Мазмұнға өту
Уголовный кодекс Республики Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

235-1-бап. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасынан заңсыз әкету, жөнелту және аудару

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v

1. Валюталық құндылықтарды тиісті мәмілелердің және ақы төлеудің өзге де қарсы міндеттемелерінің шынайы құнынан (бағасынан) асатын көлемде (мөлшерде), оның ішінде жалған құжаттарды пайдалану, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың құнын (бағасын) жасанды түрде арттыру арқылы Қазақстан Республикасынан әкету, жөнелту немесе аудару – валюталық құндылықтардың заңсыз әкетілген, жөнелтілген немесе аударылған сомасының елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Тараптардың жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды беру туралы тиісті міндеттемелерді және ақы төлеудің өзге де қарсы міндеттемелерін орындау ниеті болмаған кезде валюталық құндылықтарды жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге, тауарларға және өзге де өтеулі шарттар бойынша ақы төлеу есебіне, оның ішінде жалған құжаттарды пайдалану, түр көрсету үшін мәмілелер және (немесе) әрекеттер жасау (нақты құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз) арқылы ірі мөлшерде Қазақстан Республикасынан әкету, жөнелту және аудару – жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса, – жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.