224-бап. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзуы
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне көрiнеу анық емес мәліметтерді енгізу, сол сияқты эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы көрiнеу анық емес есеп жасау, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе, –
бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-224/