиттелген өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерімен және консулдық мекемелерімен, ал Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтары – олардың мүдделерін қорғауды өзіне алған мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен немесе оларды қорғауды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен байланысты ұстап тұруға құқылы.
Тармақ 3
3. Сөйлеу не есту не көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар сотталғандардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандар көрсететін қызметтерді пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Сотталғандарды клиникалық зерттеулерге ұшыратуға болмайды.
Бап 11. 11-бап. Сотталғандардың негізгі міндеттері
11-бап. Сотталғандардың негізгі міндеттері
Тармақ 1
1. Сотталғандар:
Тармақша 1
1) осы Кодексте, өзге де нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ сот үкімінде белгіленген талаптарды орындауға;
Тармақша 2
2) жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауға;
Тармақша 3
3) жазаларды орындайтын мекемелердің немесе органдардың қызметкерлерінің, сондай-ақ сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың заңды талаптарын орындауға;
Тармақша 4
4) жазаларды орындайтын мекемелер немесе органдар әкімшілігінің шақыруы бойынша келуге және жаза мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау мәселелері жөнінде түсініктемелер беруге;
Тармақша 5
5) негізгі жазасын толық өтегенге немесе жазадан босатылғанға, пробациялық бақылау мерзімі өткенге, жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге;
Тармақша 6
6) персоналмен, басқа да сотталғандармен, сондай-ақ жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарға келетін адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасауға;
Тармақша 7
7) еңбек пен оқуға адал қарауға;
Тармақша 8
8) заңда көзделген жағдайларда, инфекциялық ауруларды уақтылы анықтау мақсатында міндетті және профилактикалық медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу, дене зақымын алу фактілерін анықтау үшін куәландырудан өтуге;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геномдық тіркеуден өтуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Сотталғандардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 12. 12-бап. Жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
12-бап. Жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Сотталғандар мен басқа да адамдардың тарапынан сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қатер төнген кезде, ол жазаны орындайтын мекеменің немесе органның кез келген қызметкеріне қатерді жою туралы өтінумен жазбаша немесе ауызша жүгінуге құқылы. Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның қызметкері қатерді жою бойынша, оның ішінде сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру және алып кету арқылы дереу шаралар қолдануға міндетті. Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қатер төнгенін анықтаған кезде, олар мұны жою бойынша, оның ішінде сотталған адамды оның келісу-келіспеуіне қарамастан, қауіпсіз орынға ауыстыру арқылы дереу шаралар қолданады.
Тармақ 2
2. Екі және одан көп сотталған адамға қатер төнгені анықталған жағдайда, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі қатер көзін оның келісу-келіспеуіне қарамастан, қауіпсіз орынға ауыстыру бойынша дереу шаралар қолданады.
Тармақ 3
3. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының қаулысы бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі. Бастық болмаған жағдайда, сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы шешімді жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының кезекші көмекшісі ол келгенге дейін, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа қабылдайды.
Тармақ 4
4. Сотталған адамның қауіпсіз орында болуын отыз тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының прокурормен келісілген қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген қатер сақталған кезде, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталған адамды жазасын одан әрі өтеуі үшін жазаны орындайтын өзге мекемеге немесе органға жіберу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Тармақ 6
6. Қауіпсіз орынға ауыстырылған сотталған адам қауіпсіз орынға ауыстырылғанға дейін өзіне айқындалған ұстау жағдайларында жазасын өтейді.
Тармақ 7
7. Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның бастығы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын және оларды қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушысы болып табылатын сотталған адамға қатысты жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсетуге міндетті.
Тармақ 8
8. Мекемелерде қауіпсіз орын ретінде тәртіптік изоляторлар камералары, уақытша оқшаулау үй-жайлары, қамаққа алуды өтеу орындарында – жалғыз адамдық камералар пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көрсетiлген қатер болмаған не жойылған жағдайда жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның әкiмшiлiгi сотталған адамды қауiпсiз орында ұстауды тоқтатады. Сотталған адамды қауiпсiз орында ұстауды тоқтату прокурормен келiсiм бойынша жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының қаулысымен ресiмделедi.
Бап 13. 13-бап. Сотталғандардың ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету
13-бап. Сотталғандардың ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Сотталғандарға ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығына кепілдік беріледі.
Тармақ 2
2. Діни жораларды орындау ерікті болып табылады.
Тармақ 3
3. Діни жораларды орындау кезінде жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ішкі тәртіптеме қағидалары сақталады. Сотталғандардың осы Кодексте көзделген өздерінің міндеттерін орындаудан бас тартуына түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзумен ұштасатын әрекеттерге жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Сотталғандардың немесе олардың туыстарының өтінуі бойынша салт-ғұрыптарды атқару қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметшілері шақырылады.
Тармақ 5
5. Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі діни жораларды орындау үшін жағдай жасайды, сондай-ақ дін қызметшілері жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың аумағында ғибадат үйлерін (құрылыстарын) салуға тыйым салынады.
Бап 14. 14-бап. Сотталғандардың шағыным жасауы
14-бап. Сотталғандардың шағыным жасауы
Тармақ 1
1. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа,прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға жіберетін шағынымдары жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың әкiмшiлiгi арқылы жiберiледi. Сотталғандар сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жіберетін шағынымдарды электрондық құжат түрінде бере алады. Әкімшіліктер мұндай шағынымдардың сотталғандарға қолжетімді жерлерде мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген тәртіппен берілуін қамтамасыз ететін камералық ұстау жағдайларындағы мекемелерді қоспағанда, мекемелердің әкімшіліктері мұндай шағынымдардың бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тікелей тұратын орындарында берілуін қамтамасыз етеді. Өзге жаза түрлерiне және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталғандар шағынымдарын өздерi жiбередi.
Тармақ 2
2. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда олардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне сотталғандардың шағынымдар беруіне арналған арнаулы жәшіктердің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Арнаулы жәшіктерге салынған шағынымдарды прокурор жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен аптасына бір реттік кезеңділікпен алып отырады, бұл жөнінде акт жасалады. Арнаулы жәшіктер жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың аумағында және үй-жайларында сотталғандарға қолжетімді жерлерде орнатылады.
Тармақ 3
3. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жіберетін шағынымдары бақылануға жатпайды және бiр тәулiктен кешiктiрiлмей адресатқа жiберiледi.
Тармақ 4
4. Бас бостандығынан айыруға немесе қамаққа алуға сотталған адамның адвокатпен хат жазысуы бақылауға жатпайды.
Тармақ 5
5. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталғандар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары арқылы азаптаудың және басқа да қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарекеттер мен жазалау түрлерiнің қолданылғаны туралы өтініш жібере алады.
Тармақ 6
6. Сотталған адамның атынан шағынымды оның келісімінсіз кез келген адам ұсына алмайды.
Тармақ 7
7. Сотталғандардың жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар әкімшілігінің шешімдеріне немесе әрекеттеріне байланысты шағынымдары, заңда көзделген жағдайлардан басқа кезде, олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 8
8. Шағым берген сотталған адам шағым бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етілуге тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиіс.
Тармақ 9
9. Шағым берген сотталған адамға зиян келтіру үшін шағымды пайдалануға жол берілмейді.
Тарау 4. 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
Бап 15. 15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 7
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодексімен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 16. 16-бап. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
16-бап. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару қағидаларын;
Тармақша 1-1
1-1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша пробация қолданылатын адамдарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын;
Тармақша 1-2
1-2) пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін;
Тармақша 1-3
1-3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарының тізбесін;
Тармақша 2
2) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын;
Тармақша 3
3) пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;
Тармақша 4
4) сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын;
Тармақша 5
5) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын;
Тармақша 6
6) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарын пайдалану қағидаларын;
Тармақша 7
7) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидаларын;
Тармақша 8
8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын;
Тармақша 10
10) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулықты;
Тармақша 11
Тармақша 12
12) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша - қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын;
Тармақша 13
13) қылмыстық-атқару жүйесінің сотталған әйелдер, кәмелетке толмағандар жазасын өтеуге арналған органдары мен мекемелерінің және толық қауіпсіз режиміндегі мекемелердің күзетін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты;
Тармақша 14
14) қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын;
Тармақша 15
15) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ережені;
Тармақша 16
16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын;
Тармақша 17
17) қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені;
Тармақша 18
18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын;
Тармақша 19
19) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды;
Тармақша 20
20) қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босатылатын адамдардың өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын;
Тармақша 21
21) мекемелерде өткізу режимін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 17. 17-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелердің құзыреті
17-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелердің құзыреті
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы:
Тармақша 1
1) бас бостандығынан айыруға сотталғандарды есепке алуды және оларды сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес мекемелерге бөлуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) сотталғандарды жазаларын өтеу үшін мекемелерге жібереді;
Тармақша 3
3) мекемелерді емдеу-профилактикалық мекемелерге бекітіп береді;
Тармақша 4
4) осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органы:
Тармақша 1
1) бас бостандығынан айыруға сотталғандарды есепке алуды және оларды сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы аумақтық органға бекітіп берген мекемелерге бөлуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы аумақтық органға бекітіп берген мекемелерге жібереді;
Тармақша 3
3) ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылуға ұсынылатын сотталғандардың материалдарын қарайды және сотқа ұсынады;
Тармақша 4
4) ведомстволық бағынысты мекемелердегі санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларға мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) комиссиялар құрады және олардың жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 6
6) осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мекеме жазаларды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде комиссиялар құрады және олардың жұмыс регламентін бекітеді, сондай-ақ негізгі қызметіне жатпайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іске асырады. Мекемелердiң негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне олар сотталғандардың:
Тармақша 1
1) тамақ өнiмдерiн, бірінші кезекте қажеттi заттарды, жазу керек-жарақтарын, әдебиетті, мерзімді басылымдарды қосымша сатып алуға;
Тармақша 2
2) мерзімі ұзақ кездесулерге;
Тармақша 3
3) осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалатын қосымша көрсетілетін қызметтерге құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету бойынша ұсынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жатады. Мекеме жазасын өтеуге келген бас бостандығынан айыруға сотталғандарды есепке алуды жүргізеді.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Мекемелердің комиссиялары:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) сотталғандарға қатысты әкімшілік қадағалауды белгілеу үшін материалдарды сотқа жіберу туралы мәселені қарайды;
Тармақша 3
3) сотталғандарды психологтің профилактикалық есебіне қою және одан шығару туралы мәселені қарайды;
Тармақша 4
4) сотталғандарды жазаны өтеудің әртүрлі жағдайларына ауыстыру туралы мәселені қарайды.
Тармақ 6
6. Аумақтық орган мен мекеменің комиссиялары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 18. 18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы астанасының, облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органдарды құрады;
Тармақша 2
2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ мекемелерден босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілейді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге байланысты процесті ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) өздеріне қатысты пробация қолданылатын, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5-1
5-1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;
Тармақша 5-2
5-2) мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 5-3
5-3) сотталғандарға медициналық көмек көрсету үшін қылмыстық-атқару жүйесінде медициналық ұйымдарды (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар) ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) пробация қызметінің есебінде тұрған мүмкіндіктері шектеулі кәмелетке толмағандарды ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;
Тармақша 8
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Тарау 5. 5-тарау. ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
5-тарау. ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Бап 19. 19-бап. Пробациялық бақылау
19-бап. Пробациялық бақылау
Тармақ 1
1. Пробациялық бақылау:
Тармақша 1
1) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған;
Тармақша 2
2) шартты түрде сотталған;
Тармақша 3
3) бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға қатысты жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Пробациялық бақылаудың ұзақтығы сот үкімімен немесе қаулысымен айқындалады.
Бап 20. 20-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері
20-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Пробация қызметі:
Тармақша 1
1) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған;
Тармақша 2
2) шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асырады. Полиция:
Тармақша 1
1) бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған;
Тармақша 2
2) өзіне сот тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шарасын тағайындаған кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Кәмелетке толмаған адамды пробация қызметінің немесе полицияның есебіне қою ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің, ал қажет болған кезде – педагогтің немесе психологтің қатысуымен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Пробация қызметі осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген шаралармен қатар, кәмелетке толмағандарға қатысты:
Тармақша 1
1) іздестірудегі кәмелетке толмаған адам ұстап алынған кезде сұрақ қою және жазаларын өтеуден жалтаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау үшін ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін дереу шақыртады;
Тармақша 2
2) қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілдерімен бірлесіп, тоқсан сайын кәмелетке толмағандардың тұрғын үй жағдайларын зерттеп-қарауды акт жасай отырып, жүргізеді.
Бап 21. 21-бап. Пробациялық бақылау шарттары
21-бап. Пробациялық бақылау шарттары
Тармақ 1
1. Өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам:
Тармақша 1
1) соттың үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап он тәулік ішінде, ал мекемелерден босатылған адамдар босатылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға есепке қою үшін келуге;
Тармақша 2
2) жазаны өтеудің осы Кодексте белгіленген шарттары мен тәртібін және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын сақтауға;
Тармақша 3
3) өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға мінез-құлқы туралы есеп беру және профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін келіп тұруға;
Тармақша 4
4) өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға тұрақты тұрғылықты жерінің, жұмысының немесе оқуының өзгеруі туралы жазбаша хабар беруге міндетті.
Тармақ 2
2. Сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жазалаудың және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларының мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Бап 22. 22-бап. Пробация қызметінің өкілеттіктері
22-бап. Пробация қызметінің өкілеттіктері Пробация қызметі:
Тармақша 1
1) өздеріне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адамдарды есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 2
2) сот жүктеген міндеттерді орындау және оларды орындамағаны үшін жауаптылыққа тарту тәртібін түсіндіреді;
Тармақша 3
3) пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату және пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту тәртібі мен шарттарын түсіндіреді;
Тармақша 4
4) әлеуметтік-құқықтық көмек алу тәртібін түсіндіреді;
Тармақша 5
5) адамның тұрғылықты жерін, оның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылуын анықтайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 23. 23-бап. Пробациялық бақылау шарттарын сақтамау салдарлары
23-бап. Пробациялық бақылау шарттарын сақтамау салдарлары Адам пробациялық бақылау шарттарын сақтамаған жағдайда, пробация қызметі осы Кодекстің 68-бабының екінші бөлігіне, 176-бабының екінші бөлігіне сәйкес материалдарды сотқа жібереді.
Бөлім 2. 2-БӨЛІМ. ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАР. ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
2-БӨЛІМ. ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАР. ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
Тарау 6. 6-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАР. СОТТАЛҒАНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
6-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАР. СОТТАЛҒАНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Бап 24. 24-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар
24-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар
Тармақ 1
1. Айыппұл, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жазаларды мүліктің тұрған жері бойынша және сотталған адамның жұмыс орны бойынша әділет органдары орындайды.
Тармақ 2
2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындауды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі не бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау кезінде мекеме жүзеге асырады. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкiмiн сотталған адамның жұмыс орны бойынша ұйым әкiмшiлiгi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсатты қайтарып алуға құқығы бар органдар орындайды.
Тармақ 3
3. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру туралы сот үкімінің орындалуын уәкілетті мемлекеттік органдар бақылайды.
Тармақ 4
4. Қамаққа алу түріндегі жазаны ішкі істер органдары және әскери полиция органдары орындайды.
Тармақ 5
5. Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы жазаны Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдары орындайды.
Тармақ 6
6. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан айыру бөлігінде сот үкiмiн атақты, сыныптық шендi, дипломатиялық дәреженi, бiлiктiлiк сыныбын берген лауазымды адам орындайды. Мемлекеттік наградаларды оларға қоса берілген құжаттармен бірге алып қоюды олар тұратын жердегі пробация қызметі жүргізеді.
Тармақ 7
7. Түзеу жұмыстары, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларды сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі пробация қызметі орындайды.
Тармақ 8
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны мекемелер, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған немесе жіберілген сотталғандарға қатысты тергеу изоляторлары орындайды.
Тармақ 10
10. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды олардың тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Шартты түрде сотталған және бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар пробация қызметінің пробациялық бақылауында болады.
Тармақ 12
12. Жазасын орындау кейiнге қалдырылған жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлер пробация қызметінің бақылауында болады.
Тармақ 12-1
12-1. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамдар өзі босатылған не бекітіліп берілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бақылауында болады.
Тармақ 13
13. Шартты түрде сотталған және бас бостандығын шектеуге сотталған кәмелетке толмағандар пробация қызметінің пробациялық бақылауында болады.
Тармақ 14
14. Пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі өзара іс-қимылы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 25. 25-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлама
25-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлама Жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның әкiмшiлiгi сотталған адамның жазаны өтеу орнына келгенi туралы сотталған адамның таңдауы бойынша оның жұбайына (зайыбына), туыстарының бiрiне не заңды өкiлiне екі жұмыс күні iшiнде жазбаша хабарлама жіберуге мiндеттi. Шетел азаматының келгені туралы хабарлама көрсетілген мерзімде өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі.
Бап 26. 26-бап. Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
26-бап. Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
Тармақ 1
1. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған, есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
Тармақ 2
2. Бас бостандығынан айыруға сотталған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға мекемелер сот үкімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданады, оларды орындау мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдарға жүктеледі.
Тармақ 3
3. Егер бас бостандығынан айыруды өтеу кезінде сотталған адамның осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген аурулардан зардап шегетіні анықталса, мекеме әкімшілігі сотқа оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұсыну жібереді.
Тармақ 4
4. Бас бостандығынан айыруға сотталған, емделудiң толық курсынан өтпеген туберкулезбен немесе инфекциялық аурумен ауыратын адамдарға мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдар медициналық комиссияның шешiмi бойынша мiндеттi ем қолданады.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты химиялық кастрация олар босатылғанға дейін алты ай бұрын қолданылады. Осыған байланысты мекеме әкімшілігі оларда психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділіктің бар (жоқ) екендігі туралы мәселені шешу үшін жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін он екі айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жібереді. Осы бөліктің ережелері сотталған адамдардың есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын, психикасының бұзылуының анықталуына байланысты соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын сотталғандарға қолданылмайды. Мекеме әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелерді шешу үшін сотқа ұсыну жібереді. Мекеме әкімшілігі соттың қаулысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау үшін жібереді. Өзіне қатысты соттың шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамның мекемелерден босатылғаны туралы хабарлама босатылғанға дейін бес жұмыс күні бұрын тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына және ішкі істер органына жіберіледі.
Тарау 7. 7-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ
7-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ
Бап 27. 27-бап. Сот бақылауы
27-бап. Сот бақылауы
Тармақ 1
1. Сот жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiне ауыстыру, сотталған адамның ауруына байланысты жазадан босату, жүктi әйелдердің және жас балалары бар әйелдердiң, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлердің жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру, сондай-ақ мекеменiң түрiн өзгерту туралы мәселелердi шешу кезiнде жазалардың орындалуын бақылайды.
Тармақ 2
2. Сот сотталғандар мен өзге де адамдардың жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар әкімшілігінің әрекеттерiне немесе әрекетсіздігіне шағымдарын қарайды.
Тармақ 3
3. Жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар екі жұмыс күні ішінде үкім шығарған сотқа сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды, түзеу жұмыстарын, бас бостандығын шектеуді, қамаққа алуды, бас бостандығынан айыруды өтеуінің басталғаны және орны туралы және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру, мүлкiн тәркiлеу түрiндегi жазалардың орындалуы туралы хабарлама жібереді.
Бап 28. 28-бап. Ведомстволық бақылау
28-бап. Ведомстволық бақылау Жазаларды орындайтын мекемелер мен органдардың қызметiне жоғары тұрған басқару органдары мен олардың лауазымды адамдары тарапынан ведомстволық бақылау жүзеге асырылады. Ведомстволық бақылауды жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 29. 29-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау
29-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау Жазаларды орындайтын мекемелер мен органдардың қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 30. 30-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын қадағалау
30-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын қадағалау Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.
Бап 31. 31-бап. Қоғамдық бақылау
31-бап. Қоғамдық бақылау
Тармақ 1
1. Қоғамдық байқау комиссиялары және ұлттық алдын алу тетігі қызметі нысанындағы қоғамдық бақылау осы Кодекстің 8 және 9-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мыналар қоғамдық бақылау қағидаттары болып табылады:
Тармақша 1
1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
Тармақша 2
2) заңдылық;
Тармақша 3
3) объективтілік;
Тармақша 4
4) азаматтардың қатысу еріктілігі;
Тармақша 5
5) жазаны орындау жағдайларын ескере отырып, іс-шаралар мен нәтижелердің ашықтығы мен айқындылығы;
Тармақша 6
6) кезеңділік пен жеделдік;
Тармақша 7
7) нәтижелерді жазбаша құжаттау міндеттілігі;
Тармақша 8
8) мемлекеттік билік органының қоғамдық бақылаудың нәтижелері бойынша жазбаша қорытынды ұсынуға ден қою міндеттілігі;
Тармақша 9
9) азаматтың қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысуына байланысты оны қудалауға тыйым салу.
Тармақ 3
3. Мыналар қоғамдық бақылаудың міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындаудың және өтеудің нормативтік құқықтық актілері мен құқық қолдану практикасын жетілдіру кезінде қоғамдық мүдделерді ескеруге жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) жазаны орындайтын мекемелер мен органдар қызметінің жұртшылық үшін айқындылық деңгейін арттыру;
Тармақша 3
3) сотталғандардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін арттыру;
Тармақша 4
4) сотталғандардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал ететін себептерді және жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану;
Тармақша 5
5) жазаны орындайтын мекемелер мен органдар, сондай-ақ олардың жоғары тұрған органдары қызметінің тиімділігін бағалауға қатысу.
Бап 32. 32-бап. Мекемелерге бару
32-бап. Мекемелерге бару
Тармақ 1
1. Мекемелерге арнайы рұқсатсыз:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, сондай-ақ тиiстi әкімшілік-аумақтық бірлік шегiндегі астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;
Тармақша 3
3) нақты істер бойынша іс жүргізу барысында судьялар;
Тармақша 4
4) қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының қызметкерлерi;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл және оның астанадағы, облыстағы және республикалық маңызы бар қаладағы өкілі;
Тармақша 6
6) осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруына байланысты ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары;
Тармақша 7
7) Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баруға құқылы.
Тармақ 2
2. Қоғамдық байқау комиссияларының мүшелері осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемелерге барады.
Тармақ 3
3. Бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнің, діни бірлестіктердің дін қызметшілерінің және өзге де адамдардың мекемелерге осы мекемелер әкiмшiлiгiнiң не олардың жоғары тұрған органдарының арнайы рұқсаты бойынша ғана баруға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгi мен күзетiн қамтамасыз ететін объектiлерде кино-, фото- және бейнетүсiру жүргізу мекемелер әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жүзеге асырылады. Бұл талап Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қолданылмайды.
Тармақ 5
5. Сотталғандарды кино-, фото- және бейнетүсiру, олармен сұхбат жүргiзу, оның iшiнде аудио-, бейнетехника құралдарын пайдалана отырып жүргiзу олардың келiсiмiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Мекемелерге бару қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Тарау 8. 8-тарау. ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ
8-тарау. ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ
Бап 33. 33-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің негіздері
33-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің негіздері
Тармақ 1
1. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың қоғамдық байқау комиссиясы жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, оларды ұстау жағдайлары, медициналық-санитариялық қамтамасыз ету, еңбегін, оқуын және бос уақытын ұйымдастыру бөлігінде қоғамдық мониторинг жүргізу үшін құрылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық байқау комиссиясы заңды тұлға болып табылмайды.
Бап 34. 34-бап. Қоғамдық байқау комиссиясын құру тәртібі
34-бап. Қоғамдық байқау комиссиясын құру тәртібі
Тармақ 1
1. Қоғамдық байқау комиссиясы азаматтардың немесе қоғамдық бірлестіктердің бастамасы бойынша құрылады. Қоғамдық бірлестіктер астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың әрбір қоғамдық байқау комиссиясына бір кандидаттан ұсынуға құқылы.
Тармақ 2
2. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала аумағында өз қызметін әкімшілік-аумақтық құрылым шегінде жүзеге асыратын бір қоғамдық байқау комиссиясы құрылады.
Тармақ 3
3. Қоғамдық байқау комиссиясы үштен тоғыз адамға дейінгі құрамда күнтізбелік екі жыл мерзімге құрылады. Қоғамдық байқау комиссиясының жұмыс кезеңінде оның мүшелерінің ауыстырылуы жүргізілуі мүмкін, бұл отырыс хаттамасында тіркеледі.
Тармақ 4
4. Қоғамдық байқау комиссиясы жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарға алты ай бойы бармаған жағдайда, оның қызметі тоқтатылды деп есептеледі.
Тармақ 5
5. Қоғамдық байқау комиссиясын оның мүшелерінен көпшілік дауыспен сайланатын, оның қызметіне басшылықты жүзеге асыратын төраға басқарады.
Тармақ 6
6. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың жоғары тұрған органдарына қоғамдық байқау комиссиясының дербес құрамы бекітілетін және оның төрағасы сайланатын өзінің бірінші отырысының хаттамасын беру қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің басталуы болып табылады.
Тармақ 7
7. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, оның төрағасы он күн ішінде тиісті құжаттарды беру мерзімдері мен тәртібін көрсете отырып, бос орынға конкурс туралы жариялайды.
Бап 35. 35-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелеріне қойылатын талаптар
35-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелеріне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа толған азаматы қоғамдық байқау комиссиясының мүшесі бола алады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
Тармақша 2
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікті немесе айыпталушы;
Тармақша 3
3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
Тармақша 4
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;
Тармақша 5
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұрған адамдар;
Тармақша 6
6) жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандардың жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері бола алмайды.
Тармақ 3
3. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9) – 12) тармақтары және 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, терiс себептер бойынша мемлекеттiк немесе әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттiк органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған, адвокаттық қызметпен айналысуға берiлген лицензиядан айырылған адамдар да қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi бола алмайды.
Тармақ 4
4. Нақ бір адам бір мезгілде бірнеше қоғамдық байқау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Бап 36. 36-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің құқықтары мен міндеттері
36-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшесі:
Тармақша 1
1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен, құрылған топ құрамында жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарға баруға;
Тармақша 2
2) жазаларды орындайтын мекемелер мен органдардың лауазымды адамдарымен кездесуге, олардан қоғамдық байқау комиссиясының қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) осы Кодекстің 38-бабы үшінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандармен куәларсыз, жеке немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы әңгімелесуді жүргізуге, олардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу мәселелері бойынша өтініштер қабылдауға;
Тармақша 4
4) сотталған адамның жазбаша келісімімен оның өтініш жасауына байланысты материалдармен танысуға;
Тармақша 5
5) жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша олардың әкімшілігіне, жоғары тұрған органдарға, прокуратура органдарына өтініш жасауға;
Тармақша 6
6) қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің аясына жататын мәселелерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысуға;
Тармақша 7
7) жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігіне өз қызметінің нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабар беруге құқылы. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган анықталған кемшіліктерді жоймаған жағдайда, бұл жөнінде олардың жоғары тұрған органдарына және (немесе) прокуратура органдарына хабар беруге;
Тармақша 8
8) прокуратура органдарымен келісу бойынша олар жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жүргізетін тексерулерге қатысуға құқылы.
Тармақ 2
2. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері өз өкілеттіктерін орындау кезінде жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға, олардың әкімшілігінің заңды талаптарына бағынуға міндетті.
Тармақ 3
3. Жазаны орындайтын мекемеге не органға бару жөніндегі топқа кіретін қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің бейтараптығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол оған қатысудан бас тартуға міндетті.
Бап 37. 37-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату
37-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату
Тармақ 1
1. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктері оның жұмыс істеу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;
Тармақша 2
2) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
Тармақша 3
3) оның кандидатурасын ұсынған қоғамдық бірлестік таратылған;
Тармақша 4
4) оның кандидатурасын ұсынған қоғамдық бірлестік кері шақырып алған;
Тармақша 5
5) осы Кодекстің ережелері бұзылған;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
Тармақша 8
8) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
Тармақша 9
9) қоғамдық байқау комиссиясының жұмысына үш ай бойы қатыспаған;
Тармақша 10
10) заңда көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Комиссия төрағасы жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың жоғары тұрған аумақтық органына үш жұмыс күні ішінде қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылғаны туралы хабар береді.
Бап 38. 38-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің нысандары
38-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің нысандары
Тармақ 1
1. Мыналар қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің нысандары болып табылады:
Тармақша 1
1) жазаны орындайтын мекемелер мен органдарға бару;
Тармақша 2
2) жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандармен оларды ұстау жағдайларына шағымдары бойынша кездесулер;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініштер жіберу;
Тармақша 4
4) жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сенімхат бойынша сотқа шағымдар мен талап арыздарын дайындау және жіберу, сотта сөз сөйлеу;
Тармақша 5
5) жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандарға сауалнама жүргізу, пікір сұрау және олармен сұхбат жүргізу;
Тармақша 6
6) қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органымен келісу бойынша жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 7
7) жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, оларды ұстау жағдайлары, медициналық-санитариялық қамтамасыз ету, еңбегін, оқуын және бос уақытын ұйымдастыру бөлігіндегі қоғамдық мониторингтің нәтижелері туралы жұртшылыққа хабар беру.
Тармақ 2
2. Қоғамдық байқау комиссиясының жазаны орындайтын мекемелер мен органдарға баруын құрамында кемінде екі мүшесі бар топтар жүзеге асырады. Қоғамдық байқау комиссиясы кемінде бір тәулік бұрын жазаны орындайтын мекеменің немесе органның бастығын жоспарланып отырған бару туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшелерінің жазаны орындайтын мекемеге және органға барған кездегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету олардың әкімшілігіне жүктеледі. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің сотталған адаммен оңаша әңгімелескен кезде өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуден бас тартуы жазбаша ресімделеді.
Тармақ 4
4. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері барған кезде адамның жеке өмірі туралы өздеріне мәлім болған мәліметтерді оның келісімінсіз жария етуге құқылы емес. Көрсетілген талапты бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Тармақ 5
5. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне қоғамдық байқау комиссиясы мүшелерінің араласуына жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Жазаны орындайтын мекемеде немесе органда ерекше жағдайлар режимі енгізілген кезеңде қоғамдық байқау комиссиясының оларға бару жөніндегі өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.
Тарау 9. 9-тарау. ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТIГI
9-тарау. ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТIГI
Бап 39. 39-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi
39-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде жазаны орындайтын мекемелер мен органдарға барады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.
Тармақ 5
5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Бап 40. 40-бап. Үйлестіру кеңесі
40-бап. Үйлестіру кеңесі
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құратын комиссия Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан сайлайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;
Тармақша 2
2) ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;
Тармақша 3
3) алдын ала бару үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;
Тармақша 4
4) алдын ала бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;
Тармақша 5
5) алдын ала бару қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің азаптаудың және басқа да қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.
Бап 41. 41-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
41-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
Тармақша 2
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікті немесе айыпталушы;
Тармақша 3
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
Тармақша 4
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері;
Тармақша 5
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұрған адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
Тармақ 2
2. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9) – 12) тармақтары және 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, терiс себептер бойынша мемлекеттiк немесе әскери қызметтен, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттiк органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған, адвокаттық қызметпен айналысуға берiлген лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетiгiнiң қатысушылары бола алмайды.
Бап 42. 42-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
42-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:
Тармақша 1
1) алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандардың саны, осындай мекемелердiң саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;
Тармақша 3
3) құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен алдын ала баруды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) алдын ала болуға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесу жүргізуге;
Тармақша 5
5) алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдарды кедергісіз таңдауға және соларға баруға;
Тармақша 6
6) азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарлар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болып табылады.
Бап 43. 43-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
43-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Алдын ала бару жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының бейтараптығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала баруға қатысудан бас тартуға міндетті.
Тармақ 4
4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарлар мен шағымдарды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті. Қабылданған хабарлар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі. Қабылданған және берілген хабарлар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы Кодекстің ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Бап 44. 44-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
44-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) осы Кодекстің ережелері бұзылған;
Тармақша 2
2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;
Тармақша 3
3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
Тармақша 6
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
Тармақша 7
7) заңда көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.
Бап 45. 45-бап. Алдын ала барудың түрлері мен кезеңділігі
45-бап. Алдын ала барудың түрлері мен кезеңділігі
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала баруы былайша бөлінеді:
Тармақша 1
1) төрт жылда кемінде бір рет тұрақты негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала бару;
Тармақша 2
2) алдыңғы кезеңдік алдын ала бару нәтижелері бойынша ұсынымдардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың әкімшіліктері тарапынан ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесу жүргізген сотталғандарды қудалаудың алдын алу мақсатында, кезеңдік алдын ала бару аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала бару;
Тармақша 3
3) азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарлардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала бару.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала бару мерзімдері мен алдын ала баруға жататын мекемелердің тізбесін айқындайды.
Бап 46. 46-бап. Алдын ала бару тәртібі
46-бап. Алдын ала бару тәртібі
Тармақ 1
1. Алдын ала баруды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын алдын ала бару үшін топтарды құру кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшыратуға болмайды.
Тармақ 3
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдар әкімшілігінің басшысы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жазбаша хабар береді.
Тармақ 4
4. Әрбір алдын ала барудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысан бойынша жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала баруды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.
Бап 47. 47-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
47-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
Тармақ 1
1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала бару нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына:
Тармақша 1
1) уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала баруға жататын, жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандармен қарым-қатынас жағдайларын жақсартудың және азаптау мен қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөнінде ұсынымдар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар да енгізіледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала бару жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.
Тармақ 3
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің интернет-ресурсында орналастырылады.
Бап 48. 48-бап. Құпиялылық
48-бап. Құпиялылық Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала бару барысында өздеріне мәлім болған сотталған адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз жариялауға құқылы емес. Көрсетілген талапты бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 49. 49-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
49-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына олардың заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді. Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптау мен қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерiнің қолданылу фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуге құқылы емес. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамаcын алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабар береді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару нәтижелері бойынша есептері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді қозғау не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы өтінішхатпен жүгінуге құқығы бар.
Бөлім 429. ЕРЕКШЕ БӨЛІК
ЕРЕКШЕ БӨЛІК
Бөлім 3. 3-БӨЛІМ. СОТТАЛҒАН АДАМДЫ ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАУ
3-БӨЛІМ. СОТТАЛҒАН АДАМДЫ ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАУ
Тарау 10. 10-тарау. АЙЫППҰЛ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
10-тарау. АЙЫППҰЛ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
Бап 50. 50-бап. Айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртiбi мен шарттары
50-бап. Айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртiбi мен шарттары
Тармақ 1
1. Сотталған адам айыппұлды үкімде белгіленген мерзім ішінде төлейді. Айыппұл төлеу мерзімі үкім заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі және оған сот кейінге қалдыруды берген уақыт қосылмайды. Егер үкім бойынша сотталған адам айыппұлды бір айдан аса мерзім ішінде төлеуге міндетті болса, айыппұл ай сайын тең үлестермен төленеді.
Тармақ 2
2. Сотталған адам мүліктік жағдайы нашарлаған жағдайда, айыппұлды кейінге қалдыруды беру туралы сот алдында өтініш жасауға құқылы.
Бап 51. 51-бап. Сотталған адамның айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
51-бап. Сотталған адамның айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Егер сотталған адам айыппұлды сот белгілеген мерзімде төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, жазаны орындайтын орган (сот орындаушысы) айыппұлды мәжбүрлеп орындату жөнінде шаралар қабылдайды. Айыппұлды толық өндіріп алу үшін сотталған адамның кірістері немесе мүлкі жеткіліксіз болған не сотталған адамның өз кірістерін немесе мүлкiн мәжбүрлеп өндiрiп алудан жасыру фактісі анықталған жағдайларда, жазаны орындайтын орган (сот орындаушысы) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес айыппұлды жазаның басқа түрiмен ауыстыру туралы сотқа ұсыну жібереді.
Тарау 11. 11-тарау. ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
11-тарау. ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
Бап 52. 52-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау тәртібі
52-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау тәртібі
Тармақ 1
1. Түзеу жұмыстары сот үкіміне сәйкес жаза мөлшерін толық өтегенге дейін Жәбірленушілерге өтемақы қорына жалақының (ақшалай үлестің) оннан елуге дейінгі пайызын ай сайын аудара отырып, сотталған адамның негізгі жұмыс орны бойынша орындалады.
Тармақ 2
2. Түзеу жұмыстарына сотталғандар сот үкімнің көшірмесімен бірге соттың тиісті өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он бес күндік мерзімнен кешіктірілмей жазаны өтеуге тартылады.
Тармақ 3
3. Ұстап қалу негізгі жұмыс орны бойынша, сотталған адамға наразылықтардың бар-жоғына қарамастан, жалақы төлеу кезінде әрбір жұмыс істеген ай үшін атқарушылық құжаттар бойынша жалақысының барлық түрінен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Ұстап қалу сотталғандар жалақысының ақшалай және заттай бөлігінен жүзеге асырылады. Сотталғандардың жалақысынан ұстап қалынған заттай бөлік жұмыс берушінің иелігінде қалады, ал оның құнын ол ай сайын Жәбірленушілерге өтемақы қорына аударады.
Тармақ 5
5. Ұстап қалу әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамсыздандыру тәртiбiмен алынатын жәрдемақылардан, бiржолғы сипаттағы төлемдерден жүргізілмейді.
Тармақ 6
6. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар сот үкiмiмен тағайындалған ұстап қалулар шегерiлмей, жалақысынан есептеледi.
Тармақ 7
7. Сотталған адам, пробация қызметі немесе ол жұмыс істейтін ұйымның әкімшілігі оның материалдық жағдайы нашарлаған кезде сотқа жалақысынан ұстап қалудың мөлшерін төмендету туралы өтінішхат беруге құқылы. Ұстап қалудың мөлшерін төмендету туралы шешім сотталған адамның барлық кірісі ескеріле отырып шығарылады.
Тармақ 8
8. Жазасын өтеу кезеңінде сотталған адам жүкті болған кезде, пробация қызметі сотқа жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілген күннен бастап оның жазаны өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну енгізеді.
Тармақ 9
9. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.
Тармақ 10
10. Iстiң тоқтатылуымен үкiмнiң күшi жойылған немесе өзгерген жағдайларда, сотталған адамға жалақысынан ұстап қалынған сомалар толық немесе артық ұстап қалынған сомалар қайтарылады.
Бап 53. 53-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу шарттары
53-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу шарттары
Тармақ 1
1. Түзеу жұмыстарына сотталған адам:
Тармақша 1
1) осы Кодексте белгіленген жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтауға;
Тармақша 2
2) тоқсанына бір рет пробация қызметіне профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін келуге;
Тармақша 3
3) пробация қызметіне жұмыс орнының және (немесе) тұрғылықты жерінің өзгергені туралы жазбаша хабар беруге міндетті.
Тармақ 2
2. Сотталған адамның пробация қызметіне белгіленген мерзімде келмеуіне шақыртуды уақтылы алмауы, сондай-ақ ауыруы және оны шақырту бойынша уақтылы келу мүмкіндігінен айыратын, құжаттамамен расталған басқа да мән-жайлар дәлелді себептер деп танылады.
Бап 54. 54-бап. Сотталған адамның түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
54-бап. Сотталған адамның түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
Тармақ 1
1. Сотталған адамның түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін пробация қызметі оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауаптылық туралы жазбаша түрде ескертеді.
Тармақ 2
2. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүрген не жұмысынан айырылған немесе еңбек шарты бұзылған күннен бастап үш ай бойы жұмысқа орналаспаған сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін қоғамдық жұмыстарға тартумен не қамаққа алумен, ал қылмысы үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыну енгізеді.
Тармақ 3
3. Мынадай:
Тармақша 1
1) бір жыл бойы осы Кодекстің 53-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттерді қайталап орындамаған;
Тармақша 2
2) жазаны өтеуден жалтару мақсатында жасырынған;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен сотталған адам түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүр деп танылады.
Тармақ 4
4. Пробация қызметіне тіркелу үшін келмеген күннен бастап он бес күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жасырынып жүр деп танылады.
Бап 55. 55-бап. Пробация қызметінің түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері
55-бап. Пробация қызметінің түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері Пробация қызметі:
Тармақша 1
1) сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;
Тармақша 2
2) сотталғандарға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртібі мен шарттарын түсіндіреді;
Тармақша 3
3) сотталғандардың жалақысынан ұстап қалудың дұрыстығы мен уақтылығын және ұстап қалынған сомалардың Жәбірленушілерге өтемақы қорына аударылуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) сотталған адаммен айына бір рет профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
Тармақша 5
5) қажет болған кезде сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту орталықтарына жібереді;
Тармақша 6
6) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып жүрген сотталған адамға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа iздестіруді жариялау туралы ұсыну енгiзедi.
Бап 56. 56-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің міндеттері
56-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің міндеттері
Тармақ 1
1. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігі:
Тармақша 1
1) сотталған адамның жалақысынан ұстап қалуды Жәбірленушілерге өтемақы қорына уақтылы аударуға, бұл жөнінде тоқсанына бір рет пробация қызметіне растайтын құжаттарды ұсынуға;
Тармақша 2
2) үш жұмыс күні ішінде пробация қызметін сотталған адамның жазасын өтеуден жалтаруы туралы хабардар етуге;
Тармақша 3
3) пробация қызметін сотталған адамның басқа лауазымға ауысуы немесе жұмыстан шығарылуы туралы алдын ала хабардар етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттерді орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Тарау 12. 12-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
12-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
Бап 57. 57-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны орындау тәртiбi
57-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны орындау тәртiбi
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар оның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесімен бірге сот өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он күндік мерзiмнен кешiктiрiлмей орындалады. Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Сотталған адамға негізгі жұмыс орны бойынша кезекті демалыс беру қоғамдық жұмыстарды орындауын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 4
4. Жазасын өтеу кезеңінде сотталған адам жүкті болған кезде пробация қызметі сотқа жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілген күннен бастап оның жазаны өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну енгізеді.
Тармақ 5
5. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.
Бап 58. 58-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза мерзiмiн есептеу
58-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза мерзiмiн есептеу
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сағатпен есептеледі, сол уақыт ішінде сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындайды.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды оларды орындау кезінде негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерінен босата отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын шамада орындалады.
Тармақ 3
3. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандар қоғамдық жұмыстарды күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын шамада орындайды.
Бап 59. 59-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегiжазаны өтеу шарттары
59-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегiжазаны өтеу шарттары Сотталған адам:
Тармақша 1
1) осы Кодексте белгіленген жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын сақтауға;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын жұмыстарды орындауға;
Тармақша 2-1
2-1) қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңінде киім нысанының үлгісін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кеудеше киюге;
Тармақша 3
3) пробация қызметіне тұрғылықты жерiнің өзгергені туралы хабарлап отыруға;
Тармақша 4
4) пробация қызметіне тіркелу және профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін айына бір рет келіп тұруға міндетті. Келмеуінің дәлелді жағдайлары осы Кодекстің 53-бабының екінші бөлігінде көрсетілген.
Бап 60. 60-бап. Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
60-бап. Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
Тармақ 1
1. Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін пробация қызметі оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауаптылық туралы жазбаша түрде ескертеді.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден жалтарып жүрген сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін – қамаққа алумен, ал қылмыс үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін бас бостандығын шектеумен не бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыну жібереді.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындауға кірісуден бас тартқан не қоғамдық жұмыстарды орындауға кедергі келтіретін, құжаттамамен расталған ауыруы және басқа да себептер жататын дәлелді себептерсіз қоғамдық жұмыстарға бір ай ішінде екі реттен көп келмеген;
Тармақша 2
2) жазаны өтеу кезеңінде екі рет медициналық куәландырумен не мұндай мүмкіндік болмаған кезде – жұмыс берушінің комиссиялық актісімен расталған, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде келген;
Тармақша 3
3) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен сотталған адам қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүр деп танылады.
Тармақ 4
4. Пробация қызметіне тіркелу үшін келмеген күннен бастап он бес күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жасырынып жүр деп танылады.
Бап 61. 61-бап. Пробация қызметінің қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері
61-бап. Пробация қызметінің қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері Пробация қызметі:
Тармақша 1
1) сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;
Тармақша 2
2) оларға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртiбi мен шарттарын түсiндiредi;
Тармақша 3
3) сотталған адамды сот үкімін, қаулысын алғаны туралы хабарламамен және әкімдіктің қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкімімен оларды алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қолын қойғызып таныстырады;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың орындалуын сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындау орнына бару арқылы, оның ішінде техникалық мүмкіндік болған кезде олардың орындалуын ішінара тіркеп-белгілеу арқылы бақылайды;
Тармақша 5
5) әкімдіктен жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде онымен профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
Тармақша 6
6) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған сотталған адамға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады және іздестіру жариялау туралы ұсынуды сотқа енгізеді;
Тармақша 7
7) қоғамдық жұмыстардың орындалуы туралы мәліметтерді масс-медиада таратады.
Бап 62. 62-бап. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері
62-бап. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) сот үкімін немесе қаулысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде: белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстар түрін, сондай-ақ еңбек жағдайларының қауіпсіздігін ескере отырып, оларды қоғамдық орындарда орындау үшін объектілерді айқындауға; сотталған адамның деректерін, ақы төленбейтін қоғамға пайдалы жұмыстардың түрін, оларды орындауға арналған объектіні, орындау шарттарын, жауапты ұйымды, күніне төрт сағаттан аспайтын, ал тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандарға – күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын жұмыспен өтеу уақытының ұзақтығын, демалу уақытын көрсете отырып, қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкім шығаруға; пробация қызметіне сот үкімін немесе қаулысын алғаны туралы хабарлама және қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкім жіберуге;
Тармақша 2
2) киім нысанының үлгісін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындаған кеудешемен және қоғамдық жұмыстарды орындау үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және өзге де құралдармен сотталған адамды қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануға;
Тармақша 3
3) ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей пробация қызметіне жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты жіберуге;
Тармақша 4
4) сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі туралы пробация қызметіне хабарлауға міндетті.
Тармақ 2
2. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттерді орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Тарау 13. 13-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
13-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
Бап 63. 63-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны орындау тәртібі
63-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны орындау тәртібі
Тармақ 1
1. Бас бостандығын шектеуге сотталғандар жазасын тұрғылықты жері бойынша оларға пробациялық бақылауды жүзеге асыру жағдайларында өтейді.
Тармақ 2
2. Бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тартуды жергілікті атқарушы органдар осы Кодекстің 57 - 59-баптарына сәйкес ұйымдастырады.
Тармақ 3
3. Бас бостандығын шектеуге сотталғандар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шеңберде әлеуметтік-құқықтық көмек алу үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Бап 64. 64-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерзiмiн есептеу
64-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерзiмiн есептеу Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерзiмi пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін орындауға қабылдаған күннен бастап есептеледi.
Бап 65. 65-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу
65-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу
Тармақ 1
1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлiгi бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға ауыстырылған сотталған адам күзеттен босатылады және жазаны өтеу орнына бюджет қаражаты есебiнен өз бетінше барады. Мекеме әкiмшiлiгi сотталған адамға оны есепке қою үшiн пробация қызметіне жету маршруты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына баруы туралы нұсқаманы табыс етеді, сондай-ақ пробация қызметіне оған мінездеме беретін материалдар жібереді.
Тармақ 2
2. Сотталған адам жазаны өтеу орнына белгiленген мерзiмде келмеген кезде, пробация қызметі бастапқы iздестiру iс-шараларын жүргiзедi және, егер сотталған адамның жүрген жері анықталмаса, сотқа оған iздестiру жариялау туралы ұсыну енгізеді.
Бап 66. 66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары
66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары
Тармақ 1
1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын өтеп жүрген сотталған адам:
Тармақша 1
1) сот жүктеген міндеттерді орындауға;
Тармақша 2
2) пробация қызметінің талаптарын орындауға;
Тармақша 3
3) пробация қызметінің ұсынуы бойынша сот айқындаған жерлерге бармауға;
Тармақша 4
4) пробация қызметін хабардар етпей тұрғылықты жерін, жұмыс, оқу орнын ауыстырмауға;
Тармақша 5
5) пробация қызметін хабардар етпей әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге кетпеуге;
Тармақша 6
6) пробация қызметіне белгіленген күндері тіркелу және өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін келіп тұруға міндетті. Келмеуінің дәлелді жағдайлары осы Кодекстің 53-бабының екінші бөлігінде көрсетілген;
Тармақша 7
7) жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге алып жүруге міндетті.
Тармақ 2
2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандар жазасын өтеу орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орналасқан оқу орындарында білім алуға құқылы. Пробация қызметінің келісімімен сотталған адам оқу орны тұрған жердегі пробация қызметіне міндетті түрде есепке қойылып, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерде орналасқан оқу орындарында білім алуға құқылы.
Бап 67. 67-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын бұзу
67-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын бұзу
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы Кодекстің 66-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттерді орындамау;
Тармақша 2
2) электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзу (бүлдіру);
Тармақша 3
3) жеке басы құқығына, кәмелетке толмағандардың құқығына, отбасылық-тұрмыстық қатынастарға, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қолсұғатын, сотталған адамға соларды жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды бір жыл ішінде қайталап жасау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету;
Тармақша 3
3) сотқа дейінгі іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабының бірінші бөлігі, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктері, 78-бабының екінші және төртінші бөліктері негізінде тоқтатылған жағдайда, сотталған адамның қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде қайталап қылмыс жасауы;
Тармақша 4
4) заңды талаптарды орындаудан бас тарту, сол сияқты пробация қызметінің қызметкерін қорлау не оған қатысты күш қолдану қатерін төндіру;
Тармақша 5
5) пробациялық бақылаудан жасырыну;
Тармақша 6
6) осы Кодекстің 60-бабы үшінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген дәлелді себептерсіз мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтару бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.
Тармақ 3
3. Тіркелу үшін пробация қызметіне келмеген күннен бастап он бес күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам пробациялық бақылаудан жасырынып жүр деп танылады.
Бап 68. 68-бап. Сотталған адамның бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
68-бап. Сотталған адамның бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
Тармақ 1
1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін сотталған адамға бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы жазбаша ескерту түрінде жазалау қолданылады.
Тармақ 2
2. Жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзатын сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелердi шешу үшiн материалдар ұсынады.
Бап 69. 69-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарды пробациялық бақылау
69-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарды пробациялық бақылау
Тармақ 1
1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын өтеп жүрген сотталған адамға пробациялық бақылауды оның тұратын жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады. Сотталған адамды тиісінше бақылауды қамтамасыз ету және оның тұрған жерi туралы ақпарат алу үшiн пробация қызметі тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
Тармақ 2
2. Пробациялық бақылаудағы бас бостандығын шектеуге сотталған адамды есепке қою кезінде пробация қызметі:
Тармақша 1
1) сотталған адамның тұрғылықты жерін, оның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылуын анықтайды;
Тармақша 2
2) сотталған адамға әлеуметтiк-құқықтық көмек алу, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, сондай-ақ тiркелу үшiн оның пробация қызметiне келетін күндерiн белгiлейдi;
Тармақша 3
3) сотталған адамға сот жүктеген мiндеттер мен мәжбүрлі еңбекті орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттары мен тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарту тәртiбiн түсiндiредi.
Тармақ 3
3. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа – оны мәжбүрлі еңбектен босату туралы ұсыну, ал сотталған адам жүкті болған жағдайда жазасын өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну жібереді.
Тармақ 4
4. Жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған сотталған адамға қатысты пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады және оған іздестіру жариялау туралы сотқа ұсыну енгізеді.
Тарау 14. 14-тарау. ЖАЗАЛАРДЫҢ ҚОСЫМША ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ
14-тарау. ЖАЗАЛАРДЫҢ ҚОСЫМША ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ
Бап 70. 70-бап. Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі
70-бап. Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі
Тармақ 1
1. Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу жөніндегі заңды күшіне енген сот үкімін орындау мәжбүрлеу тәртібімен жүргізіледі. Шығарып жіберілетін шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адам ішкі істер органдарының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ішкі істер органдарының арнаулы мекемесіне орналастырылады. Шығарып жіберу Қазақстан Республикасының аумағына кіруге бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене отырып, шығарып жіберілетін шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейін шығарып салу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сотталған адамды шығарып жіберу бойынша шығыстарды оның өзі не оны Қазақстан Республикасына шақырған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған тұлғалардың шығыстарды жабуға қаражаттары болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, шығарып жіберу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Бап 71. 71-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі
71-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі
Тармақ 1
1. Сотталған адамды арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан айыру түріндегі үкiм шығарған сот, үкiм заңды күшiне енгеннен кейін оның көшiрмесiн сотталған адамға атақты, сыныптық шендi, дипломатиялық дәреженi, бiлiктiлiк сыныбын берген лауазымды адамға жiбередi.
Тармақ 2
2. Лауазымды адам белгiленген тәртiппен тиiстi құжаттарға сотталған адамды арнаулы, әскери немесе құрметтi немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы жазбаны енгізеді, сондай-ақ оны тиiстi атағы, шенi, дәрежесi, сыныбы бар адамдар үшiн көзделген құқықтар мен жеңiлдiктерден айыру жөнiнде шаралар қолданады.
Тармақ 3
3. Запастағы әскери қызметшiге қатысты сот үкiмiнiң көшiрмесi оның әскери есепке алынған орны бойынша жергiлiктi әскери басқару органына жiберiледi.
Тармақ 4
4. Лауазымды адам үкiмнiң көшiрмесiн алған күннен бастап бiр айдың iшiнде үкiмдi шығарған сотқа оның орындалғаны туралы хабарлайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Президентi сотталған адамды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградадан айыру туралы шешiм қабылдаған кезде, тиiстi мемлекеттiк орган осы баптың екінші бөлігінде көрсетiлген шараларды қолданады. Мемлекеттiк наградаларды оларға қоса берілген құжаттармен бiрге алып қоюды қылмыстық-атқару қызметi саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен олар тұрған жердегі пробация қызметі жүргiзедi.
Бап 71-1. 71-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі
71-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы үкім шығарған сот үкім заңды күшіне енгеннен кейін оның көшірмесін уәкілетті органға "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жібереді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат алып қойылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі.
Бап 72. 72-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны орындау тәртібі
72-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны орындау тәртібі
Тармақ 1
1. Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, меншік нысандарына қарамастан, ұйымдар орындайды.
Тармақ 2
2. Белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың әкімшіліктері орындайды.
Тармақ 3
3. Қамаққа алуға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша ретінде тағайындалған, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаның орындалуын ұйымдастыруды – негізгі жазаны орындайтын мекеме немесе орган, ал негізгі жазаларды өтегеннен кейін сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі пробация қызметі жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жазалардың басқа түрлеріне қосымша ретінде тағайындалған, сондай-ақ жазаны өтеу кейінге қалдырылған немесе шартты түрде сотталған кезде, осы жазаның орындалуын ұйымдастыруды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Пробация қызметі:
Тармақша 1
1) сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;
Тармақша 2
2) сотталған адамның сот үкiмiнде көзделген белгiлi бiр лауазымдарды атқаруға немесе белгiлi бiр қызметпен айналысуға салынған тыйымды сақтауын бақылайды;
Тармақша 3
3) сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйым әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ сотталған адамға тыйым салынған қызметтiң тиiстi түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты қайтарып алуға құқығы бар органдардың сот үкiмін орындауын тексередi;
Тармақша 4
4) жазаны өтеуден жалтару мақсатында жасырынып жүрген сотталғандарға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа iздестіру жариялау туралы ұсыну енгiзедi.
Тармақ 6
6. Пробация қызметіне тіркелу үшін келмеген күннен бастап он бес күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жасырынып жүр деп танылады.
Тармақ 7
7. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаға сотталған адамның негізгі жаза түрін өтеп жүрген, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі оны тыйым салынған жұмыстарды орындауға тартуға құқылы емес.
Бап 73. 73-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны орындау мерзiмдерiн есептеу
73-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны орындау мерзiмдерiн есептеу
Тармақ 1
1. Қамаққа алуға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған кезде, бұл негізгі жаза түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл ретте, оның мерзімі қамаққа алуды, бас бостандығынан айыруды өтеген және пробация қызметіне есепке қойылған күннен бастап есептеледі.
Тармақ 2
2. Жазаның осы түрі жазаның басқа да негізгі түрлеріне қосымша ретінде тағайындалған, сондай-ақ жазаны өтеу кейінге қалдырылған немесе шартты түрде сотталған жағдайларда, оның мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
Бап 74. 74-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны өтеу шарттары
74-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны өтеу шарттары
Тармақ 1
1. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаға сотталған адам:
Тармақша 1
1) пробация қызметіне жұмыс орны мен тұрғылықты жері және олардың өзгергені, жұмыстан шығарылғаны туралы хабарлауға;
Тармақша 2
2) пробация қызметіне шақырту бойынша келіп тұруға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Сотталған адам 53-баптың екінші бөлігінде көрсетілген дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, оған күштеп әкелу қолданылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталған, жазаны орындаудан жалтарып жүрген адам заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Бап 75. 75-бап. Ұйымдар әкімшілігінің белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру түріндегі жаза туралы сот үкімін орындау жөніндегі міндеттері
75-бап. Ұйымдар әкімшілігінің белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру түріндегі жаза туралы сот үкімін орындау жөніндегі міндеттері
Тармақ 1
1. Меншік нысандарына қарамастан, ұйымдар белгілі бір лауазымға кандидаттарды олардың педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудың бар-жоғы тұрғысынан тексереді.
Тармақ 2
2. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыру туралы сот үкiмi мемлекеттiк мекемелер әкiмшiлiгi мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары үшiн мiндеттi болып табылады. Белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкiмi сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйымның әкiмшiлiгi үшiн мiндеттi болып табылады.
Тармақ 3
3. Сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйымның әкiмшiлiгi:
Тармақша 1
1) заңды күшіне енген сот үкiмiнiң көшiрмесiн не пробация қызметінің хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешiктiрмей, сотталғанды лауазымынан немесе айналысу құқығынан айырылған қызмет түрiнен босатуға, пробация қызметіне сот үкiмiнің орындалғаны туралы хабар жіберуге;
Тармақша 2
2) пробация қызметінің талап етуi бойынша жазаны орындауға байланысты құжаттарды ұсынуға;
Тармақша 3
3) сотталған адаммен еңбек шарты өзгертілген немесе тоқтатылған жағдайларда, үш жұмыс күні ішінде пробация қызметіне хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Ұйымдардың белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру түріндегі жазаны орындау туралы сот үкімін орындау жөніндегі міндеттер жүктелген, оның орындалмағанына кінәлі лауазымды адамдары заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Бап 76. 76-бап. Белгiлi бiр қызметпен айналысуға берiлген рұқсатты кері қайтарып алуға құқығы бар органдардың мiндеттерi
76-бап. Белгiлi бiр қызметпен айналысуға берiлген рұқсатты кері қайтарып алуға құқығы бар органдардың мiндеттерi
Тармақ 1
1. Сотталған адамның белгiлi бiр қызметпен айналысуы құқығынан айыру туралы сот үкiмi қызметтiң тиiстi түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты кері қайтарып алуға құқығы бар органдар үшiн мiндеттi.
Тармақ 2
2. Аталған органдар заңды күшіне енген сот үкiмiнiң көшiрмесiн, пробация қызметінің хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешiктiрмей, сотталған адамға тыйым салынған қызмет түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты кері қайтарып алуға, осы адамға қызметтiң көрсетiлген түрiмен айналысу құқығын беретiн тиiстi құжатты алып қоюға және бұл туралы пробация қызметіне хабар жiберуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алуға құқығы бар органдардың белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің орындалмағанына кінәлі лауазымды адамдары заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Бап 77. 77-бап. Мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмiн орындау тәртiбi
77-бап. Мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмiн орындау тәртiбi
Тармақ 1
1. Сотталған адамның мүлкiн тәркiлеу туралы үкiм шығарған сот ол заңды күшiне енгеннен кейін атқару парағын, мүлiк тiзiмдемесінің көшiрмесiн және үкiмнiң көшiрмесiн орындау үшiн сот орындаушысына жiбередi, бұл туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлайды. Iсте сотталған адамның мүлкiнiң тiзімдемесі болмаған жағдайда, мүлiк тiзімдемесі жүргiзiлмегенi туралы анықтама жiберiледi.
Тармақ 2
2. Мүлiктi тәркiлеу түрiндегi жазаны орындауды мүлiк тұрған жердегі сот орындаушысы жүргiзедi.
Бап 78
Бап 78. 78-бап. Тәркiлеуге жататын мүлiк
78-бап. Тәркiлеуге жататын мүлiк
Тармақ 1
1. Сот үкімі бойынша мынадай:
Тармақша 1
1) заңды иеленушісіне қайтарылуға жататын мүлікті және одан түскен кірістерді қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша мен өзге де мүлік және осы мүліктен түскен кез келген кірістер;
Тармақша 2
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік және осы мүліктен түскен кірістер ішінара немесе толығымен басқа нәрсеге айналдырылған немесе қайта өзгертілген;
Тармақша 3
3) экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты қаржыландыру және өзге де қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын және соған арналған;
Тармақша 4
4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын ақша мен өзге де мүлік тәркіленуге жатады.
Тармақ 2
2. Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік және (немесе) осы мүліктен түскен кірістер заңды жолмен сатып алынған мүлікке қосылған болса, қосылған мүліктің құнына және одан түскен кірістерге сәйкес келетін мүліктің бөлігі тәркіленуге жатады.
Тармақ 3
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген, сотталған адам басқа жеке немесе заңды тұлғаға берген мүлік, егер мүлікті сатып алған адам оның қылмыстық әрекеттер нәтижесінде алынғанын көрінеу білген болса, тәркіленуге жатады.
Тармақ 4
4. Егер осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген мүлікке кіретін белгілі бір затты тәркілеу, сот осы затты тәркілеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап оның пайдалануда болуына, сатылуына байланысты немесе өзге де себеп бойынша мүмкін болмаса, сот шешімі бойынша осы заттың құнына сәйкес келетін ақшалай сома тәркіленуге жатады.
Тармақ 5
5. Сотталған адамның осы Кодекске қосымшада белгіленген тізбеге сәйкес келетін мүлкі тәркіленуге жатпайды.
Тармақ 6
6. Сот үкiмi бойынша тәркiленуге жататын мүлiктiң тиесілілігі туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.
Бап 79. 79-бап. Сот орындаушысының мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмiн орындау жөнiндегi әрекеттерi
79-бап. Сот орындаушысының мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмiн орындау жөнiндегi әрекеттерi
Тармақ 1
1. Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскеннен кейін үш тәуліктен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, бұл жөнінде қаулы шығарады, атқарушылық құжатта көрсетiлген мүлiктiң бар-жоғын тексередi және тәркіленуге жататын мүліктің тізімдемесін жасайды.
Тармақ 2
2. Тiзiмдемеде әрбiр заттың толық және нақты атауы, оның айырым белгiлерi, оның iшiнде түсi, мөлшері, тозу дәрежесi мен жеке сипаттамалары көрсетiледi. Тiзiмделген заттарға пломба салынады, сүргі соғылады және сақтауға беріледі, бұл туралы тiзiмдемеге белгi жасалады.
Тармақ 3
3. Сот орындаушысы тәркiленуге жататын және тiзiмдемеге алынған мүлiктi сақтауға қажеттi шаралар қолданады.
Тармақ 4
4. Сотталған адамның ортақ және бiрлескен меншiктегi үлесiн сот орындаушысының ұсынуы бойынша сот азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен айқындайды.
Бап 80. 80-бап. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру
80-бап. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру
Тармақ 1
1. Сотталған адамның тәркiленген мүлкiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн, оның ішінде тәркіленген мүлік есебінен жүргiзiледi. Тәркiленген мүлiк есебiнен қанағаттандыруға жататын наразылықтарға қатысты мемлекет оны өткізуден немесе одан әрi пайдаланудан алынған қаражат шегiнде жауап бередi.
Тармақ 2
2. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Бап 81. 81-бап. Үшiншi тұлғалардың тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты мiндеттерi
81-бап. Үшiншi тұлғалардың тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты мiндеттерi
Тармақ 1
1. Өздерінде сот үкiмi бойынша тәркiленуге жататын мүліктің бар екендігі белгілі болған жеке және заңды тұлғалар бұл туралы сотқа немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Көрсетілген мүлiктi жасырғаны, бүлдіргені немесе жымқырғаны үшін кiнәлiлер заңға сәйкес жауаптылыққа тартылады.
Бап 82. 82-бап. Сот үкімі орындалғаннан кейiн анықталған мүлiктi тәркiлеу
82-бап. Сот үкімі орындалғаннан кейiн анықталған мүлiктi тәркiлеу Барлық мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде сот үкімі орындалғаннан кейін, бiрақ айыптау үкiмiн орындаудың заңмен белгiленген ескіру мерзiмдерi өткенге дейiн сотталған адамның сот үкiмі шығарылғанға дейiн немесе шығарылғаннан кейiн, тәркiленбеген, бірақ тәркiлеуге жататын қаражатқа сатып алған мүлкi табылған жағдайларда, үкiмді шығарған сот немесе үкiм орындалатын жердегі сот, егер мүлiкті заң бойынша тәркiлеу мүмкiн болса, сот орындаушысының ұсынуы бойынша табылған мүлiктi тәркiлеудi орындау туралы қаулы шығарады.
Бөлім 4. 4-БӨЛІМ. СОТТАЛҒАНДАРДЫ ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАУ
4-БӨЛІМ. СОТТАЛҒАНДАРДЫ ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАУ
Тарау 15
Тарау 15. 15-тарау. ҚАМАҚҚА АЛУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
15-тарау. ҚАМАҚҚА АЛУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
Бап 83. 83-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу орындары
83-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу орындары
Тармақ 1
1. Сотталғандар қамаққа алу түріндегі жазасын сотталған жеріндегі арнаулы қабылдау орындарында өтейді.
Тармақ 2
2. Әскери қызметшілер қамаққа алу түріндегі жазасын гауптвахтада өтейді. Сотталғандарды гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібін Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару қызметі, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс салаларындағы уәкілетті органдары айқындайды.
Бап 84. 84-бап. Қамаққа алуға сотталғандарды жазасын өтеу үшін жіберу
84-бап. Қамаққа алуға сотталғандарды жазасын өтеу үшін жіберу
Тармақ 1
1. Сотталғандар сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап жазасын өтеу үшін жіберіледі.
Тармақ 2
2. Сотталған әскери қызметшілер заңды күшіне енген үкімді орындау туралы сот өкімін алған күннен бастап үш күн ішінде жазасын өтеу үшін гауптвахтаға жіберіледі.
Бап 85. 85-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны орындау тәртібі
85-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны орындау тәртібі
Тармақ 1
1. Қамаққа алуға сотталғандар арнаулы қабылдау орындарындағы камераларда ұсталады. Ерлер мен әйелдер, сондай-ақ бұрын мекемелерде жазасын өтеген және сотталғандығы бар адамдар бөлек ұсталады. Әртүрлі инфекциялық аурулармен ауыратын сотталғандар бөлек және дені сау сотталғандардан жеке ұсталады. Соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сотталған бұрынғы қызметкерлері, сотталған сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар басқа сотталғандардан оқшауланып ұсталады. Сотталған адамды денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарына емдеуге жатқызуға жіберген жағдайда, оны күзетуді қамтамасыз ету үшін айдауыл қойылады.
Тармақ 2
2. Қамаққа алуға сотталғандар тамақпен бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етіледі. Әскери қызметшілер гауптвахтада ұсталған кезеңде тамақпен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару қызметі, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс салаларындағы уәкілетті органдар белгілейтін нормалар бойынша қамтамасыз етіледі.
Тармақ 3
3. Сотталған офицерлер, сержанттық, старшиналық және қатардағы құрамдардың әскери қызметшiлерi қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу уақытында бөлек және өзге негiздер бойынша гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшiлерден жеке ұсталады.
Бап 86. 86-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу жағдайлары
86-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу жағдайлары
Тармақ 1
1. Сотталғандардың осы Кодекстің 10-бабында көрсетілген құқықтары және 11-бабында көрсетілген міндеттері болады.
Тармақ 2
2. Сотталғандардың:
Тармақша 1
1) айына бір рет хаттар алуға және өз есебінен оларды жөнелтуге;
Тармақша 2
2) ақшалай аударымдар алуға;
Тармақша 3
3) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 4
4) айына бір рет бірінші кезекте қажетті заттар мен маусым бойынша киім салынған сауқаттар, сәлемдемелер, бандерольдер алуға құқығы бар. Науқас сотталғандар, мүгедектігі бар сотталғандар медициналық қорытындыда саны мен ассортименті айқындалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар салынған сауқаттар мен сәлемдемелер алуға құқылы;
Тармақша 5
5) адвокатпен саны, ұзақтығы шектеусіз және олардың құпиялылығы қамтамасыз етілген жағдайларда кездесуге;
Тармақша 6
6) күн сайын ұзақтығы кемінде бір жарым сағат сейілдеуге;
Тармақша 7
7) жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған; оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған жағдайларда және жеке сипаттағы өзге де айрықша мән-жайларда өзінің жеке қаражаты есебінен жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге;
Тармақша 8
8) жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болуына немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауыруына, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзалаға байланысты бару-қайту жолына қажетті (бес тәуліктен аспайтын) уақытты есептемегенде, жеті тәуліктен аспайтын мерзімге қысқа мерзімді жол жүруге құқығы бар.
Бап 87. 87-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
87-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Қамаққа алу түрiндегi жазаны өтеу уақыты әскери қызметтiң жалпы мерзiмiне және кезектi әскери атақ беру үшін еңбек сiңiрген жылдарына есептелмейдi.
Тармақ 2
2. Жазаны өтеу уақытында сотталған адамды кезектi әскери атақ беруге ұсынуға, жоғары тұрған лауазымға тағайындауға, жаңа қызмет орнына ауыстыруға және, денсаулығына байланысты қызметке жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, әскери қызметтен шығаруға болмайды.
Тармақ 3
3. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу уақытында сотталған әскери қызметшілерге ақшалай ризық төленбейді.
Тарау 16. 16-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
16-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бап 88. 88-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын жерлер
88-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын жерлер
Тармақ 1
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазасын мекемелерде өтейді. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жаза мерзімін бір мекемеде өтейді.
Тармақ 2
2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар оларды түзеу, әлеуметтік тұрғыдан пайдалы байланыстарын ұстап тұру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін қажетті жағдайлар ескеріле отырып, мекемеге жіберіледі.
Тармақ 3
3. Сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша басқа облыстың тиісті режим түріндегі мекемесіне жазасын өтеу үшін жіберуге:
Тармақша 1
1) сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша тиісті түрдегі мекеме болмаған;
Тармақша 2
2) осы Кодекстің 115-бабының екінші бөлігінде көзделген жазаны өтеу орындарының лимиті асып кеткен жағдайларда жол беріледі.
Тармақ 4
4. Сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша жазасын одан әрі өтеу үшін бір мекемеден сол түрдегі басқа мекемеге не қауіпсіздігі аралас мекемеге ауыстыруға:
Тармақша 1
1) осы Кодекстің 12-бабының бесінші бөлігіне сәйкес сотталған адамның қауіпсіздігі қамтамасыз етілген;
Тармақша 2
2) мекеме қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
Тармақша 3
3) сотталған адамның келісімімен, өндірістік қажеттілік болған;
Тармақша 4
4) мекемеде құқықтық тәртіпті сақтау қажет болған жағдайларда жол беріледі. Қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының сотталған адамды осы бөліктің бірінші абзацының 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша басқа облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) мекемесіне ауыстыру туралы шешімі жазаны өтеу орны бойынша аудандық не оған теңестірілген прокурордың қорытындысы ескеріле отырып қабылданады. Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сотталған адамды осы бөліктің 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша ауыстыру туралы қабылданған шешім жөнінде келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, жазбаша нысанда прокурорды хабардар етуге міндетті.
Тармақ 4-1
4-1. Осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес басқа мекемеге жіберілген не ауыстырылған сотталған адамды одан әрі ұстауға негіз болмаған кезде, ол әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау мақсатында өзінің өтініші бойынша не өзінің келісімімен тиісті түрдегі басқа мекемеде орын болса, соған ауыстырылуға жатады. Осы баптың үшінші бөлігіне, төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген немесе ауыстырылған сотталған адам үшін – теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы, ал жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін жіберілген немесе осы баптың төртінші бөлігінің 4) тармақшасы негізінде ауыстырылған сотталған адам үшін оң мінез-құлық дәрежесінің болуы сотталған адамды ауыстырудың міндетті шарттары болып табылады. Бұл ретте сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстары құжатпен расталады. Сотталған адамды әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау үшін ауыстыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қылмыстың қауіпті қайталануы кезінде өмір бойына бас бостандығынан айыруға, толық қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге сотталғандар, сотталған әйелдер, кәмелетке толмаған сотталғандар тиісті мекемелердің тұрған жері бойынша жазасын өтеу үшін жіберіледі.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының мекемелерінде жазасын өтеп жүрген, бас бостандығынан айыруға сотталған шетел азаматтары жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен, шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара түсіністік шарттарында жазбаша келісім бойынша өздері азаматтары (боданы) болып табылатын мемлекетке жіберілуі мүмкін.
Бап 89. 89-бап. Мекемелер түрлерi
89-бап. Мекемелер түрлерi
Тармақ 1
1. Мекемелер:
Тармақша 1
1) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер;
Тармақша 2
2) орташа қауіпсіз мекемелер;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер;
Тармақша 4
4) қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер;
Тармақша 5
5) төтенше қауіпсіз мекемелер;
Тармақша 6
6) толық қауіпсіз мекемелер;
Тармақша 7
7) қауіпсіздігі аралас мекемелер болып бөлінеді.
Тармақ 2
2. Қауіпсіздігі аралас мекемелерге:
Тармақша 1
1) сотталғандарды әртүрлі режим түрлерімен ұстауға арналған мекемелер;
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыруға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не жіберілген не осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес мекемелерден келген, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстау үшін пайдаланылатын тергеу изоляторлары жатады.
Тармақ 3
3. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында аталған сотталғандар;
Тармақша 2
2) орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден осы Кодекстiң 96-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ауыстырылған сотталғандар өтейдi.
Тармақ 4
4. Орташа қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 2) тармағында аталған сотталғандар;
Тармақша 2
2) мекемелерден осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ауыстырылған сотталғандар;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден осы Кодекстің 156-бабына сәйкес ауыстырылған сотталғандар өтейдi.
Тармақ 5
5. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағында аталған сотталғандар;
Тармақша 2
2) осы Кодекстің 96-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар өтейдi.
Тармақ 6
6. Төтенше қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 4) тармағында көрсетілген сотталғандар;
Тармақша 2
Тармақ 7
7. Толық қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабының алтыншы бөлігінде аталған сотталғандар;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) осы Кодекстiң 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар;
Тармақша 4
4) осы Кодекстің 92-бабының бірінші бөлігіне және 96-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес жiберiлген сотталғандар өтейді.
Тармақ 8
8. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ мекемеде кемінде бір жыл болу шартымен, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жиырма бір жасқа толғанға дейiн қалдырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
Тармақ 9
9. Мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандар басқа қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған кезде, олардың әкімшілігімен келісу бойынша осы мекемелерде, бірақ жазасын өтеп жүрген басқа сотталғандардан оқшауланып ұсталады.
Тармақ 10
10. Сотталғандар камераларда тұратын бір мекемеде әртүрлі режим түрлері бар оқшауланған учаскелер жасалуы мүмкін.
Бап 90. 90-бап. Сотталғандарды жазасын өтеу үшін жiберу
90-бап. Сотталғандарды жазасын өтеу үшін жiберу
Тармақ 1
1. Сотталған адам қауіпсіздігі аралас мекеменің әкiмшiлiгi заңды күшіне енген үкімді орындау туралы сот өкімін алған күннен бастап он күннен кешіктірілмей жазасын өтеуге жіберіледі, бұған мыналар:
Тармақша 1
1) үкім заңды күшіне енген кезде зертханалық тұрғыда расталған бактерия бөлінуі анықталған, ол тоқтағанға дейін, туберкулезбен ауыратын;
Тармақша 2
2) одан әрі стационарлық емдеу қажет болмаған кезде, адам сауыққанға дейін, басқа да қауіпті инфекциялық аурулары бар;
Тармақша 3
3) оларға қатысты жеке басын куәландыратын құжат ресімделіп жатқан;
Тармақша 4
4) жазасын өтеу мерзімінің соңына дейін бір айдан аспайтын уақыт қалған сотталғандар кірмейді. Осы мерзiм iшiнде сотталған адамның:
Тармақша 1
1) адвокатпен саны, ұзақтығы шектеусіз және құпиялылығы қамтамасыз етілген жағдайларда кездесуге;
Тармақша 2
2) жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен немесе өзге де адамдармен қысқа мерзiмдi кездесуге;
Тармақша 3
3) өзінің жеке қаражатынан не өзге адамдардың қаражатынан ақысы төленетін, ұзақтығы он бес минут телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қауіпсіздігі аралас мекеменің әкiмшiлiгi сотталған адамның таңдауы бойынша жұбайына (зайыбына) не туыстарының бiрiне, не өзге де адамға оның жазасын өтеу үшiн қайда жiберілетіндігі туралы жазбаша хабарламаны екі жұмыс күні ішінде жіберуге мiндеттi. 3. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығы туындаған жағдайда, қауіпсіздігі аралас мекеменің әкімшілігі осы Кодекстің 162-бабының бірінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген іс-шараларды орындауға міндетті. Бұл ретте сотталғандар сот шешімін күткен кезеңде оларға сот тағайындаған сол мекеме түрі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайлар қолданылады.
Бап 91. 91-бап. Сотталғандардың орнын ауыстыру
91-бап. Сотталғандардың орнын ауыстыру
Тармақ 1
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеу орнына жiберiледi және жазаны өтейтін бір орыннан екiншiсiне айдауылмен ауыстырылады.
Тармақ 2
2. Сотталғандардың айдауылмен орнын ауыстыру ұстау қағидалары сақтала отырып: ерлер – әйелдерден, кәмелетке толмағандар – ересектерден жеке; бiр қылмыстық iс бойынша өтетін тергеудегі сотталғандар – бөлек; туберкулезбен ауыратындар немесе жыныстық жолмен берілетін инфекциядан емделудiң толық курсын өтпегендер, психикалық ауытқулары бар науқастар – өзара бөлек және денi саулардан жеке, қажет болған кезде, дәрiгердiң қорытындысы бойынша – медицина қызметкерлерiнiң ерiп жүруiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Сотталғандардың айдауылмен орны ауыстырылған кезде олар қажетті тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 4
4. Сотталғандардың орнын ауыстырған кезде олар бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларына сәйкес маусым бойынша киіммен, аяқкиіммен, сондай-ақ сотталғандар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 5
5. Сотталғандардың орнын ауыстыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Сотталған адамды жазасын өтеу орнына жiберу немесе басқа мекемеге ауыстыру кезiнде ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшасы сотталған адам жiберiлген не ауыстырылған мекеменің ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті лауазымды адамдар сотталғандардың орнын ауыстырған кезде құпиялылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолданады.
Тармақ 8
8. Белгіленген тәртіппен әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланған не сотталғандардың мекемеде болу мүмкіндігін жоққа шығаратын ерекше жағдайлар режимін енгізген жағдайда олар қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша төтенше жағдайдың салдары жойылғанға не ерекше жағдайлар режимінің мерзімі аяқталғанға дейін басқа мекемелерге ауыстырылады. Төтенше жағдай салдарларын жою немесе ерекше жағдайлар режимін енгізуге негіз болған жағдайларды жою мүмкін болмаған кезде сотталғандар осы немесе басқа облыстағы тиісті түрдегі мекемеге жіберіледі.
Бап 92. 92-бап. Сотталғандарды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру және төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу
92-бап. Сотталғандарды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру және төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу
Тармақ 1
1. Қауіпсіздігі аралас, төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеуі тағайындалған, бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар тартылады. Қалдыру және еңбекке тарту туралы шешім олардың келісімімен, мекеме комиссиясы материалдарының негізінде қауіпсіздігі аралас мекеме бастығының қаулысы бойынша жүзеге асырылады. Сотталған адамды төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу олардың бастықтарымен келісу бойынша жүзеге асырылады. Сотталған адамды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру не төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
Тармақ 2
2. Шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылған немесе төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерге жіберілген сотталғандар орташа қауіпсіз мекемелер үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, өзге адамдардан оқшауланып ұсталады.
Тармақ 3
3. Басқа адам жасаған қылмыс туралы iс бойынша тергеу әрекеттерін жүргiзу қажет болған кезде жазасын мекемелерде өтеу белгіленіп, бас бостандығынан айыруға сотталған адам қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылуы, сондай-ақ прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгiленген мерзiмге басқа мекемеден ауыстырылуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Басқа адам жасаған қылмыс туралы iс бойынша сот талқылауына қатысу қажет болған кезде, сотталған адам орташа қауіпсіз мекемелер үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, iстi сотта қарау уақытына сот қаулысымен қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылуы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Егер сотталған адам басқа iс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылса және оған қатысты күзетпен ұстау түрiндегі бұлтартпау шарасы таңдалса, оны қауіпсіздігі аралас мекемеде ұстау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес айқындалады.
Тармақ 5-1
5-1. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін туберкулез не басқа да қауіпті инфекциялық ауру анықталған сотталған адам зертханалық тұрғыда расталған бактерия бөлінуі тоқтағанға дейін не одан әрі стационарлық емдеу қажеттілігі болмағанға дейін қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылады. Қалдыру туралы шешімді қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сот тағайындаған сол мекеме түрі үшін Кодексте көзделген жағдайларда қабылдайды.
Тармақ 6
6. Сотталған адам осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген негiздер бойынша, сондай-ақ құқықтық тәртiпті ұстап тұру үшiн қауіпсіздігі аралас мекемеге ауыстырылуы мүмкiн. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша қауіпсіздігі аралас мекемелерге жіберілген сотталғандар басқа адамдардан оқшауланып камераларда ұсталады және оларға түрін сот тағайындаған мекеме үшін осы Кодексте белгіленген шарттар қолданылады.
Тармақ 7
7. Мекемелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемеге жіберілген және ауыстырылған сотталғандар:
Тармақша 1
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл iшiнде екі қысқа мерзiмдi және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға;
Тармақша 3
3) күн сайын ұзақтығы бiр жарым сағаттық сейілдеудi пайдалануға;
Тармақша 4
4) бір жыл ішінде екі сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;
Тармақша 5
5) мынадай жағдайларда: жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болғанда немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырғанда; оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болғанда немесе жеке сипаттағы өзге де айрықша мән-жайларда телефон арқылы сөйлесуді пайдалануға кұқылы. Сотталғандар камераларда және қауіпсіздігі аралас мекемеде ұсталатын барлық санаттағы адамдардан оқшауланып ұсталады.
Бап 93. 93-бап. Сотталғандарды мекемелерге қабылдау
93-бап. Сотталғандарды мекемелерге қабылдау
Тармақ 1
1. Сотталғандарды мекемелерге қабылдауды мекемелердің ішкi тәртiптеме қағидаларында белгiленген тәртiппен әкімшілік жүргізеді. Бұл ретте:
Тармақша 1
1) сотталған адамның жеке басы туралы деректер және оны мекемеге жіберу негіздері;
Тармақша 2
2) мекеме жауаптылықпен сақтауға қабылдайтын, сотталған адамға тиесілі мүліктің тізімі;
Тармақша 3
3) сотталған адамның кез келген дене зақымы және оның дене бітіміне немесе психикалық жай-күйіне қатысы бар, денсаулығы туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) сотталған адамның шағымдары тіркеледі.
Тармақ 1-1
1-1. Әрбір сотталған адамға жеке іс арналады. Бұл ретте жеке істерді есепке алу жазбалары жариялануға жатпайды және кәсіптік міндеттері осындай есепке алу деректеріне қолжетімділіктің болуын талап ететін адамдарға ғана беріледі.
Тармақ 2
2. Мекемелерге келген сотталғандар он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге карантин бөлiмшесіне орналастырылады. Сотталғандар карантин бөлiмшесінде болған кезеңде жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында болады.
Тармақ 3
3. Карантин бөлімшесінде болудың мақсаты:
Тармақша 1
1) мекеме әкімшілігінің жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын айқындау үшін маңызы бар, сотталғандардың жеке басы туралы мәліметтерді зерделеу;
Тармақша 2
2) сотталғандарды жазаны өтеу тәртібімен және шарттарымен таныстыру;
Тармақша 3
3) сотталғандардың инфекциялық ауруларын анықтау және олардың таралуын алдын алу болып табылады.
Бап 94. 94-бап. Сотталғандарды мекемелерде бөлек ұстау
94-бап. Сотталғандарды мекемелерде бөлек ұстау
Тармақ 1
1. Мекемелерде сотталған ерлер мен әйелдердi, кәмелетке толмағандар мен ересектердi бөлек ұстау белгiленеді.
Тармақ 2
2. Осы баптың бесінші бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандар бас бостандығынан айыруды бұрыннан өтеп жүрген сотталғандардан жеке ұсталады. Осы баптың қолданысы қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге қолданылмайды. Бiр мекемеде бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған және бұл жазаны бұрыннан өтеп жүрген әйелдер, оның ішінде соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар бөлек ұсталуы мүмкін. Басқа сотталғандардан оқшауланып, сондай-ақ бөлек: қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында сотталғандар; өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар; өмiр бойына бас бостандығынан айыру кешiрiм жасау тәртiбiмен белгiлi бiр мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар ұсталады.
Тармақ 3
3. Жекелеген мекемелерде, сотталғандығының санына қарамастан, сотталғандар – соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар ұсталады. Сотталған әйелдерді – соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлерін, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдарды жеке ұстау мүмкін болмаған жағдайда, олар мекемелерде басқа сотталғандардан бөлек ұсталуы мүмкін. Осы бөліктің күші қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Сотталғандарды бөлек ұстаудың осы бапта белгiленген талаптары балалар үйi бар мекемелерге қолданылмайды.
Тармақ 5
5. Әртүрлi инфекциялық аурулармен ауыратын сотталғандар бөлек және денi сау сотталғандардан жеке ұсталады. Емдеу-профилактикалық мекемелерде (ауруханаларда, мамандандырылған психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханаларда) сотталған ерлер сот айқындаған режим түрiне қарамастан, бiрге ұсталады. Туберкулезге қарсы ауруханаларда сотталғандарды бөлек ұстау медициналық көрсетімдермен айқындалады.
Бап 95. 95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау
95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау
Тармақ 1
1. Жазаны орындау кезеңінде оны даралау мақсатында сотталған адамның мінез-құлқы дәрежесін айқындау арқылы оның мінез-құлқын бағалау жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесі:
Тармақша 1
1) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес ол жазасын өтеп жүрген мекеме түрін өзгерту;
Тармақша 2
2) осы Кодекстің 135, 137, 139, 142, 144, 150-баптарына сәйкес оның мекемеде жазасын өтеу жағдайларын өзгерту;
Тармақша 3
3) осы Кодекстің 128, 130, 152, 154-баптарына сәйкес оның құқықтарын кеңейту не құқықтық шектеулер белгілеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін мекеме комиссиясы ұсынатын, оның мінез-құлқын сипаттайтын материалдар (мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауы; еңбек пен оқуға қатынасы; тәрбиелік іс-шараларға қатысуы; сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларға қатысуы; қылмыстан келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша шаралар қолдану) негізінде мекеме бастығының қаулысымен айқындалады.
Тармақ 4
4. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін айқындау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау сотталған адам мекемеге келген күннен бастап жүзеге асырылады. Көтермелеулері және жазалаулары жоқ не жазалауы осы Кодексте белгіленген тәртіппен өтелген сотталған адам белгілі бір мінез-құлық дәрежесі жоқ деп танылады. Сотталған адамды бір түрдегі мекемеден екіншісіне ауыстырған жағдайда мінез-құлық дәрежесінің бұрын қойылған бағалауы оның мінез-құлқын осы Кодексте көзделген мерзімдерде мекеме комиссиясы қараған кезге дейін сақталады. Сотталғандардың мінез-құлық дәрежелері мынадай критерийлер негізінде айқындалады: оң сипатталатын сотталғандар үшін:
Тармақша 1
1) кемінде бір көтермелеуі болған әрі соңғы көтермелеу алған күннен бастап үш және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі бірінші оң мінез-құлық;
Тармақша 2
2) бірінші оң мінез-құлық дәрежесі, кемінде бір көтермелеуі болған әрі бірінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап алты және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі екінші оң мінез-құлық;
Тармақша 3
3) екінші оң мінез-құлық дәрежесі, кемінде бір көтермелеуі болған әрі екінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап бір және одан көп жыл бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі үшінші оң мінез-құлық;
Тармақша 3
теріс сипатталатын сотталғандар үшін:
Тармақша 1
1) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі бірінші теріс мінез-құлық;
Тармақша 2
2) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін үнемі бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі екінші теріс мінез-құлық;
Тармақша 3
3) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі үшінші теріс мінез-құлық. Сотталған адамды жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы, үнемі бұзушы не қаскөйлікпен бұзушы деп тану осы Кодекстің 130-бабының үшінші бөлігіне және 154-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 96. 96-бап. Мекеме түрiн өзгерту
96-бап. Мекеме түрiн өзгерту
Тармақ 1
1. Дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталғандар сот алдында мекеменің түрін:
Тармақша 1
1) сотталғандар сот үкімі, қаулысы бойынша тағайындалған мерзiмнiң кемiнде жартысын толық қауіпсіз мекемеде өтегеннен кейін – толық қауіпсіз мекемеден қауіпсіздігі барынша жоғары немесе орташа қауіпсіз мекемеге;
Тармақша 2
2) жазаны өтеудің жеңiлдетiлген және жеңілдікті жағдайларындағы сотталғандар онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшiн жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен бiрiн, ауыр қылмыстары үшiн – жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн, ал бұрын бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылғандар мен жазаның қалған өтелмеген бөлігі кезеңiнде жаңа қылмыстар жасағандар – жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсiн өтегеннен кейін – орташа қауіпсіз немесе қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге өзгерту туралы өтінішхат беруге құқылы.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) қылмыстардың қауіптi қайталануы кезінде; 1-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-тарауында көзделген қылмыстар жасағаны үшін, қылмыспен келтірілген залалды өтемегендер;
Тармақша 2
2) аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ террористік немесе экстремистік қылмыстар жасағаны үшін;
Тармақша 3
3) өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ өмiр бойына бас бостандығынан айыру кешiрiм жасау тәртiбiмен белгiлi бiр мерзiмге бас бостандығынан айырумен ауыстырылған сотталғандар;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) мiндеттi емделуден өтпеген, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мекемелерiнде мамандандырылған емдеудi қажет ететiн;
Тармақша 6
6) дәрежесі теріс мінез-құлықты сотталғандар қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге ауыстырылуға жатпайды.
Тармақ 3
3. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзуға жол берген сотталғандарға қатысты сотқа:
Тармақша 1
1) қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден - түрі бұрын сот үкімімен айқындаған мекемеге;
Тармақша 2
2) олар сот үкімімен жіберілген қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден – орташа қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі.
Тармақша 3
Тармақ 3-1
3-1. Дәрежесі үшінші теріс мінез-құлыққа ие және осы Кодекстің 130-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 7), 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты сотқа орташа, барынша жоғары қауіпсіз мекемеден – олар толық қауіпсіз мекемеге қайдан жiберiлсе, сол қауіпсіздік түрiндегi мекемеде жазаның қалған мерзiмiн өтей отырып, үш жылдан аспайтын мерзiмге толық қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі. Бұл ретте сотқа ұсыну сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін алдыңғы қаскөйлікпен бұзушылығы үшін өзіне жеке адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау шарасы қолданылғаннан кейін жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылықты жасаған жағдайда енгізіледі. Сотталған жүкті әйелдерге және жанында жас балалары бар сотталған әйелдерге, сондай-ақ мүгедектігі бар сотталғандарға қатысты мекеме түрін толық қауіпсіз мекемеге өзгертуге жол берілмейді.
Тармақ 3-2
3-2. Мекеме әкімшілігі осы баптың үшінші және 3-1-бөліктерінде көзделген мекеменің түрін өзгерту туралы ұсынумен сотқа жүгінген жағдайда, мұндай ұсыну мен материалдардың көшірмелері келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
Тармақ 4
4. Сотталған адам жаза мерзімінің осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген бір бөлігін өтеген кезде мекеме әкімшілігі дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталған адамды мекеме түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығының басталғаны туралы бес күн мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 5
5. Сотталған адам мекеме түрін өзгерту туралы өтінішхатпен жүгінген жағдайда, әкімшілік өтінішхатты сотталған адамның жеке басына, жазасын өтеу уақытындағы мінез-құлқына, еңбек пен оқуға деген көзқарасына мінездеме беретін материалдарды және сотталған адамның жеке ісін қоса бере отырып, он күн ішінде сотқа жіберуге, сондай-ақ көрсетілген өтінішхатты жібергені туралы прокурорды жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
Тармақ 6
6. Сот мекеменің түрін өзгертуден бас тартқан жағдайда, өтінішхат енгізу сот қаулысы шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін қайтадан орын ала алады.
Тармақ 7
7. Өзіне қатысты сот қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден түрі бұрын сот үкімімен айқындалған мекемеге немесе орташа қауіпсіз мекемеге қайтару туралы қаулы шығарған сотталған адам сот қаулысы заңды күшіне енгенге дейін қауіпсіздігі аралас мекемеде ұсталады.
Тармақ 8
8. Егер сотталған адамды мекемеден осы баптың үшінші және 3-1-бөліктерінің тәртібімен ауыстыруға негіз болған тәртіптік жазаның күшін прокурор немесе сот жойса, мекеме әкімшілігі мекеменің түрін сотталған адам ауыстырылған қауіпсіздік түріндегі мекемеге өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхатпен жүгінуге міндетті, ал сотталушы құқылы.
Тарау 17. 17-тарау. МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ РЕЖИМІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ
17-тарау. МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ РЕЖИМІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ
Бап 97. 97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары
97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары
Тармақ 1
1. Сотталғандарды күзету мен оқшаулауды, оларды үнемі қадағалауды; оларға жүктелген міндеттердің орындалуын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің іске асырылуын; сотталғандардың, персоналдың және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін; сотталғандардың белгілі бір санаттарын бөлек ұстауды, мекеме түріне қарай әртүрлі ұстау жағдайларын; жазаны өтеу жағдайларын өзгертуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында белгіленген жазаны орындау және өтеу тәртібі мекемелерде жазаны өтеу режимі болып табылады.
Тармақ 2
2. Жазаны өтеу режимі жазаны орындау мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.
Тармақ 3
3. Мекемелерде мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидалары қолданылады.
Тармақ 4
4. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, барлық мекемелерде сотталғандар белгіленген нысандағы киімді киеді.
Тармақ 5
5. Сотталғандардың өзімен бірге алып жүруіне рұқсат етілетін заттар мен нәрселердің тізбесі мен саны мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 6
6. Сотталғандарға мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген ақша мен бағалы қағаздарды, сондай-ақ өзге де нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Мұндайлар табылған жағдайда, оларды мекеме әкімшілігі алып қояды.
Тармақ 7
7. Сотталғандар заңда белгіленген тәртіппен иемденген ақшаны, бағалы қағаздарды, сондай-ақ нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектер мен тамақ өнімдерін сақтауды мекеме әкімшілігі қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Мекемеге іргелес жатқан аумақтың шекарасын, сондай-ақ оны пайдалану режимін оның әкімшілігімен келісу бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
Тармақ 9
9. Байланыс операторлары мен желілерді иеленушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) радиосигналды бұғаттау не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтау және (немесе) оның жол кесу үшін арнаулы техникалық жабдықты мекеме аумағына орнату кезінде ішкі істер органдарына консультациялық-техникалық жәрдемдесуді;
Тармақша 2
2) мекемелер аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды және шаралар қолдануды қоса алғанда, меншікті байланыс желілерін оңтайландыруды;
Тармақша 3
3) мекемелерде ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының жұмысын тоқтата тұруды қамтамасыз етуге міндетті. Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын тоқтата тұру туралы орындалуы міндетті талапты сәйкестендіру кодтарының орталық дерекқорының операторына жібереді.
Тармақ 10
10. Жазаны өтеу режимін сақтауды және құқықтық тәртіпті ұстап тұруды қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен олардың иелігіндегі күштер мен құралдар қамтамасыз етеді.
Бап 98. 98-бап. Жете тексеру мен тінту жүргізу
98-бап. Жете тексеру мен тінту жүргізу
Тармақ 1
1. Мекеме қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар мекеме аумағындағы және режимдік талаптар орнатылған, оған іргелес жатқан аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлік құралдарына жете тексеру жүргізеді және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін алып қояды.
Тармақ 2
2. Жедел қызметкерлердің баянаты бойынша мекемелердің қызметкерлері мен сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар мекемеге келген адамдарға тінту жүргізеді. Сотталғандармен ұзақ мерзімді кездесуге келген адамдардың заттарына тінту жасалады.
Тармақ 3
3. Мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін алып өтуге әрекет жасау фактісі расталған жағдайда, ұзақ мерзімді кездесу құқығы берілген адамдар дереу шығарылады, кездесу тоқтатылады және пайдаланылды деп есептеледі.
Тармақ 4
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын құқық бұзушылықтарға жол берген адамдар сот қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жылға сотталғандармен кездесулерден айырылады. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарға сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап сотталған адаммен кездесу берілмейді.
Тармақ 5
5. Сотталғандарға, олардың заттары мен киіміне, сондай-ақ мекеменің үй-жайына жете тексеру мен тінту жасалады. Сотталғандардың жеке басын тінтуді сотталғандармен бір жыныстағы адамдар жүргізеді. +10 0С-тан жоғары температура кезінде сотталғандарды жалпы тінту тексерулер жүргізу орындарында жүргізіледі, ал олар болмаған кезде – оқшауланған учаскелерде арнаулы жиналмалы кабиналарда жүргізіледі. +10 0С-тан төмен температура кезінде жалпы тінту мекеменің үй-жайларында жүргізіледі. Тұрғын үй-жайларды оларда сотталғандар болған кезде тінтуге мұны кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда жол беріледі.
Тармақ 6
6. Сотталғандардан, сондай-ақ мекеменің аумағынан табылған, кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмаған ақшаны, бағалы қағаздарды және өзге де құндылықтарды әкімшілік мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес алып қояды және олар сот қаулысы бойынша мемлекет кірісіне айналдыруға жатады. Мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселер, құжаттар, заттар, бұйымдар, заттектер, тамақ өнімдері, оның ішінде мекеменің аумағынан және режимдік талаптар орнатылған, оған іргелес жатқан аумақтан табылғандары, мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімі бойынша туыстарына немесе сақтауға беріледі не мекеме бастығының қаулысы бойынша жойылады, бұл жөнінде акт жасалады.
Тармақ 7
7. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларда, жете тексеру мен тінту мекемелерде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Жете тексеру мен тінту жүргізу нәтижесінде жасалатын немесе жасалған қылмыс не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалған кезде, одан әрі жете тексеру мен тінту тиісінше Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Бап 99. 99-бап. Қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдары
99-бап. Қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдары
Тармақ 1
1. Мекеме әкімшілігі қашып шығудың, құқық бұзушылықтардың, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзудың алдын алу, сотталған адамдардың мінез-құлқы туралы қажетті ақпарат алу үшін, пилотсыз әуе кемесінің мекемелер аумақтарының үстінен және оларға іргелес аумақтардың үстінен ұшуының жолын кесу үшін бейнебақылау жүйелерін, электрондық және өзге де инженерлік-техникалық құралдарды пайдаланады.
Тармақ 2
2. Мекеме әкiмшiлiгi сотталғандарға қорғау функциясын бір мезгілде орындайтын қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдары қолданылатыны, оны бұзу сотталғандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
Бап 100. 100-бап. Мекемелердегi жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу іс-қимылдары
100-бап. Мекемелердегi жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу іс-қимылдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекемелерде жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу іс-қимылдары жүзеге асырылады, олардың мiндеттерi:
Тармақша 1
1) жазаларды орындау тәртiбi мен шарттарын, сотталғандардың, мекемелер персоналының және өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мекемелерде дайындалып жатқан және жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу тәртiбiн бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу;
Тармақша 3
3) мекемелерден қашып шыққан сотталғандарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүрген сотталғандарды iздестiру;
Тармақша 4
4) сотталғандардың мекемеге келгенге дейiн жасаған қылмыстарын анықтауға және ашуға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, ашу және жолын кесу болып табылады.
Тармақ 2
2. Жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметін және жасырын тергеу іс-қимылдарын мекемелердiң уәкілетті қызметтері, сондай-ақ басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Бап 101. 101-бап. Ерекше жағдайлар режимі
101-бап. Ерекше жағдайлар режимі
Тармақ 1
1. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, мекеме орналасқан ауданда төтенше, ерекше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде, жаппай тәртіпсіздіктер болған, сондай-ақ сотталғандар топтасып бағынбаған кезде мекемеде ерекше жағдайлар режимі енгізілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Ерекше жағдайлар режимі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген шешімі бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге енгізіледі. Көрсетілген мерзімдерде ерекше жағдайлар режимін енгізу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның қолданылу уақытын аталған лауазымды адамдар қосымша отыз тәулікке дейін ұзартады.
Тармақ 3
3. Сотталғандардың, персоналдың немесе өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда, қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық органының басшысы аумақтық ішкі істер органының басшысымен және облыс прокурорымен немес оған теңестірілген прокурормен келісу бойынша, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысын дереу хабардар ете отырып, осы баптың төртінші бөлігінде көзделген шараларды өз бетінше енгізуге құқылы. Мұндай жағдайда, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы хабарламаны алған күннен бастап бір тәулік ішінде ерекше жағдайлар режимін енгізу туралы немесе енгізілген шаралардың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 4
4. Ерекше жағдайлар режимі қолданылған кезеңде және осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, мекемеде сотталғандардың осы Кодекстің 105 – 113-баптарында көзделген құқықтарының жүзеге асырылуы тоқтатыла тұруы, күзету мен қадағалаудың күшейтілген нұсқасы, объектілерге жіберудің ерекше тәртібі енгізілуі, күн тәртіптемесінің өзгеруі, өндірістік, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени-ағарту, медициналық-санитариялық және өзге де қызметтердің жұмысы шектелуі мүмкін.
Бап 102. 102-бап. Қауіпсіздік шаралары және оларды қолдану негіздері
102-бап. Қауіпсіздік шаралары және оларды қолдану негіздері
Тармақ 1
1. Мекемелердiң персоналына және сотталғандардың мінез-құлқына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдарға қарсылық көрсететін, олардың заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбайтын, жаппай тәртiпсiздiктерге, адамдарды кепілге алуға, өзге де адамдарға шабуыл жасауға қатысатын немесе қоғамға қауіпті басқа да әрекеттер жасайтын сотталғандарға, сондай-ақ мекемелерден қашып шыққан немесе қашып шыққандарды ұстап алу кезінде, көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттердiң жолын кесу және адамдардың айналасындағыларға немесе өзiне өзi зиян келтiруін болғызбау мақсатында дене күші, арнаулы құралдар және қару қолданылады. Мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, прокурорды қауіпсіздік шараларының қолданылуы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Тармақ 2
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қауiпсiздiк шараларын қолдану тәртiбi заңмен айқындалады.
Тарау 18. 18-тарау. МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ. СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
18-тарау. МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ. СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бап 103. 103-бап. Жазаны өтеу жағдайлары
103-бап. Жазаны өтеу жағдайлары
Тармақ 1
1. Бір орташа қауіпсіз немесе қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің шегінде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемеде сотталғандар жазаны өтеудiң дағдылы, қатаң, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларында болуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Толық, төтенше қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде сотталғандар дағдылы, қатаң және жеңілдетілген жазаны өтеу жағдайларында болуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Сотталғандарды бір жағдайдан басқаларына ауыстыру мекеме комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі, оның жұмысына астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ жұртшылық өкілдері қатыса алады.
Бап 104. 104-бап. Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері
104-бап. Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың осы Кодекстің 10-бабында белгіленген құқықтармен қатар, осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделген тәртіппен:
Тармақша 1
1) тамақ өнімдерін, нәрселерді және заттарды алуға, сақтауға және пайдалануға;
Тармақша 2
2) күн тәртіптемесінде айқындалған уақытта кітапхананы, үстел ойындарын, музыкалық аспаптарды, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен жаздырып алынған мерзімді басылымдар мен әдебиетті, сондай-ақ дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған діни әдебиетті пайдалануға;
Тармақша 3
3) сотталғандардың ерікті ұйымдарына кіруге;
Тармақша 4
4) жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен байланысып тұруға;
Тармақша 5
5) күн тәртіптемесінде көзделген жеке уақытына иелік етуге;
Тармақша 6
6) өзіне қатысты есепке алу жазбаларына қол жеткізуге, сондай-ақ мұндай есепке алу жазбаларының ресми көшірмелерін алуға құқығы бар. Сотталғандардың іске асырылуы жаза мақсаттарына, жазаны орындау және өтеу тәртібі мен шарттарына қайшы келмейтін өзге де құқықтары бар.
Тармақ 2
2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар осы Кодекстің 11-бабында белгіленген міндеттермен қатар, осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мекеме әкімшілігі айқындайтын орындар мен жұмыстарда еңбек етуге;
Тармақша 2
2) үлгісін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін киім нысанын сақтауға;
Тармақша 3
3) сыртқы түр-сипатына ұқыппен қарауға;
Тармақша 4
4) тәртіптік изоляторлардағы, жазаны өтеудің қатаң жағдайларындағы, мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдардағы, сондай-ақ жұмыс пен оқудағы адамдарды қоспағанда, мекемелерде өткізілетін іс-шараларға қатысуға;
Тармақша 5
5) мекемені абаттандыру және тұру жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстарды орындауға;
Тармақша 6
6) өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, камераларда ұсталатын, мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдардағы сотталғандарды қоспағанда, тамақ ішу үшін асханаға баруға;
Тармақша 7
7) камераларда, карантиндік бөлімшелердің, тәртіптік изоляторлардың, жасақтардың, жалғыз адамдық камералардың, уақытша оқшаулау үй-жайларының бөлмелерінде және ортақ пайдаланылатын үй-жайларында бекітілген графикке сәйкес кезекшілік атқаруға және оларда санитариялық жинауды жүргізуге;
Тармақша 8
8) санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға;
Тармақша 9
9) өрт қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға міндетті.
Тармақ 3
3. Сотталғандардың осы Кодекске және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес:
Тармақша 1
1) мекемелер персоналының заңды әрекеттеріне қарсылық көрсетуге, оларға қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіруге;
Тармақша 2
2) мекемелердің, басқа жеке не заңды тұлғалардың, оның ішінде сотталғандардың мүлкіне зиян келтіруге, оларға зиян келтіру қатерін төндіруге;
Тармақша 3
3) жазаны өтеуден немесе белгіленген міндеттерді орындаудан жалтару мақсатында өзіне, оның ішінде басқа адамның көмегімен дене зақымын келтіруге, өз денсаулығына зиян келтіруге;
Тармақша 4
4) жазаны өтеуден немесе белгіленген міндеттерді орындаудан жалтару мақсатында тамақ ішуден бас тартуға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, жалпыхалықтық референдумға қатысуға;
Тармақша 6
6) мекеме аумағын өз бетінше тастап кетуге, объектілердің не мекеме аумағы шекарасының күзет сызығын бұзуға, мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз тұрғын және өндірістік аймақтардың оқшауланған учаскелерінің шегінен тыс жерлерге шығуға, ғимараттардың, цехтардың, құрылыстардың және мекеме аумағындағы басқа да құрылыстардың шатырына көтерілуге, ішкі тыйым салынған аймақ қоршауына жақындауға;
Тармақша 7
7) мекемелер аумағында жүріп-тұруға, өздері тұрмайтын және жұмыс істемейтін үй-жайлар мен өндірістік объектілерде болуға;
Тармақша 8
8) мекеме әкімшілігін хабардар етпестен, жұмыс орнын, сондай-ақ болуға арналған үй-жайды тастап кетуге;
Тармақша 9
9) жабдықты, оның ішінде егейтін жабдықты, құрал-саймандарды, электр энергиясын, механизмдер мен материалдарды өндірістік қажеттіліктен тыс пайдалануға;
Тармақша 10
10) әкімшіліктің бақылауымен өткізілетін білім беру және мәдени іс-шараларды қоспағанда, мекеме аумағында Интернет желісін пайдалануға;
Тармақша 11
11) жұбайын (зайыбын) және жақын туыстарын, сондай-ақ сотталған адаммен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарды қоспағанда, мекемелерде ұсталатын сотталғандармен телефон арқылы сөйлесуге;
Тармақша 12
12) жеке пайдаланылатын нәрселерді, бұйымдарды және заттарды басқа сотталған адамға беруге;
Тармақша 13
13) алкогольді, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалануға;
Тармақша 14
14) материалдық не басқа да пайда табу мақсатында карта, сондай-ақ басқа да ойындар ойнауға;
Тармақша 15
15) қарым-қатынаста нормативтік емес, оның ішінде сотталғандардың бейформальды қауымына тән лексиканы пайдалануға, лақап ат қоюға, өзінің немесе басқа да адамдардың денесіне сурет салуға;
Тармақша 16
16) мекеме комиссиясының рұқсатынсыз жануарлар асырауға және бақша егумен айналысуға;
Тармақша 17
17) жатын орындарын өзгертуге, сондай-ақ өндірістік объектілерде, коммуналдық-тұрмыстық және басқа да қызметтік және қосалқы үй-жайларда жатын орындар жабдықтауға;
Тармақша 18
18) мекеменің өндірістік және өзге де объектілерінде құрылыстар салуға, шкафтар мен сейфтер орнатуға;
Тармақша 19
19) камера есігіндегі қарайтын көзшені жабуға;
Тармақша 20
20) камерадан тыс жердегі сотталғандармен заңсыз байланыс орнатуға;
Тармақша 21
21) жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзуға басқа сотталғандарды айдап салуға құқығы жоқ.
Тармақ 4
4. Сотталғандардың осы баптың талаптарын орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 105. 105-бап. Тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу
105-бап. Тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу
Тармақ 1
1. Сотталғандар тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды жазасын өтеу кезеңiнде тапқан ақшасына не алатын зейнетақылары мен әлеуметтiк жәрдемақыларының есебiнен шектеусіз қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша сатып алуға құқылы. Мұндайлар болмаған жағдайда, осы баптың үшінші бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, сотталғандардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе банктік төлем карточкаларындағы қаражат есебінен шектеусіз қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Рұқсат етiлген ақша сомасы ағымдағы айда жұмсалмаған жағдайда, сотталғандар тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды жұмсалмаған сомаға кейiнгi айларда сатып алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Жүкті әйелдер, балалары бар әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар және емдеу-профилактикалық мекемелерде ұсталатын сотталғандар ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды шектеусіз сатып алуға құқылы.
Тармақ 4
4. Сотталғандарға сатуға рұқсат етілген тамақ өнімдерінің, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті заттардың тізбесі мен саны мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларымен белгіленеді.
Бап 106. 106-бап. Кездесулер
106-бап. Кездесулер
Тармақ 1
1. Сотталғандарға мекеме аумағында:
Тармақша 1
1) ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді;
Тармақша 2
2) ұзақтығы – екі тәулік, ал дәрежесі үшінші оң мінез-құлықты сотталғандарға ұзақтығы үш тәулік ұзақ мерзімді кездесулер беріледі. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен ұзақтығы бес тәулiкке дейін ұзақ мерзімді кездесулер берiледі. Сотталған адамның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініш жасауы бойынша кездесу ұзақтығы қысқартылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен немесе өзге де адамдармен қысқа мерзiмдi кездесулер сәлемдеме алу құқығымен, мекеме әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен берiледi.
Тармақ 3
3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды қоспағанда, сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулер жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен, сотталған адаммен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарға бірге тұру құқығымен және сәлемдеме алу құқығымен берiледi.
Тармақ 4
4. Мекемеге келген сотталғандарға бірінші кездесу карантин бөлімшесінен шыққаннан кейін беріледі. Кейінгі кездесулер осы Кодекске және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес беріледі.
Тармақ 5
5. Сотталғандарға олардың өтiнуi бойынша ұзақ мерзімді кездесудi – қысқа мерзiмдi кездесумен, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен берілетін ұзақ мерзімді кездесудi – мекеменің шегінен тыс шыға отырып, қысқа мерзiмдi кездесумен ауыстыруға рұқсат етiледi. Кездесулерді біріктіруге не бөлуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 6
6. Сотталғандардың білікті заң көмегін алуы үшін олардың жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша адвокаттармен саны, ұзақтығы шектеусіз және олардың құпиялылығы қамтамасыз етілетін жағдайларда кездесулер беріледі.
Бап 107. 107-бап. Сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер алу және жіберу
107-бап. Сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер алу және жіберу
Тармақ 1
1. Сотталғандар осы Кодексте көзделген тәртіппен сауқаттар, сәлемдемелер және бандерольдер алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Сотталған адам медициналық қорытындыға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар алуға құқылы. Жете тексергеннен кейін бұлар сотталған адамды емдеуге пайдалану үшін мекемеде орналасқан медициналық ұйымға жіберіледі.
Тармақ 3
3. Мекеме әкімшілігінің рұқсатымен сотталғандар сауқаттар мен бандерольдер жіберуге құқылы.
Бап 108. 108-бап. Хат жазысу, ақшалай аударымдарды жiберу және алу
108-бап. Хат жазысу, ақшалай аударымдарды жiберу және алу
Тармақ 1
1. Сотталғандар хаттар алуға және оларды ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен саны шектеусіз жіберуге құқылы.
Тармақ 2
2. Сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабарға қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен бақылау жасалады.
Тармақ 3
3. Ерлі-зайыпты не туыстар болып табылмайтын, мекемелерде ұсталатын сотталғандардың арасында хат жазысуға мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жол берiледi.
Тармақ 4
4. Толық, төтенше қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары, орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі аралас мекемелерде ұсталатын сотталғандар айына екі реттен көп емес ақшалай аударымдарды алуға құқылы, бұл ретте олардың жалпы сомасы жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Сотталғандар жазаны өтеу кезеңінде тапқан жеке қаражаты есебінен жұбайына (зайыбына), туыстарына ақшалай аударымдарды шектеусіз жіберуге құқылы.
Тармақ 5
5. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын сотталғандар ақшалай аударымдарды шектеусіз алуға және жіберуге құқылы.
Тармақ 6
6. Барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандарын қолдануға байланысты қосымша көрсетілетін қызметтер сотталған адамның жеке қаражаты есебінен өтеледі. 7. Сотталған адам мекемеден кеткеннен кейін оның атына келіп түскен хаттар үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, оның жазасын өтеу орны бойынша жөнелтіледі.
Бап 109. 109-бап. Телефон арқылы сөйлесу
109-бап. Телефон арқылы сөйлесу
Тармақ 1
1. Сотталған адамның мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес, күніне ұзақтығы он бес минут телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар. Телефон арқылы сөйлесудің ақысы сотталғандардың немесе олардың жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының жеке қаражатынан төленедi. Мекеме әкімшілігі сотталған адамның әлеуметтік байланыста болуын қолдау үшін қолда бар телекоммуникация құралдарын пайдаланады.
Тармақ 2
2. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларындағы, сондай-ақ жазалау тәртібімен тәртіптік изоляторда не жалғыз адамдық камерада ұсталатын сотталғандардың: жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған; оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған және өзге де айрықша жеке мән-жайлар болған жағдайларда телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар. ҚР Конституциялық Сотының 27.12.2024 № 60-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 109-бабының екінші бөлігі төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды: " қаралған нормаларда жазылған және сотталғандардың әлеуметтік байланыстарын қолдауға бағытталған телефон арқылы сөйлесу мүмкіндігін беру жағдайларының тізбесі түпкілікті болып табылмайды. Аталған нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 10-бабының 7) және 8) тармақшаларымен, 106-бабының алтыншы бөлігімен және 107-бабының екінші бөлігімен, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасымен және 45-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен өзара байланыста сотталған адамның жазаны өтеудің қатаң жағдайларында болған, сондай-ақ жазалау тәртібімен тәртіптік изоляторда ұсталған кезеңде білікті заң көмегін немесе медициналық көмек алу мақсатында телефон арқылы сөйлесу құқығын шектемейді." Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 109-бабы екінші бөлігінің ережелерін қолданған кезде оларды өзгеше түсіндіруге жол берілмейді.
Бап 110. 110-бап. Жазу керек-жарақтарын, әдебиетті, мерзімді басылымдарды сатып алу және сақтау
110-бап. Жазу керек-жарақтарын, әдебиетті, мерзімді басылымдарды сатып алу және сақтау
Тармақ 1
1. Сотталған адам бандерольдермен жазу керек-жарақтарын алуға, сауда желісі арқылы әдебиетті сатып алуға, сондай-ақ ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен газеттер мен журналдарға шектеусіз жазылуға құқылы.
Тармақ 2
2. Сотталғандарға Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауды немесе үгiттеуді қамтитын, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы басылымдарды алуға, сатып алуға, жаздырып алуға, сақтауға және таратуға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Сауда желісі арқылы сатып алынатын әдебиеті бар бандерольдер сотталған адам алуға құқылы сауқаттар мен бандерольдер санына кірмейді.
Тармақ 4
4. Жазу керек-жарақтарын, әдебиетті, сондай-ақ газеттер мен журналдарды сақтау мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 111. 111-бап. Сейілдеулер
111-бап. Сейілдеулер
Тармақ 1
1. Жазасын камераларда өтеп жүрген, сондай-ақ жазалау тәртібімен тәртіптік изоляторға жабылған және жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандардың осы Кодексте белгіленген тәртіппен күн сайын сейілдеуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Сотталғандардың сейілдеуі күндізгі уақытта мекеме аумағының арнайы жабдықталған бөлігінде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Сотталған адам мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларын бұзған жағдайда, сейілдеу мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Бап 112. 112-бап. Радиохабарлар тыңдау және телехабарлар көру
112-бап. Радиохабарлар тыңдау және телехабарлар көру
Тармақ 1
1. Сотталғандардың жұмыс пен міндетті бұқаралық іс-шаралардан бос уақытта, мекеменің күн тәртіптемесімен ұйықтауға бөлінген уақыттан басқа кезде радиохабарлар тыңдауға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жазалау тәртібімен тәртіптік изоляторларға жабылғандарды және жалғыз адамдық камераларға ауыстырылғандарды қоспағанда, сотталғандардың жұмыс пен міндетті бұқаралық іс-шаралардан бос уақытта, мекеменің күн тәртіптемесімен ұйықтауға бөлінген уақыттан басқа кезде телехабарлар көруге құқығы бар.
Бап 113. 113-бап. Мекеменің шегінен тыс жерге шығу
113-бап. Мекеменің шегінен тыс жерге шығу
Тармақ 1
1. Мекемелерде ұсталатын, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргiзу үшiн қауіпсіздігі аралас мекемелерде қалдырылған және төтенше қауіпсіз немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберілген сотталғандардың мекеменің шегінен тыс жерге:
Тармақша 1
1) қысқа мерзiмге – жұбайының (зайыбының), жақын туысының қайтыс болуына немесе науқастың өмiрiне қатер төндiретіндей қатты ауыруына, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтiрген дүлей зілзалаға байланысты, бару-қайту жолына қажет (бес тәулiктен аспайтын) уақытты есептемегенде, жетi тәулiктен аспайтын мерзiмге;
Тармақша 2
2) ұзақ мерзімге – қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жыл сайынғы ақылы демалыс уақытында тұрғылықты жері бойынша жылына бір рет шығуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мекемелердің балалар үйінде балалары бар сотталған әйелдердің балаларын жұбайына, туыстарына не балалар үйіне орналастыру үшін мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімге шығуға құқығы бар. Мекемеден тыс жерде кәмелетке толмаған мүгедектігі бар балалары бар сотталған әйелдердің олармен кездесу үшін жылына бір рет қысқа мерзімге шығуына құқығы бар.
Тармақ 3
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген негiздер бойынша мынадай:
Тармақша 1
1) қайталап қауіпті қылмыс жасаған;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталған;
Тармақша 4
4) есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп танылған, сондай-ақ туберкулезден, инфекциядан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығынан (ауруынан) емделудi аяқтамаған;
Тармақша 5
5) террористік, экстремистік қылмыстар үшін не қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар үшін, сондай-ақ жас балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс үшін;
Тармақша 6
6) дәрежесі екінші немесе үшінші теріс мінез-құлықты сотталғандарға шығуға рұқсат етілмейді.
Тармақ 4
4. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар, денсаулық жағдайына байланысты үнемі күтімге мұқтаж сотталғандардың, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандардың жұбайымен (зайыбымен), туысымен немесе өзге еріп жүруші адаммен бірге мекеме шегінен тыс жерге шығуына рұқсат етіледі.
Тармақ 5
5. Сотталған адамның шығу туралы өтініші бір тәулiктік мерзімде қаралады. Шығуға рұқсатты мекеме бастығы не оны алмастыратын адам осы баптың үшінші бөлігінде көзделген талаптарды және сотталған адамның мiнез-құлқын ескере отырып бередi.
Тармақ 6
6. Сотталған адамның мекеме шегінен тыс жерде болу уақыты жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi.
Тармақ 7
7. Сотталған адамның мекеме шегінен тыс жерге шығуына байланысты шығыстарын ол ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаттан төлейдi не өзге адамдар төлейдi.
Тармақ 8
8. Сотталған адамның белгiленген мерзiмде қайтып оралуын қиындататын, күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда, сотталған адам болған жердегi iшкi iстер органы бастығының уәжді қаулысымен мекемеге оралу мерзiмi мекеме әкiмшiлiгiн дереу хабардар ете отырып, бес тәулiкке дейiн ұзартылады.
Тармақ 9
9. Сотталған адам мерзiмінде оралмаған кезде мекеме әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іздестіруді жүзеге асырады.
Бап 114. 114-бап. Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк, зейнетақымен қамсыздандыру
114-бап. Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк, зейнетақымен қамсыздандыру
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамтылған сотталғандар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
Тармақ 2
2. Сотталған әйелдер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүктiлiкке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 3
3. Сотталғандардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Мекемелерде бас бостандығынан айыруды өтеп жүрген сотталғандарға қатысты ерiктi медициналық сақтандырудың қолданысы өтеу мерзімі аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Бап 115. 115-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
115-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Мекемелердегі бiр сотталған адамға шаққандағы тұрғын алаңның нормасы – екi жарым шаршы метрден, әйелдердi ұстауға арналған мекемелерде – үш шаршы метрден, кәмелетке толмағандар үшін – үш жарым шаршы метрден кем болмауы керек.
Тармақ 2
2. Сотталғандардың тұрақты тұруына арналған ортақ тұрғын үй-жайларда, бөлмелер мен камераларда нақты бар тұрғын алаң негізге алына отырып, осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген нормаларға сәйкес жазаны өтеу орындарының лимиті айқындалады. Әр мекеме үшін жазаны өтеу орындарының лимитін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейді және сотталғандардың тұрақты тұруына арналған жаңа тұрғын алаңдар пайдалануға берілген және бұрыннан бар тұрғын алаңдар реконструкцияланған кезде өзгереді.
Тармақ 3
3. Сотталғандарға жеке жатын орындар мен төсек керек-жарақтары беріледі. Сотталғандар тамақпен, бірінші кезекте қажетті заттармен, жынысы және климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусым бойынша киіммен, ішкиіммен және аяқкиіммен бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 4
4. Сотталғандарды еңбекке тартатын кәсіпорындар қаражаты есебінен оларға белгіленген нормалардан тыс қосымша тамақтандыру ұйымдастырылуы мүмкін. Тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін жұмсауға рұқсат етілетін, осы Кодексте белгіленген ақша сомасынан асырып, сотталғандар ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатынан: мекемелерде пайдалануға рұқсат етілген аяқкиім мен киімді, оның ішінде спорттық аяқкиім мен киімді қосымша сатып алуға; медициналық көрсетімдер бойынша қажетті емдәмдік тамақ алуға; өздерінің қалауы бойынша көрсетілетін емдеу-профилактикалық және нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын өзге де қосымша қызметтер көрсетудің ақысын төлеуге құқылы.
Тармақ 5
5. Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ науқастар мен мүгедектігі бар адамдарға жақсартылған тұрғынжай-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтанудың жоғарылатылған нормалары белгіленеді.
Тармақ 6
6. Мүгедектігі бар сотталғандар ұсталатын ғимараттар мен үй-жайлар арнаулы техникалық құралдармен және құрылғылармен жабдықталады.
Бап 116. 116-бап. Сотталған жүктi әйелдердi, бала емiзетін аналарды және балалары бар әйелдердiматериалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету ерекшелiктерi
116-бап. Сотталған жүктi әйелдердi, бала емiзетін аналарды және балалары бар әйелдердiматериалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Балалары бар сотталған әйелдер жазасын өтеп жүрген мекемелерде балалар үйлерi ұйымдастырылуы мүмкiн. Мекемелердің балалар үйлерінде Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес балалардың қалыпты тұруы мен дамуына қажетті жағдайлар қамтамасыз етіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган қамтамасыз етеді. Сотталған әйелдер өздерiнiң үш жасқа дейiнгi балаларын мекемелердің балалар үйлерiне орналастырады және жұмыстан бос уақытта олармен шектеусіз қарым-қатынаста болады. Оларға балаларымен бiрге тұруға рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Сотталған әйелдердiң жазбаша келiсiмiмен бала (балалар) олардың жұбайларына, туыстарына немесе сот шешімімен өзге де адамдарға берiледi не бала (балалар) үш жасқа толғаннан кейін тиiстi балалар мекемелерiне жiберiледі. Сотталған әйелдің мекеме әкімшілігіне өтінішхаты бойынша, мынадай: жаза мерзімін өтеу бойынша босатуға; сотталған әйелдің мерзімінен бұрын шартты түрде босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтінішхат беру құқығы басталғанға дейін бір жылдан аз уақыт қалған жағдайларда, бала (балалар) төрт жасқа толғанға дейін сотталған әйелмен бірге қала алады.
Тармақ 3
3. Сотталған жүктi әйелдер мен бала емiзетін аналардың саны мен ассортименті медициналық қорытындыда айқындалатын азық-түлiк салынған сауқаттар мен сәлемдемелер алуына болады. Сотталған жүктi әйелдердің босану уақытында және босанғаннан кейiнгi кезеңде әйелдердің мамандандырылған медициналық көмекке құқығы бар.
Тармақ 4
4. Мекемелердің балалар үйлерінде балалар тамақпен, бірінші кезекте қажетті заттармен, жеке жатын орынмен, төсек керек-жарақтарымен, жынысы мен климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусым бойынша киiммен, iшкиiммен және аяқкиiммен бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етiледi.
Бап 117. 117-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
117-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Сотталғандарға медициналық көмек Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарға амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым) ұйымдастырылады. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар сотталғандарды мәжбүрлеп емдеуді мекемеде орналасқан медициналық ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мекеме әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың орындалуына жауапты болады.
Тармақ 3-1
3-1. Мекеме әкімшілігі сотталғандарға медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларды ұсынады және осы үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Мекемелерде туберкулезге қарсы көмекті, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жазасын өтеп жүрген адам қайтыс болған жағдайда, мекеме әкімшілігі бұл туралы прокурорға, жұбайына (зайыбына) немесе туыстарына, ал шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адам қайтыс болған жағдайда – қосымша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне дереу жазбаша нысанда хабарлайды.
Бап 118. 118-бап. Материалдық жауаптылық
118-бап. Материалдық жауаптылық
Тармақ 1
1. Жазасын өтеу кезінде мемлекетке, мекемеге, жеке немесе заңды тұлғаларға материалдық залал келтiрген жағдайда, сотталғандар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болады.
Тармақ 2
2. Сотталған адам мемлекетке, мекемеге келтiрген залалдың, өзінің қашып шығуының жолын кесуге, сондай-ақ осы Кодекстің 130-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда өз денсаулығына қасақана зиян келтiрген жағдайда өзін емдеуге байланысты қосымша шығындардың орнын толтыруға тиiс.
Тарау 19. 19-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ, ОЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ
19-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ, ОЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ
Бап 119. 119-бап. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру
119-бап. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Мекеме әкімшілігі барлық еңбекке жарамды сотталғандарды ақылы жұмыстарға тарту үшін жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылдайды. Сотталғандар:
Тармақша 1
1) мекемеде мекеменің шаруашылық қызмет көрсету лауазымдарына;
Тармақша 2
2) қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарында;
Тармақша 3
3) сотталған адам жазасын өтеп жатқан мекеме аумағында орналасқан ұйымдарда жұмысқа орналастырылады.
Тармақ 1-1
1-1. Мекемелердің әкімшілігі осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда сотталғандарды сол түрдегі басқа мекемеде жұмысқа орналастыруға құқылы.
Тармақ 1-2
1-2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген объектілерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болмаған кезде сотталғандар мекеме орналасқан елді мекен шегіндегі күзетілетін аумақтың шегінен тыс жердегі өзге де ұйымдарда, олар жұмыс берушінің есебінен инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзету құралдарымен жабдықталған және мекеме әкімшілігі тиісті күзету мен оқшаулауды қамтамасыз еткен жағдайда, жұмысқа орналастырылуы мүмкін.
Тармақ 1-3
1-3. Сотталғандарды мекеменің күзетілетін аумағынан тыс орналасқан өндірістік объектілерге шығаруға рұқсат не одан бас тарту сотталғандарға мінездемесі мен мінез-құлқы ескеріле отырып, мекеме бастығының не оны алмастыратын адамның қаулысы бойынша, мекеме комиссиясының материалдары негізінде беріледі. Қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
Тармақ 1-4
1-4. Мыналар:
Тармақша 1
1) өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар;
Тармақша 2
2) есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар деп танылған, сондай-ақ туберкулезден не басқа да инфекциялық аурудан емделудi аяқтамаған сотталғандар;
Тармақша 3
3) террористік, экстремистік қылмыстар үшін не қылмыстық топтың құрамында жасаған қылмыстары үшін сотталғандар;
Тармақша 4
4) қашып шығуға бейім ретінде профилактикалық есепте тұрған сотталғандар;
Тармақша 5
5) жазасын өтеу кезеңінде жасаған қасақана қылмыстары үшін сотталғандар;
Тармақша 6
6) теріс мінез-құлық дәрежесі бар сотталғандар мекеменің күзетілетін аумағынан тыс жерге шығарылмайды.
Тармақ 1-5
1-5. Мекеме әкімшілігі:
Тармақша 1
1) қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының жазбаша нұсқауы бойынша;
Тармақша 2
2) оны босату кезінде;
Тармақша 3
3) сотталған адам жазаны өтеу тәртібін бұзған жағдайда;
Тармақша 4
4) жұмыс беруші шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда;
Тармақша 5
5) мекемеде ерекше жағдайлар режимі енгізілген кезде сотталған адамды жұмысқа орналастырылған ұйымнан кері шақыртып алуға міндетті.
Тармақ 1-6
1-6. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сотталғандарды жұмысқа орналастыру кезінде әкімшілік олардың жынысын, жасын, денсаулық жағдайын, еңбекке қабілеттілігін, мүмкіндігінше – мамандығын және жазаны өтеу уақытында оны алуын ескеруге міндетті.
Тармақ 3
3. Сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесіне кірмейтін ұйымдардың объектілерінде еңбекке тарту мекеме әкімшілігі, ұйым және сотталған адам арасындағы шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Сотталғандар мекемелер аумағында жеке еңбек қызметімен айналысуға құқылы.
Тармақ 5
5. Сотталғандарды камералық ұстау жағдайларында еңбекке тарту осы Кодекстің 149-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Сотталғандарды пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар мен лауазымдардың тiзбесi мекемелердiң ішкi тәртiптеме қағидаларында белгiленедi.
Тармақ 7
7. Мекемелердiң ұйымдарында ерікті жалданушы инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен бiлiктi жұмысшылардың еңбегiн жұмыс iстейтін сотталғандар санының он бес пайызына дейiнгi шекте пайдалануға жол берiледi.
Тармақ 8
8. Сотталғандарға еңбек жанжалдарын шешу мақсатында жұмысты тоқтатуға тыйым салынады. Жеке еңбек даулары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тармақ 9
9. Сотталғандардың жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін мекемелер аумағында орналасқан өндірістік объектілерді өзге меншік нысандарындағы ұйымдарға беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Еңбек объектілерінде ұжымдық еңбек даулары, төтенше жағдайлар және оқиғалар туындаған жағдайда мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін және прокурорды жазбаша нысанда хабардар етеді. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі және прокурор мұндай хабарламаны алған соң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.
Бап 120. 120-бап. Еңбек жағдайлары және оған ақы төлеу
120-бап. Еңбек жағдайлары және оған ақы төлеу
Тармақ 1
1. Сотталғандардың еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен айқындалады.
Тармақ 2
2. Сотталғандардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және жалақының белгіленген ең төмен мөлшерінен төмен болмауға тиіс.
Бап 121. 121-бап. Мекемені абаттандыру және онда тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарға тарту
121-бап. Мекемені абаттандыру және онда тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарға тарту
Тармақ 1
1. Сотталғандар кезектілік тәртібімен жұмыстан бос уақытта ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспайтын:
Тармақша 1
1) камераларды, бөлмелерді және ортақ пайдаланылатын үй-жайларды абаттандыру бойынша;
Тармақша 2
2) негізгі қоршауда және ішкі тыйым салынған аймақтың шегінен тыс жерде орналасқан инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзету құралдары бар объектілерді қоспағанда, мекеменің аумағын және оған іргелес жатқан аумақты абаттандыру бойынша;
Тармақша 3
3) мәдени-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық тұру жағдайларын жақсарту бойынша ақысы төленбейтін жұмыстарға тартылады.
Тармақ 2
2. Стационарлық жағдайларда медициналық көмек алу үшін мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдағыларды қоспағанда, сотталғандардың осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жұмыстарды орындаудан бас тартуы осы Кодексте көзделген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
Тармақ 3
3. Тәртіптік изоляторда, жалғыз адамдық камерада және уақытша оқшаулау үй-жайларында ұсталатын адамдар камераларда және ортақ пайдаланылатын орындарда тұрудың санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту және тәртіптік изолятордың, жалғыз адамдық камераның және уақытша оқшаулау үй-жайының аумағын абаттандыру бойынша ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспайтын ақы төленбейтін жұмыстарға тартылады.
Бап 122. 122-бап. Жалақыдан, зейнетақыдан, жәрдемақылардан және өзге де кірістерден ұстап қалу
122-бап. Жалақыдан, зейнетақыдан, жәрдемақылардан және өзге де кірістерден ұстап қалу Сотталғандардың жалақысынан, зейнетақысынан, жәрдемақыларынан және өзге де кірістерінен атқару парақтары немесе басқа да атқарушылық құжаттар бойынша сомаларды ұстап қалу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен, бірақ көрсетілген кірістердің жалпы сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде жүргiзiледi. Ұстап қалудан қалған сома, мөлшеріне қарамастан, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының есебіне жатқызылады. Бұл ретте қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарда бар сомаларды қоспағанда, соманың қалған бөлігі ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аз болуы мүмкін. Атқару парақтары немесе басқа да атқару құжаттары бойынша ұстап қалу сотталғандардың туыстарынан немесе басқа адамдардан алатын ақша аударымдарынан да жүргізіледі, бұл ретте айына бір рет жиырма айлық есептік көрсеткіштен асатын сома ұстап қалуға жатады.
Бап 123. 123-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру
123-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру
Тармақ 1
1. Мекемелерде сотталғандарға техникалық және кәсіптік білім беру жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сотталғандарға техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін еңбек нарығының мониторингін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша мекеме әкімшілігі қалыптастырады.
Тармақ 3
3. Техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 20. 20-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА ТӘРБИЕЛІК ЫҚПАЛ ЕТУ
20-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА ТӘРБИЕЛІК ЫҚПАЛ ЕТУ
Бап 124. 124-бап. Тәрбие жұмысы
124-бап. Тәрбие жұмысы
Тармақ 1
1. Сотталғандармен тәрбие жұмысы олардың түзелуіне, заңдардың талаптарын сақтауға, еңбекке және өзге де қоғамға пайдалы қызметпен айналысуға, білім деңгейі мен мәдени деңгейін арттыруға, сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларға қатысуға ұмтылысын қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған.
Тармақ 2
2. Мекемелерде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, имандылыққа, әлеуметтік-құқықтық, еңбекке, дене шынықтыруға тәрбиелеу және өзге де тәрбие түрлері жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Сотталғандармен тәрбие жұмысы түзеу мекемесінің түрі, жаза мерзімі, ұстау жағдайлары ескеріле отырып, сараланып ұйымдастырылады. Ол психологиялық-педагогикалық әдістер қолданыла отырып, жеке, топтық және көпшілік нысандарда жүзеге асырылады. Әрбір сотталған адаммен тәрбие жұмысы оның жеке басының дара ерекшеліктері мен жасаған қылмыстарының мән-жайлары ескеріле отырып жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Сотталғандардың тәрбиелік іс-шараларға қатысуы оларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану, сондай-ақ олардың мінез-құлқын бағалау кезінде ескеріледі.
Бап 125. 125-бап. Әлеуметтік бейімдеу және психологиялық көмек жөніндегі жұмыс
125-бап. Әлеуметтік бейімдеу және психологиялық көмек жөніндегі жұмыс
Тармақ 1
1. Мекемелердің әкімшілігі сотталғандармен жеке тәртіппен олардың қажеттіліктеріне сәйкес, әлеуметтік бейімдеу жөніндегі жұмыстар мен психологиялық жұмыс жүргізеді.
Тармақ 2
2. Сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі жұмыс мынадай:
Тармақша 1
1) сотталғандармен жұмыс жөніндегі жеке бағдарламаларды әзірлеу;
Тармақша 2
2) сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу, ұйымдастыру және іске асыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды және жұртшылықты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге тарту;
Тармақша 4
4) сотталғандардың жағымды әлеуметтік байланыстарын нығайтуға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) босатылатын адамдарға осы Кодекстің 27-тарауына сәйкес көмек көрсету нысандарында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мекеме әкімшілігі сотталған адамды түзеу мақсатында оның қоғамның толыққанды мүшесінің әлеуметтік мәртебесінде қалпына келуіне, құқық нормалары мен жалпы қабылданған мінез-құлық нормалары негізінде оның қоғамда өз бетінше өмір сүруге оралуына жәрдемдеседі (қайта әлеуметтендіру).
Тармақ 4
4. Сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуге психолог тартылады, ол әрбір сотталған адамның жеке басының жеке-психологиялық ерекшеліктеріне диагностика жүргізеді және сотталғандардың оқшаулау жағдайларына, әлеуметтік ортаға және ұстау режиміне бейімделуіне, адамдар арасындағы қатынастарды оңтайландыруға, сондай-ақ босап шығуға дайындалуына психологиялық көмек көрсетеді.
Бап 126. 126-бап. Сотталғандардың ерікті ұйымдары
126-бап. Сотталғандардың ерікті ұйымдары
Тармақ 1
1. Сотталғандардың түзелуіне жәрдемдесу мақсатында мекемелерде ерікті негізде мекеме әкімшілігінің бақылауымен жұмыс істейтін сотталғандардың ұйымдары құрылады. Өзін жақсы жағынан көрсеткен сотталғандардың арасынан мекемелер ұжымдары мен отрядтарының кеңестері құрылады.
Тармақ 2
2. Мыналар сотталғандардың ерікті ұйымдарының негізгі міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) мекемеде оң моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру;
Тармақша 2
2) сотталғандардың жағымды әлеуметтік байланыстарын дамыту;
Тармақша 3
3) сотталғандардың қоғамдық-пайдалы бастамасын қолдау;
Тармақша 4
4) сотталғандарға рухани, кәсіптік және дене бітімінің дамуына көмек көрсету;
Тармақша 5
5) сотталғандардың еңбегін, тұрмысын және бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесу.
Тармақ 3
3. Ерікті ұйымдардың жұмысына қатысу сотталғандардың мінездемелерін жасау кезінде ескеріледі.
Тармақ 4
4. Сотталғандардың ерікті ұйымдарының мүшелері қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтарды пайдаланбайды және мекеме әкімшілігінің өкілеттіктеріне ие бола алмайды.
Бап 127. 127-бап. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуды ұйымдастыру
127-бап. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуды ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Мекемелерде отыз жасқа толмаған сотталғандардың бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмді мiндеттi түрде алуы ұйымдастырылады.
Тармақ 2
2. Отыз жастан асқан сотталғандар мен мүгедектігі бар сотталғандар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өздерінің қалауы бойынша алады.
Тармақ 3
3. Емтихандарды тапсыру үшiн оқушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылады.
Тармақ 4
4. Өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген, емдеу-профилактикалық мекемелерінде, тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда, уақытша оқшаулау үй-жайларында жатқан, сондай-ақ мекемелердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға өз бетінше бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу үшін жағдайлар жасалады.
Тармақ 5
5. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм алуға ұмтылыс көтермеленеді және сотталғандардың мінез-құлық дәрежесін айқындау және мінездемелерін жасау кезiнде ескерiледi.
Тарау 21. 21-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨТЕРМЕЛЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
21-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨТЕРМЕЛЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Бап 128. 128-бап. Көтермелеу шаралары
128-бап. Көтермелеу шаралары
Тармақ 1
1. Жақсы мiнез-құлқы, еңбекке, оқуға адал қарағаны, ерікті құрылымдардың жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтыру жөнінде шаралар қолданғаны үшiн сотталғандарға мынадай көтермелеу шаралары:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) сыйлықпен марапаттау;
Тармақша 3
3) сыйлықақы беру;
Тармақша 4
4) қосымша қысқа мерзiмдi кездесу беру;
Тармақша 5
5) мереке күндерi тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi сомада қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру;
Тармақша 6
6) бұрын белгіленген жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау қолданылады.
Тармақ 2
2. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген көтермелеу шараларынан басқа, демалыс және мереке күндерiн сағат тоғыздан он сегізге дейін мекеменің шегінен тыс жерде өткiзуге рұқсат беріледі.
Бап 129. 129-бап. Көтермелеу шараларын қолдану тәртібі
129-бап. Көтермелеу шараларын қолдану тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Кодекстің 128-бабы бірінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген көтермелеу – мінез-құлқының бағалауы жоқ не дәрежесі бірінші, екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталғандарға, ал 6) тармақшадағы – дәрежесі бірінші немесе екінші теріс мінез-құлықты сотталғандарға, осы баптың үшінші бөлігінде айқындалған тәртіппен қолданылады.
Тармақ 2
2. Дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталғандарға көтермелеу тәртібімен жылына төрт ретке дейін қосымша қысқа мерзiмдi кездесу алуға рұқсат берiледi.
Тармақ 3
3. Бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастауға жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жаза қолданылған күннен бастап кемінде үш ай өткен соң жол беріледі. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Көтермелеу мекеменің лауазымды адамының уәжді қаулысымен қолданылады.
Тармақ 5
5. Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған көтермелеулердің күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысы не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.
Бап 130. 130-бап. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу
130-бап. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу
Тармақ 1
1. Осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген талаптарды орындамау жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзу болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады:
Тармақша 1
1) мекемені абаттандыру және тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстардан дәлелсіз себептермен бас тарту;
Тармақша 2
2) мекеме әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiне қатер төндіру, оларды қорлау, оларға бағынбаушылық, оның iшiнде жазаны өтеу режимін бұзу мақсатында, өзiне қандай да бiр қасақана зақым келтірумен ұштасқан бағынбаушылық; ҚР Конституциялық Сотының 06.12.2023 № 37-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 130-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.
Тармақша 3
3) мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін беру (алу), жасау, сақтау;
Тармақша 4
4) сот тағайындаған мiндеттi және мәжбүрлеп емдеуден жалтару;
Тармақша 5
5) мекеме әкімшілігі осы Кодекстің 119-бабына сәйкес ұсынған ақысы төленетін жұмыстан бас тарту;
Тармақша 6
6) қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің, медициналық денсаулық сақтау ұйымының және жұмыс объектісінің аумақтарын өз бетінше тастап кету;
Тармақша 7
7) осы Кодекстің 113-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шығуға рұқсат етілген, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу, моншаға, шаштаразға бару үшін, оқуына және өздері орындайтын жұмысына байланысты шығуға рұқсат етілген сотталған адамның мекемеге белгіленген мерзімде оралмауы;
Тармақша 8
8) алкогольді, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану;
Тармақша 9
9) материалдық немесе өзге де пайда табу мақсатында карта, сондай-ақ өзге де ойындар ойнау;
Тармақша 10
10) сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау;
Тармақша 11
11) ұсақ бұзақылық жасау;
Тармақша 12
12) осы бөліктің 1) – 11) тармақшаларында көрсетiлген бұзушылықтарды жасауға бағыттап, сотталғандар топтарын ұйымдастыру немесе оларға белсенді түрде қатысу;
Тармақша 13
13) сотталған адам сол үшін алты ай iшiнде тәртiптік изоляторға жабу не жалғыз адамдық камераға ауыстыру түрiндегi жазалауға тартылған, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қайталап біртектес бұзу.
Тармақша 14
14) мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз мекеменің ішкі тыйым салынған аймағының қоршауынан өту;
Тармақша 15
15) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін белгіленген қағидаларға сәйкес медициналық куәландырудан өтуден бас тарту;
Тармақша 16
16) бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштердің қажетті шолуына кедергі жасау.
Тармақ 3
3. Жазалау шарасы қолданылған сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылады. Тәртіптік изоляторға жабуды не жалғыз адамдық камераға ауыстыруды қоспағанда, алты ай ішінде екі және одан көп рет жазалау шарасы қолданылған сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін ұдайы бұзушы деп танылады. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды жасаған сотталған адам, оған тәртіптік изоляторға жабу не жалғыз адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау қолданылған кезде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылады.
Тармақ 4
4. Жазалау мекеменің лауазымды адамының уәжді қаулысымен қолданылады.
Бап 131. 131-бап. Жазалау шаралары
131-бап. Жазалау шаралары
Тармақ 1
1. Сотталғандарға жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн мынадай жазалау шаралары:
Тармақша 1
1) ескерту;
Тармақша 2
2) сөгiс;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге тәртіптік изоляторға жабу;
Тармақша 5
5) төрт айға дейiнгi мерзiмге жалғыз адамдық камераларға ауыстыру қолданылады.
Тармақ 2
2. Жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеп жүрген сотталғандарға жатақханадан тыс жерде тұру құқығының күшiн жою және жұмыстан бос уақытта мекеме аумағының шегінен тыс жерге шығуға отыз тәулікке дейiнгі мерзiмге тыйым салу түрiндегi жазалау қолданылады. 3. Сотталған адамға қатысты жазалау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
Бап 132. 132-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі
132-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі
Тармақ 1
1. Сотталған адамға жазалау шараларын қолдану кезінде бұзушылықты жасаудың мән-жайы, сотталған адамның жеке басы және бұрынғы мінез-құлқы ескерiледi.
Тармақ 2
2. Қолданылатын жазалау теріс қылықтың ауырлығы мен сипатына сәйкес болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Жазалау мекеменің лауазымды адамының уәжді қаулысымен, теріс қылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер тексеру жүргізілсе – ол аяқталғаннан кейін, бірақ теріс қылық жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады. Тәртіптік изоляторда және жалғыз адамдық камерада ұстау мерзімі көрсетілген үй-жайларға нақты жабылған күннен бастап есептеледі.
Тармақ 4
4. Жазалау дереу орындалады, ал сотталған адам ауырған, ол этаппен жөнелтілген не оны орындау үшін жағдайлар болмаған кезде – қолданылған күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей орындалады.
Тармақ 5
5. Бiр бұзушылық үшiн бiрнеше жазалау қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Сотталған адамды жалғыз адамдық камераға ауыстыру, оны тәртіптік изоляторға жабу жазалау мерзімі көрсетіліп, оларда ұстау мүмкіндігі тұрғысынан медициналық куәландырғаннан кейін жүргізіледі. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін алдыңғы бұзушылығы үшін тәртіптік изоляторға жабу түріндегі жазасы бар сотталған адамға қатысты ғана жалғыз адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау шарасын қолдануға жол беріледі.
Тармақ 8
8. Мекеменің балалар үйiнде емiзулi балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүктiлiгiне және босануына байланысты жұмыстан босатылған әйелдер және кәмелетке толмағандар жалғыз адамдық камераға ауыстырылмайды және тәртіптік изоляторға жабылмайды.
Тармақ 9
9. Тәртіптік изоляторға жабылған және жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандарға осы Кодексте көзделген барлық жазалау шаралары қолданылады.
Тармақ 10
10. Егер сотталған адам тәртiптiк жазалауды өтеген күннен бастап алты ай бойы жаңадан жазалауға тартылмайтын болса, ол жазасы жоқ деп есептеледі, ал жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған – ондай деп есептелмейді.
Тармақ 11
11. Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалардың күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысымен не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.
Бап 133. 133-бап. Мекемелердің көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары
133-бап. Мекемелердің көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары
Тармақ 1
1. Мекемелер бастықтарының немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдардың осы Кодексте көзделген көтермелеу және жазалау шараларын толық көлемде қолдануға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мекеме бастығы орынбасарларының мынадай көтермелеу шараларын қолдануға құқығы бар:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру;
Тармақша 3
3) мекеме бастығының орынбасары кәмелетке толмаған адамға бұрын қолданған жазаны мерзімінен бұрын алу.
Тармақ 3
3. Мекеме бастығы орынбасарларының мынадай жазалау шараларын қолдануға құқығы бар:
Тармақша 1
1) ескерту;
Тармақша 2
2) сөгiс.
Бап 134. 134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары
134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары
Тармақ 1
1. Тәртіптік изоляторға жабылған сотталғандарға:
Тармақша 1
1) күн сайын ұзақтығы бiр сағат сейілдеуге рұқсат етіледі;
Тармақша 2
2) кездесуге, телефон арқылы сөйлесуге, тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға, камерада темекі шегуге, сондай-ақ жатын орынды күндізгі уақытта пайдалануға тыйым салынады. ҚР Конституциялық Сотының 27.12.2024 № 60-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 134-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын: " қаралған нормаларда жазылған және сотталғандардың әлеуметтік байланыстарын қолдауға бағытталған телефон арқылы сөйлесу мүмкіндігін беру жағдайларының тізбесі түпкілікті болып табылмайды. Аталған нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 10-бабының 7) және 8) тармақшаларымен, 106-бабының алтыншы бөлігімен және 107-бабының екінші бөлігімен, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасымен және 45-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен өзара байланыста сотталған адамның жазаны өтеудің қатаң жағдайларында болған, сондай-ақ жазалау тәртібімен тәртіптік изоляторда ұсталған кезеңде білікті заң көмегін немесе медициналық көмек алу мақсатында телефон арқылы сөйлесу құқығын шектемейді. " Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 134-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелерін қолданған кезде оларды өзгеше түсіндіруге жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Жазалау тәртiбiмен жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандардың:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға жазасын өтеу кезеңінде тапқан қаражатынан төрт айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жұмсауға;
Тармақша 2
2) күн сайын ұзақтығы бiр жарым сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Тәртіптік изоляторға жабылған немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандар басқа сотталғандардан жеке жұмыс iстейдi.
Тармақ 4
4. Сотталғандарды тәртіптік изоляторлардан немесе жалғыз адамдық камералардан мекемелерде орналасқан медициналық ұйымға, сондай-ақ өзге де медициналық денсаулық сақтау ұйымына ауыстырған жағдайда, олардың сонда болу мерзімі жазаны өтеу мерзімінің есебіне жатқызылады.
Тармақ 5
5. Мүгедектігі бар сотталғандарды ұстауға арналған тәртіптік изоляторлардағы камералар мен жалғыз адамдық камералар арнаулы техникалық құралдармен жабдықталады.
Тарау 22. 22-тарау. ӘРТҮРЛІ ТҮРДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
22-тарау. ӘРТҮРЛІ ТҮРДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бап 135. 135-бап. Орташа қауіпсіз мекемелер
135-бап. Орташа қауіпсіз мекемелер
Тармақ 1
1. Орташа қауіпсіз мекемелерде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудiң қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
Тармақ 2
2. Дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар жаза мерзімінің кемінде алты айын өтегеннен кейін, еңбекке адал қараған кезде жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлгеніне ауыстырылады.
Тармақ 3
3. Дәрежесі үшінші оң мінез-құлықты, кемiнде үш ай жеңiлдетiлген жағдайларда болған сотталғандар мерзімін өтеу бойынша босатылғанға дейін бір жыл қалғанда жеңiлдiктi жағдайларға ауыстырылады.
Тармақ 4
4. Жазасын дағдылы, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған сотталғандар қатаң жағдайларға ауыстырылады. Жазасын жеңiлдетiлген немесе жеңiлдiктi жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзушылар деп танылған сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
Тармақ 5
5. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстыру жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалауы болмаған кезде кемінде алты ай өткен соң жүргiзiледi.
Тармақ 6
6. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылысына немесе дағдылысынан жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларына қайта ауыстыру осы баптың екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде айқындалатын тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Басқа орташа қауіпсіз мекемеден ауыстырылған сотталғандар өздеріне ауыстырылғанға дейiн айқындалған сол жағдайларда жазасын өтейдi.
Бап 136. 136-бап. Орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
136-бап. Орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
Тармақ 1
1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты алты айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл iшiнде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде алты қысқа мерзімді және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл ішінде он екі сауқат немесе сәлемдеме және он екі бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл iшiнде алты қысқа мерзiмдi және алты ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл iшiнде он екі сауқат немесе сәлемдеме және он екі бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде он екі қысқа мерзімді және он екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
Тармақ 4
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл iшiнде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесу алуға;
Тармақша 4
4) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағат сейілдеуді пайдалануға құқылы.
Бап 137. 137-бап. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер
137-бап. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер
Тармақ 1
1. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудің қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
Тармақ 2
2. Жаза мерзімінің кемінде тоғыз айын дағдылы жағдайларда өтегеннен кейін, дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар еңбекке адал қараған кезде жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады.
Тармақ 3
3. Жеңілдетілген жағдайларда кемінде үш ай болған, дәрежесі үшінші оң мінез-құлықты сотталғандар мерзімін өтеу бойынша босатылғанға дейін тоғыз ай қалғанда жеңілдікті жағдайларға ауыстырылады.
Тармақ 4
4. Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған сотталғандар қатаң жағдайларға ауыстырылады. Жазасын жеңiлдетiлген және жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзушылар деп танылған сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
Тармақ 5
5. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстыру жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалауы болмаған кезде алты ай өткен соң жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылысына немесе дағдылысынан жеңiлдетiлген және жеңілдікті жағдайларына қайта ауыстыру осы баптың екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде айқындалатын тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Қауіпсіздігі барынша жоғары басқа мекемеден ауыстырылған сотталғандар өздеріне ауыстырылғанға дейiн айқындалған сол жағдайларда жазасын өтейдi.
Бап 138. 138-бап. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
138-бап. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
Тармақ 1
1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл iшiнде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде төрт қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл iшiнде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде төрт қысқа мерзімді және төрт ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл iшiнде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде алты қысқа мерзімді және алты ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
Тармақ 4
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатынан екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл ішінде екі сауқат немесе сәлемдеме және екі бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi кездесу алуға;
Тармақша 4
4) күн сайын ұзақтығы бiр жарым сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқылы.
Бап 139. 139-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелер
139-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелер
Тармақ 1
1. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар камераларға орналастырылады. Сотталғандармен тәрбие жұмысы камераларда ұстау талаптары ескеріле отырып ұйымдастырылады.
Тармақ 2
2. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға арналған төтенше қауіпсіз мекемелерге келгеннен кейін барлық сотталғандар жазасын өтеудің дағдылы жағдайларына орналастырылады.
Тармақ 3
3. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған және жазасын дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар жазаны өтеудің қатаң жағдайларына ауыстырылады. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жатқан, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылған сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
Тармақ 4
4. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына ауыстыру жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалар болмаған кезде бес жылдан кейін жүргізіледі. Жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген жағдайларына ауыстыру бірінші дәрежедегі оң мінез-құлқы болған кезде бес жылдан кейін жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына, дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген жағдайларына қайта ауыстыру осы баптың төртінші бөлігінде айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.
Бап 140. 140-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
140-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
Тармақ 1
1. Сотталғандардың ұзақтығы мынадай:
Тармақша 1
1) жазаны өтеудің қатаң жағдайларында – бір сағат;
Тармақша 2
2) жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында – бір жарым сағат;
Тармақша 3
3) жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларында – екі сағат күнделікті серуендеуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесу және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, жеті айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл ішінде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
Тармақ 4
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл ішінде бір сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде екі қысқа мерзімді кездесу алуға құқылы.
Бап 141. 141-бап. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген сотталғандарға арналған төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
141-бап. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген сотталғандарға арналған төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
Бап 142. 142-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер
142-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер
Тармақ 1
1. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер: 1) қасақана қылмыстар жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген сотталғандар;
Тармақша 2
2) осы Кодекстің 96-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тәртіппен ауыстырылған сотталғандар; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген қасақана қылмыстар жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген сотталғандарды ұстауға арналған мекемелерге бөлінеді.
Тармақ 2
2. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда өтейдi.
Тармақ 3
3. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталғандар, сондай-ақ қатаң және жеңiлдетiлген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
Тармақ 4
4. Дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар еңбекке адал қараған кезде жеңiлдетiлген жағдайларға ауыстырылады. Бұл ретте ауыстыру дәрежесі бірінші оң мінез-құлыққа ие болған күннен бастап дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде үш айын, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 7, 8, 9, 12, 13 және 15-тарауларында көзделген қылмыстар бойынша сотталғандар үшін бір жылын өтегеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жазасын дағдылы немесе жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған сотталғандар қатаң жағдайларға ауыстырылады. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшін қолданыста екіден көп жазалауы бар сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
Тармақ 6
6. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстыру жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалауы болмаған кезде алты айдан кейін жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылысына немесе дағдылы жағдайынан жеңiлдетiлгеніне қайта ауыстыру осы бапта айқындалатын тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 8
8. Қауіпсіздігі барынша төмен басқа мекемеден ауыстырылған сотталғандар өздеріне ауыстырылғанға дейiн айқындалған сол жағдайларда жазасын өтейдi.
Тармақ 9
9. Қауіпсіздігі барынша төмен бір мекемеде сотталған ерлер мен сотталған әйелдер ұсталуы мүмкін.
Тармақ 10
Бап 143. 143-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
143-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
Тармақ 1
1. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандар күзетсiз, бiрақ мекеме әкiмшiлiгiнiң бақылауымен және қадағалауымен ұсталады.
Тармақ 2
2. Сотталған адамға мекеме әкімшілігі оның жеке басын растайтын белгіленген нысандағы құжат береді. Сотталған адамның жеке басын куәландыратын құжаттар олардың жеке iстерiнде сақталады.
Тармақ 3
3. Сотталғандардың:
Тармақша 1
1) мобильді байланыс құралдарын;
Тармақша 2
2) компьютерлік жабдықты, аудио-, фото- және бейнежазу функциялары бар құралдарды;
Тармақша 3
3) атыс қаруын және суық қаруды;
Тармақша 4
4) жарылу қаупі бар және жарылғыш заттарды;
Тармақша 5
5) есірткі немесе психотроптық заттарды;
Тармақша 6
6) әскери үлгідегі киімді;
Тармақша 7
7) алкогольдік ішімдіктердің барлық түрін;
Тармақша 8
8) дәрігердің рұқсатынсыз құрамында есірткі бар медициналық препараттарды қоспағанда, нәрселер мен заттарды мекеменің аумағына әкелуіне, пайдалануына және сақтауына рұқсат етіледі.
Тармақ 4
4. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) мекеменiң iшкi тәртiптеме қағидаларымен ұйықтауға бөлiнген уақыттан басқа кезде, мекеме аумағының шегiнде еркiн жүрiп-тұруға;
Тармақша 2
2) мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен, eгep бұл олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша, оқуына байланысты, бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу, моншаға немесе шаштаразға бару үшін қажет болса, мекемеге iргелес жатқан аумақтың шекарасы шегiнде айына төрт рет сағат тоғыздан он сегізге дейін қадағалаусыз жүрiп-тұруға;
Тармақша 3
3) азаматтық киiм киiп жүруге;
Тармақша 4
4) өзiмен бірге ақша мен бағалы заттар алып жүруге;
Тармақша 5
5) ақшаны шектеусіз пайдалануға;
Тармақша 6
6) ай сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
Тармақ 5
5. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар, сотталғандар:
Тармақша 1
1) апта сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға;
Тармақша 2
2) мекеме орналасқан елдi мекеннің шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұруға құқылы. Бұл ретте, олар мекеме бастығының қаулысымен белгiленген күндері айына төрт рет мекемеге тiркелу үшін келіп тұруға және сағат жиырма бірден жетіге дейін тұрғылықты жерінде болуға мiндеттi. Мекемелер әкiмшiлiгi сотталғандар тұрып жатқан тұрғын үй-жайларға тәуліктің кез келген уақытында баруға құқылы. Мекеме орналасқан елдi мекеннің шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңда өз отбасымен тұруға рұқсат беру не одан бас тарту, сондай-ақ осы құқықты ұзарту не оның күшін жою мекеме бастығының не мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес оны алмастыратын адамның қаулысымен ресімделеді. Қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
Тармақ 6
6. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) мекеменiң iшкi тәртiптеме қағидаларымен ұйықтауға бөлiнген уақыттан басқа кезде, мекеме әкімшілігінің рұқсатымен мекеме аумағының шегiнде жүрiп-тұруға;
Тармақша 2
2) азаматтық киiм киiп жүруге;
Тармақша 3
3) ақшаны шектеусіз пайдалануға;
Тармақша 4
4) мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен, eгep бұл бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін қажет болса, мекемеге iргелес аумақтың шекарасы шегiнде айына бір рет сағат тоғыздан он сегізге дейін қадағалаусыз жүрiп-тұруға;
Тармақша 5
5) тоқсан сайын бір қысқа мерзімді және алты айда бір рет ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
Тармақ 7
7. Еңбек шартын жасасу мен тоқтатуды және басқа жұмысқа ауыстыруды қоспағанда, сотталғандардың еңбегi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi. Еңбек шартын жасасуды, оны тоқтатуды және сотталған адамды басқа жұмысқа ауыстыруды мекеме әкiмшiлiгiн хабардар ете отырып, жұмыс берушi жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Мекеме әкiмшiлiгi сотталғандарды мекеменiң кәсiпорнына не мұндай мүмкiндiк болмаған кезде, мекеме шегінен тыс жерде, бірақ ол орналасқан астананың, тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың шегiнде орналасқан қылмыстық-атқару жүйесінің басқа мекемесіне, аумақтық органына не қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органына, оларды тиiсінше бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету шартымен сотталғандарға тұру құқығы беріліп, мекеме әкiмшiлiгi мен жұмыс берушi арасындағы шарттардың негiзiнде жұмысқа орналастырады. Сотталғандар мекеме әкімшілігі мен жұмыс беруші арасындағы шарттар негізінде, тұру құқығынсыз, мекеме орналасқан астана, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала шегіндегі өзге де ұйымдарда жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде тұру құқығы дәрежесі теріс мінез-құлықты сотталғандарға берілмейді.
Тармақ 9
9. Мекеме әкiмшiлiгi:
Тармақша 1
1) қылмыстық-атқару жүйесiнің жоғары тұрған органдарының жазбаша нұсқауы бойынша;
Тармақша 2
2) оны босату кезiнде;
Тармақша 3
3) төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген кезде;
Тармақша 4
4) сотталған адам жазаны өтеу тәртiбiн бұзған жағдайда;
Тармақша 5
5) жұмыс берушi шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда;
Тармақша 6
6) мекемеде ерекше жағдайлар режимі енгізілген кезде сотталған адамды жұмысқа орналастырылған ұйымнан кері шақыртып алуға мiндеттi. Осы бөліктің 3) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде қалдырылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Сотталғандарға мекеме орналасқан астана, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала аумағының шегiнде орналасқан жоғары және орта бiлiмнен кейiнгi білім беру ұйымдарында сырттай, оның ішінде мекемеде тиісті техникалық жағдайлар болған кезде қашықтықтан оқуға рұқсат етiледi.
Бап 144. 144-бап. Толық қауіпсіз мекемелер
144-бап. Толық қауіпсіз мекемелер
Тармақ 1
1. Толық қауіпсіз мекемелерде жаза мерзiмiнiң бір бөлiгiн толық қауіпсіз мекемеде өтеумен бес жылдан астам мерзiмге сотталғандар, сондай-ақ орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге толық қауіпсіз мекемеге ауыстырылған сотталғандар ұсталады. Сотталғандар толық қауіпсіз мекемелерде осы Кодекстiң 89-бабында көрсетiлген негiздер бойынша да ұсталуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Толық қауіпсіз мекемелерде қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайлар белгiленедi.
Тармақ 3
3. Дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің бір бөлігін толық қауіпсіз мекемеде өтеумен, бес жылдан астам мерзімге бас бостандығын айыруға сотталғандар мен қатаң және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.
Тармақ 4
4. Орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге толық қауіпсіз мекемеге ауыстырылған сотталғандар, қасқөйлікпен бұзушы деп танылған, дағдылы және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын қатаң жағдайларда өтейді. Бұл ретте, өтеудің қатаң жағдайларында өтеу мерзімі сотталғанның толық қауіпсіз мекемеге нақты келген күнінен бастап есептеледі.
Тармақ 5
5. Сотталған жүкті әйелдер мен жанында жас балалары бар сотталған әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар сотталғандар қатаң жағдайларда ұсталмайды.
Тармақ 6
6. Жаза мерзімінің кемінде бір жылын өтегеннен кейін, дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жеңілдетілгеніне не қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстырылады.
Бап 145. 145-бап. Толық қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
145-бап. Толық қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
Тармақ 1
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар толық қауіпсіз мекемелерде камераларда ұсталады. Сотталған адамның жазбаша өтініші бойынша, сондай-ақ сотталған адамның жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген не басқа сотталғандардың немесе мекеме персоналының өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін сотталған адамды оқшаулау қажет болған жағдайларда, мекеме бастығының уәжді қаулысы бойынша және прокурордың келiсiмiмен мұндай сотталғандар жалғыз адамдық камераларда ұсталады. Қатер төндіретін сотталғандарды, сондай-ақ жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген сотталғандарды ұстау үшін сыйымдылығы үлкен камералар пайдаланылуы мүмкін. Сотталғандардың өтініші бойынша жалғыз адамдық камераларға ауыстыру жалғыз адамдық бос камералар болған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Сотталғандарды камераларға орналастыру осы Кодекстiң 94-бабында көзделген талаптар сақтала отырып жүргiзiледi. Жазаны өтеудің қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайларындағы сотталғандар бөлек ұсталады. Шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн толық қауіпсіз мекемелерге жіберілген сотталғандар басқа сотталғандардан оқшауланып ұсталады.
Тармақ 3
3. Сотталғандардың сейілдеуі камера бойынша күндiзгi уақытта арнайы жабдықталған аумақ бөлiгiнде ашық ауада жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл iшiнде бір сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде екі қысқа мерзімді кездесу алуға;
Тармақша 4
4) күн сайын ұзақтығы бiр сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқылы.
Тармақ 5
5. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл ішінде екі сауқат немесе сәлемдеме және екі бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде екі қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға;
Тармақша 4
4) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқылы.
Тармақ 6
6. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты жеті айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді және үш ұзақ мерзімді кездесу алуға;
Тармақша 4
4) күн сайын ұзақтығы екі сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқылы.
Тарау 23. 23-тарау. КАМЕРАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ҰСТАУМЕН БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
23-тарау. КАМЕРАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ҰСТАУМЕН БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бап 146. 146-бап. Сотталғандарды камералық жағдайда ұстау мекемесі
146-бап. Сотталғандарды камералық жағдайда ұстау мекемесі
Тармақ 1
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мекемеге қабылдауды әкімшілік мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Тармақ 2
2. Мекемеге келген сотталғандар он бес тәулікке дейiнгi мерзiмге карантин бөлімшесіне орналастырылады. Карантин бөлiмшесінде болған кезеңде сотталған адамның жеке басы зерделенеді, оның психологиялық портреті жасалады, сондай-ақ онымен жұмыс жасау әдістері әзірленеді және оны басқа сотталғандармен ұстау үйлесімділігі айқындалады.
Тармақ 3
3. Камералар жеке жатын орындарымен, киімге, iшкиiмге және ыдысқа арналған шкафтармен, санитариялық тораппен және қолжуғышпен жабдықталады.
Тармақ 4
4. Камералардағы сотталғандарға ұзақтығы:
Тармақша 1
1) қатаң ұстау жағдайларында – бір жарым сағаттық;
Тармақша 2
2) дағдылы ұстау жағдайларында – төрт сағатқа дейін сейілдеу беріледі. Сотталғандарды сейілдеуге шығарған кезеңде камераларда тінтулер мен техникалық қарап-тексерулер жүргізіледі. Сотталғандар сейілдеуде болған уақытта камералар құлыпталады, оларда сотталғандардың болуына жол берілмейді. Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайлардағы сотталғандардың сейілдеулері блок бойынша (қабат бойынша), оқшауланған учаскелердің бөлек сейілдеу аулаларында жүргізіледі. Қатаң жағдайлардағы сотталғандардың сейілдеулері камералар бойынша сейілдеу камераларында жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Жеңілдетілген және жеңілдікті ұстау жағдайларындағы сотталғандар сағат оннан жиырмаға дейін камерадан тыс жерде бола алады.
Тармақ 6
6. Сотталғандардың тамақ ішуі камера бойынша, сондай-ақ асханада жүзеге асырылады. Өндірістік аймаққа жұмысқа шығарылатын, сондай-ақ жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда ұсталатын сотталғандар өндірістік объектілердің және тұрғын аймақтың асханаларында тамақ ішеді.
Тармақ 7
7. Осы баптың бесінші және алтыншы бөліктерінде, сондай-ақ мекемелерде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, камералардың есіктерін ашуға тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Камера бойынша ұстау мекемелерінде ұсталатын сотталғандарды қадағалау мекемелердегі сотталғандарды қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 147. 147-бап. Камералық ұстаудың негізгі жағдайлары
147-бап. Камералық ұстаудың негізгі жағдайлары
Тармақ 1
1. Сотталғандар камераларға осы Кодекстің 115-бабының бірінші бөлігінде белгіленген тұрғын алаңы нормаларына сәйкес орналастырылады. Әрбір секция душ кабиналарымен жабдықталады. Сотталғандарды ұстауға арналған камералар санитариялық талаптарға сәйкес жабдықталады.
Тармақ 2
2. Сотталғандарды тексеру камера бойынша корпустарда, тексеру карточкалары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Сотталғандарға темекі шегуге осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда ғана рұқсат беріледі.
Тармақ 4
4. Сотталғандарға тиесілі темекі өнімдері мен сіріңке, оттықтар да сақтау камерасындағы арнайы жабдықталған шкафта (жәшікте) сақталады.
Тармақ 5
5. Сотталғандардың медицина қызметкерінің қабылдауына (медициналық қарап-тексеруге) алдын ала жазылуы сотталғандардың өтініші бойынша бақылаушылар қызметі кезекшілікті қабылдау-тапсыру және сотталғандарды салыстырып тексеру кезінде жүзеге асырылады. Сотталған адам емдеуге жатқызылған кезде стационарлық жағдайларда медициналық көмек алу үшін мекемеде орналасқан медициналық ұйымға ауыстырылады. Мекемеде орналасқан медициналық ұйымда медициналық бұйымдар және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандар болмағандықтан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда, сотталған адам өзге тиісті медициналық ұйымға емдеуге жатқызылады.
Бап 148. 148-бап. Камералық ұстау мекемелерінде сотталғандармен тәрбие жұмысы
148-бап. Камералық ұстау мекемелерінде сотталғандармен тәрбие жұмысы
Тармақ 1
1. Камералық ұстау мекемелерінде сотталғандармен тәрбие жұмысы осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жеке тәрбие жұмысы сотталғандар ұсталатын камераларда жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Тәрбие жұмысын топтық және жаппай нысандарда жүргізген кезде камераларда ұсталатын сотталғандар соған арналған үй-жайларда шағын және үлкен топтарға біріктіріледі.
Тармақ 4
4. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын ұйымдастыру осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 149. 149-бап. Камералық ұстау жағдайларындағы сотталғандардың еңбегі
149-бап. Камералық ұстау жағдайларындағы сотталғандардың еңбегі
Тармақ 1
1. Сотталғандардың еңбегі арнайы жабдықталған жұмыс камераларында ұйымдастырылады.
Тармақ 2
2. Сотталғандардың камералардан тыс еңбегі мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Жұмыс басталар алдында және аяқталғаннан кейін сотталғандарға, олардың заттары мен киіміне, сондай-ақ жұмыс камерасына жете тексеру мен тінту жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Жұмыс камералары болмаған кезде еңбек өндірістік аймақтың оқшауланған учаскелерінің аумағында ұйымдастырылады.
Тарау 24. 24-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
24-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бап 150. 150-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу тәртібі
150-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу тәртібі
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеудiң қатаң, дағдылы, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайлары белгiленедi.
Тармақ 2
2. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде дағдылы жағдайларда жаңадан келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудiң қатаң, жеңiлдетiлген немесе жеңiлдiктi жағдайларынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
Тармақ 3
3. Дағдылы жағдайларда кемінде алты айын өтегеннен кейін жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалауы болмаған және еңбек пен оқуға адал қараған кезде, дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады.
Тармақ 4
4. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар болып табылатын сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады. Жеңiлдетiлген жағдайларға қайта ауыстыру осы баптың үшінші бөлігінде айқындалатын тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Дәрежесі үшінші оң мінез-құлықты, кемінде үш ай жеңілдетілген жағдайларда болған сотталғандар еңбек пен оқуға адал қараған кезде мерзімін өтеу бойынша босатылғанға дейін бір жыл қалғанда жеңілдікті жағдайларға ауыстырылады.
Тармақ 6
6. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар болып табылатын сотталғандар жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады. Жеңілдікті жағдайларға қайта ауыстыру жеңілдетілген жағдайларға қайтарылғаннан кейін кемінде алты ай өткен соң жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған сотталғандар үштен алты айға дейінгі мерзімге дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайлардан қатаң жағдайларға ауыстырылады.
Тармақ 8
8. Сотталғандарды бір жағдайдан басқасына ауыстыру оқу-тәрбие кеңесінің ұсынуы негізінде мекеме комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі. Мекеме комиссиясының жұмысына астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ жұртшылық өкілдері қатыса алады.
Тармақ 9
9. Мекеме бастығы жазаны өтеудің тәртібін бұзуды жасау мүмкіндігін жою үшін сотталған адамды уақытша оқшаулау үй-жайына ауыстыру, бірақ қырық сегіз сағаттан аспайтын мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Мекеме бастығы болмаған жағдайда, сотталған адамды уақытша оқшаулау үй-жайына ауыстыру туралы шешімді мекеме бастығының кезекші көмекшісі қабылдайды. Сотталған адамды уақытша оқшаулау үй-жайына ауыстыру туралы қаулы сотталған адамды онда ұстау мүмкіндігі тұрғысынан медициналық куәландырғаннан кейін шығарылады. Уақытша оқшаулау үй-жайына жабылған сотталған адам екі сағаттық сейілдеу құқығы беріле отырып, ауыстырылғанға дейін оған айқындалған ұстау жағдайларында жазасын өтейді. Шешімнің көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
Бап 151. 151-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
151-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
Тармақ 1
1. Дағдылы жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл iшiнде сегiз қысқа мерзiмдi және төрт ұзақ мерзімді кездесу алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде он сауқат немесе сәлемдеме және он бандероль алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Жеңiлдетiлген жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл iшiнде жиырма төрт қысқа мерзiмдi және алты ұзақ мерзімді кездесу алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде он төрт сауқат немесе сәлемдеме және он төрт бандероль алуға құқылы. Мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен ұзақ мерзімді кездесулер оның шегінен тыс жерде өткiзіледі.
Тармақ 3
3. Жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар мекеменің шегінен тыс жерде күзетсiз, бiрақ бақылауда және қадағалауда болып, жақсартылған тұрғын үй-жайларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатын шектеусiз жұмсауға;
Тармақша 2
2) ақшаны пайдалануға;
Тармақша 3
3) шектеусiз қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзімді кездесулер алуға;
Тармақша 4
4) саны шектеусіз сауқаттар немесе сәлемдемелер және бандерольдер алуға;
Тармақша 5
5) азаматтық үлгiдегi киiм мен аяқкиiм пайдалануға құқылы.
Тармақ 4
4. Қатаң жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар оқудан немесе жұмыстан бос уақытта құлыпталатын камераларда тұрады. Олар:
Тармақша 1
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатынан сегіз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
Тармақша 2
2) бір жыл iшiнде алты қысқа мерзiмдi және екi ұзақ мерзімді кездесу алуға;
Тармақша 3
3) бір жыл ішінде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға құқылы.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмаған сотталғандарға, осы Кодекстің 104-бабының үшінші бөлігінде көзделген тыйым салулардан басқа:
Тармақша 1
1) темекі өнімдерін тұтынуға және сақтауға;
Тармақша 2
2) жалпы білім беретін ұйымдарда, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында өткізілетін сабақтарды дәлелсіз себептермен жіберіп алуға;
Тармақша 3
3) жалпыға міндетті іс-шараларды дәлелсіз себептермен жіберіп алуға тыйым салынады.
Бап 152. 152-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде қолданылатын көтермелеу шаралары
152-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде қолданылатын көтермелеу шаралары Сотталғандарға жақсы мінез-құлқы, еңбек пен оқуға адал қарағаны, ерікті ұйымдардың жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін осы Кодекстің 128-бабында көзделгендермен қатар мынадай көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) қызметкерлердің еріп жүруімен мекеменің шегінен тыс жердегі мәдени-ойын-сауық және спорттық іс-шараларға бару құқығын беру;
Тармақша 2
2) ата-аналарының немесе жақын туыстарының еріп жүруімен мекеменің шегінен тыс жерге шығу құқығын беру. Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған көтермелеулердің күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысымен немесе прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.
Бап 153. 153-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде көтермелеу шараларын қолдану ерекшеліктері
153-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде көтермелеу шараларын қолдану ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Осы Кодекстің 152-бабында көзделген көтермелеу шаралары қолданылған сотталғандарға өздеріне тиесілі азаматтық киім беріледі.
Тармақ 2
2. Түнгі уақытта мәдени-ойын-сауық, спорттық және өзге де іс-шараларға баруға жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Мекеменің шегінен тыс жерге шығу ұзақтығын мекеме бастығы белгілейді, бірақ ол сегіз сағаттан аспауға тиіс.
Бап 154. 154-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазалау шараларын қолдану тәртібі
154-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазалау шараларын қолдану тәртібі
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмаған сотталғандардың осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген талаптарды орындамауы жазаны өтеудің тәртiбiн бұзуы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзуы болып табылады:
Тармақша 1
1) мекемені абаттандыру және онда тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстардан дәлелсіз себептермен бас тарту;
Тармақша 2
2) алкогольді, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану;
Тармақша 3
3) мекеме әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiне қатер төндіру, оларды қорлау, оларға бағынбаушылық, оның iшiнде жазаны өтеу режимін бұзу мақсатында, өзiне қандай да бiр қасақана зақым келтірумен ұштасқан бағынбаушылық;
Тармақша 4
4) мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін беру (алу), дайындау, сақтау;
Тармақша 5
5) материалдық немесе өзге де пайда табу мақсатында карта ойнау, сондай-ақ құмар ойындарына қатысу;
Тармақша 6
6) сот тағайындаған міндетті және мәжбүрлеп емдеуден жалтару;
Тармақша 7
7) сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау;
Тармақша 8
8) осы бөліктің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтарды жасауға бағытталған сотталғандар топтарын ұйымдастыру немесе оларға белсенді түрде қатысу.
Тармақ 3
3. Сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары:
Тармақша 1
1) ескерту;
Тармақша 2
2) сөгіс;
Тармақша 3
3) қатаң сөгіс;
Тармақша 4
4) жетпіс екі сағатқа дейінгі мерзімге уақытша оқшаулау үй-жайына жабу қолданылады. Сотталған адамға қатысты жазалау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
Тармақ 4
4. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды жасаған сотталған адам, оған қатаң сөгіс түрінде жазалау екі және одан көп рет қолданылған кезде, мекеме бастығының қаулысымен жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылады.
Тармақ 5
5. Кәмелеттік жасқа толған сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін осы Кодекстің 131 – 134-баптарында көзделген тәртіппен жазалау шаралары қолданылады.
Тармақ 6
6. Сотталғандар уақытша оқшаулау үй-жайынан емдеу-профилактикалық мекемелерге, сондай-ақ медициналық денсаулық сақтау ұйымдарына ауыстырылған жағдайда, олардың көрсетілген емдеу мекемелерінде болу мерзімі жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.
Тармақ 7
7. Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалардың күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысымен не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.
Бап 155. 155-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде кәмелеттік жасқа толған бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қалдыру
155-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде кәмелеттік жасқа толған бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қалдыру
Тармақ 1
1. Он сегіз жасқа толған, бас бостандығынан айыруға сотталғандар өздерінің келісімімен, бірақ көп дегенде олар жиырма бір жасқа толғанға дейiн мекемеде қалдырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Мекемеде қалдырылған сотталғандарға кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған жазаны өтеу жағдайлары, тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары қолданылады.
Тармақ 3
3. Он сегіз жасқа толған сотталғандарды мекемеде қалдыру туралы шешімді сот мекеме бастығының ұсынуының негізінде қабылдайды.
Бап 156. 156-бап. Сотталғандарды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден басқа мекемелерге ауыстыру
156-бап. Сотталғандарды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден басқа мекемелерге ауыстыру Он сегіз жасқа толған сотталғандар өздерінің келісімімен, сондай-ақ жиырма бір жасқа толған сотталғандар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен сот шешімі бойынша жазасын одан әрi өтеу үшiн орташа қауіпсіз мекемеге ауыстырылады.
Бап 157. 157-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
157-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Сотталғандарды түзеу және оларды әлеуметтік бейімдеу мақсатында мекемелерде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, сотталғандардың құқыққа бағынушылық мінез-құлқын, еңбек пен оқуға адал көзқарасын қалыптастыруға, олардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуына, мәдени деңгейін арттыруына бағытталған бірыңғай оқу-тәрбие процесі ұйымдастырылады.
Тармақ 2
2. Сотталғандармен тәрбие жұмысы жеткіншектерге тән психологиялық-физиологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып, психологиялық-педагогикалық ықпал ету әдістері негізінде жеке, топтық және көпшілік нысандарда жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық кәсіптік және қосымша білім алуы Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысына қамқоршылық кеңестер, сондай-ақ ата-аналар комитеті қатысады.
Бөлім 5. 5-БӨЛІМ. ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
5-БӨЛІМ. ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
Тарау 25
Бап 159. 159-бап. Өлiм жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы
159-бап. Өлiм жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы
Тармақ 1
1. Үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн бір жыл ішінде сотталған адамның белгiленген тәртiппен кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзген жағдайда, сотталған адамның мораторий енгiзiлгенге дейiн не оның қолданылу уақытында бұл жайында өтiнiшхат бергенiне не бермегенiне қарамастан, мораторийдiң күшi жойылғаннан кейiн де бiр жыл iшiнде кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Сотталған адам:
Тармақша 1
1) заңда көзделген тәртiппен азаматтық-құқықтық және неке-отбасы қатынастарын ресiмдеуге;
Тармақша 2
2) білікті заң көмегiн алуға және кездесулердің құпиялылығы қамтамасыз етілген жағдайларда адвокатпен ұзақтығы мен саны шектеусіз оңаша кездесуге;
Тармақша 3
3) қажеттi медициналық көмек алуға;
Тармақша 4
4) шектеусіз хат алуға және жiберуге;
Тармақша 5
5) ай сайын жұбайымен, жақын туыстарымен бiр қысқа мерзiмдi кездесуге;
Тармақша 6
6) дiн қызметшісiмен кездесуге;
Тармақша 7
7) күн сайын ұзақтығы отыз минуттық сейілдеуді пайдалануға;
Тармақша 8
8) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға толық қауіпсіз мекемеде қатаң жағдайларда ұсталатын сотталғандар үшiн көзделген мөлшерде ақша жұмсауға құқылы.
Тармақ 3
3. Өздерiне қатысты сот үкiмi заңды күшiне енген, бiрақ кешiрiм жасау туралы мәселесi шешiлмеген не өздерінің кешiрiм жасау туралы өтiнiшхаты қанағаттандырылған өлiм жазасына сотталғандар жазасын одан әрi өтеу үшiн мекемеге жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 141-бабында көзделген жағдайларда ұсталады.
Тармақ 4
4. Өздерiне қатысты кешiрiм жасау туралы өтiнiшхат қабылданбаған өлiм жазасына сотталғандар үкiмдi орындау үшiн тиiстi мекемелерге жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 145-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда ұсталады.
Бап 160. 160-бап. Өлiм жазасын орындау тәртiбi
160-бап. Өлiм жазасын орындау тәртiбi
Тармақ 1
1. Өлiм жазасы жария етілмей ату арқылы орындалады. Бiрнеше адамға қатысты өлiм жазасын орындау әрбiр адамға қатысты жеке және басқалары болмағанда жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Өлiм жазасын орындау кезiнде прокурор, өлiм жазасы орындалатын мекеменiң өкiлi және дәрiгер қатысады.
Тармақ 3
3. Сотталған адамның өлімін дәрiгер растайды. Сот үкiмiнiң орындалғаны туралы хаттама жасалады, оған осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдар қол қояды.
Тармақ 4
4. Жазаны орындаған мекеме әкімшілігі үкім шығарған сотты, сондай-ақ сотталған адамның зайыбын немесе жақын туыстарының бірін өлім жазасының орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті. Мәйіттің жерленген жері туралы зайыбына немесе туыстарына жерленген күннен бастап екі жыл өткен соң хабарланады.
Тармақ 5
5. Мекеме әкімшілігі азаматтық хал актілерін жазу органына белгіленген үлгідегі хабарлама жібереді және зайыбына немесе туыстарына қайтыс болу туралы куәлікті алуға болатын жер туралы хабарлайды.
Бөлім 6. 6-БӨЛІМ. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ. ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛҒАН СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ. ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
6-БӨЛІМ. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ. ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛҒАН СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ. ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Тарау 26. 26-тарау. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ
26-тарау. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ
Бап 161. 161-бап. Жазаны өтеуден босату негіздері
161-бап. Жазаны өтеуден босату негіздері
Тармақ 1
1. Мыналар жазаны өтеуден босату негiздерi болып табылады:
Тармақша 1
1) сот үкiмi бойынша тағайындалған жаза мерзiмiн өтеп болу;
Тармақша 2
2) iс бойынша ақтау үкiмiн шығарумен немесе iс жүргiзудi тоқтатумен сот үкiмiнің күшiн жою;
Тармақша 3
3) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату;
Тармақша 4
4) жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру;
Тармақша 5
5) рақымшылық жасау туралы акт;
Тармақша 6
6) кешiрiм жасау туралы акт;
Тармақша 7
7) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен тiзбеде көзделген, сотталған адамның ауруы;
Тармақша 8
8) заңда көзделген өзге де негiздер.
Тармақ 2
2. Мекеме әкімшілігі жаза мерзімін өтеген соң босатылғанға дейін бір ай қалғанда, ал басқа да негіздер бойынша – босатылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін жібереді. Пробация қызметі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін алғаннан кейін тиісті мекемеге, сондай-ақ үкім шығарған сотқа хабарлама жібереді.
Тармақ 3
3. Мекеменің әкімшілігі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза түрінің мерзімі өтелмеген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босатылатын адамнан келген күнінен бастап таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне бес күндік мерзімде міндетті түрде келуі туралы қолхат алады.
Тармақ 4
4. Сотталған адам таңдаған тұрғылықты жеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен өзі барады.
Бап 162. 162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi
162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi
Тармақ 1
1. Сотталған адам заңда белгiленген жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн өтеген кезде жазаларды орындайтын мекеме немесе орган сотталған адамды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру туралы мәселенi қарау үшiн сотқа өтiнiшхат беру құқығының басталғаны туралы бес күндік мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Кешiрiм жасау туралы өтінішхатты жазаны орындайтын мекеме немесе орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен енгiзедi.
Тармақ 3
3. Сотталған адамның жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру және кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатына жазаны орындайтын мекеме немесе орган оның жеке басына, жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқына, еңбек пен оқуға деген көзқарасына мінездеме беретін деректердi қоса бередi.
Тармақ 4
4. Рақымшылық жасауды қолдану тәртiбiн рақымшылық жасау туралы актiнi шығарған орган айқындайды.
Тармақ 5
5. Психикасының бұзылуы салдарынан жазаны өтеуден босату туралы ұсынуды сотқа жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсынумен бiр мезгілде медициналық комиссияның қорытындысы және сотталған адамның жеке iсi жіберіледі.
Тармақ 6
6. Ауыр сырқатына байланысты жазаны өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы ұсынуды сотқа жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсынумен бiр мезгілде сотқа медициналық комиссияның қорытындысы және сотталған адамның жеке iсi жіберіледі. Ұсынуда сотталған адамның жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқына мінездеме беретін деректер болуға тиiс.
Тармақ 7
7. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде жазаны орындайтын орган сотқа оны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы ұсыну енгізеді.
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға сотталған әйелдiң жүктiлiгi анықталған жағдайда, жазаны орындайтын орган жүктiлiгiне және босануына байланысты демалыс берілген күннен бастап оның жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру туралы сотқа ұсыну енгiзедi.
Тармақ 9
9. Мекеме әкімшілігі немесе жазаны орындайтын орган сотталған адам жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру туралы өтiнiшхатпен жүгінгеннен кейiн оны он күн iшiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетілген материалдарды және сотталған адамның жеке iсiн қоса бере отырып, сотқа жiберуге, сондай-ақ осы баптың оныншы бөлігінде көзделген ережелерді сақтай отырып, прокурорды жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi. Сотқа материалдар мен прокурорға хабарлама электронды құжат түрінде жіберілуі мүмкін.
Тармақ 10
10. Жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы өтінішхатты қарау кезінде сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жағдайлар болса, сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға не оның жазасының өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыруға немесе одан бас тартуға құқылы. Сот бас тартқан жағдайда, осы бөліктің үшінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, көрсетілген негіздердің кез келгені бойынша өтінішхатты қайта енгізу бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін мүмкін болады. Бұл ретте жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы соттың бас тартуы шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты, сол сияқты соттың шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартуы – жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішхатты алты ай мерзім өткенге дейін енгізуге кедергі бола алмайды. Сот өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан кезде, өтінішхат бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін қайта енгізілуі мүмкін.
Бап 163. 163-бап. Жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзiтәрбиелейтiн ерлерге жазаны орындауды кейiнге қалдыру
163-бап. Жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзiтәрбиелейтiн ерлерге жазаны орындауды кейiнге қалдыру
Тармақ 1
1. Мекемеде жазасын өтеп жүрген жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлерге сот бес жылға дейінгі мерзімге, бірақ әрі дегенде бала он төрт жасқа толғанға дейін жазаның орындалуын кейiнге қалдыруды беруі мүмкiн.
Тармақ 2
2. Жазаны орындауды кейінге қалдыру жеке басқа қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге сотталған адамдарға қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандардың жазасын орындауын кейінге қалдыру осы Кодекстің 52-бабының сегізінші бөлігіне, 57-бабының төртінші бөлігіне және 69-бабының үшінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мекеме әкiмшiлiгi сотталған адамға жазаны орындауды кейiнге қалдыруды қолдану туралы ұсынуды немесе оның өтiнiшхатын сотқа жібереді. Бұларға: сотталған адамға мiнездеме; пробация қызметі жасаған, сотталған адамның, сотталған адамды және баланы қабылдауға, оларға тұрғын үй беруге және тұруы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға келiскен оның жұбайының (зайыбының) немесе туыстарының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеп-қарау актiсi; жүктiлiгi туралы медициналық қорытынды не баласының бар екендiгi туралы анықтама, сондай-ақ сотталған адамның жеке iсi қоса беріледі.
Тармақ 5
5. Мекеме әкiмшiлiгi сотталған адамға қатысты жазаны орындауды кейiнге қалдыру туралы сот қаулысын алған бойда оны босатады. Сотталған адамнан келген күнiнен бастап бес жұмыс күні ішінде өзiнiң тұрғылықты жерiндегі пробация қызметіне келуі туралы қолхат алынады.
Тармақ 6
6. Сотталған адам тұрғылықты жерiне бюджет қаражаты есебiнен өзi барады.
Тармақ 7
7. Босатылған күнi сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі пробация қызметіне босатылған күнi көрсетiлiп, жазаның орындалуын кейiнге қалдыру туралы сот қаулысының көшiрмесi жiберiледi.
Тармақ 8
8. Пробация қызметі сотталған адам келгеннен кейін үш жұмыс күні iшiнде оны есепке қоюға, босатылған орны бойынша мекемеден оған мінездеме беретін материалдарды сұратуға және бұдан әрi оның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 9
9. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған сотталған адам босатылған күннен бастап екі апта мерзімде келмеген жағдайда, пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және заңда белгіленген тәртіппен оған іздестіруді жариялау үшін сотқа материалдар жібереді.
Бап 164. 164-бап. Жазаны орындауды кейінге қалдыру шарттарын сақтамау салдарлары
164-бап. Жазаны орындауды кейінге қалдыру шарттарын сақтамау салдарлары
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртiптi бұзуға жол берген, өзiне жазаны орындауды кейiнге қалдыру қолданылған сотталған адамға қатысты, егер кейiнге қалдыру кезеңiнде оған әкiмшiлiк жазалау не тәртiптiк ықпал ету шаралары қолданылған болса не егер ол баланы тәрбиелеуден немесе оны күтiп-бағудан жалтарса, пробация қызметі жазбаша ескерту шығарады.
Тармақ 2
2. Сотталған адам баладан бас тартқан, не баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырған, не бақылаудан жалтарған, не қоғамдық тәртiптi бұзуды жалғастырған жағдайларда, екі рет жазбаша ескертуден кейiн пробация қызметі сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі сотқа жазаны орындауды кейiнге қалдырудың күшiн жою және сотталған адамды сот үкiмiмен тағайындалған жазаны өтеуге жiберу туралы ұсыну енгiзедi. Ұсынуға жазаны орындауды кейiнге қалдыру туралы сот шешімінің көшiрмесi қоса беріледі.
Тармақ 3
3. Жазаны орындауды кейiнге қалдыру мерзiмi өткеннен кейiн немесе бала қайтыс болған не жүктiлiк үзiлген жағдайларда, сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі пробация қызметі оның мiнез-құлқын ескере отырып, сотқа жазаның қалған бөлiгiн өтеуден босату не жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңіліне ауыстыру не оны мекемеге жiберу туралы ұсыну жібереді.
Бап 165. 165-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi
165-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi
Тармақ 1
1. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, қамаққа алу, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеу, заңға сәйкес жаза мерзiмiне енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстер ескеріле отырып, жаза мерзiмiнiң соңғы күнi тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Қамаққа алуға және бас бостандығынан айыруға сотталғандар жаза мерзiмiнiң соңғы күнiнiң бiрiншi жартысында босатылады. Жазаны өтеу мерзімінің соңғы күні деп жаза мерзімінің басталуы есептелген күннің алдындағы күн есептеледі. Егер жаза мерзiмi демалыс немесе мереке күнi аяқталатын болса, сотталған адам демалыс немесе мереке күнінің алдындағы күнi жазасын өтеуден босатылады. Жаза мерзiмi айлармен есептелген кезде, ол соңғы айдың тиiстi күнiнде, ал егер бұл айда тиiстi күн болмаса, онда сол айдың соңғы күнiнде аяқталады.
Тармақ 3
3. Сотталған адамға босатылған кезде оған тиесiлi заттары, құнды заттары, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында сақтаулы ақшасы және жеке құжаттары, сондай-ақ жазасын өтегенi туралы немесе жазадан босатылғаны туралы құжат берiледi.
Тармақ 4
4. Қамаққа алу түрiндегi жазадан босатылатын адамның немесе әкімшілік қадағалау белгіленбей бас бостандығынан айыру мерзімін өтегеннен кейін босатылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттары, оның еңбек кiтапшасы мен зейнетақы куәлiгi, сондай-ақ сотталған адамның жеке ісінде сақталатын өзге де жеке құжаттары оған босатылған кезде қолына берiледi. Сотталған адамның жеке iсiнде жеке басын куәландыратын құжаттары, еңбек кiтапшасы мен зейнетақы куәлiгi болмаған кезде мекеменiң әкiмшiлiгi босатылғанға дейінгі алты ай қалғанда оларды ресімдеу жөнінде шаралар қолданады. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын, бас бостандығынан айыруды жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру, жазаны өтеуді және мекемеден босатылатын адамды қосымша жазалауды кейінге қалдыру кезінде, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген, мерзімін өтеген соң босатылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттары таңдаған тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарына жіберіледі және ішкі істер органдарында және пробация қызметінде тиісті есепке қойылғаннан кейін беріледі.
Тармақ 5
5. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босату тиiстi құжаттар келіп түскен күнi, ал егер құжаттар жұмыс күнi аяқталғаннан кейін алынса – келесi күнi таңертең жүргiзiледi.
Тармақ 6
6. Пробация қызметі түзеу жұмыстары түрiндегi жаза мерзімі аяқталған күнi, ал басқа да негiздер бойынша осы жазадан босатылған кезде тиiстi құжаттарды алғаннан кейін келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, сотталған адам жазасын өтеп жүрген кәсiпорынның, мекеменiң немесе ұйымның әкiмшiлiгiн оның жалақысынан ұстап қалудың тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Сотталған адамға жазасын өтегенi туралы құжат берiледi.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарының негізінде қылмыстық iстiң тоқтатылуына, ақтау үкiмiнің шығарылуына байланысты үкiмнiң күшi жойылуы нәтижесінде жазасын өтеуден босатылған адамға жазаны орындайтын мекеменің немесе органның бастығы оның мүлiктік, еңбек, тұрғын үй және өзге де айырылған құқықтарын қалпына келтiру құқығын түсiндiредi. Босату туралы құжатта сотталған адамнан мемлекет атынан ресми кешiрiм сұралады.
Тармақ 8
8. Босатылғанға дейін бір ай қалғанда мекеме әкімшілігі сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін жібереді. Пробация қызметі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін алғаннан кейін тиісті мекемеге, сондай-ақ үкім шығарған сотқа хабарлама жібереді.
Тармақ 9
9. Мекеменің әкімшілігі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза түрінің мерзімі өтелмеген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамнан келген күнінен бастап таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне бес күндік мерзімде міндетті түрде келуі туралы қолхат алады.
Тармақ 10
10. Сотталған адам өзі таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен өзі барады.
Тарау 27. 27-тарау. ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛАТЫН СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ
27-тарау. ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛАТЫН СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ
Бап 166. 166-бап. Мекеме әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерi
166-бап. Мекеме әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерi
Тармақ 1
1. Мекеме әкiмшiлiгi бас бостандығынан айыру мерзiмi аяқталғанға дейiн бір жылдан кешiктiрмей, сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарын, ішкі істер органдарын оның алдағы уақытта босатылатыны, оның тұрғынжайының бар-жоғы, оның еңбекке қабiлеттілігi және алған мамандықтары туралы хабардар етеді. Мекеме әкімшілігі бұл ретте сотталған адамға босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімделу үшін қажетті әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемі бойынша жеке бағдарлама жасайды, ол сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға жолданады.
Тармақ 2
2. Сотталған адамды бостандыққа дайындау мақсатында онымен ұйымдастыру-тәрбиелеу іс-шаралары жүргiзiледi, оның құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi.
Тармақ 3
3. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ алпыс үш жастан асқан ерлер мен елу сегіз жастан асқан әйелдерді олардың жазбаша өтiнiшi және мекеменiң ұсынуы бойынша әлеуметтiк қорғау органдары қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға) жiбередi. Әлеуметтік көмекке мұқтаж өзге де адамдар олардың жазбаша өтініші және мекеменің ұсынуы бойынша әлеуметтік бейімдеу орталықтарына жіберіледі.
Бап 167. 167-бап. Жазасын өтеуден босатылатын адамдарға көмек көрсету
167-бап. Жазасын өтеуден босатылатын адамдарға көмек көрсету
Тармақ 1
1. Қамаққа алу, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеуден босатылатын адамдар өздері таңдаған тұрғылықты жерiне немесе жұмыс орнына дейiн тегiн жол жүрумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағының шегінде жол жүргенде тамақ өнімдерімен не ақшамен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 2
2. Мекемеден босатылатын адамның маусым бойынша қажетті киімі, аяқкиімі және оларды сатып алуға қаражаты болмаған жағдайда, ол бюджет қаражаты есебінен киіммен және аяқкиіммен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 3
3. Жазадан босатылатын адамдарды тамақпен, киiммен, аяқкиiммен қамтамасыз етудi, сондай-ақ жол жүруіне ақы төлеуді жазаны орындайтын мекеме жүргізеді.
Тармақ 4
4. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдерді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босату кезінде мекеме әкімшілігі олардың жұбайын (зайыбын), туыстарын не сотталған адамның өтінішінде аталған өзге де адамдарды, сондай-ақ сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметін алты ай бұрын хабардар етеді.
Тармақ 5
5. Мекемелерден босатылатын, денсаулық жағдайы бойынша ұдайы күтiмге мұқтаж адамдар, сондай-ақ он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар тұрғылықты жерiне жұбайының (зайыбының), туыстарының немесе оларды алып кетуге келген өзге де адамдардың не мекеме немесе сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жұмыскерiнің еріп жүруімен жiберiледi.
Бап 168. 168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету
168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету
Тармақ 1
1. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi:
Тармақша 1
1) жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, сондай-ақ оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсетеді;
Тармақша 2
2) мекемелерден босатылған адамдар үшін жыл сайын жұмыс орындарына квоталар бөледі, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыратын жеке және заңды тұлғаларды көтермелейді.
Тармақ 2
2. Мекемеден босатылған адам жұмысқа және тұрмыста орналасуда өзіне көмек ұсынылуы және әлеуметтік көмектің өзге де түрлері ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Бап 169. 169-бап. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын пробациялық бақылау
169-бап. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын пробациялық бақылау
Тармақ 1
1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын бақылауды оның тұрғылықты жерiндегі iшкi iстер органдарының полиция қызметкерлері қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамды тиiсiнше бақылауды қамтамасыз ету және оның тұрған жерi туралы ақпарат алу үшiн iшкi iстер органдарының полиция қызметкерлері тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітетін электрондық бақылау құралдарын қолдануға құқылы. Электрондық бақылау құралдарын қолдану өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға міндетті болып табылады. Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Ішкі істер органдары шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдарды жазасының қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде дербес есепке алуды жүзеге асырады, оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуын бақылайды.
Тармақ 3
3. Егер шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылған адам жазасының қалған өтелмеген бөлігі ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, сол үшін оған әкімшілік жаза қолданылған болса немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан қаскөйлікпен жалтарған болса, қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде қайталап қылмыс жасаса, сотқа дейінгі іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабы бірінші бөлігінің, 68-бабы бірінші және үшінші бөліктерінің, 78-бабы екінші және төртінші бөліктерінің негізінде тоқтатылған жағдайда, ішкі істер органы сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазасының қалған өтелмеген бөлігін орындау туралы ұсыну жібереді.
Тармақ 4
4. Ішкі істер органдары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды есепке қойғаннан кейін:
Тармақша 1
1) оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның жергілікті атқарушы органдарға келуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) сот қаулысының көшірмесін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Тармақ 5
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
Тармақ 8
8. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам:
Тармақша 1
1) мекемеден босатылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркеуден өтуге;
Тармақша 2
2) өзі есебінде тұрған ішкі істер органына айына кемінде бір рет өзінің мінез-құлқы туралы есеп беру үшін келіп тұруға;
Тармақша 3
3) ішкі істер органдары айқындаған уақытта тұрғылықты жерін тастап кетпеуге;
Тармақша 4
4) ішкі істер органдарын жазбаша хабардар етпестен тұрақты тұрғылықты жерін, жұмыс пен оқу орнын ауыстырмауға;
Тармақша 5
5) ішкі істер органдары айқындаған орындарға жұмыс пен оқудан бос уақытта бармауға;
Тармақша 6
6) ішкі істер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға;
Тармақша 6-1
6-1) негізгі жазаны толық өтегенге және пробациялық бақылау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге;
Тармақша 6-2
6-2) алкогольдік ішімдіктерді, сондай-ақ медициналық емес мақсаттарда есірткі мен психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынбауға;
Тармақша 7
7) жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірілген залалдың немесе мемлекетке келтірілген материалдық залалдың орнын толтыру жөнінде шаралар қолдануға;
Тармақша 8
8) ішкі істер органдарының талап етуі бойынша түсініктеме және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқына бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті;
Тармақша 9
Тармақ 9
9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, ішкі істер органдары оның тұрған жерін және жалтару себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұратын жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органдары сотқа оған іздестіру жариялау туралы не бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді.
Бап 170. 170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау
170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау
Тармақ 1
1. Психикасының бұзылуына немесе өзге де ауыр сырқатына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылауды не ол бекітілген мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адам емделіп жатқан денсаулық сақтау ұйымы оның денсаулық жағдайы туралы ақпаратты мекеме әкімшілігіне тоқсан сайын береді, ал сауыққан немесе қайтыс болған жағдайларда оған және прокурорға дереу хабар береді.
Тармақ 3
3. Адам сауыққан жағдайда, жазаны орындауды жалғастыру сотталғанның өтінішхаты бойынша не мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша соттың қаулысымен жүргізіледі.
Бап 171. 171-бап. Әкімшілік қадағалау
171-бап. Әкімшілік қадағалау Әкімшілік қадағалау бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты:
Тармақша 1
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстары үшін – жазасын өтегеннен кейін үш жылға;
Тармақша 2
2) ауыр қылмыстары үшін – жазасын өтегеннен кейін алты жылға;
Тармақша 3
3) аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтегеннен кейін сегіз жылға белгіленеді.
Бап 172. 172-бап. Өздеріне қатысты ішкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын белгiлеу қажет адамдарға материалдарды дайындау және ресiмдеу
172-бап. Өздеріне қатысты ішкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын белгiлеу қажет адамдарға материалдарды дайындау және ресiмдеу
Тармақ 1
1. Мекеме әкiмшiлiгi өздеріне қатысты iшкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын белгілеу қажет адамдар тобын айқындайды және жаза мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей, сотқа осы адамдарға қатысты әкімшілік қадағалау белгілеу туралы ұсыну жібереді.
Тармақ 2
2. Өзіне қатысты әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамды мекемеден босатар алдында мекеме әкiмшiлiгi оның таңдаған тұрғылықты жерiндегі iшкi iстер органына сот қаулысын, оған мінездеме беретін материалдар мен келетін уақыты туралы хабарлама жiбередi.
Тармақ 3
3. Өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген адам таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген жағдайда, ішкі істер органы оның тұрған жерін және келмеу себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді. Аталған адамның тұрған жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органы сотқа оған іздестіру жариялау және бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді.
Тармақ 4
4. Тиiсінше әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру және сот өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгілеген адамның тұратын жерi туралы ақпаратты алу үшiн ішкі істер органдары тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. Оларды қолдану тәртібін және ішкі істер органдарының қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 5
5. Өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалауды белгілеген адамды есепке қойғаннан кейін ішкі істер органдары:
Тармақша 1
1) оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның жергілікті атқарушы органдарға келуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) сот қаулысының көшірмесін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Тармақ 6
Тармақ 7
Тармақ 8
8. Өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
Тармақ 9
9. Өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалауды белгілеген адам айына кемінде бір рет тіркелу, есеп беру және өзімен профилактикалық әңгімелесу жүргізуге қатысу үшін өзі есебінде тұрған ішкі істер органына келіп тұруға міндетті.
Бап 173. 173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп ем қолдану тәртібі
173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп ем қолдану тәртібі
Тармақ 1
1. Мекемелерден босатылатын, жазаны өтеу кезеңінде емделудің толық курсынан өтпеген, айналасындағыларға қауіп төндіретін туберкулезбен ауыратын науқастар босатылғаннан кейін сот шешімі бойынша босатылған жеріндегі мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емделуге жатады.
Тармақ 2
2. Мекеме әкiмшiлiгi осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға қатысты жаза мерзiмi аяқталғанға дейін бiр айдан кешіктірмей, оған мәжбүрлі ем тағайындау туралы ұсынуды мекеме орналасқан жердегі сотқа жiбередi.
Тармақ 3
3. Туберкулезбен ауыратын, өздеріне қатысты сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу белгiленген адамдарды мекемелерден босату туралы хабарлама босатылған жердегі мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарға және iшкi iстер органдарына жiберiледi.
Тарау 28. 28-тарау. ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАН АДАМДАРҒА ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
28-тарау. ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАН АДАМДАРҒА ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Бап 174. 174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi
174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi
Тармақ 1
1. Пробациялық бақылаудағы, шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде пробация қызметі:
Тармақша 1
1) денсаулық жағдайын, оның бiлiм деңгейiн, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерiнiң бар-жоғын анықтай отырып, сотталған адамның жеке басын зерделеуді жүргізеді;
Тармақша 2
2) әлеуметтiк-құқықтық көмек алу, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, сондай-ақ тiркелу үшiн пробация қызметiне келу күндерiн белгiлейдi;
Тармақша 3
3) сот жүктеген мiндеттердi орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарту тәртiбiн түсiндiредi;
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Шартты түрде сотталған адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар шартты түрде сотталған адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
Тармақ 4
4. Шартты түрде сотталған адамдар пробация қызметiнiң алдында өзiнiң мінез-құлқы туралы есеп беруге, сот жүктеген мiндеттердi орындауға, тiркелу үшiн, сондай-ақ шақыру бойынша пробация қызметіне айына екi рет (ауылдық жерде тұратындар бір рет) келіп тұруға мiндеттi. Дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда, шартты түрде сотталған адамға күштеп әкелу қолданылады.
Тармақ 5
5. Тиісінше пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың тұратын жерi туралы ақпарат алу үшiн пробация қызметi тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
Тармақ 6
6. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, пробация қызметi оның тұратын жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша бастапқы iс-шараларды жүргiзедi. Оның тұратын жері анықталмаған жағдайда, пробация қызметі сотқа оған іздестiру жариялау және бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді.
Бап 175. 175-бап. Пробациялық бақылау мерзiмiн есептеу
175-бап. Пробациялық бақылау мерзiмiн есептеу
Тармақ 1
1. Пробациялық бақылау мерзiмi шартты түрде сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептеледi.
Тармақ 2
2. Пробациялық бақылау сот үкімінде белгіленген барлық мерзім бойына жүзеге асырылады. Пробациялық бақылау мерзiмi өткеннен кейін пробация қызметi шартты түрде сотталған адамды өзінiң есебiнен шығарады.
Тармақ 3
3. Пробациялық бақылау мерзiмiнiң өтуi шартты түрде сотталған адамға iздестiру жариялау туралы сот қаулысының негізінде бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізу басталған кезден бастап тоқтатыла тұрады және сот қаулысы бойынша қайта басталады.
Бап 176. 176-бап. Шартты түрде сотталған адамның жауаптылығы
176-бап. Шартты түрде сотталған адамның жауаптылығы
Тармақ 1
1. Егер шартты түрде сотталған адам:
Тармақша 1
1) сол үшін өзiне әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртiп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса;
Тармақша 2
2) электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзса (бүлдiрсе) не дәлелсiз себептермен тiркелуге келмесе немесе пробация қызметiн хабардар етпестен, тұрғылықты жерiн ауыстырса;
Тармақша 2-1
2-1) геномдық тіркеуден өтуден жалтарса;
Тармақша 3
3) қылмыстық теріс қылық жасаса, пробация қызметi сотқа пробациялық бақылау мерзiмiн ұзарту, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы, ал кәмелетке толмаған адамға қатысты алты айдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы ұсыну енгiзедi, сондай-ақ шартты түрде соттаудың күшiн жою мүмкiндiгi туралы жазбаша нысанда ескерту шығарады.
Тармақ 2
2. Шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген мiндеттердi орындамаған не осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сондай-ақ егер ол пробациялық бақылаудан жасырынса, пробация қызметі сотқа шартты түрде соттаудың күшiн жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы, ал кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты – пробациялық бақылау мерзімін ұзарту, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы ұсыну енгізеді.
Тармақ 3
3. Пробация қызметiне тiркелу үшiн келмеген күнінен бастап он бес күннен астам уақыт бойы тұратын жерi анықталмаған шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жасырынып жүр деп танылады.
Тармақ 4. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4. Шартты түрде сотталған адам электрондық бақылау құралдарын бұзған (бүлдiрген) жағдайда, пробация қызметi акт жасайды. Электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзған (бүлдiрген) жағдайда, сотталған адамдар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болады. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 177. 177-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
177-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Кодекс, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тарауды, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 78-бапты және Қылмыстық-атқару кодексіне Қосымшаның 1) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
Тармақша 1
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 58-бапты және Қылмыстық-атқару кодексіне Қосымшаның 1-тармағын қоспағанда, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 338-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2003 ж., № 24, 180-құжат; 2009 ж., № 24, 128-құжат);
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң жалпы және қатаң режимдердегi түзеу колонияларында, сондай-ақ тәрбиелеу колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарды ұстаудың жеңiлдiктi жағдайлары жөнiндегi ережелерiн қолданысқа енгiзу туралы" 2000 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 18, 339-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Басқа 1544. Сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiк тізбесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық-ат­қа­ру ко­дек­сіне Қо­сым­ша Сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiк тізбесі Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, оған жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе ортақ меншiктегi оның үлесi болып табылатын мынадай мүлiк түрлерi мен заттар тәркiленуге жатпайды:
Тармақша 1
1) алаңы тұрғын үй заңнамасында отбасының әрбір мүшесіне белгіленген нормативтерден аспайтын, сотталған адам мен оның отбасының жалғыз тұрғын үйі;
Тармақша 2
2) тәркiленуге жатпайтын үй және шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшін қажеттi жер учаскелерi;
Тармақша 3
3) негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болып табылатын адамдардан – шаруашылық құрылыстары және саны оның отбасының қажеттіліктерiн қанағаттандыруға қажеттi үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы дақылдарының кезекті егісі үшін қажеттi тұқым;
Тармақша 5
5) үй жабдығы заттары, керек-жарақ, киiм: киіліп жүрген киiм, аяқкиiм, iшкиiм, қолданылып жүрген төсек жабдықтары, ас үй және асхана керек-жарағы. Теріден жасалған және басқа да бағалы киiм, асхана сервиздерi, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк құндылығы бар заттар тәркiленуi мүмкiн; сотталған адам мен оның отбасы мүшелерi үшiн қажетi барынша аз жиhаз; балалардың барлық керек-жарақтары;
Тармақша 6
6) егер сотталған адамның негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болып табылса, сотталған адам мен оның отбасы үшiн жаңа өнім жинағанға дейін қажеттi көлемдегi тамақ өнімдері, ал қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтін мөлшердегі жалпы сомаға тамақ өнімдері мен ақша;
Тармақша 7
7) тамақ дайындауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын;
Тармақша 8
8) сотталған адам сот үкімімен тиiстi қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе мүкәммал оның қылмыс жасауы үшiн пайдаланылған не қылмыстық құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған жағдайларды қоспағанда, сотталған адамның кәсiптiк iстерiн жалғастыруы үшін қажеттi мүкәммал (оның iшiнде оқулықтар мен кiтаптар);
Тармақша 9
9) мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арнап жасалған көлік құралдары, мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен арнаулы жүріп-тұру құралдары;
Тармақша 10
10) сотталған адам марапатталған халықаралық, мемлекеттiк және өзге де жүлделер.