Кіру
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 226-v ·03.07.2014
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

155-бап. Бейбіт жиналысты ұйымдастыруға, өткізуге немесе оған қатысуға кедергі жасау

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Бейбіт жиналысты, өзге де заңды жария іс-шараны ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасау не оларға қатысуға мәжбүрлеу – екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған не күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған дәл сол іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-155/