Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
134-бап. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы не алдау жолымен, сондай-ақ жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтерді осы мақсаттарда насихаттау және (немесе) жарнамалау арқылы кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
1-1) телекоммуникация желілерін,
ақпараттандыру объектілерін, оның ішінде Интернет желісін
пайдалану арқылы;
2) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ;
2) ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпелер. Осы бапта, осы Кодекстің 308 және 309-баптарында:
1) жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтерді осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатында насихаттау деп жезөкшелік, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтер, осындай қызметтерді көрсетудің пайдасы мен артықшылықтары туралы кез келген ақпарат таратуды түсінген жөн;
2) жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтерді осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатында жарнамалау деп осындай қызметтерді көрсететін адам, олардың бағасы, алу тәсілі және (немесе) орны туралы ақпарат таратуды және (немесе) орналастыруды түсінген жөн.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-134/