Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

210-бап. Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Электрондық жеткізгіште немесе ақпараттандыру объектісінде қамтылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру, пайдалану, компьютердің, абоненттік құрылғының, ақпараттандыру объектісінің жұмысын бұзу мақсатында компьютерлік бағдарлама, бағдарламалық өнім жасау немесе қолданыстағы бағдарламаға немесе бағдарламалық өнімге өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаны немесе бағдарламалық өнімді қасақана пайдалану және (немесе) тарату – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.