Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

183-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

Ұлттық, этностық, нәсілдік, әлеуметтiк және дiни араздықты қоздыруға бағытталған, соғысты, қарулы қақтығысты насихаттайтын, билікті күштеп басып алуға, билікті күштеп ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге шақыруды қамтитын мәліметтер мен материалдарды баспа беттерінде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.