248-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
Уголовный кодекс Республики Казахстан · № 226-v
1. Күш қолдану, бөтеннiң мүлкiн жою немесе бүлдiру, сол сияқты жәбiрленушiнің немесе оның жақындарының құқықтары мен мүдделерiне елеулі зиян келтіруі мүмкiн мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп, мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаған кезде –
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) бiрнеше рет;
2) күш қолданып жасалған дәл сол іс-әрекет –
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
249-бап. Рейдерлiк
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге алып келген, жоғары органның шешiм қабылдауы кезiнде жиналыстың, отырыстың хаттамаларына, олардан үзiндi көшірмелерге дауыс берушiлердiң саны, кворум немесе дауыс беру нәтижелерi туралы көрiнеу анық емес мәлiметтердi енгiзу не дауыстар санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң есебiн көрiнеу дұрыс емес жүргiзу, акционердiң, қатысушының, басқару органы мүшесiнiң немесе атқарушы орган мүшесiнiң дауыс беруге нақты қолжетiмдiлiгiн бұғаттау немесе шектеу, жиналыстың, отырыстың өтуi туралы мәлiметтердi хабарламау не жиналыстың, отырыстың өтетiн уақыты мен орны туралы анық емес мәлiметтердi хабарлау, көрiнеу жалған сенiмхатпен акционердiң, қатысушының немесе басқару органы мүшесiнiң атынан дауыс беру жолымен дауыс беру нәтижелерiн қасақана бұрмалау не құқықты еркiн iске асыруға кедергi келтiру арқылы, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын бұзу, шектеу немесе оған қысым жасау, сол сияқты бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын iске асыру кезiнде қасақана кедергiлер келтіру арқылы не акционерлердің, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімдер қабылдауы кезінде акционердің, заңды тұлғаға қатысушының құқықтары мен заңды мүдделеріне өзге де қысым жасау немесе заңды тұлғаның құрылтай немесе өзге де құқық белгілейтін құжаттарын, мөрлерін ұстап қалу жолымен заңды тұлғаны басқаруға не жалпы жиналыстың шешімін орындауға немесе атқарушы органның функцияларын жүзеге асыруға қасақана кедергілер келтіру арқылы заңды тұлғаға қатысу үлесіне меншік құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкі мен бағалы қағаздарын заңсыз иемдену немесе заңды тұлғаның үстінен заңсыз бақылау орнату –
мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
1-1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге алып келген, құқық қорғау органдарының, бақылаушы немесе өзге де уәкілетті органдардың немесе ұйымдардың заңды тұлғаға қатысты тексерулер ұйымдастыруы немесе оларға бастамашылық жасауы, шектеу, тыйым салу шараларын және өзге де шараларды қабылдауы не сот тәртібімен қабылдау нәтижесінде меншік иесін осы заңды тұлғаны, оған қатысу үлесін, бағалы қағаздар мен өзге де мүлікті иеліктен шығаруға мәжбүрлеу жолымен заңды тұлғаға қатысу үлесіне меншік құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкін немесе бағалы қағаздарын заңсыз иемдену немесе заңды тұлғаның үстінен заңсыз бақылау орнату –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші, 1-1-бөліктерінде көзделген:
3. Осы баптың бірінші, 1-1 немесе екінші бөліктерінде көзделген:
9-тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРIНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
250-бап. Өкiлеттiктердi терiс пайдалану
251-бап. Жеке нотариустың, бағалаушының, жеке сот орындаушысының, коллекторлық агенттік жұмыскерінің, медиатордың, аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитордың немесе аудиторлық ұйым басшысының өкілеттіктерін теріс пайдалануы
252-бап. Жекеше күзет ұйымы, коллекторлық агенттік басшысының немесе жұмыскерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы
253-бап. Параға коммерциялық сатып алу
254-бап. Мiндеттерiне адал қарамау
Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның өз қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –
белгiлi бiр лаузымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
10-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУIПСIЗДIККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТIПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
255-бап. Терроризм актісі
256-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру
257-бап. Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу
258-бап. Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік
259-бап. Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру
260-бап. Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту
Адамның, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде, оқып-үйренуші үшін көрінеу белгілі террористік немесе экстремистік қылмыс жасаудың машықтары мен дағдыларын үйретуге бағытталған даярлықтан өтуі –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген қылмысты жасаған адам, егер ол даярлықтан өткені туралы өз еркімен хабарласа, осындай даярлықтан өткен, осындай даярлықты жүзеге асырған, ұйымдастырған немесе қаржыландырған басқа да адамдарды анықтауға ықпал етсе, оның өткізілетін орны туралы ақпарат берсе және егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
261-бап. Адамды кепiлге алу
262-бап. Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу
263-бап. Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу
264-бап. Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу
265-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу
266-бап. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу
267-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру
268-бап. Бандитизм
269-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу
269-1-бап. Күзетілетін объектіге заңсыз кіру
270-бап. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу
271-бап. Теңiз қарақшылығы
272-бап. Жаппай тәртiпсiздiк
273-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау
Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау –
бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
274-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату
275-бап. Жаппай жою қаруын, қару-жарақты және әскери техниканы
жасау кезiнде пайдаланылатын технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін
қызметтердің заңсыз экспорты және импорты
Жаппай жою қаруын, оны жеткiзу құралдарын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн және оларға қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау белгіленген технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердiң заңсыз экспорты және импорты –
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
276-бап. Атом энергиясын пайдалану объектiлерiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
277-бап. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
278-бап. Сапасыз салынған құрылыс
279-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу
280-бап. Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау
281-бап. Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
282-бап. Ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
283-бап. Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен заңсыз жұмыс істеу
284-бап. Радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді жымқыру не қорқытып алу
285-бап. Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен жұмыс iстеу қағидаларын немесе аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды немесе аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзу
286-бап. Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы
287-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру
288-бап. Қаруды заңсыз жасау
289-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау
Атыс қаруын басқа адамның пайдалануы үшiн жағдай туғызып оны ұқыпсыз сақтау, егер бұл адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
290-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөнiндегiмiндеттердi тиiсiнше орындамау
291-бап. Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу
292-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу
293-бап. Бұзақылық
294-бап. Вандализм
295-бап. Археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу
295-1-бап. Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы
11-тарау. ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
296-бап. Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу
297-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу
297-1-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу
мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру
298-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу
299-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру
299-1-бап. Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау
300-бап. Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру
301-бап. Прекурсорлардың, улы, күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, улы және күшті әсер ететін заттарды өндіру, дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы
301-1-бап. Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған
хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы
302-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру
303-бап. Есiрткi, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен, улы немесе күшті әсер ететін заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу
304-бап. Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу
305-бап. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру
306-бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету
307-бап. Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру
308-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту
309-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге
арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық
310-бап. Дәрiлiк немесе басқа да құралдарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау
311-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында оларды заңсыз дайындау, тарату, жарнамалау, сол сияқты порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, бейнелерді немесе өзге де заттарды заңсыз алып өту немесе олармен сауда жасау –
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
312-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту
313-бап. Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату
Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын кино- және бейнематериалдарды және басқа да туындыларды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз дайындау, тарату, жарнамалау, көрсету, сол сияқты қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын баспа басылымдарымен, кино- немесе бейнематериалдармен заңсыз сауда жасау –
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
313-1-бап. Өзін-өзі өлтіруді насихаттау
314-бап. Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау
315-бап. Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою
316-бап. Жануарларға қатыгездiкпен қарау
12-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
317-бап. Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы
318-бап. Клиникалық зерттеулер жүргiзу тәртiбiн және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдану тәртiбiн бұзу
319-бап. Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу
320-бап. Медициналық көмек көрсетпеу
321-бап. Медицина қызметкері құпиясын жария ету
322-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
323-бап. Жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу
13-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
324-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу
325-бап. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
326-бап. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
327-бап. Ветеринариялық қағидаларды немесе өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды бұзу
328-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу
329-бап. Атмосфераны ластау
330-бап. Теңiз ортасын ластау
331-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу
332-бап. Жердi бүлдiру
333-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу
334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану
335-бап. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу
336-бап. Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу
Көпірлер, бөгетшелер салу, жарылыс немесе өзге де жұмыстарды жүзеге асыру, су жинағыш құрылыстарды немесе су айдағыш механизмдерді пайдалану кезінде балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет балықтардың немесе басқа да су жануарларының жаппай қырылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға
жазаланады.
337-бап. Заңсыз аңшылық
338-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу
Өндiрiстік процестердi жүзеге асыру немесе көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды немесе басқа да препараттарды қолдану кезінде жануарлар дүниесін қорғау қағидаларын жануарлар дүниесiнiң жаппай жойылуына немесе қырылуына әкеп соққан бұзу, сол сияқты аңшылық алқаптарын, балық шаруашылығының су айдындарын пайдалану немесе қорғау тәртібін ірі залал келтірген бұзу –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
339-бап. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу
339-1-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерінің бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу
340-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа,
айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндерді не қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау –
мүлкі тәркіленіп, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
341-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiн бұзу
343-бап. Экологиялық залалды ремедиациялау (жою) жөнінде шаралар қолданбау
14-тарау. КӨЛIКТЕГI ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
344-бап. Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу
345-бап. Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы
345-1-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы
346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру
347-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу
Осы Кодекстің 345, 345-1 және 346-баптарында көзделген ауыр зардаптар туындаған жағдайда, көлiк құралын басқаратын және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалуы –
белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не
алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Зардап шегушiлерге көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
348-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару
349-бап. Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру
350-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру
351-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу
352-бап. Пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату
Пойызды тоқтату-кранымен не ауа тежегiш магистралін ажырату жолымен немесе өзге тәсілмен қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –
екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
352-1-бап. Әуе кемесін басқаруға бөгеуіл жасау
353-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу
354-бап. Магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
355-бап. Құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату
356-бап. Құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату
357-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi
358-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру немесе осындай адамның басқаруына жол беру
359-бап. Басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру
360-бап. Халықаралық ұшу қағидаларын бұзу
15-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ МҮДДЕЛЕРIНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
361-бап. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану
362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану
363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу
Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алуы және оның соған байланысты азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасауы –
бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау
366-бап. Пара алу
367-бап. Пара беру
368-бап. Парақорлыққа делдал болу
369-бап. Қызметтiк жалғандық жасау
370-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк
370-1-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын
адамның немесе құқық қорғау органының
немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге
басшысының қызмет бойынша әрекетсіздігі
Құқық қорғау органында немесе арнаулы мемлекеттік органда жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысының өз өкілеттіктері шегінде азаматтардың өміріне тікелей қатер төндіретін оларға шабуыл жасаудың, ғимараттарды қарулы басып алудың, азаматтардың немесе ұйымдардың мүлкін жалпыға қауіпті тәсілмен жоюдың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдамауынан көрінген, қызмет бойынша әрекетсіздігі, егер бұл іс-әрекет төтенше жағдай кезінде жасалса немесе ауыр салдарға алып келсе, –
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе. Осы бапта:
құқық қорғау органының өзге басшысы деп құқық қорғау органының аумақтық немесе оған теңестірілген органының не оқшауланған бөлімшесінің басшысы түсініледі;
арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысы деп арнаулы мемлекеттік орган ведомствосының, аумақтық органының, мемлекеттік мекемесінің, оқшауланған бөлімшесінің басшысы түсініледі.
370-2-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік
орган қызметкерінің қызмет міндеттерін атқарудан
бас тартуы немесе жалтаруы
371-бап. Салғырттық
16-тарау. БАСҚАРУ ТӘРТIБIНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
372-бап. Мемлекеттік рәміздерді қорлау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау –
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не тоғыз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау
374-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне –Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу
375-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау
376-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау
377-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қызметіне кедергi жасау
378-бап. Билік өкiлiн қорлау
379-бап. Билік өкіліне бағынбау
380-бап. Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе
күш көрсету әрекеттері
380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өміріне қолсұғушылық
1. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында олардың немесе жақындарының өміріне қолсұғушылық, яғни қазаға ұшыратуға бағытталған қасақана әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
380-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану
380-3-бап. Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану
381-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның заңды талаптарын орындамау
Прокурорлық қадағалау актiлерiн орындамау, сол сияқты оның қызметiне кедергi жасау, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, –
бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
382-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету
383-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды иемдену немесе өткiзу
Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын ресми құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттiк наградаларын заңсыз иемдену немесе өткiзу –
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
384-бап. Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi жымқыру, жою, бүлдіру немесе жасыру
385-бап. Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу
386-бап. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу
387-бап. Әскери қызметке шақырылудан жалтару
388-бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару
388-1-бап. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс
уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе
жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау
1. Лауазымды адам немесе коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адам немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам жасаған, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамауы –
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
389-бап. Өзiнше билiк ету
390-бап. Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу
391-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын заңсыз көтеру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын сауда кемесiнде заңсыз көтеру –
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/uk/st-248/