179-бап. Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгерту
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күштеп басып алуды немесе билiктi күштеп ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді не ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді насихаттау немесе оларға жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату –
бір мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер –
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол әрекеттер –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күштеп ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған әрекеттер –
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Шет мемлекет, халықаралық немесе шетелдік ұйым өкілдерінің Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы –
үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-179/