Кіру
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 226-v ·03.07.2014
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

161-бап. Басқыншылық соғысты, қарулы қақтығысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақыру

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Басқыншылық соғысты, қарулы қақтығысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақыру – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-161/